Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ. Стандарттау – тауарды өндіру, айналысы және тұтыну сферасын реттеу, сонымен бірге оның қауіпсіздігін





Стандарттау – тауарды өндіру, айналысы және тұтыну сферасын реттеу, сонымен бірге оның қауіпсіздігін, үнемділігін және бәсекелестік мүмкіндігін жоғарылату мақсатында ерікті және көп реттік қолдану үшін ережелер мен сипаттамаларын белгілеу бойынша қызмет.

Стандарттаудың негізгі міндеттеріне жатады:

· дайын өнімнің сапасына, сонымен бірге оларды дайындауда қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттың сапасына қойылатын нормативті талаптарды жасау;

· өнімді жасау және жобалау саласындағы нормалар мен талаптарды, оларды сынау және сапасын бақылау құралдары мен әдістерін жасау, қолданылатын өлшеудің дұрыстығын және бірыңғайлығын қамтамасыз ету, қолданыстағы өлшеу бірліктерінің эталондарын жетілдіру және жаңасын жасау;

· ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы белгілеулер мен терминология жүйесін жетілдіру;

· стандарттау бойынша халықаралық ұймының жұмысына қатысу;

· дайын өнімді, сонымен бірге оны дайныдауға қажетті шикізат пен материалды зерттеу және бақылау әдістерінің, сапа көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесі арқылы өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

· өнімнің, процестің функционалдық қолданылуына сәйкестік деңгейін жоғарылату; халықаралық тауарайырбасындағы техникалық кедергілерді жою, ҒТП пен әртүрлі салаларда әріптестікке мүмкіндік жасау;

· халықаралық ұсыныстар мен тандарттарды және т.б. жасау.

Стандарттау бойынша практикалық жұмыстар әртүрлі әдістермен жүргізіледі, оларды таңдау нақты міндеттерге байланысты болады. Мұндай әдістерге келесілер жатады:

· унификация (лат. uni – бір, facere – жасау) – бірыңғай формаға әкелі, бірегейлендіру (құжаттарды, детальдарды, құрал-жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді және т.б.). Бұл стандарттаудың көп тараған және тиімді әдістерінің бірі.

· типтендіру – типтік формаларды беру, көптеген объектілерге жалпы типтік болып келетін процестерді, тәсілдерді, шешім әдістерін қолдану. Ол типтік конструкциялық және технологиялық шешімдерді жасаумен және белгілеумен жүргізіледі, онда бірқатар бұйымдар мен процестер үшін жалпы сипаттамалар беріледі және ол бұйымды жобалауға және жасауға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

· агрегаттау – ірілендіру. Ол стандартты және унификацияланған детальдардың шектелген мөлшерінен медициналық приборларды жасап шығарудан тұрады..

Стандарттаудың басты принципі - ол: жинақтың түгелдігі, көп сатылылығы және көп буындылығы, материалды ресурстарды үнемді пайдалануы, прогрессивті технологияны пайдалануы.

Кешенді стандарттауды жүргізу принциптерінің мысалы дәрілік заттарды стандарттау болып табылады. Бұл жағдайларда стандарттар мен фармакопеялық баптарға бастапқы шикізаттың сапасына, құрал-жабдықтардың, өндірістің технологиялық процесін бақылайтын приборлардың, буманың, таңбаланудың сапасына, тасымалдау және сақтау шартарына қойлыатын жоғары талаптарды енгізеді. Мұндай ыңғай өнімнің сапасын жоғарылатады, өйткені дайын өнімнің сапасына өндіріс технологиясы, шикізат, буып-түю материалдары, сақтау және тасымалдау шарттары әсерін тигізеді.

Көп сатылық және көп буындылық сатысы стандарттау объектілерінің әрбір деңгейіндегі тұрақтылық пен нақтылықты білдіреді. Әртүрлі деңгейдегі стандарттар (мемлекеттік, салалық, республикалық, кәсіпорын стандарттары) өзара байланысты және бір тізбектің буындары болып табылады.

Материалды ресурстарды үнемді пайдалану принципі бұйымдарды дайындауда қолданылатын материалдарды стандарттауды білдіреді және ол кәсіпорынның материалды-техникалық жабдықталуын реттеуге мүмкіндік жасайды.

Прогрессивті технологияларды пайдалану принципі дегеніміз, тауарға стандартты жасау кезінде бұйымды дайындаудың ең прогрессивті және тиімді әдісі қолданылады.

Көптеген дамыған елдерде ұлттық стандарттармен қатар әлемдік нарықта сатылатын өнімдерге халықаралық және мемлекет аралық өнім сапасының стандарттарын жасау қажеттігін түсінді.

Ол үшін келесілердің орындалуын қадағалау керек:

· стандартты ерікті қолдануы керек;

· барлық жақттың мүдделері барынша ескерілуі керек;

· ұлттық стандартты жасау үшін халықаралық стандартты негіз ретінде алу керек;

· өнімдердің өндірісіне және айналымына, жұмыстардың орындалуы мен қызметтің көрсетілуіне стандарттау мақсатын қамтамасыз етуге қажетті деңгейден жоғары дәрежеде кедергі жасамау керек;

· стандарттар техникалық регламентке сәйкес келуі керек;

· стандарттар бірдеңгекйде болуы керек.

Техникалық регламент ҚР техникалық реттеудің негізгі құжаты болйып табылады. Ол азаматтардың өмірі мен денсаулығын, заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік немесе муниципальды мүлікті қорғау, қоршаған ортаны сақтау, өсімдіктер мен жануарлардың өмірін қорғау үшін жасалады.

Стандарттар мемлекетте жасалатын құжаттардың ішінде маңызы жағынан екіншісі болып табылады. Әсер ету сферасына және аймағына байланысты стандарттардың келесідей түрлері болады::

1. Халықаралық – өнімдердің жеке түрлерін стандарттау бойынша ИСО немесе басқа да халықаралық уәкілетті ұйымдармен қабылданған, рекомендациялық статуста болады.

2. Мемлекет аралық – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірқатар елдерімен қабылданған. Оларды қайта рәсімдеусіз стандарттау бойынша ұлттық комитеттің қаулысының негізінде қабылдайды.

3. Ұлттық (ҚР ұлттық органымен қабылданған). Оларды салааралық маңызы бар өнімдерге және қызмет түрлеріне жасайды.

Стандарттаудың негізгі міндеттерінің бірі жылжытудың барлық этапында тауардың сапасын басқару жүйесін құру болып табылады. Бұл жағдайда тауаржүргізудегі стандарттаудың ролі - өнім сапасы, оны дайындау технологиясы және сапасын бақылау әдістері туралы шынайы ақпарат алу, сонымен бірге тауардың бәсекелестік қабілетінің деңгейін бағалау.

Бұл стандарттау үш негізгі функцияны орындағанда мүмкін болады: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық функциясы өнім туралы ақпаратты анық және ыңғайлы формада алуға, ал мемлекеттік органдарға өнім сапасын жақсарту үшін халық шаруашылығының әртүрлі салаларына басқару жүргізуге мүмкіндік жасайды. Әлеуметтік функциясы – өнімнің өндірісіне жұмсалатын шығын және сапа тұрғысынан өнімнің прогрессивті болуына ықпал етеді. Медициналық мақсатта қолданылатын тауарлардың ерекшелігі, олардың өндірісі, эксплуатациясы және утилизациясы экологиялық қауіпсіздікті талап ететіндігінде.

Стандарттарды жасау кезінде жүргізеді:

· стандарттаудың көптеген бастапқы объектілерін мақсатты немесе функционалдық қолданылу белгілері бойынша жіктеу және кодтау;

· әрі қарай шығару және қолдану үшін белгілі бір критерилер бойынша белгілі бір түрдегі және қолдануға арналған стандарттаудың нақты объектілерін бағалау (бөлу);

· жасанды таңдау, яғни стандарттаудың прогрессивті моральды тозған объектілеріне селекция жасау;

· басты параметрлері бойынша нақты объектілерді унификациялау және олардың сапасы мен үнемділігіне қойлыатын талаптарды оптимизациялау;

· стандарттар жобасын жасау және оларды құзырлы заңды және жеке тұлғалармен келісуге жіберу;

· барлық мүдделі жақтармен келісу.

Алдыңғы төрт әрекет өнімге тауарлық талдау жүргізу кезінде де орындалады.

Онан басқа, стандарттау кезінде құрамында тауарлық талдауды жүргізуге қажетті мәліметтер бар нормативті құжаттар жасалады:

· техникалық-экономикалық ақпараттың классификаторы;

· техникалық регламенттер;

· стандарттау бойынша ереже;

· стандарттар.

 

ӘДЕБИЕТ:

 

4. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

5. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

6. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1. Стандарттау деген не?

2. Стандарттаудың негізгі міндеттеріне не жатады?

3. Стандарттаудың негізгі принциптері қандай?

4. Стандарттардың қандай түрлері болады?

5. Стандарттау бойынша жұмыстар қандай әдістемен жүргізіледі?

6. Өнімдердің халықаралық стандарттары.

7. Мемлекетаралық стандарттар.

ТАҚЫРЫП: ЖАЛПЫХИРУРГИЯЛЫҚ САЙМАНДАРДЫҢ ТАУАРЛЫҚ ТАЛДАУЫ

МАҚСАТЫ: Жалпыхирургиялық саймандарға (кесетін, қысатын, жараны ашатын және қалғандары) тауарлық талдауды жүргізу бойынша кәсіби білім дағдыларды студенттерде қалыптастыру.

Студент білу керек:

· жалпыхирургиялық саймандардың жіктелуін;

· кесетін саймнадардың жіктелуін;

· қысатын саймандардың жіктелуін;

· жараны ашатын және ығыстыратын саймандардың жіктелуін;

· тауарлық талдауды жүргізудің элементтерін.

Студент орындай білу керек:

· кескіш саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· қысатын саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· жараны ашатын саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· сараптау актін рәсімдеуді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Ситуациялық тапсырмалар:

1 тапсырма. Жалпыхирургиялық саймандардың жіктелуін схема түрінде көрсету: кесетін, қысатын, жараны ашатын және қалғандарының.

2 тапсырма. Оқытушы ұсынған үлгіге тауарлық талдауды жүргізу және тауарлық сараптау актін рәсімдеу.

1 этап. Тауардың жіктелуі тобын анықтау.

3 этап. Тауардың түрін идентификациялау.

3 этап. Тауардың типтік мөлшерін анықтау.

4 этап. Талданатын тауардың сапасын анықтау.

5 этап. Тауардың жарамдылығы туралы қорытынды беру.

6 этап. Тауарлық сараптау актін рәсімдеу.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 344. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия