Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ





Қазіргі кезде медициналық және фармацевтикалық тауарларға нақты бөліну жоқ, сонымен бірге медициналық және фармацевтикалық тауартану саласында заңдастырылған терминология да жоқ. Сондықтан медициналық және фармацевтикалық тауарларға бөлу шартты түрде алынады.

982 жылы В.Н.Стрелков, А.Л.Казаков, Р.А.Дубинский, В.Д.Пономарев «фармацевтикалық тауарлар» терминін ұсынды және қолданға негіздеді. Бұл термин фармацевтикалық (дәріханалық) ұйымдар арқылы сатылатын барлық тауарлар топтарын біріктіреді, өйткені оларға тауартану және экономикалық пәндер көзқарасы тұрғысынан тауарлардың барлық қасиеттері мен белгілері тән.

Медициналық тауарларға «медтехника» дүкендері арқылы сатылатын және осы бірлестіктің дүкендерінің тапсырыстарына енгізілетін таурларды жатқызады. Бірақ бұл бөлу де шартты түрде, өйткені медициналық саймандар мен науқастарды күту бұйымдары «медтехника» дүкендері арқылы да және дәріхана желісі арқылы да босатылады.

Медициналық мақсатта қолданылатын тауарларға қойылатын талаптар олардың маңызды тұтынушылық қасиеттеріне байланысты тұжырымдалады. Мұндай қасиеттеріне келесілер жатады: әлеуметтік, функционалдық, эргономикалық, антропометриялық, экологиялық, эстетикалық, қауіпсіздік, сенімділік, тиімділік және т.б.

Әлеуметтік қасиеттері осы тауардың қоғамның қажеттілігіне сәйкестігін сипаттайды, бұл оны өндірудің экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын негіздейді. Яғни, тауардың қоғамдық және тұтынушылық құны болуы керек. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың әлеуметтік тұтынушылық қасиетінің айырмашылық ерекшелігі, тауардың бұл қасиеттері медициналық көмекке зәру тұрғындардың бөлігіне бағытталады. Сондықтан, әлеуметтік бағыттылығымен қатар бұл тауарлардың нозологиялық бағыттылығы да болуы керек.

Функционалдық қасиеттері тауардың негізгі қолданылуын сипаттайды, тұтыну процесінде тауардың табысты қолданылуына мүмкіндік жасайды. Функционалдық қасиеттерін топтау кезінде тауардың негізгі функциясын орындау қабілеті шешуші мәнге ие болады. Тауардың негізгі функциясын орындауы бастапқы шикізаттың сапасына, оны дайындау технологиясына, сапасын бақылау әдістеріне байланысты болады.

Медициналық бұйымдардың функционалдық қасиеттерінің маңызды сипаттамасы қолдану әмбебаптығы болып табыларды, ол приборды қолдану мүмкіндігімен және қойылатын шарттар диапазонының кеңдігімен сипатталады. Қолдану әмбебаптылығы бірқатар көмекші функцияларды орындау мүмкіндігімен анықталады. Көмекші функциялар қолдану мүмкіндігін кеңейтеді және қолдану ыңғайлылығын жоғарылатады.

Сенімділік қасиеті қолдану ұзақтығы, тозуы, сақталуы, жөндеуге жарамдылығы, ұзақ жұмыс істеуі сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

Сенімділігі – өздерінің эксплуатациялық қасиеттерін берілген уақыт аралығында сақтай отырып тауардың берілген режимде және қолдану жағдайларында өз функцияларын орындау қабілеті, яғни эксплуатация мерзімі ішінде тауардың сыртқы орта факторларының әсеріне қарсы тұра білу қабілеті (медициналық тауарлар үшін) немесе тауар сапасына теріс әсерін тигізетін дарамдылық мерзімі (дәрілік препараттар үшін).

Ұзаққа жарамдылығы белгіленген тезникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесінде шекті жағдай түскенге дейінгі бұйымның жұмыс істеу қабілетін сақтай білу қасиетін сипаттайды. Жұмыс істеу қабілеті - бұл бұйымның берілген параметрлер мәнін нормативті құжаттармен белгіленген деңгейде сақтай отырып берілген функцияларды орындай алатын жағдайы.

Жұмыс істеу қабілетін толығымен немесе жартылай жоғалтуы жұмыс істемей қалуы деп аталады. Жұмыс істемей қалуын пайда болу себептері және сипаты, көріну сипаты, жою мүмкіндігі мен күрделілігіне байланысты жіктейді. Пайда болу себептеріне конструкциялық қателіктер мен кемшіліктері, эксплуатацияның және техникалық қызмет көрсетуінің дұрыс болмауы, өндірістік кемшіліктер, сыртқы факторлар, сапасыз жөндеу жұмысы жатуы мүмкін.

Тозу – бұл сыртқы факторлардың әсерінен бұйым сапасының көрсеткіштерінің өзгеруінің соңғы нәтижесі. Тозу әртүрлі факторлардың әсерінен жүреді: механикалық, физикалық-химиялық, биологиялық және біріккен факторлардың. Физикалық тозумен қатар бұйым моральдық жағынан да тозады, яғни формасы жағынан, конструкциясы, техникалық-экономикалық көрсеткіштері және т.б. жағынан ескіреді.

Үздіксіз жұмыс істеуі – бұйымның белгілі бір уақыт аралығында өзінің жұмыс істеу қабілетін сақтауы.

Сақталуы бұйымның сақтау және тасымалдаудан кейін өзіне берілген функцияларды орындай білу қабілетін сипаттайды.

Жөндеуге жарамдылығы бұйымды дайындау иәсілі мен конструкциясының ерекшелігін сипаттайды, ол техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге бейімділігімен көрінеді

Эргономкалық қасиеттері бұйымды қолданудың ыңғайлылығын және тиімділігін сипаттайды. Эргономикалық қасиеттеріне антропометриялық, жылудан қорғау, физиологиялық (гигиеналық), психофизиологиялық және психологиялық қасиеттері жатады.

Антропометриялық қасиеттері бұйымның формасы мен мөлшерінің адам денесінің формасы мен мөлшеріне сәйкестігін сипаттайды.

Бұйымның жылу қорғағыш қасиеттері (жылу өткізгіштігі, температура өткізгіштігі, жылу сиымдылығы) адам мен сыртқы ортаның арасындағы жылу энергиясының айырбасын реттейді.

Гигиеналық қасиеттері (ластануы және тазартылуы) бұйымның ластану және одан тазару қабілетін сипаттайды, оның медициналық саймаандар мен науқастарды күту бұйымдары үшін маңызы зор.

Психофизикалық қасиеттері адамның күш, көру, есту, сезім, дәмдік мүмкіндіктеріне бұйымның сәйкес келвін сипаттайды.

Психологиялық қасиеттері адам дағдыларына, қабылдауына, ойлауына және сана-сезіміне сай келуін сипаттайды.

Эстетикалық қасиеттері бұйымның сезімдік қабылдау бейнелері арқылы адам және қоғамның эстетикалық үлгіге қажеттілігін қанағаттандыру қабілетін сипаттайды. Эстетикалық қасиеттері ІІ деңгейлік қасиеттермен сипатталады: ақпараттық мәнердің болуы, композицияның бүтіндігі (толықтығы), форманың тиімділігі, өндірістік орындаудың жетілуі және тауарлық түрінің тұрақты болуы.

Ақпараттық мәнердің болуы танымдылығы, бірегейлігі, сән мен стильге сай болуы сяиқыт қарапайым қасиеттерден құралады.

Композиция – форманың барлық элементтерін бірыңғай бүтінге біріктіру. Композияцияның негізгі элементтеріне линия, түсі, фактура, тығыздығы, көлемі, формасы, кеңістігі және материалы жатады.

Форманың тиімділігі немесе рационалды болуы бұйым конструкциясы мен формасының мәнерлі болуын және олардың функционалдық қолданылуына сай болуын сипаттайды. Бұл қасиеті бұйымның эстетикалық мақсаттылығын анықтайды.

Өндірістік орындаудың жетілуі және тауарлық түрдің тұрақты болуы детальдардың, түйіндердің және агрегаттардың біріккен жерлерінің, контурларының орындалу тазалығын сипаттайды.

Қауіпсіздік қасиеті.. Қауіпсіздігі – рұқсат етілетін нормалармен шектелген қауіп-қатердің төмен болуымен негізделген тауардың ерекшелігі. Қауіпсіздік қасиеті заңдылық актілерімен және нормативті құжаттармен қатаң регламенттеледі Тауардың қауіпсіздігі сертификатпен расталады.

Электрлік, механикалық, химиялық, биологиялық, физиологиялық, акустикалық, электромагниттік, радиациялық, өрт қауіпсіздіктері болады.

Элект қауіпсізді бұйымның электр энергиясын жоғаотуға қарсы тұру және адамды электр тогының әсерінен қорғау қабілетін сипаттайды.

Химиялық қауіпсіздік адамды зиянды заттардың әсерінен қорғау дәрежесін сипаттайды. Әсер ету сипаты бойынша химиялық заттар улы, тітіркендіретін, сенсибилизациялық, канцерогенді, мутагенді, фиброгенді және т.б. болып бөлінеді.

Адам ағзасына әсер ету дәрежесіне бйаланысты зиянды заттар қауіптіліктің төрт класына бөлінеді:

· шектен тыс қауіпті – бериллий, бензапиран, хлор, фторлы сутегі;

· қауіптілігі жоғары – фосген, бензол, марганец, формальдегид;

· қауіптілігі орташа – метанол, бутилакрилат;

· қауіптілігі төмен – аммиак, бензин, ацетон, этанол, гексан, глицерин.

Биологиялық қауіпсіздік адам ағзасының микро- жіәне макроорганизмдер әсерінен қорғалу дәрежесін сипаттайды. Микроорганизмдерге бактериялар, вирустар, риккетсиялар, спирохеттер, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, қарапайымдар және олардың тіршілік өнімдері. Макроорганизмдер – бұл жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, олардың тіршілік өнімдері, сонымен бірге тіндер мен клеткалардың культуралары.

Физиологиялық қауіпсіздік тауарларды қолдану кезінде адам ағзасының тіршілігіне немесе оның жеке органдарына қауіп-қатердің жоқтығын сипаттайды.

Акустикалық қауіпсіздік адамның шудан қорғалу дәрежесін сипаттайды.

Вибрациялық қауіпсіздік адам ағзасына вибрацияның жағымсыз әсерінің болмауын қамтамасыз ететін тауардың ерекшелігін сипаттайды.

Электромагниттік қауіпсіздік адамға электромагнитті сәулелердің әсер ету қаупін төмендетуге әкелетін тауарлардың ерекшеліктерін сипаттайды.

Радиациялық қауіпсіздік адамның радиоактивті сәулелерден қорғалу дәрежесін сипаттайды.

Өрт қауіпсіздігі тұтынушыны өрт қаупінен қорғауға мүмкіндік жасайтын бұйымның қасиетін сипаттайды (тұтану, жарылу және т.б.).

Тұтану температурасына байланысты тұтанғыш сұйықтықтар келесідей бөлінеді:

· тұтану температурасы 61°С-дейін болатын оңай тұтанатын сұйықтықтар (бензин, спирт, ацетон және т.б.);

· тұтану температурасы 61°С жоғары болатын тұтанғыш сұйықтықтар (майлау майлары және т.б.).

Экологиялық қасиеттері тауарларды өндіру (өсіру, өңдеу), сақтау, тасымалдау, тұтыну, эксплуатациялау және утилизациялау кезінде олардың қоршаған ортаға әсер ету қабілетін сипаттайды. Экологиялық қасиеттері адамдардың зиынды әрекеттерінен, ғылыми-техникалық прогресс салдарынан қоршаған ортаның қорғалу дәрежесін сипаттайды. Қоршаған ортаның ластануы (топырақтың, су қоймаларының, ауаның) тағам өнімдеріне және толығымен өмір сүру сапасына әсерін тигізеді.

Бұйымның экологиялық қасиеттерімен байланысты қоршаған ортаның ластануының кең қолданылатын сипаттамасы – бұл бөлінетін қалдықтар мен бөлінулердің (выброс) көлемі.

Тауарларды дайындау және тұтыну процесінде әртүрлі қалдықтар пайда болады, оларды негізгі және жанама деп бөледі. Негізгілеріне металдардың барлық түрлерін және құрамында металы бар заттарды өндіру процесінде пайда болған қатты материалдардың қалдықтары, металл емес қалдықтар (ағаш, пластмасса, резеңке және т.б.), өндірістік қалдық және т.б. жатады. Жанамаларына технологиялық процесіт орындау процесінде қолданылатын немесе түзілетін заттардың қалдықтары жатады. Жанама қалдықтар қатты болуы мүмкін (күл, абразивтер, ағаш қоқысы, әйнек қалдықтары), сұйық (минералды майлар, мұнай өнімдері, электролиттер ерітіндісі, бояғыш ерітінділер) және газтәрізді (түтін және басқа да бөлінетін газдар) болуы мүмкін.

Бөлінетін заттар деп қысқа уақыт немесе белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынның, елді мекеннің немесе тұрғын үйдің қоршаған ортасына ластайтын заттардың түсуін айтады..

Бөлінетін заттардың келесідей түрлері болады:

1. апаттық, техниканың қатардан шығуынан және апаттың кесірінен пайда болатын;

2. келтірілген, уақыт бірлігі ішінде белгілі бір кеңістіктегі барлық ластандырғыш бөлінген заттардың жиынтығымен бағаланатын;

3. техникалық рұқсат етілген бөлінулер – заман талабына сай техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып белгілі бір техника немесе кәсіпорын үшін белгіленген ластандырғыш заттардың шекті мөлшері;

4. биологиялық рұқсат етілетін бөлінулер – бұл тірі организмдер түр құрамында және олардың өзгерістерге әкелмейді;

5. шекті рұқсат етілген бөлінулер, жер бетіндегі концентрациясы шекті рұқсат етілген концентрациядан артпайтын жағдайда әрбір атмосфераны ластау ошағына белгіленеді;

6. экономикалық рұқсат етілетін бөлінулер – ортаның ластануынан болатын шығын ластануды жоюға кететін шығыннан төмен немесе ең болмағанда соған тең болатын ластайтын заттардың көлемі;

7. экологиялық-әлеуметтік-экономикалық рұқсат етілген бөлінулер – әлеуметтік және экологиялық ортаға минимальды зиян келтіретін ластайтын заттардың көлемі;

8. уақытша келісілген бөлінулер – қуаттылығы бірде кәсіпорын немесе техника үшін уақытша бөлінетін зиянды заттар.

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТЕСТ:

1. Фармацевтикалық тауарларға не жатады:

+а) дәрілік препараттар

+б) науқатсарды күту бұйымдары

в) хирургиялық саймандар

+г) шектелген ассортименттегі тауарлар

д) арнайы фармацевтикалық басылымдао

2. Медициналық тауарларға не жатады:

а) биологиялық белсенді заттар

+б) медициналық техника

+в) хирургиялық саймандар

+г) стоматологиялық жабдықтар

д) дәріханалық жабдықтар

3. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың маңызды тұтынушылық қаисеттеріне жатады:

+а) функционалдық

+б) эргономикалық

в) құныдық

+г) тиімділік

+д) сенімділік

4. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың маңызды тұтынушылық қаисеттеріне жатады:

а) техникалық

+б) әлеуметтік

+в) қауіпсіздік

г) тартымдылық

+д) экологиялық

5. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың маңызды тұтынушылық қаисеттеріне жатады:

+а) антропометриялық

+б) эстетикалық

в) тұрақтылық

г) стабильділік

+д) қауіпсіздік

6. Тауардың әлеуметтік қасиеттері тауардың келесілерге сәйкес келуін сипаттайды:

а) мемлекеттік стандартқа

б) көтерме фирмалардың қажеттілігіне

+в) қоғамның қажеттілігіне

г) жеке тұтынушылардың қажеттілігіне

д) ҚР ДСМ нормативті құжаттарына

7. Тауардың функционалдық қасиеттері нені сипаттайды:

+а) тауардың негізгі қолданылуын

б) бастапқы материалын

в) сынау әдістерін

г) жою әдістерін

д) эксплуатация әдістерін

8. Сенімділік қасиеті қандай қасиеттерімен сипатталады:

+а) ұзаққа жарамдылығы

+б) тозуы

в) жұмыс істемей қалуы

+г) сақталуы

д) бірегейлігі

9. Тауардың берілген режимдер мен қолдану жағдайларында берілген функцияларды орындау қабілеті - бұл:

а) бұзылыссыз жұмыс істеуі

б) ұзаққа жарауы

в) сақталуы

+г) сенімділігі

д) тозуы

10. Тауардың ұзаққа жарамдылығы бұл тауардың келесіге қабілетінің болуы....:

а) берілген режимдер мен жағдайларда берілген функцияны орындау

б) сыртқы орта факторларына қарсы тұру

+в) шекті жағдай түскенге дейін өзінің жұмысқа қабілетін сақтауы

г) сақтау және тасымалдаудан кейін функцияларын орындауы

д) жөндеуден кейін функцияларын орныдауы

11. Сыртқы факторлардың әсерінен бұйымның сапалық көрсеткіштерінің нәтижелерінің қорытынды өзгеруі – бұл:

а) жұмыс істемей қалу

б) жұмыс істеу қабілетін жоғалту

+в) тозуы

г) ақауы

д) конструкциялық қателік

12. Тауардың эргономикалық қасиеттері сипаттайды:

а) сақтау жағдайын

+б) эксплуатациялау ыңғайлылығын

в) тасымалдау шарттарын

г) бұйымның бұзылмай жұмыс істеуін

+д) эксплуатация жайлылығын

13. Тауардың эргономикалық қасиеттеріне не жатады:

+а) антропометриялық

+б) жылуды қорғау

в) эстетикалық

+г) физиологиялық

+д) психофизиологиялық

14. Рұқсат етілген нормалармен шектелген қауіп-қатердің төмен болуымен негізделетін тауардың ерекшелігі – бұл:

а) тозуы

+б) қауіпсіздігі

в) ыңғайлылығы

г) жайлылығы

д) тиімділігі

15. Қауіпсіздіктің қандай түрлері болады:

а) естен тандыратын

+б) электрлік

+в) механикалық

+г) физичкалық

+д) өрт

16. Адам ағзасына әсер ету дәрежесіне байланысты зиянды заттар қалай бөлінеді:

а) қауіпті

+б) шектен тыс қауіпті

+в) қауіптілігі жоғары

+г) орташа қауіпті

+д) қауіптілігі төмен

17. Тауардың экологиялық қасиеттері тауардың қоршаған ортаға әсер етуін сипаттайды...:

+а) сақтау кезінде

+б) жою кезінде

+в) тұтыну кезінде

+г) өндіру процесінде

+д) эксплуатациясында

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. «Фармацевтикалық тауарлар» термині нені білдіреді?

2. «Медициналық тауарлар» термині нені білдіреді?

3. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың қандай негізгі тұтынушылық қасиеттерін білесіздер?

4. Медициналық бұйымдардың функционалдық қасиетінің маңызды сипаттамасына не жатады?

5. Тауардың сенімділігі нені білдіреді?

6. Бұйымның жұмыс істемей қалуы (отказ) деген не және ол қалай жіктеледі?

7. Тауардың антропометриялық қасиеттері нені сипаттайды?

8. Тауардың эстетикалық қасиеттері нені сипаттайды?

9. Ақпараттылық мәнер деген нені білдіреді?

10. Композицияның бүтіндігі деген нені білдіреді?

11. Форманың рационалдығы негні сипаттайды?

12. Тауар түрінің тұрақтылығы және өндірістік орындаулының жетілуі нені сипаттайды?

13. Тауардың электрлік қауіпсіздігі нені сипаттайды?

14. Тауардың механикалық қауіпсіздігі нені сипаттайды?

15. Тауардың химиялық қауіпсіздігі нені сипаттайды?

16. Әсер ету сипаты бойынша химиялық заттар қалай бөлінеді?

17. Тауардың биологиялық қауіпсіздігі нені сипаттайды?

18. Тауардың физиологиялық қауіпсіздігі нені сипаттайды?

 

ТАҚЫРЫП: СТАНДАРТТАУДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАУАРЛЫҚ;







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 752. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия