ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ. Хирургиялық ине – хирургиялық операциялар және анатомиялық кесулер кезінде ағза тіндерін тігуге арналған тесетін ине.
Хирургиялық ине – хирургиялық операциялар және анатомиялық кесулер кезінде ағза тіндерін тігуге арналған тесетін ине. Медицина тәжірибесінде инелердің келесі типтері кеңінен қолданылады: · хирургиялық инелер (көп реттік); · хирургиялық атравматикалық инелер (бір реттік). Хирургиялық инелердің жіктелуі: · Тесетін инелер (көлденең кесіндісі дөңгелек): - атравматикалық сосудтарға арналған - ішекке арналған - кисетті - тесетін - бауырға арналған · Кесетін инелер (көлденең кесіндісі үш қырлы): - теріге арналған - бұлшық етке арналған-апоневротикалық. Атравматикалық ине – жарақаттануын азайту үшін құлағына бекітілген жібі бар хирургиялық ине. Лигатуралық ине – қан тамырларының астынан тігу материалын өткізіп алу үшін қолданылатын ине. Буып-түю алдында хирургиялық инелер майсыздандырылуы және консервациялануы керек. Консервациясыз сақтаудың шекті мерзімі – 3 жыл. Бір типтегі және бір мөлшердегі инелер 10 данадан қалыңдығы 0,08 мм полиэтилен пленкаға оралады және осындай пленкадан жасалған пакетке салынады. Пакет күйдіріліп жабылуы керек. Инелердің кепілдік сақталу мерзімі – дайындалған күнінен бастап 3 жыл. Хирургиялық инелерге қойылатын талаптар · Инелер 3И90 маркалы болаттан дайныдалуы керек. · Қарау, байқау кезінде иненің сыртқы беті тегіс, ешқандай дақтар, майысқан, сызаттанған жерлері болмау керек. · Хирругиялық инелер дезинфекциядан, стерильдеу алдындағы өңдеуден және стерилизациядан тұратын санитарлық өңдеу циклына тұрақты болуы керек. · Инелер коррозияға тұрақты болуы керек. Коррозияға тұрақтылығын тексеру келесі этаптардан тұрады: - алдын ала майсыздандырылған инелерді дистилденген сумен толтырылған электрлі дезинфекциялық қайнатқыштығ торына орналастырылған әйнектен жасалған изоляциялайтын прокладкаға орналастырады; - инелерді 15 минут бойы қайнатады және суда 30 минутқа қалдырады. Егер осыдан кейін иненің бетінде қара дақтар (коррозиялық нүктелер) пайда болмаса, онда бұйым МСТ талаптарына сай келеді. Тігу материалы немесе тіндерді біріктіруге арналған материалдар – бұл операция кезінде әртүрлі тіндерді біріктіруге және қанды тоқтатуға қолданылатын материалдар. Тігу материалдары сіңетін және сібейтін болып бөлінеді. Тігу аппараттары – бұл мүшелерді, тіндерді, тамырларды тігуге қолданылатын аппараттар. Тіккіштер механикалық тігісті салуға немесе тамырлар мен мүшелерді тігуге арналған. Кішірейтіп тіккіштер (ушиватели) – мүшелер мен тамырларды олардың бір бөлігін алып тастағаннан кейін тігуге арналған. Мүшелер мен тіндерді тігуге арналған аппараттардың өндірісте келесідей түрлері шығарылады: 1) тамырларды «ұшына ұш» циркулярлы тігуге арналған; 2) ас қорыту жолының мүшелеріне дөңгелек анастамоз жасауға арналған; 3) асқазан-ішектің бүйір анастамозын салуға арналған; 4) қабырға мен көкіректі тігуге арналған.
Хирургиялық тігу материалдары
ӘДЕБИЕТ:
1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с. 2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с. 3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Тіндерді біріктіруге арналған материалдардың көптігі немен байланысты? 2. Тігу материалдарының жіктелуінің негізіне қандай принцип алынған? 3. Тіндерді біріктіруге арналған материалдар мен саймандарға қандай талаптар қойлыады? 4. Әртүрлі мүшелер мен тіндерді тігуге арналған тіккіш аппараттардың конструкциялық ерекшеліктері қандай? 5. Атравматикалық ине не үшін қолданылады? 6. Лигатуралық ине қалай қолданылады? 7. Тігу материалдарына не жатады? 8. Тігу материалдары қалай бөлінеді? 9. Сіңетін тігу материалдарына не жатады? 10. Тігу материалдары не үшін қолданылады? 11. Сіңбейтін тігу материалдарына не жатады? 12. Хирургиялық инелер қалай жіктеледі?
ТАҚЫРЫП: ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫ: Студенттердің медициналық мақсатта қолданылатын тауарлар, медициналық мақсатта қолданылатын таураларға талдауды жүргізу, өнімдер мен тауарларды стандаттаудың жалпы сұрақтары бойынша бағдарлама материалдарын игеру деңгейін тексеру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ: Өткен тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау.
СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ: 1 вариант 1. Тауартану ғылымы нені зерттейді? 2. Тігу материалдары қалай жіктелед?. 3. Медициналық бұйымдардың функционалдық қасиетінің маңызды сипаттамасына не жатады? 4. Мемлекетаралық стандарттар. 5. Жалпыхирургиялық медициналық саймандардың қолданылу саласын көрсетіңдер. Оларға қандай талаптар қойылады? 6. Гинекологиялық саймандар қалай жіктеледі? 7. Сіңбейтін тігу материалдарына не жатады?
2 вариант 1. Тауар деген не және оның тұтынушылық қасиеттеріне не жатады? 2. Кетгут, шығарылу формасы, стерильдеу әдістері, сапасын бағалау. 3. «Фармацевтикалық тауарлар» термині нені білдіреді? 4. Стандарттау бойынша жұмыстар қандай әдістемен жүргізіледі? 5. Буж және зондтайтын саймандар не үшін қолданылады? 6. Урологиялық саймандардың функционалдық қасиетін сынау. 7. Тіндерді біріктіруге арналған материалдардың көптігі немен байланысты?
3 вариант 1. Тауар сапасының көрсеткішіне не жатады? 2. Хирургиялық атравматикалық инелер, шығарылу формасы, сапасын бағалау. 3. Тауардың сенімділігі нені білдіреді? 4. Стандарттаудың негізгі міндеттеріне не жатады? 5. Қысқыш саймандар қандай мақсатпен қолданылады, олардың тауарлық түрлері? 6. Нейрохирургиялық кесетін саймандардың сапасын бағалау қалай жүргізіледі? 7. Тіндерді біріктіруге арналған материалдар мен саймандарға қандай талаптар қойылады?
4 вариант 1. Тауартануда тауар сапасының көрсеткіштері қалай жіктеледі? 2. Тігу материалдарына қандай талаптар қойылады? 3. Тауардың антропометриялық қасиеттері нені сипаттайды? 4. Стандарттаудың негізгі принциптері қандай? 5. Медициналық аралардың тауарлық түрлері, сапасын бағалауды жүргізу. 6. Кесетін және қысатын офтальмологиялық саймандардың сапасы қандай әдістермен бағаланады? 7. Атравматикалық ине не үшін қолданылады?
5 вариант 1. Материалтануға және оның негізгі түсініктері мен анықтамалары. 2. Лигатуралық инелер, тауарлық түрлері, сапасын бағалау. 3. Тауардың химиялық қауіпсіздігі нені сипаттайды? 4. Өнімдердің халықаралық стандарттары. 5. Хирургиялық қайшылардың тауарлық түрлері, тауарлық талдауды жүргізу? 6. Стоматологиялық саймандар қалай жіктеледі? 7. Әртүрлі мүшелер мен тіндерді тігуге арналған тіккіш аппараттардың конструкциялық ерекшеліктері қандай?
6 вариант 1. Қолданылуы бойынша материалдар қалай жіктеледі? 2. Сүйектерді тігуге арналған тігу материалдары, тауарлық түрлері. 3. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың қандай негізгі тұтынушылық қасиеттерін білесіздер? 4. Стандарттардың қандай түрлері болады? 5. Қысқыш саймандарға қандай талаптар қойылады, сапасын бағалау қалай жүргізіледі? 6. Трахеотомияға арналған жиынтыққа қандай саймандар кіреді? 7. Хирургиялық инелер қалай жіктеледі?
7 вариант 1. Металл материалдардың жіктелуі. 2. Тігу материалдарын сақтау ережесі. 3. «Медициналық тауарлар» термині нені білдіреді? 4. Медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдардың стандарттары. 5. Кескіш саймандардың сапасын бағалау қалай жүргізіледі? 6. Урологиялық саймандардың жіктелуі және сапасын бағалау қалай жіктеледі? 7. Лигатуралық ине қалай қолданылады және сапасын бағалау?
8 вариант 1. Қара металдар және металдардың құймалар. 2. Хирургиялық жібек жіп, шығарылу формасы, стерильдеу, сақтау. 3. Әсер ету сипаты бойынша химиялық заттар қалай бөлінеді? 4. Дәрілік заттардың стандарттарына не жатады? 5. Ығыстыратын саймандарды қандай топшаларға бөлуге болады? 6. Кесетін ЛОР-саймандарды дайындау үшін қандай материалдар қолданылады? 7. Тігу материалдарының жіктелуінің негізіне қандай принцип алынған?
9 вариант 1. Коррозия және коррозиялық бұзылыстардың түрлері. 2. Хирургиялық инелер және оларға қойылатын талаптар. 3. Тауардың физиологиялық қауіпсіздігі нені сипаттайды? 4. Стандарттаудың міндеттері. 5. Жалпыхирургиялық медициналық саймандарға анықтама беріңдер. 6. Акушерлік, гинекологиялық саймандарға қандай техникалық және функционалдық талаптар қойылады? 7. Тігу материалдары қалай бөлінеді?
10 вариант 1. Коррозияға қарсы қорғаныштың түрлері. 2. Тіккіш аппараттар. 3. Тауардың механикалық қауіпсіздігі нені сипаттайды? 4. Стандарттау деген не? 5. Жалпыхирургиялық саймандар қалай жіктеледі? 6. Акушерлік саймандар қалай жіктеледі? 7. Сіңетін тігу материалдарына не жатады?
ӘДЕБИЕТ:
1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с. 2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с. 3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.
ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ;
|