Студопедия — ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ. Сақтау және тасымалдау шарттарын таңдау кезінде мынаны ескеору қажет:
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ. Сақтау және тасымалдау шарттарын таңдау кезінде мынаны ескеору қажет:






Сақтау және тасымалдау шарттарын таңдау кезінде мынаны ескеору қажет:

· тауардың қасиетін;

· механикалық әсерлерден қорғау қажеттігін

· атмосфера әсерінен қорғаудың қажеттігін (оттегі, ылғал, жарық, температура).

Медициналық және фармацевтикалық тауарларды сақтауға және тасымалдауға қойлыатын талаптар мемлекеттік стандарттармен, санитарлық норма және ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен регламенттеледі.

Дәріхана ұйымдары үшін бұл ҚР ДСМ бұйрықтары:

· 20.05.1999 жылғы №238, «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың әртүрлі топтарын сақтау бойынша нұсқаулық», «Дәріхана ұйымдарында және фармацевтикалық кәсіпорындарда өртке қауіпті және жарылғыш қасиеттері бар дәрілік заттарды сақтау тәртібі туралы нұсқаулық».

Белгіленген нормаларға сәйкес сақтау бөлмелері күзет және өртке қарсы құралдармен жабдықталуы керек. Оларда ауаның белгілі бір ылғалдылығы және температурасы сақталуы керек, оны тексеру тәулігіне бір реттен кем емес жүргізіледі. Осы параметрлерге бақылау жүргізу үшін сақтау бөлмелеріне термометр және гигрометр ілінеді. Олар бөлменің ішкі қабырғаларына жылытқыш приборлардан алыс еденнен 1,5-1,7 м биіктікте және есіктен 3 м қашықтықта бекітіледі. Әрбір бөлмеде температураның және салыстырмалы ылғалдылықтың есебін жүргізетін карта болуы керек.

Ауа тазалығын сақтау үшін сақтау бөлмелері сору вентиляциясымен жабдықталады, ал ондай қондырғы болмаған жағдайда бөлмеде желдеткіш, фрамуга, екінші торлы есіктер және т.б. болуы керек.

Сақтау бөлмелерінде сөрелердің, шкафтардың, поддондардың, тауар астына қоятындардың қажетті мөлшері орналастырылады. Сөрелер сыртқы қабырғадан 0,6-0,7 м, төбеден 0,5 м және еденнен 0,25 м аралықта орналасуы керек. Сөрелерді орналастырған кезде олардың араларына жарық мол түсетіндей болу керек және сөрелердің арасындағы ара қашықтық еркін жүретіндей 0,75 м болу керек.

Сақтау бөлмелерінде медициналық және фармацевтикалық тауарларды орналастыру кезінде ауданның толық қамтылуын ескеру керек, дәріхана және қойма қызметкерлерінің жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасалуы керек, сонымен бірге фармацевтикалық тәртіпті қамтамасыз етуді және кіші механизация құралдарын қолдану мүмкіндігін ескеру керек. Тауарларды сөрелерге, шкафтарға, ал қажет болған жағдайда алдын ала поддон, арнайы плита, подтоварниктерді қою арқылы еденге де орналастырады.

Тасымалдау шарттарын таңдау кезінде тауардың қасиетін және оны механикалық және атмосфера әсерінен қорғау қажеттігін ескеру керек.

Тасымалдау кезінде тауарлардың дұрыс сақталуы көп жағдайда буманың дұрыс таңдалуныа және оның сапасына; тауарды тараға, ал тауары бар тараны контейнерлер мен тасымалдау құралдарына орналастыру тығыздығына; оларды механикалық және атмосфера әсерінен қорғау дәрежелеріне байланысты болады.

Тауарларды олардың түрлеріне және қасиеттеріне, сонымен бріге транспорт түріне байланысты әртүрлі бумаларда немесе бумасыз тасымалдайды. Барлық жағдайларда да өнім тығыз орналастырылған болу керек, ал бос жерлері сәйкес буу-орау материалдарымен және төсеніштермен толтырылады. Ол үшін амортизациялық қабілеті бар кеуекті полимерлі және көп қабатты материалдарды пайдаланған өте ыңғайлы және тиімді. Кейбір бұйымдарды тауарлық түрлерін сақтау үшін арнайы жабдықталған транспортта тасымалдайды.

Тиеу және түсіру кезінде тарадағы жазуларға және ескерту жазбаларына, тасымалдау құралдарының тазалығына көңіл аудару қажет. Жүктердің шектен тыс соғылуына немесе құлауына жол бермеу керек.

Дәрілік препараттарды сақтау бөлмелерінде бөлек орналастырады:

- технологиялық топтарына сәйкес;

- фармакологиялық топтарына сәйкес;

- қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа);

- дәрілік заттардың физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкес және оларға әртүрлі сыртық орта факторларының әсеріне байланысты;

- «ангро» дәрілік заттарды – агрегаттық күйіне байланысты (сұйық заттарды құрғақ, газтәрізді заттардан бөлек және т.б.);

- жарамдылық мерзімі шектелген препараттар үшін белгіленген сақтау мерзімдерін ескере отырып;

- әртүрлі дәрілік қалыптардың сипатын ескере отырып.

Дәріхана ассортиментіндегі қалған тауарлар топтары бойынша жеке сақталады:

- таңу материалдары және дайын таңу заттары;

- санитария, гигиена және науқастарды күту бұйымдары, соның ішінде резеңке бұйымдар;

- дәрілік өсімдік шикізаттары;

- тара, тығындау заттары және буып-түю материалдары;

- оттегі және и гипс;

- минералды сулар;

- жуғыш, парфюмериялы-косметикалық заттар;

- дезинфекциялық және дезинсекциялық заттар;

- химиялық реактивтер;

- дәріханалық және зертханалық жиһаз, құрал-жабдықтар;

- қағаз, дәріханада жұмыс жасауға қажетті шаруашылық және көмекші заттары және т.б.

Аттары ұқсас дәрілік заттарды, жоғары реттік дозалары бір-бірінен өте ерекшеленетін ішке қолдануға арналған дәрілік препараттарды қатар қоюға, сонымен бірге оларды алфавиттік ретте орналастыруға болмайды.

Сақтау бөлмелерінде, сонымен бірге дәріханалық қойма немесе емдеу ұйымының территориясында кеміргіштермен, жәндіктермен және басқа да зиянкестермен күрес бойынша жүйелі түрде іс-шаралар жүргізіліп тұру қажет.

Металдан және құймалардан жасалған медициналық тауарларды құрғақ жылытылатын бөлмелерде бөлме температурасында сақтау қажет. Сақтау бөлмелеріндегі ауа температурасы және салыстырмалы ылғалдылық тез өзгермеуі керек. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%-дан аспау керек. Ылғалдылығы жоғары климаттық аймақтарда 70%-ға ауаның салыстырмалы ылғалдылығы рұқсат етіледі. Бұл жағдайда медициналық тауарлардың сапасы айына бір реттен кем емес тексеріліп тұруы қажет.

Медициналық саймандар атаулары бойынша жәшіктерде, шкафтарда, қақпағы бар қораптарда ондағы саймандардың атын көрсете отырып сақталуы тиіс. Металдан және құймалардан жасалған медициналық тауарларды сақтау кезінде бұйымдардың қайта консервациялану мерзіміне көңіл аудару керек. Консервация мерзімі біткеннен кейін бұйым бензинмен, спиртпен немесе басқа да еріткішпен суланған таза дәке немесе шүберек арқылы ескі майынан тазаланады. Жаңадан майлау үшін бұйымды 80-90°С-қа дейін қыздырылған майға батырады (ыстық тәсіл) немесе бөлме температурасында дәке тампонының көмегімен бұйымға жағады (суық тәсіл). Майлауды биялай киіп жүргізу керек, өйткені ластанған, әсіресе терлеген қолмен сайманға тиген жағдайда коррозияның пайда болуына мүмкіндік жасайды.

Таттанбайтын болаттан жасалған, сонымен бірге алюминиден, латуннан және қоладан жасалған саймандар майланбайды.

Боялған темір бұйымдарда тот басқан жерлер пайда болғанда, оларды алып тастап орнын бояумен қайталап бояйды.

Күмістен, незильберден жасалған саймандарды резеңкемен, күкіртпен және күкіртті қосылыстармен бірге сақтауға болмайды, олар сайманнның бетінде қара дақтарды тудырады.

Медициналық саймандарды бірінің-үстіне бірін қойып жаппай сақтауға болмайды.

Полимерлі материалдардан жасалған бұйымдарды тотығудан сақтау мақсатымен тауардың өмірлік циклының технологиялық этапында антиоксиданттарды және тұрақтандырғыштарды қолдану қажет, сонан кейін тауарқозғалысы кезінде оптимальды сақтау жағдайларын орындау керек.

Резеңке бұйымдардан басқа, полимерлі материалдардан жасалған бұйымдарды желденетін қараңғы құрғақ бөлмелерде жылыту жүйесінен 1 м қашықтықта бөлме температурасында сақтау керек. Бөлмелерде ашық от, ұшқыш заттардың булары болмауы керек. Целлофаннан, целлулоидтан және аминопластан жасалған бұйымдар сақталатын бөлмелерде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%-дан аспау керек.

Резеңкеден және латекстен жасалған бұйымдарды сақтау бөлмелерінде оттегі мөлшеріи барынша аз болуы керек, сондықтан оларды сақтайтын бөлмелерді желдетпейді, мүмкіндігінше резеңке бұйымдармен толық толтыру ұсынылады.

Онан басқа келесі ережелер сақталуы тиіс:

1. Резеңкеден жасалған бұйымдарды тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен сақтау керек.

2. 8-12°С шегінде тұрақты температураны сақтау керек.

3. Ылғалдылықты сақтау керек – кеуіп кетуден, деформацияланудан және майысқыштығын жоғалтудан сақтау үшін ылғалдылығ 65%-дан кем болмау керек.

4. Бұйымдарға тальк сеуіп қою керек, ол оттегінің сіңуін баяулатады және жабысып қалудан сақтайды.

5. Йод, хлороформ, хлорлы аммоний, формалин, қышқылдар, бензин, органикалық еріткіштер және т.б. сияқты заттардың әсерінен бөлек сақтау керек.

6. Жылытқыш приборлардан алыс сақтау керек (кем дегенде 1 м).

Ерекше сақтау жағдайларын талап ететін резеңке бұйымдардың кейбір түрлерінің сақталуына ерекше көңіл аудару керек:

· астыға қоятын дөңгелектерді, резеңке жылытқыштарды, мұз қабыршықтарын аздап ауа толтырылған күйінде сақтайды;

· резеңке түтіктер ілінген күйінде сақталады;

· приборлардың алынбалы резеңке бөліктері бұйымның металдан жасалған басқа бөлігінен бөлек сақталынады;

· атмосфера факторларына ерекше сезімтал бұйымдар – иілгіш катетерлер, биялайлар, саусаққаптар, резеңке бинттер және т.б., тальк себілген тығыз жабылған қораптарда сақталады;

· резеңке бинттерді ұзына бойынша тальк сеуіп оралған күйінде сақтайды;

· резеңкеленген маталар (бір жақта екі жақты) горизонтальды күйде рулондарда арнайы тіректерге ілінген күйінде сақталады. Резеңкеленген маталарды жылтыр тегістелген сөрелерде 5 қатардан артық емес бүктелген жағдайда сақтауға рұқсат етіледі.;

· иілгіш лакталған бұйымдар - катетерлер, буждар, зондтар құрғақ бөлмелерде сақталады.

Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдарда ерте тозу белгілері байқалған жағдайда, оларды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұқа қабатты бұйымдарды (биялайлар, саусаққаптар) 5% мүсәтір спиртінің жылы ерітіндісіне (40°С) 15 минутқа салады, сонан кейін оны глицериннің 5% жылы ерітіндісіне 10-15 минутқа салады. Қалың қабатты бұйымдарды, мысалы, жылытқыштарда, қалпына келтіру үшін қайнап жатқан вазелин майына 15-20 минутқа салады. Сонан кейін бұйымдарды созғылайды.

Әсіресе профилактикада, диагностикада және әртүрлі ауруларды емдеуде қолданылатын дәрілік препараттарды дұрыс сақтаудың ерекше маңызы бар.

ҚР ДСМ 20.051999 ж. № 238 бұйрығына сәйкес барлық дәрілік заттар физикалық, физикалық-химиялық, оларға әртүрлі сыртқы орта факторларының әсер етуіне байланысты келесідей топтарға бөлінеді:

· жарықтан қорғауды талап ететін;

· ылғалдан қорғауды талап ететін;

· ұшып кетуден қорғауды талап ететін;

· жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін;

· төменгі температура әсерінен қорғауды талап ететін;

· қоршаған ортадағы газдардың әсеірнен қорғауды талап ететін;

сонымен бірге:

· иісі бар;

· бояғыш;

· дезинфекциялық заттар.

Тасымалдау шарттарын таңдау кезінде тауардың қасиетін және оны механикалық және атмосфера әсерінен қорғау қажеттігін ескеру керек.

Тасымалдау кезінде тауарлардың дұрыс сақталуы көп жағдайда буманың дұрыс таңдалуына және оның сапасына; тауарды тараға, ал тауары бар тараны контейнерлер мен тасымалдау құралдарына орналастыру тығыздығына; оларды механикалық және атмосфера әсерінен қорғау дәрежелеріне байланысты болады.

Тауарларды олардың түрлеріне және қасиеттеріне, сонымен бріге транспорт түріне байланысты әртүрлі бумаларда немесе бумасыз тасымалдайды. Барлық жағдайларда да өнім тығыз орналастырылған болу керек, ал бос жерлері сәйкес буу-орау материалдарымен және төсеніштермен толтырылады. Ол үшін амортизациялық қабілеті бар кеуекті полимерлі және көп қабатты материалдарды пайдаланған өте ыңғайлы және тиімді. Кейбір бұйымдарды тауарлық түрлерін сақтау үшін арнайы жабдықталған транспортта тасымалдайды.

Тиеу және түсіру кезінде тарадағы жазуларға және ескерту жазбаларына, тасымалдау құралдарының тазалығына көңіл аудару қажет. Жүктердің шектен тыс соғылуына немесе құлауына жол бермеу керек.

 

 

ӘДЕБИЕТ:

 

4. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

5. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

6. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды сақтау және тасмалдау кезінде қойылатын талаптар қандай нормативті құжатпен регламенттеледі?

2. Сақтау және тасымалдау кезінде нені ескеру қажет?

3. Сақтау бөлмелеріне қандай талаптар қойылады?

4. СЧақтау бөлмелері қандай заттармен қамтамасыз етілуі керек?

5. Сақтау бөлмелерінде температура мен салыстырмалы ылғалдылықты бақылау үшін қандай приборлар орналастырылады?

6. Сақтау бөлмелерінде дәрілік препараттарды қалай орналастырады?

7. Металдан жасалған медициналық бұйымдарды сақтау.

8. Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдарды сақтау.

9. Полимерден жасалған медициналық бұйымдарды сақтау.

10. Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдарды сақтау кезінде қандай талапта қойылады?

11. Физикалық, физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты дәрілік заттар қандай топтарға бөлінеді?

ТАҚЫРЫП: ДӘРІЛІК ЗАТТАР, ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАР, ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 405. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия