Студопедия — ЕХС-ТІ ЕНДІРУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЕХС-ТІ ЕНДІРУ






 

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің және ұлттық стандарт негізінде жұмыс атқарады. Сонымен қатар ХҚЕС стандарттары да қолданылады. Қазақстанда және ТМД елдерінде Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (ХҚЕС) ауысып жатқан компаниялардың саны күн сайын артып келеді. ХҚЕС артықшылықтары деректерді салыстырудың аса жоғарылығы және қаржы есептілігінің ашықтығын арттыру болып табылады.

Қаржы есептілігінің халықаралық стандарты бойынша басқарма (ҚЕХСК) Қаржы есептілігінің халықаралық стандарты бойынша комитет қорының (ҚЕХС КҚ) бөлігі ретінде 2001 жылы құрылған.

ҚЕХСК қоры мен ҚЕХС басқармасының міндеттері:

1 қоғамнның мүддесіне орай бухгалтерлік есептің сапалы, түсінікті халықаралық стандарттарының бірыңғай кешенін әзірлеу; оларды қолдану;

2 осы стандарттарды пайдалану мен нақты қолдануға қолдау көрсету;

3 бірінші және екінші саласындағы міндеттемелерді жүзеге асыру кезінде мұндай ерекшелік шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен экономикасы дамушы елдердің сұранысы орынды болғанда назарға алу керек;

4 ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының, Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары (IAS) мен Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарының (IFRS) сәйкестік позицияларының жетістіктерімен жүзеге асыру арқылы жоғары сапалы шешімдермен қамтамасыз ету.

ҚЕХСК өз мақсатына ҚЕХС-н (IFRS) дайындау арқылы және жалпы мақсаттағы қаржылық есептілікте және басқа да қаржылық құжаттамаларда осы стандарттарды қолдануға қолдау көрсету өз мақсаттарына қол жеткізеді. Қаржылық есептіліктің басқа да құралдары қаржылық есептіліктің толық кешенін түсіндіруге көмектесетін немесе пайдаланушыларға тиімді экономикалық шешімдер қабылдау қабілеттілігін арттыратын қаржылық есептіліктен тыс ұсыналатын ақпаратты қоса қарастырады. «Қаржылық есептілік» термині жалпы мақсаттағы қаржылық есептілік пен қаржылық есептіліктің басқа да құралдарын қарастырады.

ҚЕХС (IFRS) жалпы мақсаттағы қаржылық есептілікті және кәсіпорындардың пайда алуына бағытталған барлық басқа да қаржылық құжаттамаларды қолдануға арналған. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігі акционерлер, несиегерлер, қызметкерлер мен жалпы алғанда қоғам сияқты пайдаланушылардың кең шеңберінің жалпы ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Қаржылық есептіліктің мақсаты жоғарыда аталған пайдаланушыларға тиімді экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері мен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарды ұсынудан тұрады.

ҚЕХСК сонымен қатар бұдан басқа ұйымдастырушылық формасы көптеген елдерде әртүрлі аталатын, соның ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындары (ШОБ) сияқты атауы бар жеке меншік кәсіпорындар мен тұлғалардың кең шеңберіне өзінің қаржылық есептілігін ұсынуға міндетті емес кәсіпорындардың жалпы мақсаттағы қаржылық есептілігіне арналған және кәсіпорындардың басқа да қаржылық есептілік түрлеріне арналған жеке стандарттарды әзірлейді және жариялайды. Осы стандарттар Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған (ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС) қаржы есептілігінің халықаралық стандарты болып табылады.

ҚЕХСК стандарттарын қандай кәсіпорындар пайдалануы тиіс немесе пайдалана алатындығы туралы шешімі заңнамалық органдар, реттеуші органдар мен әрбір жеке елдің стандарттарын бекітуші органдардың шешімімен қабылданады. Бұл ҚЕХС-ның толық нұсқасы мен ШОБ кәсіпорындарына арналған әділ болып табылады. ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС сы стандарттың 1-бөлімінде анықтама келтірілген) үшін кәсіпорындардың жекелеген санаттарын нақты анықтау қажеттігін төмендегі себептер бойынша атап өткен жөн: 1) ҚЕХСК басқармасы ақпараттарды есепке алу және ашып көрсетуге қойылатын қандай талаптар кәсіпорындар аталған сататтардың қайсысына сәйкес келетінін анықтау қажет және 2) заңнамалық және реттеуші органдар; стандарттарды бекітетін органдар; есеп беруші кәсіпорындар мен олардың аудиторлары ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-ның қолданылу саласын білуі керек. Мұндай нақты анықтамалардың болуы шағын және орта бизнес болып табылмайтын кәсіпорындар үшін сәйкесінше ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-н пайдалана алмайтын кәсіпорындар үшін қажет болып табылады.

ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС тақырыптар бойынша құрылған, мұнда әрбір жекелеген нөмірленген бөлімдер бойынша ұсынылған. Тармақтағы тоғысатын сілтемелерді төмендегідей оқыған жөн: бірінші сан – тиісті бөлімге қойылатын сілтеме, екінші сан – тиісті тармаққа қойылатын сілтеме. Ақша қаражаттары бар мысалдарда ақша бірлігі өлшем бірлігі болып табылады.

Кәсіпорындардың кең шеңберіне жарияланған ҚЕХС пайдалану арқылы жасалған екі жылдық қаржылық есептілікті ұсынған жағдайда ҚЕХСК басқармасы ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС қолдануда ШОБ кәсіпорындарының тәжірибесіне мұқият шолу жасауды жоспарлайды. ҚЕХСК басқармасы осы шолу барысында анықталған қолдану бойынша сұрақтарға арналған жауаптар үшін түзетулерді жалғастыруды жоспарлайды. Ол сонымен қатар осы ҚЕХС шығарылған күннен бастап қолданылған жаңа және түзетілген ҚЕХС-н қарастырады.

ҚЕХС-ның толық нұсқасын пайдаланатын еншілес кәсіпорындар бас кәсіпорындар немесе ҚЕХС-ның толық нұсқасын пайдаланатын шоғырландырылған топтардың бөлігі болып табылатын осы еншілес кәсіпорынның өзі пайдаланушылардың кең шеңберіне қаржылық есептілігін ұсынуға міндетті болмаса, өзінің қаржылық есептілігінде осы ҚЕХС–на тыйым салынбайды. Егер оның қаржылық есептілігі ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-ның талаптарына сәйкес сипатталса, онда осы ҚЕХС-ның барлық ережелерін сақтауы тиіс.

Қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпараттардың сапалық

сипаттамалары

Қаржы есептілігінде ұсынылатын ақпарат бизнес, экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы және тиісті ықыласпен ақпаратты үйренуді қалайтын жеткілікті деңгейде білімі бар пайдаланушыларға түсінікті болуы керек. Алайда жоғарыда аталғандар кейбір пайдаланушылар үшін қиындық тудыратын орынды ақпараты қоспауы қажет дегенді білдірмейді.

Қаржы есептілігінде ұсынылған ақпарат шешімдерді қабылдау кезінде пайдаланушылардың сұранысы ескеріле отырып, орынды болуы тиіс. Өткен, қазіргі немесе болашақтағы оқиғаларды бағалауына көмектесе отырып немесе олардың өткен кезеңдегі бағаларын бекіте не түзете отырып, пайдаланушылардың экономикалық шешімдер қабылдауына әсер ете алған жағдайда ақпарат орынды қасиетке ие болады.

Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтықты түрде қаржы есептілігінің негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, елеулі болып табылады. Мәнділік қосымша мән-жайлар контексінде бағаланатын нақты қалдырып кетудің немесе бұрмалаудың мөлшері мен сипатына байланысты болады. Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржы нәтижелері немесе ақша қаражаттарының қозғалысын белгіленген деңгейде ұсыну мақсатында ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-тан елеусіз шегеру жасау немесе түзетусіз қалдырмаған жөн.

Қаржылық есептілікке ұсынылған ақпарат сенімді болуы тиіс. Елеулі қателер болмаған жағдайда ақпарат сенімді болып табылады, ол алғытөлем болып табылмайды; және ол ұсынуды мақсат еткендерді ұсынады немесе байыпты күтілетін жағдайларға сәйкес ұсына алатын мәліметтерді шынайы түрде ұсынады. Жоспарланған нәтижелер немесе оның салдарына қол жеткізу мақсатында шешімдер қабылдау немесе пайымдауларды қалыптастыру үшін әсер етуге бағытталған мұндай есептіліктегі ақпараттарды ұсыну немесе іріктеу алдын ала сақтанудан (яғни, бейтараптылықтан) тұрады.

Операциялар және басқа міндеттемелер мен оқиғалар тек қана заңды үлгісін сақтап қана қоймай, мазмұнына сәйкес есептілікке есеп беруге және ұсынуға тиіс. Бұл қаржылық есептіліктің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын қызметінің барысында көптеген оқиғалар мен жағдайларға қатысты әртүрлі тектегі белгісіздік мәселесі туындамай қоймайды. Мұндай белгісіздіктердің сипаты мен көлемін қаржылық есептілікте сақтық пайымдауларына сәйкес ашып көрсетуі тиіс. Сақтық- бұл активтер немесе кірістер артпау үшін, ал міндеттемелер не шығыстар төмендемеу үшін белгісіздік жағдайында есептік бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті субъективті бағалау кезіндегі белгілі бір дәрежеде сақтық деңгейін сақтау. Мұнымен бірге сақтық түсінігі активтерді не түсімдерді әдейі төмендету үшін немесе міндеттемелерді не шығыстарды әдейі арттыру үшін қолданылмауы керек. Басқа сөзбен айтқанда, сақтық алдын алу үшін өтеу болып табылмайды.

Қаржылық есептіліктегі ақпарат сенімді болуы үшін мәнділік түсініктері мен мұндай ақпаратты ұсынуға жұмсалған шығындар ескеріле отырып, толық көлемде ұсынылуы тиіс. Қандай да бір мәліметті кірістірмеу ақпаратты жалған етуі немесе жаңылдыруға әкеліп соқтыруы мүмкін және ол орындылығы жағынан да жеткіліксіз болып көрінуі мүмкін.

Салғастырымдылық

Пайдаланушылар кәсіпорынның әртүрлі кезеңдеріндегі қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелеріндегі тенденцияларды анықтау үшін қаржылық есептілігін салғастыру мүмкіндігі болуы қажет. Пайдаланушылардың мұнымен бірге әртүрлі кәсіпорындарға қатысты олардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері мен ақша қаражаттарының қозғалысын салыстыру мүмкіндігі болуы қажет. Бұдан басқа, пайдаланушылар қаржылық есептілікті құрастыру кезінде пайдаланылатын есеп саясаты туралы және есеп саясатындағы өзгерістер мен мұндай өзгерістердің салдары туралы хабардар болуы қажет.

Уақыттылық

Орынды қаржылық ақпарат дегеніміз бұл -пайдаланушылар қолданатын экономикалық шешімдерге әсер ете алу мүмкіндігі бар ақпараттар. Ақпараттың уақыттылығы шешім қабылдау үшін өзекті мерзімдерде оның қол жетімділігінен тұрады. Басшылық есептілікке қатысты құндылықтардың мерзімінде көрініс табуы мен шынайы ақпаратты ұсыну арасындағы теңгерімді табуына тура келуі мүмкін. Орындылық пен сенімділік арасындағы теңгерімді анықтау кезінде негізгі түсінік ретінде экономикалық шешімдерді қабылдау кезіндегі пайдаланушылар сұранысын қанағаттандыру деңгейін арттыру түсінігі болуы керек.

 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 924. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия