Студопедия — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУ






Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған әр жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңыздылығына көңіл бөліп келеді.

Капиталдың бір елден екінші елге құйылуы шаруашылық өмірдің интернациянализациясының тереңдеу процесін қамтиды. Кез-келген мемлекеттің халықаралық инвестициялық бірлестікке қатысуы жаңа экономикалық қайта құруларға, ғылыми-техникалық жаңалықтарға, инновациялық процестерді кеңейтуге қабілеттендіреді. Қазақстанға шетел капиталын келтіру инвестициялық саясаттың қажеттілігін тудырды.

Басқарудың экономикалық әдістерін кеңінен қолдану, дағдарысты ахуалды еңсеру, рыноктік қатынастарға көшу жағдайда келешекке алынған инвестициялық саясатты ғылыми тұрғыда негіздеу, инвестицияны жоспарлау практикасын жаңа шаруашылық тетікпен байланыстыру, ұзақ мерзімді жұмсалымның пайдалануын түбегейлі жақсарту, елдің әлеуметтік– экономикалық дамуын жеңілдетудің бұдан былайғы шарттары ретіндегі ұзақ мерзімді жұмсалымның тиімділігін арттыру т.б.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 404 Жарлығымен Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылған.

Экономиканы жаңғыртуға және құрылымдық қайта құруға байланысты инвестициялық серпінді жобаларды іске асыруға жәрдемдесу және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Лауазымдары бойынша: Премьер-Министр, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы, Индустрия және сауда министрі, Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.

Кеңестің іскерлік топтардан құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымдары негізінде қазақстандық компаниялардың бірінші басшылары қатарынан қалыптасады.

Қазіргі уақытта, іскерлік топтардан Кеңестің құрамында банктік сектор, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс, телекоммуникациялар, темір жол секторларын ұсынатын 20 қазақстандық компаниялардың басшылары ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының алдында Шетелдік инвесторлар кеңесінде талқыланатын тақырыпқа ұқсас тақырыпты талқылаумен Кеңестің отырыстары жылына екі рет өткізіледі.

Кеңестің бірінші отырысы 2008 жылғы 21 қарашада Астана қаласында «Дағдарысты жеңу бойынша тұрақтандыру шараларын іске асырудағы мемлекет пен бизнестің өзара әрекеті» атты тақырыбын талқылау бойынша өткізілді.

Кеңестің екінші отырысы 2009 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

Әлемде қаржы дағдарысының барынша ушыға түскеніне қарамастан елімізде 2008 жылғы ішкі жалпы өнімнің өсім көлемі 3,2%-ға өсіп, өткен 2008 жылдың қараша айында тұтыну бағасының индексі 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 109,2%-ды құрады. Ал осы көрсеткіш 2006 жылы 116% болғанын еске алсақ, дағдарысқа байланысты туындаған инфляциялық үдерістер едәуір дәрежеде ауыздықталмақ.

Мемлекеттік қолдау шараларының аясында кәсіпорындарды инвестициялау жөнінде 42 келісім жасалды. Оның жалпы көлемі 875,4 миллиард теңгені құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 6 маусымдағы Атырау қаласында және 5 желтоқсандағы Алматы қаласында өткен кезекті отырыстары, сондай-ақ Ұлттық инвесторлар кеңесінің 21 қарашадағы «Дағдарысты еңсеру жөніндегі тұрақтандыру шараларын іске асырудағы мемлекет пен бизнестің өзара бірлескен іс-қимылы» деген тақырыппен өткен отырысы әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамассыз ету және инновациялық жобаларды іске асыру мәселелеріне арналды.

Мемлекеттің инвестициялық саясатында даму институттарына белсенді рөл жүктеледі, олардың қызметі 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға бағытталған.

Қазірде Дүниежүзілік банк Қазақстанды үлкен көлемде инвестиция тартушы 20 мемлекеттің қатарына кіргізіп отыр. Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттері аумағында Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция көлемі бойынша бесінші орында тұр.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының түрлі секторларында аса ірі трансұлттық компаниялар ойдағыдай жұмыс істеуде.

Мәселен, швейцариялық «Корика Эйджи» компаниясымен бірлесіп, алюминий электролиз зауытының құрылысын жүруде; «Базель» компаниясымен газ химиясы кешені салынатын болады; «Дженерал Электрик» локомотивтер жинастыруды жоспарлауда; «Самсунг» компаниясымен бірге сұр бетон өндіру жөніндегі жұмыстар басталды; «Хевен Хаус» тұрмыстық және офистік жиһаздар шығарады; «Шкода» маркасының автомовильдерін жинау конвейері жолға қойылды; «Пилкингтон» және «Штайнерт» секілді әлемдік компаниялармен бірлесіп, елімізде әйнек өндірісін салу көзделуде.

Халықаралық қаржы нарықтары және онымен байланысты әлем экономикасындағы жағымсыз өзгерістер ұлттық экономиканың тұрақтылығын қолдайтын және оның дамуын қамтамасыз ететін мемлекет құрған тетіктердің маңыздылығын айқындап отыр. Осындай тетіктерге құрылған даму институттары, соның ішінде бүгінгі таңдағы жағдай бойынша эко-номиканы несиелеу көлемі жағынан алдыңғы қатарда келе жатқан Қазақстанның Даму Банкі жатады. Даму Банкінің негізгі міндеті экономиканың шикізаттық емес секторындағы кәсіпорындарды қолдау және оның инфрақұрылымын дамыту үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын беру және басқа да қаржылық қызмет түрлерін көрсету жолымен Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады [1].

Экономиканың осындай жағымсыз өзгерістерге ұшыраған кезеңі ішінде мемлекет пен жеке бизнестің өзара тығыз ынтымақтастық жүргізу қажеттілігі арта түсуде. Қазіргі уақытта бұл ынтымақтастық “мемлекеттік-жекеменшік экономикалық әріптестік” деген терминмен анықталып отыр. Осылайша, Қазақстанның Даму Банкі, жеке бизнестің жобаларына ұзақ мерзімді инвестицияларды енгізе отырып, өзінің күнделікті іс-әрекетімен мемлекеттік сектор мен жеке бизнестің экономиканың тұрақты өсуін және оның әртараптануын қолдау болып табылатын өзара тиімді мақсатқа жетудегі үздіксіз әріптестіктің мысалы болып табылады.

2007 жылдың күзінде орын алған қаржы дағдарысының алғашқы белгілері кезеңінде Қазақстанның Даму Банкі еліміздің банк секторы өтімділігіне қолдау көрсету мақсатында іс-шаралар жүргізді. Баршамызға белгілі, Қазақстанның Даму Банкі миссиясы экономиканың тұрақты өсуі мен оны диверсификациялау болып табылады. Аталмыш кезең ішінде өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы инвестициялық жобалардың іске асуы тоқтап қалмас үшін Банк екінші деңгейдегі банктерге осы аталған ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қайта қаржыландыруды ұсынған еді. Осылайша, Қазақстанның Даму Банкі өз инвестициялық басымдықтарына жауап беретін жобаларды іріктей келе, бүгінгі таңда екінші деңгейдегі банктердегі 30 жоба бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырды және ол қаржыландыруды әлі де жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Даму Банкінің қайта қаржыландыру сомасы шамамен 800 млн. АҚШ долларын құрап отыр [2].

Бұл аталған көрсеткіштерге құрылыс материалдары өнеркәсібіне жататын 8 жоба, көлік және байланыс саласындағы 4 жоба, ауылшаруашылық саласындағы 4 жоба, металлургия са-ласындағы 2 жоба, тоқыма өнеркәсібіндегі 2 жоба, сонымен қатар, қоқыс өңдейтін кәсіпорындар құру секілді әлеуметтік мәні бар 2 жоба жатады.

Қазақстанның Даму Банкінің бүгінгі таңдағы инвестициялық қызметін сипаттайтын болсақ, ең алдымен мынадай көрсеткіштерді мысалға келтіруге болады: бүгінгі күнгі жағдай бойынша Қазақстанның Даму Банкі 6,5 млрд. АҚШ доллары сомасына 176 инвестициялық жоба мен экспорттық операцияны мақұлдады. Оның ішіндегі Банктің қатысуы 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. 2008 жылы олардың ішінен жалпы сомасы 2,57 млрд АҚШ долларын құрайтын 37 жоба мен экспорттық операция қаржыландырылған еді, оның ішіндегі Банктің қатысуы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазіргі уақытта еліміздің аса капиталдандырылған банктерінің қатарына жататын Қазақстанның Даму Банкіне мемлекет жақсы қолдау көрсетіп отыр. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Банктің жарғылық капиталы 759 млн. АҚШ долларын, меншікті капиталы – 825,5 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Сондай-ақ айта кететін бір жағдай, Қазақстан Республикасының “Қазақстанның Даму Банкі туралы” Заңына сәйкес жарғылық капитал қаражаты инвестициялық жобаларды несие беруге бағытталмайды.

Инвесторлардың Қазақстанның Даму Банкіне білдірген сенімінің дәлелі – егемендік деңгейде Standard & Poor’s берген ‘BBB-’, Moody’s берген ‘A2’, Fіtch Ratіngs берген ‘BBB-’ жоғары кредит рейтингтері болып табылады [3].

Қазақстанның Даму Банкі үшін экономиканың мынадай секторлары инвестициялауға неғұрлым басым болып табылады: Қазақстан экономикасының тұрақтылығын және оның одан арғы дамуын қолдау үшін аса маңызды жағдай тиімді өндірістік және көліктік инфрақұрылым дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Ол әсіресе күннен күнге өрлеп келе жатқан дүниежүзілік экономикалық рецессия кезінде орын алған көкейкесті мәселе болып отыр. Ал осы аталған өндірістік және көліктік инфрақұрылымдар, өз тарапынан, аймақтық дамудың серпінділігін арттырады, экономикалық өсуді қарқындатуға және әртараптандыруға негіз болады және еліміздегі іскери белсенділікті ынталандыра түседі.

Қазақстанның Даму Банкінің қатысуымен бүгінгі таңда Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту сияқты ірі жоба іске асырылып отыр. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде елімізде барлық заманауи талаптарға жауап беретін, Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттердің порттарына қатысты бәсекелес бола алатын теңіз портын құру мүмкіндігі туындайды. Аталған жоба жүзеге асырылғаннан кейін сауда теңіз жолының дамуы қарқындай түседі, Ұлттық флотты дамыту бағдарламасы мен Мемлекетіміздің көліктік стратегиясы жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болады, сонымен қатар ол еліміздің сыртқы экономикалық қызметін кеңейтіп, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдардың артуына әсерін тигізеді.

Қазақстанның Даму Банкі Еуропа Қайта құру және даму банкі, Қытай Мемлекеттік Банкі секілді басқа ірі қаржы институттарымен бірлесе Қазақстанның солтүстігі-оңтүстігі транзитінің 500 кВт электр берілісі арнасының екінші кезегін және Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС-ін салу секілді жобаларды қаржыландыруда. Аталмыш жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасының электр энергиясы тәуелсіздігін нығайтуға, еліміздің оңтүстік аймақтарында тарифтерді тұрақтандыруға, сол аймақтардағы тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге әсерін тигізетін болады.

Банктің қатысуымен Алматы, Астана қалаларында құрылатын көліктік-логистикалық орталықтар Қазақстан кәсіпорындарын әлемдік деңгейдегі инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бизнестің көліктік логистикасын оңтайландыра түсіп, олардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады, жүктерді “есіктен есікке” дейін жеткізу секілді қызмет көрсетуге жағдай жасайды.

Бүгінгі күні Қазақстанның Даму Банкі электр энергетикасы мен көліктік инфрақұрылым саласында қаржыландырып отырған жобалардың саны 25-ке жетті, олар Банк тарапынан 0,85 млрд АҚШ долларынан астам сомаға қаржыландырылды, ал бұл жобалардың жалпы құны шамамен 1,81 млрд АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандағы ең басты стратегиялық мiндеттердiң бiрi əрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк беретiн тiкелей жəне "қоржындық" инвестицияларды тарту болып келдi. Экономиканы дамытуға бағытталған қаржы ресурстары көлемiн едəуiр арттырмайынша IЖӨ өсiмiнiң

жыл сайынғы 5-7% деңгейiнде болжанып отырған жоғарғы қарқынына қол жеткiзу мүмкiн емес. Мемлекеттiк жəне жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы көлемi осы заманғы экономиканың жылдам өсiп отырған қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз. Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi қазiргi кезде IЖӨ-нiң 18-19%-ынан аспайтын мөлшердi құрайды, ал елiмiзге осы қолда бар деңгейден екi есе асып түсетiн инвестициялар көлемi қажет [4].

Бүгiнгi таңда жүргiзiлiп отырған инвестициялық саясат бiрқатар жағымдылықтарымен сипатталады, солардың арасынан шетелдiк инвестицияны тарту үшiн тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғанын, бағалы қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын, жаңа институционалдық инвесторлар қалыптасқанын, экономиканы кредиттеуде банктердің рөлi күшейгенiн атап өткен жөн.

Елдегі ішкі жинақ ақшаның əлеуетін іске асыру əлсіз. Қаржы нарығы мен қаржы нарығына ресурстар беруші ретіндегі халықтың арасындағы байланыс бұзылған, мұның өзі халықтың қаржы институттарына сенбеуінен, халықтың капиталды өсірудің əр түрлі тəсілдерін пайдаланудан хабарсыздығынан жəне оған дайын болмауынан туындайды. Зейнетақы қорларының толыққанды институционалдық инвестор ретінде құрылуы Қазақстандағы ұжымдық инвестициялау институтының негізін қалауға тиіс болатын. Өкінішке қарай бүгінгі таңда зейнетақы активтерінің болмашы бөлігі ғана экономиканың өндірістік секторын инвестициялау үшін пайдаланылады. Зейнетақы қорлары шоғырландырған активтердің көп бөлігі оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға салу жолымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға пайдаланылады. Зейнетақы қорларын мұндай инвестициялау саясаты табыстылығы жəне сенімділігі жағынан бірдей мəні бар бағалы қағаздар ұсынуға қабілетсіз қазақстандық қор нарығының қазіргі даму деңгейінен туындайды жəне сонымен тығыз байланысты [5].

Елде инвестициялық қорлар тəрізді халықтың жинақ ақшаларын жұмылдырудың ерікті тетіктерін құруға халықтың жан басына шаққандағы табысының салыстырмалы түрде орташа деңгейден төмендігі, халық санының аздығы жəне оның үлкен аумақта шашыраңқы орналасуы кедергі келтіреді, мұның өзі халықтың жинақтаған қорын тартудың өзіндік құнын арттырады жəне инвестициялық қорлардың қымбат инфрақұрылымының қайтарымдылығын қиындатады [6].

Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң белсендi позициясы экономикаға инвестиция көлемiн арттыру үшiн мүмкiндiк жасайды, түпкi мақсаты - жоғары қосылған құны бар өндiрiстi дамытудың, əр түрлi қаржы құралдарын дамытуды ынталандыру жолымен, өтiмдi қаражатты өнеркəсiптiк мақсаттарға сəйкес пайдалану үшiн тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бередi.

Ұлттық қор идеясын iске асыру Қазақстанның жағымсыз сыртқы факторларға тұрлаулылығын арттыруға, сондай-ақ экономиканы жаңарту үшiн капиталды қажетсiнетiн жаңа қуаттар құруға мүмкiндiк бередi [7].

Енжар инвестициялық саясат жүргiзудi жалғастыру экономикалық өсудiң жоғары қарқынына қатысты болжамдардың орындалуына қатер төндiредi. Инвестициялық саясатқа мемлекет белсендi түрде араласпаса, экономиканың өндiрушi салаларының басым түсуi одан əрi жалғаса беретiн болады. Елдiң болашағы оның табиғи ресурстар қорының мөлшерiне тəуелдi болып қалады.

Тиiстi мемлекеттiк бақылау болмаса капиталдың жылыстау процесi жалғаса беретiн болады, қазiргi iшкi инвесторлардың қаржылық мүмкiндiктерiнің шектеулілiгiне байланысты қор нарығы шетелдiк инвесторлардың ықпалында қалып қоюы мүмкін.

Қазiргi инвестициялық саясатқа жасалған талдаудан елдiң экономикалық игiлiгiнiң негiзi болып табылатын экономиканың өндiрiстiк секторын дамытуды қаржыландыру жеткiлiктi дəрежеде жүргiзiлмейдi деп қорытынды жасауға болады. Соңғы жылдардағы экономикалық реттеулер тəжiрибесi, шетелдiк жекеше инвестициялардың бəсекеге қабiлеттi, жоғары қосылған құнмен өнiм шығаратын өндiрiс құруға ешқашан да бармайтынын көрсетiп отыр, өйткенi шетелдiк капитал өз өндiрiсiне бəсекелестер туғызуға ұмтылмайды. Шетелдiк капитал да, iшкi капитал да экономиканың нақты секторына iрi ауқымды ұзақ мерзiмдi инвестицияларды қамтамасыз ете алмайды. Банк секторының, қор нарығының, шетелдiк инвесторлардың қызметi ең алдымен бiр сəттiк пайда түсiруге бағытталған, нəтижесiнде қаржы капиталының өндiрістiк сектордан бөлiнуi жүрiп жатыр, ұлттық мүдделер мен даму басымдықтарына қатер төнуде.

Инвестициялық саясат стратегиясы мынадай мiндеттердiң шешiлуiн талап етедi:

- iшкi жинақ ақша əлеуетiн жүзеге асыруға көңiл аудара отырып экономиканың нақты секторын

дамытуға инвестициялық ресурстарды тарту мен бағыттау процесiндегi мемлекеттiң рөлiн күшейту;

- қаржы ағынының инвестордан заемшыға ұйымдасқан түрде өтуiн қамтамасыз ететiн, экономиканың

маңызды буыны ретiндегi қор нарығының қалыптасуы үшiн жағдайлар жасау;

- нақты экономика саласындағы банктердiң кредиттiк қызметiн жандандыру;

- Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк инвестициялардың келуiн ынталандыру мен шетелдiк жəне отандық инвесторларды экономиканың басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау.

Iшкi ұлттық жинақ ақшаларды шоғырландыратын институционалдық инвесторларды одан əрi дамыту мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүргiзу мен даму бюджетi қорларын қалыптастыру үшiн қажеттi шарт болып табылады. Даму бюджетiнiң тетіктерiнен тыс, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары өз активтерiн корпорациялық бағалы қағаздар мен Қазақстан қор биржасының листингiнен өткен қазақстандық кəсiпорындардың акцияларына салуды кеңейту жолымен экономиканың нақты секторын кредиттеу мүмкiндiгiне ие болады. Осыған байланысты сақтандыру нарығының осы заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын арттыру жөнiндегi iс-шараларды жалғастыру керек [8].

Қазақстанда бұқаралық шағын инвесторларды жинақтауды шоғырландыратын институттар ретiнде толыққанды жəне өзiн-өзi ақтайтын инвестициялық қорлардың құрылуына жəне жұмыс iстеуiне объективтi кедергiлер орын алып отырған жағдайда, саны онша көп емес, бiрақ салыстырмалы түрде алғанда халықтың тұрмысты жiгiнiң жинақ ақшаларын тартудың (соның iшiнде ақшаны жəне бағалы қағаздарды сенiмдi инвестициялық басқару жүйесi арқылы) тетiгi əзiрленетiн болады.

Мемлекеттiң экономикаға белсендi қатысуы аталған шараларды өткiзумен шектелмеуге тиiс. Мемлекет экономика саласында ұлттық экономикалық қауiпсiздiктiң стратегиялық маңызды меншiк иесi болуы қажет. Мемлекет жүйе түзетiн ұлттық компаниялардың меншiгiне қатысуға тиiс. Сондықтан мемлекеттiк ресурстардың бiр бөлiгi стратегиялық кəсiпорындардың бақылау пакетiн сатып алуға бағытталуы мүмкiн. Елдiң стратегиялық жəне экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн таяу шет елдердегi тиiстi кəсiпорындарды сатып алуға жəне өз бақылауына көшiруге бағытталған iс-əрекет жасау қажет. Инфрақұрылымдық объектiлер, құбырлар мен мұнай өңдеу зауыттары қызығушылық тудырады. Мемлекеттiң кең ауқымды инвестициялық қызметтер жүргiзуiнiң табысты болуы мемлекеттiк меншiк пен сыртқы борышты тиiмдi басқаруға, салықтардың жиналуына, сыбайлас жемқорлықтың еңсерiлуiне байланысты.

Қазіргі уақытта кәсіпорындардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін тәуекелді басқару үлкен маңызға ие болуда. Кәсіпорынның тәуекелін басқару менеджменттің айрықша саласы болып табылады. Соңғы жылдары оның ерекше бір аймағы - «тәуекел-менеджмент» ілімі бөлініп шықты. Тәуекел-менеджмент негізінде тәуекел деңгейін анықтау мен төмендету бойынша жұмысты ұйымдастыру жатыр [9].

Тәуекелді басқару жүйесінің негізгі мақсаты компания үшін пайданы барынша арттыру мен ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін кешенділік, үздіксіздік және интеграция қағидаларын ескеру қажет [10].

Кешенділік қағидасы компанияның қызмет ету бағытына қарай тәуекелді анықтау мен бағалау барысындағы барлық бөлімшелерінің өзара әрекеттестігін білдіреді. Бұнда басқарманың тәуекелі бақыланатын қызметін бөлімшеге беру тәуекелді басқарудың іс-шараларын енгізуден болатын оң әсерді жоққа шығаруы мүмкін. Мысалы, өткізу бөлімі сатып алушыларды несиелеуге қатысты шектеулер қоймауы тиіс.

Кәсіпорынның тәуекелін басқару жүйесінің тағы бір маңызды қағидасына үздіксіздік жатады, яғни кәсіпорынның тәуекелін тұрақты түрде бақылап, оған мониторинг жасап отыру. Тәуекелді басқаруды жүзеге асыру кезінде маңыздылығы жоғары факторға жекелеген операциялардың орындалу тәсілдерінің жүйесі жатады. Сонымен қатар интеграция қағидасын да сақтау қажет, яғни компанияның интегралды тәуекелін бағалау қажет. Бұнда өнімге бағаны мүмкін төмендетуден бастап, технологиялық апаттардан келетін мүмкін зиянмен аяқтай отырып, тәуекелдің барлық түрлерінің бизнеске әсеріне салмақты баға беру қажет. Тәуекелді басқарудың жалпы циклының мазмұны қызметтің оқшауланған түрлеріне жататын қызметтер саналады.

Тәуекелді бағалау Жобаны жүзеге асыру барысында болатын мүмкін шығындарды бағалау:

1) Тәуекелдің туындау мүмкіндігін анықтау;

2) Тәуекелдің көрінуі жағдайында болатын шығын мөлшерін анықтау;

3) Тәуекелдің жобаны жүзеге асыру барысына әсер ету деңгейін есептеу;

4) Әрбір идентификациялық тәуекелдің деңгейін белгілеу.

Тәуекелді өңдеу Тәуекелдің әсер ету деңгейін қолайлы деңгейге дейін төмендету 1) Тәуекелді өңдеу стратегиясы аясында іске асырылатын шараларды бүге-шүгесіне дейін жасау: аяқтау мерзімін анықтау, жауапкершілікті бөлісу, қажетті ресурстарды бөлу;

2) Тәуекелді өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

Бақылау Тәуекелді өңдеу бойынша әрекеттердің белгіленген тәртібін қолдау 1) Тәуекелді өңдеудің тиімділігін анықтау;

2) Тәуекелді өңдеу бойынша іс-шаралардың тиімсіздігі жағдайында оларға түзетулер енгізу.

Құжаттас-тыру Тәуекелді басқару барысында іске асырылатын негізгі шешімдер мен нәтижелерді сақтау 1) Әрбір идентификациялық тәуекел бойынша «Тәуекел-регистр» нысанын толтыру;

2) Тәуекел бойынша барлық ақпаратты тәуекелдің мәліметтер базасында сақтау;

3) Тәуекелдің рейтингісін қалыптастыру.

Ескерту – Бочаров Б.Б. Инвестиционный менеджмент. - Воронеж: ВГАУ, 1999. – 247 с. әдебиеті бойынша автормен құрастырылды

Тәуекелді талдаумен тәуекелді басқару әдістерін таңдау тікелей байланысты болады. Бұл кезеңде көрсетілген әдістердің салыстырмалы тиімділігін бағалау іске асырылады, сондай-ақ олардың кешенді түрдегі әсері талдауға түседі. Оның қажеттілігі тәуекелдердің өзара тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі, оның нәтижесінде тәуекелдердің біреуіне әсер етудің арқасында басқа тәуекелдердің артуы орын алуы мүмкін

Ақпаратты алу әдістері Тәуелсіз сарапшылардың тәуекелдерін бағалау Бағаланатын жобаларды жүзеге асырудың қатысушылары болып табылмайтын, тек сарапшылар ретінде танылатын тәуекелді басқару бойынша тәжірибелі мамандардан интервью алу немесе анкеталау әдістері

Болжамдау әдістері Имитациялық үлгілеу Жобаның негізгі көрсеткіштерін (ақшалай және уақытша шығындарды) бағалауда белгісіздікті үлгілеу мен талдау

Шығармашылық әдістер «Миға шабуыл» Дискуссиялар, онда тәуекелді басқару бойынша мамандар әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, барлық аспектілерді қарастырады, сөйтіп, жоспарлауды, тәуекелдерді идентификациялауды, оларды бағалауды, өңдеуді, бақылау мен құжаттастыруды іске асырады

Талдау әдістері Тәуекел көздерінің бақылау тізімдері Тәуекел көздерінің құрылымдастырылған тізімдері, оның негізінде өткен жобаларды жүзеге асыру кезінде орын алған оқиғалар туралы тарихи ақпарат жатыр

Бағалау әдістері Мүмкін шығындардың калькуляциясы Әрбір тәуекел үшін жекелеген түрдегі және бүтіндей жоба бойынша шығынның математикалық күтілісін есептеуге негізделген әдістер

Қандай әдісті пайдалану керек деген ақпараттың басым бөлігін тәуекел-менеджер тәуекелді бастапқы талдау кезеңінде-ақ алады. Бұл тәсілдердің жүйесі тек математикалық есептеулер әдісімен шектелмейді, сонымен қатар тәуекелді сапалық талдау (идентификациялау) әдістерімен, шығармашылық әдістермен («миға шабуыл» және басқалары) де толықтырылады.

Несиелік тәуекелдерді басқарудың тиімділігін бағалауды «ҚазГерМұнай» БК ЖШС екі маңызды көрсеткіш негізінде іске асырады:

- мұнайды жоғалтудан болатын шығындар көлемінің мұнайды сатудан түсетін түсімге қатынасы арқылы (loss/profit);

- компанияның өзі қабылдайтын несиелік тәуекелінің мұнайды сатудан түсетін түсімге қатынасы арқылы (risk/profit).

Бұл жағдайда risk/profit көрсеткішінің динамикасы компанияның мүмкін жоғалтуларының өзгерісін көрсетсе, loss/profit нақты жоғалтуларының өзгеруін көрсетеді. Нарықта жүзеге асырылатын стратегиядан шыға отырып, мұнай компаниясы өзіне қолайлы деген шығындардың (тәуекелдің) алынатын кіріске қатынасын белгілейді. Егер шығын көлемі компания белгілеген деңгейден асып түссе, немесе loss/profit динамикасы нашарласа, онда жалпы тәуекел мен компания шығынын төмендетуге де бағытталған, біршама несиелік тәуекелі бар контрагенттер тобына да қатысты іс-шаралар қабылданады.

Несиелік тәуекелдерді тиімді басқару үшін кәсіпорынның несиеқабілеттілігінің тұрақты мониторингін жасап тұру, рейтингілік кестелерді ара-тұра түзетіп, белгіленген шектеулерді қайта қарастырып отыру қажет. Несиелік тәуекелдерді басқару тәрізді нарықтық тәуекелдерді басқару шектеулер жүйесі көмегімен іске асырылады. Басқаша айтқанда, өнімді сату барысында, валюталық немесе инвестициялық қоржынды қалыптастыру кезінде мүмкін ең үлкен шығындар белгіленген шектеулерден асып түспеуі тиіс.

Шектеулерді белгілеу кезінде жоғалтудың барынша жіберілетін біржолғы мөлшері негізге алынады, одан компанияның қалыпты қызметіне нұқсан келмейді. Нарықтық тәуекелдің әсеріне байланысты болып келетін компанияның нақты активтері (дайын өнім, валюта қоржындары, инвестициялық қоржындар және т.б.) бойынша мүмкін шығындардың мөлшері сараптамалық бағалаулар арқылы анықталуы мүмкін.

Нарықтық тәуекелдерді басқару кезінде келесідей шектеулер түрлерін атап көрсетуге болады:

- өнімді сатып алу немесе сату бойынша келісімнің бағасына, егер ол келісім мынадай жағдайларда жасалынса: оны өткізу нәтижесі нарықтық бағалардың ауытқуына тәуелді болады;

- активтердің валюталық құрамына, олар қандай да бір валютаның бағамы өзгерген жағдайда жоғалту мүмкіндігін азайтады;

- компанияның өз инвестициялық қоржынының жиынтық өлшеміне.

Мұнай компаниясы екі айдан кейін жанар-жағар майдың үлкен партиясын сатуды жоспарлауда. Осы кезеңде жанар-жағар майдың бағасы жоғары болып тұр. Нарықты талдаудан мынаны көруге болады: екі айдан кейін мұнай арзандап қалуы мүмкін. Бұл жанар-жағар май бағасының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Қазіргі кезеңде жанар-жағар майға немесе мұнайға бүгінгі жоғары баға бойынша фьючерстік келісім-шартты сатуға болады, ал егер мұнай шынымен арзандайтын болса, онда сатылған фьючерстік келісім-шарттан түсетін түсім жанар-жағар майдың арзандауынан пайда болған шығынның орнын толтырады (мұнайға және жанар-жағар майға бағалар біруақытта өзгереді, яғни өзара бір-бірін күшті корреляциялайды). Бұл мысалда жанар-жағар май – хеджирленетін актив, компания оған бағаның мүмкін түсуінен сақтанады (хеджирленетін актив – бұл қолдағы немесе сатып алуға болмаса өндіруге жоспарланатын тауар немесе қаржылық актив). Хеджирлеу құралы фьючерстік келісім-шарт (хеджирленетін актив бағасының немесе оған байланысты ақша ағынының қолайсыз өзгеруінің орнын толтыруға мүмкіндік беретін актив/құрал) болып табылады, себебі егер мұнай арзандаса, онда жанар-жағар май да арзандайды және керісінше.

Өтімділіктің тәуекелін басқару негізі компанияның жоспарланатын ақша ағынын талдау болып табылады. Ақша қаражаттарының қозғалысы бюджетін жасау кезінде түсімдер мен төлемдер мерзімдері мен мөлшерлері туралы мәліметтер анықталған тәуекелдерді есепке ала отырып, түзетіледі.

Операциялық тәуекелдер кәсіпорын қызметімен күні-түні байланысты болады да, оларды, әдетте, құрылымдық бөлімшелердің басшылары басқарады. Мысалы, өндірістік бөлімшенің бастығы мұнай-газ құрал-жабдығының тозуын бақылап отырады және құрал-жабдықтың өндірісте істен шығуына байланысты тұралап қалудың алдын алуға бағытталған қажетті іс-шараларды жасайды. Тәуекелді басқару қызметі компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өздерінің күнделікті қызметтері барысында іске асыратын тәуекелді басқару бойынша жұмыстарын толығымен ауыстыра алмайды және ауыстыруға тиісті емес те. Тәуекел-менеджер тәуекелді өзі басқарып қана қоймай, бұл салада басқа менеджерлерге де көмектесуі тиіс.

Операциялық тәуекелдерді басқару қағидалары тәуекелдердің басқа түрлерін басқару әдістеріне ұқсас болып келеді. Айталық, басқару критерийлерін (шектеулер қою немесе тәуекелдің кіріске қатынасы нормасын белгілеу) таңдау, тәуекелдерді идентификациялау мен өлшеу, сондай-ақ оларды оңтайландыру бойынша іс-шараларды жүргізу. Операциялық тәуекелдерді талдау барысында «мүмкінділік ағаштары» қолданылуы мүмкін, яғни тәуекелдердің сандық бағалауын есептеуге көмектесетін мүмкін оқиғалардың барлық толық сценарийлері пайдаланылуы мүмкін.

Заңдық тәуекелдерді басқару компания қызметінің құжаттарын заңдық ресімдеу барысы







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1282. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.033 сек.) русская версия | украинская версия