Студопедия — Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі

 

Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарын сыныптау
1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.
2. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленбейді.

Мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтары
Мемлекеттік қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттік қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігiн арттыруға;
8-1) мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;
9) өзiнiң мемлекеттік қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11-1) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi
1. Мемлекеттік қызметшiлер:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттік қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
4-1) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде бейтарап және саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға;
5) мемлекеттік тәртiп пен еңбек тәртібін сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттік қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;
12) 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктілігiн арттыруға;
14) оқуды аяқтағаннан кейін өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте тікелей жұмысты өтеуге мiндеттi. Оқу және жұмысты өтеу мерзімдері уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде айқындалады.
2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi біліктілік талаптар негiзiнде айқындалады және қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi.
Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өзге де адамдар бекiтедi.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер
1. Мемлекеттік қызметшiнiң:
1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде, осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шартты нотариат куәландыруға тиіс. Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады.
Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.
2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және оларды сенімгерлік басқаруға арналған, нотариат куәландырған шарттың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.
3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
3-1. Мемлекеттік қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актілерімен шектеулер көзделуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік қызметке:
1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған;
3) біліктілік талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;
4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
5) мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамды қабылдауға болмайды. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған адам мемлекеттік қызметке жіберілмейді;
6) 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) мемлекеттік қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6-3) 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;
7-1) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген;
9) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған;
ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды қабылдауға болмайды.

Мемлекеттік қызметке кіру. «Жасақтау» ұғымы мемлекеттік қызметкерлердің кадрларын дайындауды, іріктеуді және орналастыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болғандықтан, онда орналасатын азаматтар кәсіби даярланған болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің білім деңгейі, біліктілігі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты лауазымдардың талабына жауап беруі тиіс.

Кадрларды дайындау — бұл жауапты басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу үшін арнайы оқыту, біліктілік деңгейін көтеру, кадралрдың резервін қалыптастыру.

Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту арнайы оқу орындарында,сондай-ақ тікелей мемлекеттік қызметкер істеп жүрген мемлекеттк органның шегінде де өтуі мүмкін.

Резервті қалыптастыру кадрларды жаңарту процесінде сабақтастықты, жалғастырушылықты, орын басушылықты қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады. Резервпен жұмыс қызметтік перспектива қағидасына сай келуі тиіс.

Іріктеу, ереже бойынша, басқару органдарын жаңа қызметкерлермен толтыру. Мемлекеттік қызметке кадраларды іріктеу кезінде басшылыққа алынатын, практикада қалыптасқан және нормативті бекітілген нақты талаптар болады.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мынадай талаптар қойылады:

1) ҚР азаматы болуы қажет;

2) егер ҚР заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, 18 жастан кем болмауға;

3) қажетті білімі, кәсіби даярлығы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;

4) мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті;

5) арнайы тексеруден өтуі тиіс;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

Кадрлармен жұмыс істеудің бір түрі болып — оларды орналастыру. Орналастыру — бұл әркімге оның мамандығына және біліктілігіне, жеке бас ерекшеліктеріне және ұжымдық мүдделеріне сәйкес, өз уақытында адамдарды анағұрлым білікті немесе жауапты лауазымға пайдалану үшін қалыптасқан мүмкіндіктерін ескере отырып орын беру.

Мемлекеттік органдарда лауазымға орналасудың төрт ұйымдық — құқықтық тәсілі жалпыға мәлім:

1) қабылдау;

2) тағайындау;

3) сайлау;

4) конкурс.

Осылардың әрқайсысы еңбек шартын жасасумен байланыстырылатын әкімшілік актіні шығарумен аяқталатын өзіндік процедураны білдіреді.

Қабылдау — мемлекеттік қызметке тұлғаны алған кезде жинақтайтын тәсілдердің бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі қызметке қабылдау тәртібінде алынады.

Тағайындау — бұл мемлекеттік органдардың жеке құрамын жинақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі. Тағайындау тәртібінде мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің, олардың орынбасарлары және басқа да лауа.

Мемлекеттік қызметкер белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызметті өткеру уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті. Осы мүліктен, соның сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.

Мемлекеттік қызметкер өзінің жақын туыстары (ата — анасы, жұбайы, аға — інісі, апа -сіңілісі, балалары) немесе жекжаттары атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

Мемлекеттік қызметті өткеру

Мемлекеттік қызметті өткеру — бұл лауазымдық өкілеттіліктерін практикада жүзеге асыруда көрінетін, қызметкердің күнделікті жұмысы және қызмет ету барысында қызметкердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер.

Лауазым — бұл заңнамада көзделген бастапқы ұйымдық-құқықтық бірлік немесе белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган құрған бірлік. Ол оған орналасқан тұлғаның өкілеттілігінің мазмұны мен көлемін білдіретін категория болып табылады.

Қызметкер лауазымға кірген сәттен бастап мемлекет белгілеген және кепіл болатын нақты құқықтар мен міндеттерді тасушы болып табылады. Құқықтар мен міндеттер қызметкер істейтін органның міндеттерінен, функцияларынан және құзырлығынан туындайды.

Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:

1) мемлекеттік қызметке кіру;

2) сынақ мерзімін белгілеу;

3) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;

4) қызметті ауыстыру;

5) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;

6) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;

7) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Удаление серебра из эмульсионного слоя без разрушения основы и желатины | МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РФ. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарын сыныптау 1

Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 900. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия