Студопедия — Бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау






1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау аудандарын, нақты және перспективалық су пайдалануды ескере отырып, өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Осы ауданның теңізге қарайғы ені теңіздің соңғы он жылдағы орташа көпжылдық деңгейінен 3,9 километрден (2 мильден) кем болмауға тиіс.
2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау аудандарының құрамында бөлінетін жағалау бойындағы құрлық белдеуі шекараны айқындау бөлігінде де, қорғау режимі бөлігінде де Каспий теңізінің су қорғау аймағына сәйкес келеді.

Бап. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағының нақты тіркелген шекарасы болмайды және ол шамамен акваторий шегінде минус 29 метр абсолютті белгіден құрылықтағы минус 26 метрге дейін жетеді.
2. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде:
1) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын объектілерді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;
2) мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, техникаларға техникалық қызмет көрсету пункттерін, механикалық шеберханаларды, жуу орындарын елді мекендер шегінен тысқары жерде орналастыруға және салуға, қалдықтарды орналастыру орындарын ұйымдастыру мен жайластыруға, сондай-ақ судың сапасына теріс әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
3) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалары болмаса, құрылыс, түбін тереңдететін және жару жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кабельдер, құбырлар мен басқа да коммуникациялар тартуға және бұрғылау, ауылшаруашылық және өзге де жұмыстарға тыйым салынады.

Бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

1. Топырақты қазып алумен және басқа жерге апарумен байланысты жұмыстарға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін арнаулы рұқсат болған кезде жол беріледі.
2. Құрылыстарды салу, монтаждау және оларды қайта бөлшектеу ластаушы заттардың барлық түрлерін жинауды қамтамасыз ететін технологиялар пайдаланылған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Келісімшарттық аумақ шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымалар табылған кезде жер қойнауын пайдаланушы оларды өз балансына қабылдауға және олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
4. Мұнай операцияларының барлық сатысында қоршаған ортаға эмиссия олар үшін белгіленген ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне жол берілетін шекті нормативтерінен аспауға тиіс.
5. Ұңғымаларды пайдалану кезінде, авариялық ахуалдың қауіп төндіру жағдайларын қоспағанда, флюидтерді алау етіп жағуға тыйым салынады.
6. Ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутегін алау етіп жағу барынша азайтылуға тиіс. Осы тармақта көрсетілген әдіс, экологиялық сараптама қорытындысында қоршаған ортаға неғұрлым қауіпсіз деп танылған жағдайда, оны түтінді шлейфтің сейілуіне ықпал ететін табиғи қолайлы жағдайларда ғана қолдану қажет, бұл ретте, алау қондырғыларының конструкциясы көмірсутегілердің толық жануын қамтамасыз етуге тиіс. Ұңғымалар құстардың өріс аудару жолдарына орналастырылған жағдайда, орнитофаунаға залалды болғызбау үшін ұйымдастыру-техникалық шаралар қабылдануға тиіс.
7. Мұнай операцияларын жүргізген кезде атмосфераға шығарындылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, байқаудан өткізілген принциптер мен әдістерге сәйкес бақылануға тиіс..P101245
8. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде, ластанбаған немесе тазартылған сарқынды сулардың шектеулі тізбесін, оның ішінде салқындату және өрт сөндіру жүйесіндегі сулар мен қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ағызылатын балластық суларды қоспағанда, сарқынды суларды ағызуға және қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Судың бақылау жақтауы шегінен тыс ағызылуы нәтижесіндегі температурасы соңғы он жыл ішіндегі ағызу кезеңіндегі орташа айлық су температурасымен салыстырғанда бес градустан жоғары аспауға тиіс.
9. Бұрғылау қалдықтарын оларды залалсыздандыру жөніндегі алдын ала операцияларсыз жер қойнауына айдауға тыйым салынады және ол мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобаға сәйкес жүзеге асырылады.
9-1. Бекітілген жобалық құжаттарда көзделген, қыртыс қысымын сақтау арқылы мұнай беруді ұлғайтуды қамтамасыз ететін Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі ілеспе мұнай газын нормадан тыс жер қойнауына айдауға, сондай-ақ ілеспе газды жобалық көрсеткіштен артық айдауға тыйым салынады.
10. Айналымға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен қоспаларды) залалсыздандыру мен сақтау жөніндегі барлық операциялар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тысқары жерде, арнайы полигонда жүзеге асырылуға тиіс. Аталған операциялар полигон құрылысының бұрғылау жұмыстары басталар кезге қарай аяқталуын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
11. Бұрғылау платформасы (баржа) және оған қызмет ететін кемелер сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейін арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғылармен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Бұрғылау платформаларында (баржаларда) қоқысты жағуға тыйым салынады.
12. Кез келген құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізген кезде судың терең қабаты мен теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады. Теңіз түбіндегі жару жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
13. Суда жүзетін және су маңдарындағы құстардың ұя салатын орындарын бұзуға, сондай-ақ бекіре балықтарының уылдырық шашу орындарына баруына кедергі орнатуға тыйым салынады.
14. Су тарту құрылыстары балық қорғау құрылғыларымен жарақтандырылған жағдайда ғана теңізден су тартуға жол беріледі. Су тарту құрылыстарында балық қорғау құрылғылары жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғылар орнатылуға тиіс.
15. Мұнай өндіру жөніндегі жұмыстарды бастар алдында жер қойнауын пайдаланушының қаржылай қаражаты есебінен Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағында уылдырық шашылуын қорғау және бағалы кәсіпшілік балықтарын молайту жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, қоршаған ортаны, сондай-ақ итбалықтардың тіршілік ету ортасын қорғау жөнінде кешенді бағдарламалар көзделуге тиіс.
16. Көліктің бағыттары олардың теңіз сүт қоректілеріне, балықтар мен құстарға әсерін болдырмайтындай немесе оны азайтатындай етіп таңдалуға тиіс.
17. Арнаулы талаптар қолданылатын аймақта жобада көзделмеген темір жолдарды, автомобиль жолдарын төсеуге және магистральдық құбырларды тартуға тыйым салынады.
18. Таяз суларда жұмыс жүргізу үшін жоғары өнімді түптік топтасу мен уылдырық шашудың сақталуын қамтамасыз ететін көлік құралдары пайдаланылуға тиіс. Қажет болған жағдайда, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу кезінде топырақ-өсімдік жамылғысының тұтастығын және сол жердегі биоценоздарды барынша аз бұзатын жалпақ шынжыртабанды, қысымы төмен шиналармен, ауа жастықшаларымен жүретін арнаулы көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.
19. Бұрғылық және тампонаждық сұйықтар құрамында техникалық жобада келісілмеген заттар қолданылмауға тиіс. Өзге заттарды пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы оларды қолдануды қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келіседі.
20. Бұрғылау қондырғылары Халықаралық теңіз ұйымының тұншықтыратын газ шығарындыларының шекті мәндері жөніндегі талаптарына сай келетін іштен жану двигательдерімен жарақтандырылуы қажет.
21. Энергия қондырғылары іштен жану двигательдерімен немесе қосарлы отын (дизельді отын-газ) турбиналарымен жарақтандырылуға тиіс.
22. Теңізде барлау жүргізудің алдында, қоршаған ортаға әсерді толық көлемінде бағалауды қоса алғанда, жұмыс жобасы әлемдік тәжірибе ескеріле отырып әзірленуге тиіс. Көзделіп отырған шаруашылық қызмет жүргізілетін, бұрын зерделенген ауданның қазіргі жай-күйін талдау қоршаған ортаға әсерді бағалау табыс етілгенге дейін кемінде төрт жыл бұрын жүргізілген далалық зерттеу нәтижелеріне негізделуге тиіс.
23. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде, теңіз акваторий мен жағалау аймақтарының айрықша осал учаскелерінде барлау жүргізуден бас тартуды қоса алғанда, балама нұсқаларды талдау міндетті элемент болып табылады.
24. Су қорғау аймағында және теңіздің жағалау бойындағы тереңдігі 5-10 метрге дейінгі таяз сулы учаскелерінде ұңғымаларды бұрғылау сыртқы желілерден электр жетекті бұрғылау қондырғыларының көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұрғылау дизельді отыны және дизельді жетегі бар генератордан бұрғылау қондырғысымен жүргізілсе, онда мұндай қондырғылардан тазартылмаған шығарынды газдардың атмосфераға шығуы барынша төмендетілуге тиіс.
25. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттер орналастырылуға тиіс.
Ескерту. 262-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 571. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия