Остеопороз
Клиника: покашливание и ощущение нехватки воздуха на фоне одышка, при физ. нагрузке, тахикардия, нарушение сердечного ритма, мерцательная тахиаритмия, ухудшение церебрального кровообращения, утомляемость, ↓умственной и физ. нагрузки, головокружение, шу м в ушах, нарушение сна, периферические отёки, замедление скорости кровотока, Лечение: диета,, режим ходьбы низкой интеснивности.1.ингибиторы АПФ(эналоприл) 2. Диуретики 3.сердечные гликозиды(дигоксин) 4. ß-адреноблокаторы. 5. Спироналактоны. Остеопороз Жер шарында қарттар ауруы саналатын остеопороз ауруы жасарып барады.Мектеп оқушылары арасында арнайы медициналық зерттеу жүргізген отандық дәрігерлер қауымдастығы өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандардың айтуынша, егеменді еліміздің тәуелсіз туын көкке желбірететін бүгінгі жасөспірімдердің көбісі осы дерттен зардап шегіп келеді екен. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері жуырда ғана «XXI ғасырдың ортасында остеопорозбен байланысты жарақаттар саны 6 есе жоғарылайды» деген болжам таратты. Бүгінгі күннің өзінде бұл ауру жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және қант диабеті сынды қауіпті дерттерден кейін, инфекциялық емес аурулардың ішінде ауырлық ағымы және емдеу бағасы бойынша әлемде төртінші орынды иемденіп отыр. Остеопороз – ағзаның сүйек жүйесінің қартаю белгілері болып саналатын сүйек ұлпаларының ауруы. Бұл кесел дүниежүзінде қарт адамдарға тән. Оны былай түсіндіруге болады, жасы ұлғайған адамның қуаты кетеді, сүйегі жіңішкереді, оның төзімділігі, беріктігі мен серпімділігі азая түседі. Соның салдарынан сүйектердің сынуы, яғни остеопороз пайда болады. Ендеше «ақсақалдар» ауруымен бүгінгі балалар мен жасөспірімдер неге жиі ауырады? Ол жағы әзірге толық зерттелген жоқ. Десе де оған көптеген факторлар әсер етеді Кальций– адам сүйек жүйесінің негізгі элементі. Ол сүйектің саулығы мен беріктігін сақтауды қамтамасыз етеді. Ал фосфор – ағзадағы қуатты сақтаумен айналысады. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Нәтижесінде кейбір жағдайларда остеопорозға дейін алып келеді. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі.. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омыртқа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Тағам құрамында магний мөлшері кальций мөлшерінің жартысына тең келуі қажет. Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороздың зардабын тартуда. Остеопороз ағза жұмысындағы заттардың бұзылуы нәтижесінде өрши түседі. Демек сүйек тіні көлемінің кішіреюіне зат алмасудағы бұзылыстар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар оған кальций алмасуының тұқымқуалайтын өзгерістері, кәрілік, ұзақ уақыт шылым шегу, алкогольдік ішімдікке әуестік, ас қорыту жүйелерінің бұзылуы мен гормондық өзгерістер де ықпал етеді. Нәзік жандыларда жыныс гормондары бөлінуінің төмендеуінен, климакс кезінде дамиды. Бұл гормондар сүйек тінінің зат алмасу жағдайына тікелей әсер етеді және олар жетіспеген жағдайда сүйек тіні жұқарады. Балалар остеопорозы – бұл сүйек тініндегі зат алмасудың бұзылуы. Соның салдарынан сүйектер әлсізденіп, сыну қаупі артады. Остеопороздың алғашқы белгілері: · баланың тырнақтары сынғыш келеді · шашы құрғайды · құлағанда немесе ауыр көтерген кезде, тез қимылдағанда сынықтар жиілейді · жиі шаршайды · белсенділігі төмендейді · жасөспірім кезінде аз ғана уақыт ішінде шамадан тыс тез өсуі немесе қалып қоюы · аяқтарының түнде сыздап ауруы · мүсінінің бұзылуы · арқаның төменгі жағы сыздауы · тұқым қуалаушылық Ата-аналардың көбісі мұндай жағдайды экологиямен немесе мектептердегі балаға берілетін тапсырманың көптігімен, жасөспірім кездегі ағза өзгерістерінің әсерімен байланыстырып, баласына көп мән бере бермейді. Нәтижесінде тым ерте басталған ауру ағзаға дендеп, сүйектер сынғыш келеді. Жиі сынулар болған кезде ғана диагнозы анықталады.Ал әбден асқынған аурудың шипалы емін табу қиынырақ екені белгілі. Дерт дендеген жағдайда ірі буындар мен омыртқалар ауруы пайда болып, баланың өсуі, дамуы кешеуілдейді. Сондықтан ата-аналар баласынан аурудың белгісін байқап қалса, дереу дәрігерге көрсету қажет. Соңғы кездері балалардың газдалған сусындар мен фастфуд тағамдарды тым көп пайдалану, сүт өнімдерін жеткілікті мөлшерде ішпеу, дұрыс тамақтанбаудың арты да осы душар қылады. Өсу және жыныстық жетілу кезеңінде кальцийге деген қажеттілік күрт көбейеді. Осы кезеңде кальций мен минералды заттарды қажетті мөлшерде тұтыну қажет. Сондай-ақ осы кезде ас қорыту жүйесінің қызметі де басты рөл атқарады. Егер бала асқазан, бауыр, өт жолдары жүйесі, ұйқы безі, ішек ауруларымен ауырса, кальцийдің ағзаға сіңімділігі бұзылуы мүмкін.Балалар арасында остеопороз ауруының туу себебі осыдан да болуы мүмкін.Мұндай жағдай көбінесе шала туған, салмағы аз немесе керісінше өте ірі және рахитпен ауырған балаларда кездесуі мүмкін. Сондықтан ана сүтін аз емген, сүт ішкісі келмейтін және сиыр сүтінің ақуызына аллергиясы бар балаларға көбірек көңіл бөлу қажет. Диагностика және емдеу: Ауруды бастапқы кезеңде анықтау үшін сүйек тінінің минералды тығыздығын зерттеу қажет. Ал қарапайым рентген зерттеулері үлкен сынықты ғана анықтауға көмектеседі. Кейбір жағдайларда компьютерлі томография, магнитті-ядролы резонансты томография, сандық радиометрия сынды күрделі зерттеу әдістері қажет болады. Диагностиканың жаңа әдісі – денситометрия. Бұл әдіс туралы Ресейлік ғалым И.Захарова: «Бүгінде бұрынғы рентгеннің орнына жаңа заманауи денситометрия әдісі келді. Ол ауруды бастапқы кезеңде айқындауға, яғни сүйектер тығыздығынан айырыла бастаған кезде байқауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің ерекшелігі – зерттеулердің дәлдігі мен процедураның қауіпсіздігінде»,–дейді. Денситометрия –рентгендік әдіс. Десек те мұнда сәулеге түсіру деңгейі кеуде қуысы рентгеноскопиясы кезіндегіге қарағанда 10 есеге төмен болады. Әдіс изотоптардың немесе рентген сәулелерінің сыртқы көзден сүйек арқылы детекторға трансмиссиялануына негізделген. Денситометрия жүргізілуіне негізгі көрсеткіштер: ҚАРТ АДАМДАРДАҒЫ ДӘРІЛІК ТЕРАПИЯНЫҢ НЕГІЗІ 18 марта 2013 • Просмотров: 150 •05:53Нет комментариев ӘӨЖ 614.253.5:616-053.9 (075.8)
|