Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рт шыққан кезде





Ормандағы өртті өшіру кезінде лаулаған жалынды жас жапырақты бұтақтармен, ылғал кенептерден, басқа да лайықты құралдармен өшіруге тырысыңыз, жанып жатқан отқа топырақ тастаңыз. Жана бастаған ағаштарды өрттің келе жатқан жағына қарай аралап немесе балталап шауып құлата беріңіз. Ормандағы өр аймағын жел соғып тұрған жаққа қарай шығуға тырысыңыз. Ол ушін ашық алаңқайларды, жолдарды пайдаланыңыз. Сондай-ақ қылқан жапырақтыағашы мол учаскелер жағына шығуға тырысыңыз.

Шымтезекті аймақтағы өртті өшіру үшін ені кем дегенде 1 метр келетін, тереңдігі саз топырақты деңгейге дейін, немесе жер асты суының деңгейіне дейін жететін жыралар қазу керек.

Далалы / шалғынды/ жерлердегі немесе ауылшаруашылық дақылдары /бидай, қара бидай және басқалары/ өсіп тұрған жерлердегі өртті өшіру кезінде өрт қаптаған алқапты азайтуға тырысу керек, жалын атқан өртті өшіру кезінде өрт қаптаған алқапты азайтуға тырысу керек, жалын атқан өртті ылғал кенеппен басқа да қолайлы құралдармен өшіруге күш жұмсау қажет. Егер қол астыңызда ауылшаруашылық техникасы бола қалған жағдайда оны неғұрлым тиімді пайдалануға тырысыңыз-өрт болып жатқан учаскені айдап тастаңыз немес қорғаныс бораздаларын жасауға асығыңыз.

Өртпен күрес жүргізу және онда зақымданған адамдарды құтқару кезінде сіздер үшін мейлінше қауіпті нәрсе –температурасы қатты қызынған ауа болатынын ұмытпаңыз. Тынысты тарылтып, түншықтыратын түтін де, көмірдегі тотығының мол шоғырлануы да, ғимараттар мен құрылыстардың құлап түсуі де мейлінше қауіпті.

Өртті өшіру кезінде ең алдымен сумандаған жалынның өріс алуына жол бермей, қалай тоқтату керек, содан кейін оттың неғұрлым күшті жанып жатқан учаскелерін өшіруге кірісу қажет. Мұндай кезде шапшыған су ағыны лаулаған жалынға емес, лапылдап жанып жатқан заттың өзіне қарай бағытталуы тиіс. Егер тікесінен тік тұрған нәрсе жанып жатса, онда шапшыған су ағыны әлгі заттың жоғарғы жағынан төменгі жағына қарай бағытталуы керек.

Егер үй /пәтер/ ішінде шағын өрт шыға қалса, онда оған неғұрлым тезірек су құя қойыңыз, немесе оны салмақты да қалың ылғал кездемемен бүркеп жабыңыз. Жанып жатқан сұйық заттарды құрамында көбік пайда ететін заттармен өшіруге тырысыңыз, сондай-ақ құн немесе топырақ себіңіз, ауыр салмақты кездемемен, киіммен, т.б. заттармен бүркеп, жаба қойыңыз.

Ал, электр желісінің изолятор таспасы жаңа бастаса, ең алдымен ток келтірмеу жағын қарастырамыз. Ол үшін тиісті пробканы бұрып алып тастау керек, немесе ажыратқыш тұтқаны тоқтан бөле қою қажет. Электр жүріп тұрған желідегі өртті ОУ-2, ОУ-5 тұрпатты көмірқышқылды өрт сөндіргіш құралдар немесе соларға ұқсас құралдар арқылы ғана өшіруге болады. Шекті нүктесі жоқ электр желісіндегі өртті көбік шашатын ОП тұрпатты өрт сөндіргіштің күшімен өшіруге де болады.

Егер жанып жатқан үй ішіндегі адамдарды құтқару керек болса, ол үшін басыңыздан төмен қарай жамылған ылғал одеялыңыз, қалың кездемеңіз немесе сырт киіміңіз болуы тиіс. Түтін толып кеткен үйге кірерде есікті мейлінше абайлап ашыңыз. Олай етпеген жағдайда қатты ағынынан лап ете қалған жалын бетіңізді шарпып кетуі мүмкін. Түтін толып кеткен үйдіің ішінде еңкейіп немесе еңбектеп қана жүріңіз.

Зардап шеккен адамдарды іздестіру кезінде оларды да уыстап шақырыңыз. Мұндай кезде үрейі ұшқан балалардың әдетте кереует астына тығылатыны, шкафтың ішіне кіріп кететіні, сондай-ақ бұрыш-бұрышқа немесе адамның ойына келмейтін, қайдағы бір қол жетуі қиын жерлерге барып жасыратыны естеболуы керек. Егер зардап шеккен адам өздігінен қозғалып жүре алмайтын болса, онда оны өрттің ішінен тезірек алып шығуға жәрдемдесіңіз. Содан соң оны ылғал көрпемен, ақжаймамен, плащпен, пальтомен немесе басқа бір ылғал нәрсемен орап қою керек.

Егер өрт сөндіру кезіңде өзіңіздің үстіңіздегі киімдеріңіз жана бастаса, онда ешқашан да жүгіріп қаша жөнелуге болмайды. Өйткені жүгірген сайын үстіңіздегі өрт өршей түседі. Сондықтан да мұндай жағдайда үстіңіздегі жана бастаған киімнің сыртынан ылғал көрпе, жамылғы, пальто сияқты басқа да нәрселерді жамыла қою арқылы жалынды өшіруге тырысу керек. Мұндай жағдайда жалынды жерге аунау арқылы жа өшіруге болатынын ұмытпау қажет

3.3.3 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

 

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және дасқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрлыстарындағы авария туғызатын ТЖ

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1633. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия