Студопедия — Арағанды қаласының медицина колледжі. Көптеген жылдар бойы Қазақстан­ның сыртқы саудасы 2005-2009 жылдар аралығында тиісінше 45,2-ден 71,6 миллиард АҚШ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Арағанды қаласының медицина колледжі. Көптеген жылдар бойы Қазақстан­ның сыртқы саудасы 2005-2009 жылдар аралығында тиісінше 45,2-ден 71,6 миллиард АҚШ

 

Көптеген жылдар бойы Қазақстан­ның сыртқы саудасы 2005-2009 жылдар аралығында тиісінше 45,2-ден 71,6 миллиард АҚШ долларына дейін 1,6 есе ұлғая отырып, елдің экономикалық өсуінің негізгі локомотивтерінің бірі болып табылды. Әлемдік тауар рынок­тарындағы қолайлы сыртқы экономи­калық конъюнктура елдің шешуші экономикалық көрсеткіштерінің көте­рілуін қамтамасыз ете отырып, Қазақ­стан экономикасына қаржы ресурста­рының тұрақты құйылып тұруына жағ­дай жасады. 2005-2009 жылдары ІЖӨ өсімі 7,6-дан 15,9 триллион теңгеге жетіп, 109 %-ды, ал ел ІЖӨ-сіндегі сыртқы сауда айналымының үлесі 2005 жылғы 79,1%-дан 2008 жылы 81,7%-ға дейін өсіп, тек 2009 жылы ғана 66,5%-ға төмендеді.[1]

Экспорттың жалпы құрылымына жасалған талдау экспорттың негізгі үлесін (2005-2009 жылдары 70-72 %) шикізат тауарларын шығару құрайты­нын, ал өңделген тауарлар экспорты үлесінің 28-30% деңгейінде қалып тұрғанын көрсетті.

Кең ауқымды экономикалық кате­гориялар бойынша классификация­лауға сәйкес тауар топтары бойынша экспортқа жасалған құрылымдық тал­дау бүкіл шикізат экспортының жалпы сомасында 99,92-99,97%-ды құрайтын минералды шикізат, мал және өсімдік өнімдерінің Қазақстанның соңғы бес жылдағы негізгі шикізаттық тауарлық топтарын құрайтынын көрсетіп берді.

Сыртқы сауда әлемдік экономика­лық жүйедегі тұрақсыздықтарға айтар­лықтай дәрежеде тәуелді болып келеді. 2008-2009 жылдары әлемдік экономика бұрын-соңды болмаған қаржылық тұрақсыздықты бастан өткеріп, ол жаһандық экономикалық құлдыраумен және сауда көрсеткіштерінің түсіп ке­туімен қоса жүрді. Әлемдік экономи­ка­дағы дағдарыс құбылыстары 2009 жылы Қазақстанның шетелдермен сауда айналымы көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Әлемдік қаржы дағдарысының те­ріс зардаптарына қарсы тұру мақса­тын­да көптеген мемлекеттер дағда­рысқа қарсы түрлі шаралар қабылдады. 2009 жылы Қазақстан Үкіметі де сырт­қы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу жөнінен бірқатар шешімдер қабылдады. Дағдарыс көріністерінің тереңдей түсуіне байланысты отандық өндірісті соған сәйкесінше қорғауды қам­тамасыз ету мақсатында респуб­лика Үкіметі импорттық кедендік баж салықтарының ставкаларын ұлғайтты. Мұндай шаралар өндірісті ұлғайту, бәсекелестікті арттыру, ішкі рынокты құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін дайын шыны, кабельді-өт­кізгіш өнімдеріне т.б. қатысты жүзеге асырылды. Кедендік баж салықтары­ның ставкасы өсіріліп қана қойған жоқ, сонымен қатар төмендетілген жағ­дайлар да болды. Мәселен, жеміс-жи­дек өнімдері өндірісімен айналыса­тын кәсіпорындарды жеміс дақыл­да­рының екпе көшеттерімен қамтамасыз ету үшін осындай ағаш көшеттеріне, жылыжай жабдықтарына, алюминий қағаздарға кедендік баждарды төмен­дету жолдары қарастырылды. Сол си­яқты ел ішінде өндірілмейтін шикізат түрлері мен оларды жиынтықтаушы өнімдерді енгізуге де баж салықтары төмендетілді.

Осы айтылғандардың сыртында, әлемдік бағалардың құлдырауы жағ­дай­ында тауарларды енгізуді және экспорттың рентабельділігін ұлғайтуды ынталандыру қажеттігіне байланысты экспортқа түсетін салықтық жүктемені төмендету жөнінен де шаралар қа­был­данды. Сонымен қатар, экспорттау­шыларды сервистік және қаржылық қолдау шеңберінде қазақстандық тау­арларды сыртқы рыноктарға шығаруға бағытталған экспортты ынталандыру шаралары да қолданылды.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы жағдайындағы сыртқы экономикалық қызметті реттейтін бірқатар нормативтік актілер күшіне енді. Атап айтқанда, Кеден одағының Бірегей кеден тарифі бекітілді.

Ел Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустрия­лық-инновациялық дамудың мемле­кет­тік бағдарламасы аясында өңделген экспортты дамыту мен сыртқа шы­ғаруға ықпал жасау жөніндегі мем­ле­кеттік іс-шараларды жүзеге асырудың бес жыл­дық мерзімге арналған негізгі басым­дықтары мен механизмдері белгіленді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Респуб­ликасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес және мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңделген экспортты дамытуға және сыртқа шығаруға ықпал жасауға бағытталған он жылдық мерзімге арналған “Экс­порт-2020” бюджеттік бағдарламасы әзірленуде.[2]

Астық былтыр елімізде жақсы өсті. Бірақ, бір ғана астықтан ешнәрсе өзгермейді. Ал тамақ өнімдері 1-2 пайызға ғана өсіп жатыр, ол аздық етеді. Халықтың әл-ауқаты жақсаруы үшін, әрине, ет-сүт, қант-май, көкөніс, жеміс-жидек дегендер жылда өсуі керек және олардың бағасы да елдің қалтасы көтеретіндей шамада болуы тиіс.
Ал бізде қазір азық-түліктің бағасы барған сайын қымбаттап жатыр. Мысалы, жалақы 20-30 пайызға өсті деп айтып жатыр үкімет, бірақ оның бәрін инфляция жеп қойып жатыр ғой, себебі баға да үнемі көтеріліп отыр. Былтыр нан, сұйық май, т.т. азық-түлік қымбаттады, кейбірінің бағалары 60-70 пайызға дейін өсті. Ал жалақы деңгейі болса соны сатып алуға жетер-жетпес күйде.[4]

Мамандардың пайымдауынша, бүтіндей алғанда, қолданыстағы құқықтық база өндірісті әртараптан­дыру мен экспорт саласындағы мемле­кеттік саясаттың бір арнаға тоғысуы мен қажетті белсенділік деңгейін қам­тамасыз ете алмайды және мемлекет жариялаған экспортқа бағыттап дамытудың мақсаттарын бейнелей алмайды. Қазіргі бар заңнаманың ынталандырушы немесе қолдаушы сипатынан гөрі реттеушілік сипаты басымырақ. Осыған байланысты өн­дірістік қызметке, сол сияқты өнімдер экспортын дамыту мен сыртқа шыға­руға теріс әсер ететін төмендегідей кедергілер мен проблемаларды бөліп көрсетуге болады.

1.Маркетингтік және консалтинг­тік қызметтердің дамымағандығы, ры­нок туралы ақпараттардың жоқтығы. Кәсіпорындарда маркетингтік қызмет­тердің дамымауы, сол сияқты рынок­тар іздеу мен өнімдерді экспортқа шы­ғару саласында қолжетімді консалтинг­тік қызметтердің болмауы экспортты дамыту мен ұлғайту ісінде аса өткір мә­селе болып тұр. Қазақстанда шетел­дерде сұранысқа ие тауарлар мен қыз­мет­тер, оларға қойылатын талаптар мен кедендік шаралар туралы ақпа­рат­тар жоқ, ал шетелдіктер Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерінен хабарсыз.

2. Заемдық қаржылардың қымбат­тығы. Қазақстан кәсіпорындары үшін заемдық құралдардың қымбаттығы елеулі проблемалардың бірі болып табылады. Екінші деңгейлі банктердің несиелер бойынша сыйақы ставкалары жоғары, ал несие алу шарттары тым қа­таң. Несиені өтеу кестесінің аннуи­теттік есеп айырысу схемасы бойынша есеп айырысу кезеңінің соңында өтеу сомасы кредит сомасына еселеп өсіп кетеді.

3. Кедендік процедураларды жүзеге асырудағы күрделіліктер, кедендік-тарифтік реттеудің шектеулілігі. Қазіргі кедендік процедуралар мен формаль­дылықтар шетел мемлекеттерінде қабылданған ортақ нормалардан асып кетеді, сөйтіп саудаға кедергілер ту­ғызады. “Doіng Busіness” Бүкіләлемдік банк есебінің соңғы мәліметтері де оны растайды. Ол бойынша Қазақ­станның экспорттық шығындары 89 күнді (3005 АҚШ долл.), ал экс­порт­тық опера­цияларды жасауға қажетті құжаттар саны 11-ді құрайды. Бұл рей­тингте Қазақстан зерттелген елдер тізі­мінде 180-інші орында тұр. Ал Бүкіл­әлемдік банк әзірлеген Көлік Логис­ти­касы Индексіне (LPІ) сәйкес Қазақ­стан 150 елдің тізімінде 133-інші орында.

4. Білікті жұмысшы кадрлар тап­шы­лығының өткірлігі. Көптеген қа­зақстандық компаниялар басқарушы, инженерлік және білікті жұмысшы кадр­ларына тапшылық сезінуде. Ол қа­­зақстандық кәсіпорындардың әлем­д­ік стандарттарға жауап беретін бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруына кедергі келтіріп отыр.

5. Өнімдерді тасымалдау пробле­малары. Қазақстанның теңіз портта­рынан қашықтығы көлік шығындарын айтарлықтай өсіріп жібереді. Оның сыртында экспорттаушылар үшін қарапайым және арнайы темір жол вагондарының жетіспеушілігіне, кеден бекеттерінің алыстығы мен өткізу қабілеттерінің төмендігіне байланысты тұрып қалу проблемлары да бар. Бұл қосымша шығындар туындатады.

6. Сыртқы рыноктарға шығар кез­де қазақстандық компанияларға саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіздігі. Баратын елдердегі елшіліктердің сауда-экономикалық және ғылыми-техника­лық қызметтестік жөніндегі екі жақты үкіметаралық комиссиялар шеңберінде экспорттаушыларды қолдау мүмкін­діктері нашар пайдаланылады. Ал олар елдің сыртқы рыноктардағы эконо­микалық мүдделеріне лобби жасаудың құралы болып табылады.

7. Ұйымдар арасында экспортқа қатысты ақпараттарды жүйелі алмасып отырудың жоқтығы, отандық тауар өн­дірушілерге қолдау көрсетудің мемле­кеттік бағдарламалары мен құралдары туралы ақпараттардың болмауы, қа­зақстандық өнімдерді экспорттаудағы сыртқы тәуекелдер. Мемлекеттік ор­гандар мен жеке сектордың арасында нақты жолға қойылған ақпараттар алмасудың жоқтығынан өңірлерде отандық өндірісшілерге қолдау көрсету жөнінен қабылданған және жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдар­ламалар мен құралдар туралы ақпарат­тар жетімсіздігі орын алған. Оның сыр­тында экспортты алға бастыру жө­нінен қызметтер көрсететін ұйымдар арасында үйлесім мен өзара іс-қимылдар жоқ. Кейбір кәсіпорындар белгілі бір елдердегі саяси тұрақсыз­дықтарға байланысты шетелдердегі өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болуда.

8. Кедендік статистикаларға қол­же­тімділіктің шектеулілігіне байланыс­ты қазақстандық өңделген өнімдердің нақты экспортын бағалаудағы қиын­дықтар. Егжей-тегжейлі ақпараттарға жалпы қолжетімділіктің болмауы сал­дарынан өңделген өнімдер экспор­тының көлемі туралы мәліметтер асы­ра көрсетіледі. Қазақстандық кәсіп­ор­ындар мен компаниялар өз рынокта­ры­на талдау жасаған кезде де өз тауар­лары атауларының ТН ВЭД-тің 10-ыншы белгісі дәрежесінде толық емес детальдану проблемасына ұшырасады.[3]

Қазақстандық кәсіпорындардың суретте келтірілген тауарлар шығару­ды, оларды сапамен қамтамасыз етуді, оларға баға белгілеу мен экспортқа шығаруды жүзеге асыруда жолығыса­тын проблемалары тұрақты негіздегі мемлекеттік қолдаудың жүйелі де, се­лективті де шараларын қабылдауды та­лап етеді. Бұл шаралар қазақстандық өң­делген өнімдерді дамыту мен экс­портқа шығаруға мемлекеттік қолдау жасаудың реттеушілік, қаржылық, консалтингтік және оқыту бағыттарын айқындайды.

 

 

Пайдаланылған әбедиеттер.

1. http://egemen.kz/old/2010/?p=14770

2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000151

3. http://www.damu.kz/4315

4. http://bigox.kz/kazakstannyn-ekonomikalyk-problemalary/

 

арағанды қаласының медицина колледжі

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
азақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығудағы проблемалары | 

Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 443. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия