Студопедия — ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ






1-лекция. Кіріспе: Философия мәдениет феномені хақысында

1. Философия, оның пәні, объектісі және қызметі.

2. Философияның мәні мен мақсаты.

3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.

 

Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберіл-меген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың идеялардың, көзқарастармен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптердің жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.

Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесін дамуынының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Көне грек тілінен аударғанда философия ұғымы данышпандыққа құштарлық деген мағына береді.

Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытай, Орта Азида туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі тереңдеуі, баюы әртүрлі философиялық теориялармен бағыттардың пайда болуына негіз қалады.

Философияның негізгі салалары ретінде, Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика – дұрыс, яғни байланысты, дәекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты. Философия дүниетанымдық методологиялық жер болып қалды. Өйткені ол дүниенің бізді қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және адам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге көзқарас ұғымымен байланысын, ара-қатынасын өзара байланысын білген жөн.

Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен ол ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, қарастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлауын жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қияли пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінетін еді.

Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы да –материалдыққа және идеалдыққа душар болады. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой-жүйесінен тысқары әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүргеннің бәрі жатады. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады. Осылардың арақатынасы, байланысы қандай? Ойдың болмысқа, материяның рухқа қатынасы қалай? Міне, осы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып табылады.

Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғам мен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар ажырамас диалектикалық бірлікте, яғни адамның бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниеге көзқарасты құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп, дүниеге көзқарастар, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, оларды бірлігі туралы, екіншіден адам және оның дүниегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән жайлы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады.

Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғаммен бірге қалыптасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына – символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқарастар білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады. Сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.

Дүниеге діни көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Дүниеге көзқарас табиғаттан тыс құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оның табиғатын өзгерту мүмкіндігінен шеттетуге бейімдейді. Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдық пен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.

 

 

2-лекция. Көне Үнді және Қытай философиясы.

1. Үнді философиясының пайда болуы мен кезеңдері.

2. Көне Үнді философиясының ерекшелігі, негізгі философиялық ұғымдар.

3. Көне Қытай философиясының пайда болуы мен кезеңдері.

4. Қытай философиясының философиялық ұғымдары.

Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелегі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғам варнаға (каста) бөлінді. Олар:

1) Брахмандар (абыздар) – үлесіне ой еңбегі бар адамдар енді.

2) Кшатриилер (әскербасылар) - әскери қызметтегі адамдар жатады.

3) Вайшьилер(ауқатты шаруалар) – егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, саудагерлік тиген адамдар.

4) Шудралар(құладар) – қара жұмысты істейтін адамдар болды.

Осы кезде қоғамдық өмірге әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениеттің ескерткіші – ведаларда (веда-білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

1. Самхит – құдайларға араналған гимндер жинағы.

2. Брахман – самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.

3. Аранъякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларадың іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас.

4. Упанишадта – дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы ең жоғары білім арқылы жоққа шығару болады деген идея уағыздалады.

Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдерге байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, чарвака-локаяттар, санкхья және т.б.

Жайнизм б.д.д. VІ ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм идеясы, оның негізгі философиялық көзқарастары одан да бұрынғы ғасыр-ларда қалыптаса бастаған. Жайнизмге деген сенім, деректерге қарағанда, 24 ұстаз(тиртханкара) арқылы таралады. Жайнизмнің негізін қалаушысы – Махавира Джина(джина- жеңімпаз). Жайнизмнің идеялық жүйесі «Сидханта» деген еңбекте (б.д.д. ІІІ) жинақталынған.

Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу.

Буддизм. Буддизмнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. шакья (сакья) тайпасынан шыққан князьдің баласы Сидхарата Гаутаманың (б.д.д. 563-483ж.ж.) есімімен тығыз байланысты. «Будда» термині «жарқырау», «сергу», «жадырау» деген мағынаны білдіреді. Буддалық ілім бойынша, өмір – қобалжу, азап, өмірге келу мен қарттық, ауру мен өлім, сүйгеннен арылу мен сүйметінмен бірге тұру, орындалмаған арман және қанағаттанбаған тілек – мұның бәрі де азаптың көрінісі, әрі жалғасы. Адам қанша әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Тойымсыз құштарлықты тоқтату үшін артық тілектен тартыну керек, жер бетіндегі әуреліктен арылу дұрыс. Азаптан арылудың осындай жолын тапқан нирванаға жетпек.

Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. ІІІ-ІІ мың-жылдық уақытқа жатқызады. Ал оның күйреуін Хань империясының күй-реуімен (б.д.д. 220ж) ұштастырады. Б.д.д ХVІІІ-ХІІ ғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамыды, қалалар қалыптасты, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Қала мен өндіріс төңірегінде қауымдастықтың шоғырлануы негізінде екі жағдайда – шаруашылық пен әскери себептеріне орай дамыды. Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі Шығыстық деспотия болды. Мемлекет басшысы - әрі монарх, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. Әр түрлі дәрежедегі аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда – ру басылары, от басылары тұрды. Ал құлдар болса, олар жануар сияқты, әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Құлдардың еңбегін, әсіресе мал шаруашылығында, егінде, құрылыста, тұрмыс қажетіне пайдаланды. Қытайлардың сол кездегі дүние-танымдық ой-пікірлері «Бес кітап» деп аталатын кітаптарда шоғырланып, өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда зор рөл атқарды.

Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы негізгі алты философиялық бағыттағы мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, мойзм, заң мектебі(легистер), даоизм, тұрпайы философия(натурфилософия) және Атаулар мектебі.

Конфуцийшылдық.Бұл философиялық ағымның пайда болуы мен қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюн-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-цзы аспанды өзіндік болмысы бар дүние ретінде, ең жоғарғы, құдіретті күш ретінде қарастырады. Аспан, ол үшін, әділеттілік аясы, аспан өз еркін әр адамға білдіреді, өз үкімін барлық аспан астындағы елдерге, мем-лекеттер мен қоғамға таратады. Содан аспан ұғымы конфуция филосо-фиясында діни, саяси және этикалық қызметте атқарады.

Кун-фу-цзы өз ілімінің өзегі етіп материалдық денелердің заңдылықтарын,бабалар рухын зерттеуден гөрі адам арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін қабылдайды. Осыған орай, мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп «дао» («дұрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.

Легистер (заңгерлер). Легизм (лат. т. –заң деген мағ. береді) –фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлкетті басқару туралы көзқарастар. Легизмнің көрнекті өкілдері – Цзы-чан (б.д.д. VІ ғ.), Гуань-Чжун (б.д.д. 645ж.қайтыс болған), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хан Фэй Цзы (280-233), Ли Куй т.б.

Легистер конфуцийшылдардың мемлкетті әдептілікке негізделген заңдар арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісіне, мемлекетті тек қана билеушінің өзі шығарып, өзі бекіткен заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік- қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздады.Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп, аспан аясындағы мемлекет құру және оған басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық тежелуі қажет. Мемлкеттің экономикалық негізі –қолөнер, сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.

Даоизм.(б.д.д. VІ-Vғ.ғ.) Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. өмір сүрген Лао-Цзы деп есептелді. Оның негізгі еңбегі -«Дао және дэ туралы кітап» (Дао дэ цзин). Даоизм философиясының негізгі мәселесі – ұлы Дао (ұлы жол) туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім.Даоизмдегі қарама-қарсы пікірлерге толы, көмескіленген ілімдердің бірі – екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол – денесіз, екі ұшты, кішкентай, көрінбейді, жалғыз. Ол- мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды, ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді. Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды. Сонымен, даоизм конфуцийшылдарға, легистерге де қарсы болды. Кейін келе даоизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды.

 

3-лекция. Антикалық мәдениеттегі философия

1. Ежелгі грек өркениетінің өзіндік санасының ерекшеліктері және алғышарттары.

2. Софистика-философия және мәдениет құбылысы ретінде.

3. Сократ, Платон, Аристотель философиясы.

 

Антика заманының философиясы б.д.д VІІ-VІ ғасырларда кіші Азияның батыс жағалауында гректер салған қалаларда өмірге келді. Б.д.д. VІІ-V ғасырларда антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан ғылыми философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі ал б.д.д. V-ІІІ ғасырларда ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түп негізін, жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, философиялық ойлаудың биік деңгейге көтерілуіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.

Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы филосо-фиялық мектеп кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішіндегі ең сыйлысы Фалес болды. Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы» деген еңбектер жазған. Фалестің ілімінше барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы үлкен – Анаксимандр (б.д.д. 611-545ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері – «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түп негізі сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түп негізі апейронмен теңестіреді.Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ ғасыр ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі – «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (б.д.д. 544-483 ж.) болды. Гераклит заттардың түп негізін генетикалық бастамасын от деп есептеген. Пифагор (б.д.д. 580-500 ж.). Оның пікірінше, сандар барлық заттардың, ғарыштың негізі. Олар ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсетеді. Элеаттар мектебінің;негізгі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Элеаттарда түп негіз – болмыс. Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр т.б. жатады. Атомистік бағыттың, қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ, бөлшектерден «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікке алақұйын қозғалыста болады.. Демокриттің ( б.д.д. 460-371ж) ілімінше дүниеніц бастамасы - атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс).

Софистер. Б.д.д. V ғасырда Ежелгі грецияда құл иеленушілік демократия, логика, риторика, философияның жедел дамуына жол ашты. Соттарда халық жиналыстарында әдемі сөйлеп халықты мүмкін болса, өз қарсыластарында айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білуі өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар, софистер пайда болды. Олардың басты қағидасы – «әркімнің өз ақиқаты бар». Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий т.б. ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшелігімен көзге түскен ойшыл – Протагор ( б.д.д. V ғ. ) болды. Негізгі еңбектері – «Ғылымдар туралы», «Мемлекет туралы» т.б. Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейді. Протагордың пікірінше, «Адам барлық заттардыңмөлшері» деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағидада да былай делінді: «Маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып қалады, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор: «Өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады, - деген пікір төңірегінде дәлелдейді. Алайда, софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.

Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл, философ Сократтың; есімімен тығыз байланысты. Сократ жазбаша дерек қалдырмаған оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристо-тельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа білім әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды, ақиқатқа жетудегі таным құралы ретінде алады. Осыдан келіп ол екінші қағиданы ұсынады. Ол: «Өзіңді өзің танып біл». Өзіңді өзің тану деген, өзіңді қоғамдық әдептілік тұлға ретінде қалыптастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты. Сократтың философиясын дамытқан идеалист Платон (б.э.д. 427-347ж.ж.) Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге қарама-қарсы дүниеге көзқарас формасында көрінді. Осы кезден бастап материализм мен идеализм ертедегі грек философиясында және бүкіл одан кейінгі философиядағы өзара қарама-қарсы екі негізгі бағыт болып қалыптасты. Платонның ілімі бойынша,болмыс шын және жалған дүние болып екіге бөлінді. Шын дүниеге жалпы идеялар - идеалдық мәндер жатады; ал жеке сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды. Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүнесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді де қайта шығып кете алмай тұтқын сияқты қараңғы қапаста өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз Платонның пікірінше, жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады. Платонның объективтік идеализмі ойлаудың диалектикалық дәлелімен ұштасып жатты: жеке мен көптің, тепе-теңдік пен өзгешеліктің, қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады.

Аристотель. Аристотельдің философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал екінші жағынан Аристотель көзқарасы орта ғасырмен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан – жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.

Аристотель философиясы, бір жағынан, өзіне дейінгі философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік - саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Екінші жағынан, Аристо-тельдің өзі көптеген философиялық саяси - әлеуметтік мәселе-лерді көтеріп, оларды өз заманының деңгейінде шешуге ұмтылды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыз-дылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.

 

 

4-лекция. Батысеуропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені

 

1. Ортағасырдағы христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері, даму кезеңдері.

2. Ф.Аквинскийдің еңбектеріндегі схоластикалық идеялар.

3. Номинализм иен реализм тартысы.

 

Батыс Европа елдеріндегі – феодалдық қоғам философиясы, ол Рим империясының күйреуімен бастап (5 ғ.) капиталистік қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15 ғ.ғ.) өмір сүрді. Құл иленушілік қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде – мұсылман, Европада - екі түрлі христиан (Рим католицизмі мен Византия православиясы) діни идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды. Бұл дәуірдің өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (мектептік ілім) деп атады. Оның кезеңдері:

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.) ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл ой-әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге ())жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің «заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері:А. Кентер-берийский, П.Абеляр, А.Аврелий т.б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.). Бұл – философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезі болды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Ф.Аквинский, Д.Скотт т.б.

3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ-ХҮғғ.) ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқындап дамуына байланысты теологияның өмірден алшақ, мистикалық ілімге айналуына орай схоластика мүлдем нәтижесіз, тіл безеген ғылымға айналды. Негізгі өкілдері: У.Оккам, Ж.Буридан т.б.

Схоластикалық пікір-талас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, өзінің шешімін тапты.

Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырып, шіркеудің алғашқы схолас-тикалық ұстазы болған Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) Негізгі еңбегі:«Теология жиынтығы». Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып белсенді түр (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптсапаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иусус Христостың бойындағы құдайлық (идеалдық және адамдық) материалдық қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Ф.Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалийлер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан өз алдында жеке дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан кейін ол универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді.

1. зат пайда болғанға дейін құдайдың ойында;

2. заттардың өзінде;

3. заттардан кейін, адамның ақыл-ойында – сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде өмір сүруі.

Ф.Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім. Сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде адамзаттық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан рухани билікті жүргізетін, аспанда – христос, жерде Рим папасы.

Дунс Скотт (1268-1308ж.ж.) шотланд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегенінің өзі игілік. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол жаратушы ғана емес, сонымен бірге ол заттардың рухани түп негізі. Осындай рух адам да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты - танып-білу. Адамдар сезімдік түйсіктер арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой осы алынған мәліметтер негізінде жалпылықтың мәнін түсінуге ұмтылады.. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, «жалпың ұғымын қалыптастырады.

Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжір биенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214-1294ж.ж.) болды. Ол философия, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымның негізгі тәжірбие, эксперимент және математика деп есептейді.

Уильям Оккамның; (1300-1350ж.ж.) пікірінше әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансцен-денталий) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансцендаталийлер категориядан да, біртекетес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал, категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса олар жеке-дара өмір сүре алмайды, тек адамның ақыл-ойында болады. Ол қал-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады. Танымның өзі сыртқы және ішкі тәжірбие арқылы түйсініп білуден тұрады. Ішкі тәжірбиеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түйсініп, нақты білім алса, сыртқы тәжірбиеде трансцендаталилер туралы абстрактілі білім жинайды. Бірақ ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек. Олай болса, Оккамның пікірінше философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс, ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт.

5-лекция. Исламдық ортағасырлық мәдениет контексіндегі арабтық-мұсылмандық философия

 

1. Мұсылман философиясының қалыптасуы мен ерекшелігі.

2. Суфизм-мұсылмандық діни-философиялық ойлардың бағыты ретінде.

3. Мұсылман ойшылдарының ғылыми философиялық мұрасы.

 

Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фәлсафа деп атау дәстүрі бар. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа өкілдері. Философия мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным.

Фәлсафаның мазмұны Платон, Аристотель еңбектерін қайта жаңғарту болса, бұл мақсат мұсылман негізінде орындалып, араб тілі арқылы жүзеге асты. Нақ осы кезеңде философ-ойшылдар рухани мәдениет пен мұраның бай даму тәжірбиесін байыптай бастады, философиялық ілімнің алғашқы тұжырымдамалары мен жүйелері, танымның қағидалары мен әдістері пайда болды.

Осы кезеңде математика, астрономия, медицина, химия, география, механика, музыка өнері, логика және т.б. ғылым салалары жедел дами бастады. Орта ғасырладағы ғылым мен мәдениет антика заманының жетістіктерін пайдалана отырып байи түскені мәлім. Шын мәнінде Шығыс және Грецияның мәдени құндылықтарының қайтадан жаңғыруы осы аталған кезеңге тән құбылыс. Грек, ежелгі Үнді, Сирия және дари-парсы тілдерінде жазылған шығармаларды аудару, өткен дәуір ойшылардың еңбектеріне комментарийлер жазу әдеттегі жәйтке айналған болатын. Осы кезеңде Шығыс халықтары, оның ішінде Орта Азия халықтары тарихи аренаға ғылымның әр саласына айтарлықгай қомақты үлес қосқан аса көрнекті ойшылдарды шығарды. Олардың әрқайсысы әлем халықтары мәдениетінің тарихына өшпес із қалдырды. Аталған тарихи кезеңде көптеген әлем халықтары мәдениетінің байланысы мен бірігуінің нәтижесінде аса бай тілді мәдениет және қоғамдық-философиялық ой қалыптасты. ІХ-ХІІ ғасырлардағы ғұлама ойшылдардың терең философиялық және қоғамдық ойлары тұңғыш рет жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан зерттелген.

Сопылық - өте күрделі философиялық діни феномен. Ол мұсылмандық шығыс халықтарының рухани өмірінде маңызды рөл атқарған көрнекті ағым. Ол ислам дінінен тарады, содан нәр алды, соның жүйесіне сүйенді. Бірақ ислам дініне тараған бағыттарға қарағанда, сопылық көлемі жағынан да, сенім, дүниеге көзқарас, дүниені қабылдау, дүниеге қарым-қатынас сияқты аса маңызды мәселелерді іздестіру тұрғысынан күрделі ағым. Сопылық ағым араб халифатының тарихи-әлеуметтік дамуының жемісі. Ол Омейядтар билік құрған кезеңде халифаттағы дәулеттілер өкіметінің баюына, наразылық ретінде пайда болды. Сонымен бірге, оның қалыптасуына гностицизм, неоплатонизм, манихейлік ықпал етті. Сопылық - өмірдегі ең жоғарғы мақсаты - адам жанының құдаймен етене бірігуі деп ұғындырды да, жердегі фәни тіршіліктен, қоршаған дүниеден бас тартуға шақырды. Құдайды ғана шын деп ұғады, ал оны қоршаған заттар мен құбылыстарды құдайдың көлеңкесі деп түсіндірді.

Ә л-Кинди ( 801-866) орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі. Ол өз еңбектерін логика, философия, медицина, математика, геометрия, музыка саласына көп көңіл аударды. Әл-Кинди философиялық проблемаларды шешуде математикаға көп жүгінеді. Оның ойынша, философия ғылым ретінде математикаға сүйенуге тиіс. Себебі, алғашқы субстанциялар, нақтырақ айтқанда, материалдық дүниенің заттары олардың негізін ажырату арқылы танылады. Болмыс пен табиғат туралы ілімі әл-Киндидің философиялық системасының маңызды бөлігі болып табылады. Осы мәселеге байланысты Әл-Кинди «Алғашқы философия туралы», «Бес мән туралы кітап» атты шығармалар жазды.

Әл-Фараби 870 жылы Фарабта дүниеге келген. Оның қайраткерлігі мен шығармашылығының айрықша құндылығы, ол Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» немесе «Шығыс Аристотелі» деп саналады. Философия тарихында Әл-Фарабидің парасат пен ақыл жайлы еңбегі бәрін тұтас қамтитын рухани дүниенің онтологиялық желісі, ақыл-ой мен болмыс диалектикасы маңызды кезеңдер болды. Біріншісі, ежелгі грек ғалымдарының еңбектеріне комментарий түрінде жазған шығармала







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1905. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия