Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тәрбие әдістерін жіктеу





 

 

 


Ю.К.Бабанский бойынша тәрбие әдістеріне сипаттама:

Оқушылардың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне жан-жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс-әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.

1. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне сендіру, пікірталас, түсіндіру, этикалық әңгімелер жатады.

Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер ету.

Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады. Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміне ықпал жасау ғана емес, әрі оның міне-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.

Пікірталас әдісі көбіне жоғарғы сыныптарда кеңінен қолданылады. Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді. Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді.

Түсіндіру әдісі бойынша оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылуымен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар-намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта-ықылас, ерік-жігер, т.б. туралы түсіндіріледі. Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары, т.б.

Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты - оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға, адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу. Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік-адамгершілік немесе эстетикалық, еңбек т.б. салаларының әр қырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек. Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны танымдық, саяси, эстетикалық мәселелерге арналады. Бұл әдістің негізгі мәні – теориялық қағидаларды баланың санасына жеткізу, сол арқылы өмірде меңгере бастаған мінез - құлық, іс- әрекеттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 9511. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия