Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлықты қалыптастыру әдістері





Бұл топқа педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік ситуацияларды туғызу және қоғамдық пікір жатады.

Педагогикалық талап әдісі әртүрлі іс-әрекеттердің бір түріне тежеу, ал енді бір түрін күшейту мақсатымен тәрбиеленушінің санасына педагогикалық ықпал жасау екендігі тәрбие әдісінің теориясында айқындалған. Мұнда нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиешінің қатынасы педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесс тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс істеуге мәжбүр етуді сабақтастырып отыру заңдылығын жүзеге асыруды көздейді.

Үйрету әдісін мектеп тәжірибесінде қолданғанда бала көбіне тапсырманы сырттай механикалық тұрғыда орындауға әуес келеді.

Жаттығу – мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әртүрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі.

Тапсырма беру әдісі баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару, жалпы адамзаттық, адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық жағдаят әдісінің өзіндік мәні бар. Кез келген педагогикалық жағдаят ең алдымен шығармашылық әрекет болып есептеледі. Себебі ол көптеген педагогикалық сұрақтарды, шешімдерді таңдап алуды қажет етеді.

Қоғамдық пікір. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс -әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады.

3. Ынталандыру әдістері оқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.

Мадақтау оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлығының қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез-құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Мадақтаудың түрлері: мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру.

Жазалау баланың жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді.

Жарыс – мектеп жағдайында мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік-психологиялық фактор ретінде оқушылардың бір- бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс- әрекетіне жаңа серпін, жаңа ой-сезім және баланың өзіне жаңа талап қоюына мүмкіндік туғызады.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 13573. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия