- КОМПЬЮТЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚАРАСТЫРҒАНДА ОНЫҢ АРХИТЕКТУРАСЫН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫН АЙЫРА БІЛУ ҚАЖЕТ.
- КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ДЕП КОМПЬЮТЕР БӨЛІКТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЖИЫНТЫҒЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АЙТАДЫ.
-
- Компьютер архитектурасын қарастырғанда оған кіретін бөліктер құрамы, олардың өзарабайланысы, сол сияқты олардың атқаратын қызметтері мен мінездемелері анықталады.
- Компьютер құрылымы дегеніміз оның функциональді элементтері мен олардың арасындаға байланыс жиыны.
Кең таралған архитектуралық шешімдер:
- Классикалық архитектура (фон Нейман архитектурасы) – мәліметтер легі өтетін, бір арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), бұйрықтар легі өтетін бір басқару құрылғысы (БҚ). Бұл бір процессорлы компьютер. Ортақ шиналы дербес компьютер де осындай архитектуралы топқа жатады.
- Көппроцессорлы архитектура. Компьютерде бірнеше процессордың болуы, мәліметтердің легі мен бұйрықтар легінің қатарынан көп болуын қамтамасыз ете алады. Бұл жағдайда бір есептің бірнеше фрагменті бірден орындала алады.
- Көпмашинді есептеуіш жүйе. Мұндағы есептеу жүйесіне енетін бірнеше процессорда ортақ жедел зерде емес, әрқайсысында өз жеке зердесі болады.
- Параллельді процессорлы архитектура. Мұнда бірнеше АЛҚ бір БҚ басшылығымен жұмыс жасайды.