- екілік кодтау принципі;
- бағдарламалы басқарылу прнципі;
- зерденің біркелкілік принципі;
- адрестік принципі.

Кез келген компьютердің құрылымы ортақ логикалық принциптерге негізделген және мынадай негізгі құрылғылардан тұрады:
- орталық процессор, ол басқару құрылғысы мен арифметика-логикалық құрылғыдан тұрады, барлық есептеу және информацияны өңдеу жұмыстарын орындайды, негізгі сипаттамалары: әрекеттездік (бір секундта орындалатын амалдар саны) және разрядтылық;;
-
- зерде (есте сақтау құрылғысы) - бағдарламаларды, мәлiметтердi және жұмыс нәтижелерiн компьютер зердесiнде сақтауға арналған.
-
- информацияны енгiзу, шығару құрылғылары.
-
- Енгiзу және шығару құрылғылары ЭЕМ зердесiне информация енгiзудi және оны сыртқа шығаруды, яғни сыртқы дүниемен информация алмасуды қамтамасыз етедi

Микропроцессор (МП) - компьютердің барлық бөліктерінің жұмысын басқаруға, ақпаратпен логикалық және арифметикалық операцияларды орындауға арналған орталық бөлік.
-
- Микропроцессор құрамы:
- басқару құрылғысы (БҚ);
- арифметика-логикалық құрылғы (АЛҚ);
- микропроцессорлық зерде (МПЗ);
- Микропроцессордың интерфейстік жүйесі.

- Басқару құрылғысы компьютердің ең күрделі құрылғыларының бірі. Ол кодты шиналар арқылы машинаның барлық блоктарына берілетін басқару сигналдарын өңдейді.
- Бұйрық регистрлері – еске сақтаушы оегистрлер, мұнда операцияға қатысушы бұйрықтар кодтары, орындалатын операциялар кодтары мен операндтар адрестері сақталады.
- Опрерация дешифраторы – логикалық блок, ол регистрден келіп түскен операция коды бар бұйрыққа сәйкес өзіндегі көптеген шығу ұяларының бірін таңдайды.

Арифметика – логикалық құрылғы (АЛҚ)
- Арифметика – логикалық құрылғы ақпаратты түрлендірудің логикалық және арифметикалық операцияларын орындауға арналған.
- АЛҚ-ның функционалды схемасы
- Қосқыш – есептеуіш схема, ол өзіне келіп түскен екілік кодтарды қосуды орындайды.
- Регистрлер әртүрлі үзындықтағы шапшаң орындаушы зерде ұяшықтары.
