Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ақпарат дегеніміз не?





"Ақпарат"; термині "informatio";деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мәлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тән, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда және әртүрлі мағыналармен толығуда.

қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мәліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір әс-ірекеттер т.б. туралы. "Ақпараттандыру"; бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нәрсені хабарлауды" білдіреді;

· техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;

· кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді әрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).

Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.

Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:

· Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);

· Ақпарат —бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);

· Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);

· Ақпарат — бұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);

· Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);

· Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом).

Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте дәл айқындап берді,. Нақтырақ айтқанда:

Ақпарат — бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.

Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады. Хабарлама — бұл ақпараттардың әңгімелер, мәтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық мәліметтер, сызбалар, кестелер және т.б. түріндегі формасы.

Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, жеделхат, анықтама, әңгіме, сызба, радиотаралым және т.б.) әртүрлі адамдар үшін – олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызығушылығына байланысты әртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.

Айталық, жапон тілінде құрылған хабарлама бұл тілді білмейтін адам үшін ешқандай жаңа ақпарат әкелмейді, бірақ жапон тілін білетін адамға құнды ақпарат болуы мүмкін. Сол сияқты таныс тілде жазылған хабарламаның өзі егер оның мазмұны түсініксіз немесе бұрыннан таныс болса ешқандай жаңа ақпарат бермейді.

Ақпарат хабарламаның емес, хабарлама мен оны тұтынушының арасындағы қатынастың сипаттамасы. Тұтынушының қатысуынсыз, тіптен тұрақты болғанда да, ақпарат туралы айтудың өзі мағынасыз.

Қандай да бір техникалық құралдардың көмегімен ақпараттардың автоматтандырылған жұмысы туралы айтқан кезде, әдетте ең бірінші кезекте хабарламаның мазмұнына емес, бұл хабарлама қанша символдан тұратындығына қызығушылық білдіреді.

Мәліметтерді компьютерлік өңдеу кезіндегі ақпарат дегеніміз, мағыналы жүктемеге ие және компьютерге түсінікті түрде берілген бірқатар символдық белгілердің тізбегі (кодталған графикалық үлгілер мен дыбыстардың және т.б. әріптері, сандары). Символдардың мұндай тізбегіндегі әрбір жаңа символ хабарламаның ақпараттық көлемін ұлғайтады.






Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1126. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия