азіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухарский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған. Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пшкало, Т.Л.Коган және т.б теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі «есепке алу», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған. Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауда, оның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және прктикалық қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз. Ғылыми-педагогогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады. 20-шы жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық-лабораториялық» әдіс жүйесіне негізделген «өздігінен бақылаудың» түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді. 30-шы жылдары білім, білік пен дағды нәтижесінің есепке алуды бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П.Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады. 40-60-шы жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстры қолға алынды. Оқушыларпды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды (Н.Т.Дайри). Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-ші жылдары Педагогика ғылымы Академикасының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері кезінде бастама алды. Мұнда оқу тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды. 80-ші жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің диагностикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуда қатаң тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда. Дегенмен, бүгінгі таңда оқыту теориясын да бақылау немесе бағаның мәні тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр. Бақылау -кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бағалау -оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту. - Бақылаудың білім беру - қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. - Тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады. Дамыту - қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды. Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (влспитывающие). Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағралаушы (ориентирущая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады. Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтижесінің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш. Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде. Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең таралған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, аралық, қорытындыдеген түрлерін көрсетеді. Ал Г.И.Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан көзқарастарын білдіреді. Е.А.Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды деп бөледі. Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» оқулықтарында тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлген. Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады. Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады. Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді. Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді. Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады. (жазбаша бақылау жұмысы, тестік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант, т.б.). Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданған принциптер негізінде жүргізіледі, олар: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік. Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болмауды көздейді. Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерігнде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою. Жеке-дарақатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады. Жан-жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасыныбарлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білімдерін білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді. Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: - ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ). - жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру) - практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу) - машиналы бағдарламалап бақылау ( перфокараталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану). - өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою). Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға «балл» есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі «5» балдық жүйелер қолданылады. «5» бағасы – оқу материалын толық, дәл, логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады; «4» бағасы – оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас қателері бар жауапқа қойылады.; «3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, біліміне кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; «2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.; «1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан қателер үшін қойылады. Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді. Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Оқыту – динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі. Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг – тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді. Рейтинг - ағылшын тілінде torat – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүесінің мақсаты: - оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру; - оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиіділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру; - оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету; - оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттрыу; - тексеруде уақытты үнемдеу. Бұл жүйенің ерекшелігі оқушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерінің тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады. Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырма жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігін жариялылығының, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтмасыз етуге т.б. талап етеді. Бақылауды рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндереінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалдарының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өз бетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады. Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне: а) күнделікті немесе ағымық (текущий), ә) аралық (рубежный), б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады. Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модульдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тараулары немесе бөліктері, болмаса курделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады. Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүргізіледі. Осы аралықта колоквиум, реферат қорғау, өздігінен жұмыстарын қолдануға болады. Дегенмен де, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі - тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді; - уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады; - бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді; - тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады. Қорытынды бақылау: зачет, емтихан. - Сынақ жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі. - Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі. Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет. Қорытынды бақылауға күнделікті және аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі.
Негізгі әдебиеттер: 1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003. 2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994. 3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003. 4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003. 5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007. 6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008. 7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998. 8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.
Қосымша әдебиеттер: 1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981. 2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994. 3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977. 4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981. 5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.
|