Кремний химиясының ерекшеліктері
Дәріс тақырыбы: IV А тобы элементі – кремний.
Дәріс жоспары:
1. Кремний химиясының ерекшеліктері.
2. Кремнийдің табиғи қосылыстары және алынуы.
3. Кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттері.
4. Тән қосылыстары.
5. Оттекті қышқылдар тұздары және комплексті қосылыстары.
IVА тобының екінші типтік элементі – кремний көміртектің типтік аналогы. Кремнийде көміртекпен салыстырғанда электрон қабаттарының саны көбейгендіктен оның атом радиусы артады, ионизациялану потенциалы кемиді, электрон тартқыштығы және СЭТ кемиді. Радиустың артуы, әсіресе гомоатомдық қосылыстардағы, атомаралық байланыстардың беріктігінің төмендеуіне әкеледі, соның салдарынан электр өткізгіштік өседі және «тыйым салынған» зонаның ені тарылады. Сондықтан көміртек алмаз түрінде изолятор, кремний – жартылай өткізгіш. Тұтас алғанда бірінші типтік элементтен екіншісіне өту металдық қасиетінің артып және металл еместік қасиетінің әлсіреуін көрсетеді. Кремний химиясының көміртек химиясымен салыстырғандағы басты ерекшелігі байланыс түзуге Ең тұрақты қосылыстарда кремний +4, 0 және -4 тотығу дәрежесін көрсетеді. Тотығу саны +2 кремний үшін аз сипатты. Ақырында, кремний химиясы үшін оның оттекке жоғары ынтықтығының принципиальды мәні бар. Ол кремний атомының оттекпен байланыс энергиясының (445,1 кДж/моль) кремний атомының арасындағы энергиядан (176,6 кДж/моль) 2,5 есе артық болуына байланысты. Жер қыртысының жартысынан көбі кремнеземнен
|