Кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттері
Кремний аморфты, кристалды деп екіге бөлінеді, бірақ екеуінің де кристалдық құрылысы бар. Аморфты кремний қоңырқай түсті ұнтақ зат, ал кристалды кремний металдық жарқылы және жартылай өткізгіштік қасиеті бар, ток өткізетін зат. Химиялық қасиеттері жағынан кристалды кремнийдің активтігі төмен, ал аморфты кремний оған қарағанда әлдеқайда активті, ол кәдімгі температурада фтормен, ал қыздырғанда көптеген металл еместермен (
Азот, көміртек, бормен тек жоғары температураларда әрекетке түседі. Металдармен қыздырғанда силицидтер түзеді:
Құрғақ Минералды қышқылдар кремнийге әсер етпейді. Ол азот және балқытқыш қышқыл қоспасында ериді. Онда азот қышқылы кремнийді тотықтырады, ал балқытқыш қышқыл тотығудың ерімейтін өнімдерін комплексті кремний фторлысутек қышқылына айналдырады:
Кремний сілтілердің салқын ерітінділерінде де ериді:
Бұл фактілер кремнийдің металл еместік табиғатын дәлелдеп, оның жартылай өткізгіштік қасиеттерімен жақсы өзара үйлеседі.
|