Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Алматы, 2014 ж





СИЛЛАБУС

 

Пәні:Экология және тұрақты даму Eco UR 1106

Мамандығы: 5В130100- «Жалпы медицина»

Кафедра: Жалпы гигиена және экология кафедрасы

Оқу сағатының көлемі (кредиттер): 90 сағат \ 2 кредит

Курс:1

Семестр: 2

 

Силлабус «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша типтік оқу бағадарламасымен сәйкес Астана қ. 2008 ж., жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, профессор У.И.Кенесариев, аға оқытушылар Н.Е.Алимова және Молдақарызова А.Ж., қатысуымен құрастырылған. Мемлекеттік тілде қайта өңдеп, аударған оқытушы Айтжанова Г.М.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.

«_______» «______________» 2014 ж. Хаттама №____

 

Кафедра меңгерушісі, профессор __________ У.И. Кенесариев

 

 

1. Жалпы мағлұмат:

1.1. ЖОО-ның атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2. Кафедра: Жалпы гигиена және экология кафедрасы

1.3. Пән, пән коды: Экология және тұрақты даму, Eco UR 1106

1.4. Мамандық: 5В130100-«Жалпы медицина»

1.5. Оқу сағатының көлемі(кредиттің*): 90 сағат\ 2 кредит

1.6. Оқытушылар туралы мәлімет:

 

Тізімі Дәрежесі және қызметі Өнер табыстық ғылыми қызығушылығы Жетістіктері
  Кенесариев У.И. м.ғ.д., профессор Республиканың мұнай-газ аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу және өзекті халықаралық бағдарламаларды іске асыру. Республикалық медициналық ЖОО арналған жалпы гигиена және экология жөніндегі типтік бағдарламаларды дайындаушы, 300-ден асатын еңбектердің, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі «Экология және халық денсаулығы», «Коммуналдық гигиена» оқулықтарының, «Тағамтану гигиенасы» оқу құралының және қазақ тілінде жазылған «Радиациялық гигиена» оқу құралының авторы. Сонымен қатар «Жалпы гигиена» оқулығының авторларының бірі. Жалпы гигиена және экология бойынша барлық факультеттерде дәрістер оқиды.
2. Амрин М.К. м.ғ.к., доцент Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Медико-профилактикалық және фармацевтикалық факультеттерге арналған медициналық экология жөніндегі типтік және жұмыстық бағдарламаларды дайындаушы. Орыс және қазақ тілдерінде жазылған «Ауа гигиенасы» оқу құралының авторы. Медико-профилактикалық және басқа да факультеттердің студенттеріне жалпы гигиенадан, медициналық экологиядан дәрістер оқиды.    
3. Анамбаева А.И. м.ғ.к, доцент Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен балалардың денсаулық жағдайларын зерттеу. Стоматология факультетіне арналған типтік және жұмыстық бағдарламаларды дайындаушы. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған жалпы гигиена бойынша «Гигиена лечебно-профилактических организаций» және «Гигиена детей и подростков» оқу құралдарының авторы. Стоматология факультетінің студенттеріне жалпы гигиена мен экологиядан дәрістер оқиды.
4. Аликеева Г.М. м.ғ.к., аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу Қазақ және орыс тілдеріндегі «Су гигиенасы», «Қазақстан аумағындағы бірінші медициналық қызметкерлері» оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Жалпы гигиена мен экологиядан дәрістер оқиды.
5. Молдақарызова А.Ж. б.ғ.к., аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Жалпы медицина, стоматология факультетінің студенттеріне «Экология және тұрақты даму» пәніне арналған жұмыс бағадарламасымен құрастырылған силлабусты қайта өңдеген. «Экология және тұрақты даму» мен «Жалпы гигиена» пәндерінен дәріс оқиды, практикалық сабақтарды өткізеді.
6. Ержанова А.Е. м.ғ.к., аға оқытушы. Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Жалы гигиена пәні бойынша Жалпы медицина және Мейірбике ісі мамандығына арналған ПОӘК құрастырысушы. «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Медициналық білім беру үлгісі» 1- бөлім- «Компетенция», 2- бөлім «Білім бағдарламасы» авторластырының бірі; «Жалпы гигиена» мамандығы бойынша студенттерге дәріс оқиды, практикалық сабақтар жүргізеді.  
7. Алимова Н.Е. аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. «Қоғамдық денсаулықты сақтау», «Фармация» мамандықтарына арналған экология жөніндегі жұмыстық бағдарламалар мен силлабустарды дайындаушы. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған жалпы гигиена бойынша «Гигиена питания» және «Гигиена детей и подростков» оқу құралдарының авторларының бірі. Фармацевтика факультетінің студенттеріне жалпы гигиенадан дәріс оқиды.
8. Бегимбетова Г.А. б.ғ.к., аға оқытушы   Жалпы медицина, стоматология, мейірбике ісі, фармацевтика, қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттеріне «Экология және тұрақты даму» пәніне арналған жұмыс бағдарламасымен құрастырылған силлабусты қайта өңдеген. «Экология және тұрақты даму» пәнінен дәріс оқиды.
9. Желдербаева М.К. м.ғ.к., оқытушы. Салыстырмалы аспектідегі кадмий мен қорғасынның улылығын зерттеу Жалпы гигиена пәні бойынша «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша дәріс оқиды. Жалпы гигиена эәне экология пәндері бойынша, барлық мамандықтағы студенттерге мемлекеттік тілде практикалық сабақтар жүргізеді. Кафедрада оқу әдістемелік материалдарды мемлекеттік тіліне аударуға қатысады.
11. Адилова М. Т. оқытушы   «Жалпы гигиена» оқулығының «Ауа ортасының гигиенасы», «Гигиенаның даму тарихы», «Тұрғын үй гигиенасы» тарауларының авторластарының бірі. Кафедрада жалпы гигиена пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығы, «Медико профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің 3 курс студенттеріне мемлекеттік тілде практикалық сабақтар жүргізеді. Кафедрада оқу әдістемелік материалдарды даярлауға, мемлекеттік тілдерге аударуға қатысады.
12. Сламқұлова С.Ш. оқытушы   Жалпы гигиена және экологиядан барлық факультеттер бойынша мемлекеттік тілде практикалық сабақтар жүргізеді. Кафедрада оқу әдістемелік материалдарды мемлекеттік тілдерге аударуға қатысады.
13. Шайхидинова Р.А. оқытушы   Жалпы гигиена және экологиядан барлық факультеттер бойынша мемлекеттік тілде практикалық сабақтар жүргізеді. Кафедрада оқу әдістемелік материалдарды мемлекеттік тілдерге аударуға қатысады.
  Досжан Б.Н. оқытушы ҚР Каспий маңы аймағының мұнай газ саласының экологиялық-экономикалық мәселелері «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның ПОӘК құрастыруға қатысады.
  Тоқжанова М.С. оқытушы   «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады.
  Айтжанова Г.М. оқытушы «Қоршаған орта факторларының студенттер денсаулығына әсерін зерттеу» «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады
  Кенесарина М.И. оқытушы Республиканың мұнай газ аймағындағы тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған орта жағдайын зерттеу «Экология және тұрақты даму», «Жалпы гигиена» пәндері бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады

1.7. Байланыс ақпараты:кафедраның орналасқан орны Төле-би 94, INTRO-IV, 2 қабат

Тел. 2926722, Факс 2926722

1.8. Пәннің саясаты:

Студент кафедраның келесі талаптарын орындауы тиіс:

- Сабаққа кешікпеуі; 3 кешігу себепсіз 1 сабақ жібергенге тең болады.

- Жіберілген дәрістер оқып өтелмейді, бірақ дәріс оқылған тарау бойынша білімдерін бақылау кезінде бағасы 1 баллға төмендетіледі және емтихан тапсыру кезінде қосымша сұрақ енгізіледі.

- Жіберілген сабақтарын оқытушы тағайындаған белгілі бір уақытта оқып өтеуі керек, жіберген сабақты уақытында өтемеген жағдайда баға 25% төмендейді.

- Оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс;

Тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмаларын орындау және талаптарға сәйкес нәтижесін жазу;

- Студенттің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) және (ОСӨЖ) оқытушымен бірге орындайтын СӨЖ тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындауы және оларды белгіленген мерзімде өткізуі тиіс; уақытында өткізбеген жағдайда бағасы 25% төмендетіледі.

- Тарау бойынша білімдерін (рубеждік) бақылауды өз уақытында тапсыруы тиіс, оларсыз емтихан тапсыруға рұқсат берілмейді, өз уақытында тапсырмаса әрбір аралық білімдерін бақылау жұмысына рейтингі 1 баллға төмендейді.

- Аудиторияда ақ халатта болуы тиіс.

 

2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе: Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды.

Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты.

Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның әрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера - адамзат” жүйесі барған сайын тепе-теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нәтижесінде әлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады.

Мәселені табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру нәтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, әлемде теңдесі жоқ қиын мәселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тәртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді.

Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігі де соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда экологиялық білім шешуші рөлді атқарады.

2.2. Пәннің мақсаты табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

2.3. Оқыту мақсаттары:

- тірі ағзалардың кеңістікте таралуын және сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын қалыптастыру;

- тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып білу;

- биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды әлемдік, аймақтық және жергілікті деңгейде шешуге қатысты білімді қалыптастыру.

- табиғи және антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы және олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауға дағдыландыру;

- биосфераның тұрақтылығын сақтау және адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуге дағдыландыру;

- тірі организмдер мен қоршаған ортаның әсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдануға дағдыландыру.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

- экологиялық үрдістерді талдап, қоғам және табиғаттың тұрақты даму бағыттарында нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды қалыптастыру;

- алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға, сондай ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдерін қалыптастыру

2.5. Реквизитке дейінгі: биология, экология, физика, химия,қазақстан тарихы, философия, математика және информатика, экологиялық құқық негіздері.

2.5. Реквизиттен кейінгі: Биохимия, микробиология, жалпы гигиена, қалыпты физиология, экономикалық теория, патологиялық анатомия, патологиялық физиология

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Экология бұл тірі ағзалар мен олардың тірішлік ету ортасы арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. "Экология" терминін (грек сөзі: ”oіkos” - ”үй”, ”тіршілік ету ортасы”; ”logos” - ”ғылым”) 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған. Ол өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866 ж.) кітабында экологияны биологияның бір бөлімі – қоршаған ортада ағзалардың тіршілік ету сапасы туралы ғылым деп атады.

Ол өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы» (1866 ж.) атты кітабында, биология тарауларының бірін экология – организмдердің қоршаған ортада өмір сүру жағдайлары туралы ғылым деді. Ежелгі гректің “oikos” осы ғылымның атьауы құралуы ғана емес, және адам игерген және тұрақтандырылған табиғатты белгілеу үшін «ойкумена» («эйкумена») ұғымын құраған. Адам космосты игеруімен «эйкумена» ұғымы жер шегінен әрі асты, ал экология, әзірше білім ретінде болмаса да, термин ретінде әрбір адамның санасына кірді. Қазіргі уақытта биология тарауларының бірі емес, онымен туыстығына география, саяси экономика, философия да, және жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың барлық кешені таласады. Оның үстіне, қазір экология ғылым ұғымының шегінен шығып, мемлекеттік және әрбір адамның алаңдау мен қамжеу затына айналды. Олай болса, экология барлығына қатысты, өйткені, егер экологиялық күйреу экологиялық апатқа дейін дамыса, ол ешкімді де аямайды. Қазiргi кездегi экология – бұл ғылым, өз ара қарым қатынасты оқытумен айналысады.

2.7. Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтардың оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының) тақырыптар, өткізу түрі және ұзақтығы, кеңес беру уақыты, аралық және қорытынды бақылау түрі

 

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Рет№ Дәріс тақырыптары Оқу сағаты-ның көлемі
  Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Экология бөлімдері.  
  В.И.Вернадскийдің биосфера – ноосфералық концепциясы.  
  Атмосфера гидросфера, литосфера – биосфераның негізгі элементтері. Ластану көздері.  
  Қоршаған орта және тұрғындар денсаулығы.  
  Тұрақты даму принциптері мен концепциясы. Қазақстанның тұрақты дамудағы болжамдары.  
  Барлығы:  

 

Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары

Рет№ Сабақ тақырыбы Оқу сағатының көлемі
  Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Тіршілік етудің негізгі ортасы және оған сипаттамасы  
  Популяцияның түр ретінде өмір сүруі және оның негізгі көрсеткіштері. Экожүйе, оның құрылымы және функционалды ұйымдастырылуы.  
  Биосфера құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің биосфера –ноосфералық концепциясы. (Биосфера және ноосфера жөніндегі В.И. Вернадский ілімі).  
  Адам қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыздау мәселелері. Урбанизация мәселелері. Елді мекеннің өсуі және оның сапасының өзгеруі.  
  Биосфераға негізгі антропогендік әсерлер. Атмосфера – биосфера элементі. Атмосфералық ауаның ластану көздері. Атмосфера ластануының тұрғындар денсаулығына әсері.  
  Гидросфера, Литосфера– биосфера элементтері. Топырақ пен су көздерінің ластану көзі мен сипаты және оның тұрғындар денсаулығына әсері.  
  «Тұрақты даму» және оның тұрақты даму концепциялары мен принциптерін іске асырудағы экологияның рөлі. Тұрақты дамудың әртүрлі деңгейдегі саясаты мен стратегиясы: жаһандық, аймақтық және жергілікті.  
  Қазіргі кездегі жаһандық экологиялық мәселелер бойынша халықаралық конвенциялар мен келісім шарттар. Тұрақты дамуды қамтамасыздаудың шынайы және мүмкіндік уақытша кезеңдері.  
  Табиғатты қорғау және тұрақты даму. Қазақстан Республикасының қорық аумақтары.  
  Барлығы:  

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының (ОСӨЖ)

тақырыптық жоспары

Рет№ Сабақ тақырыбы Оқу сағатының көлемі
  Экология пәнінің зерттеу міндеттері мен нысандары. Экологияның даму тарихы. Ағза біртұтас тірі жүйе ретінде. Ағза мен ортаның бір бірімен байланысы.  
  Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы.  
  Тұрақты даму концепциясын талдаудағы В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ғылымның негізін қалаушы рөлі.  
Ааралық бақылау  
  Қалалар мен ауылдық елді мекендердің мәселелері мен тұрғындар денсаулығы.  
  Атмосфераға антропогенді әсер ету. Атмосфераның жаһандық ластануының экологиялық салдары.  
  Гидросфера мен литосфераға антпопогендік әерлер. Гидросфера, литосфераның ластануының экологиялық зардаптары. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық аймақтары және республика аймағындағы елді мекен тұрғындарының денсаулық ерекшеліктері.  
  Тұрақты даму концепциясы туралы түсінік. Қазақстанның тұрақты дамудағы болжамдары. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуындағы өзекті экологиялық мәселелері.  
  Тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйымдар.  
  Аралық бақылау  
  Қоршаған орта және қала мен ауылдық елді мекен тұрғындарының денсаулығы  
  Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар.  
  Барлығы:  

 

Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы Өткізу түрі Сағат көлемі
Ағзалардың қоршаған орта факторларына бейімделуі. - Жарық экологиялық фактор ретінде. Фотопериодизм туралы түсінік. - Температура экологиялық фактор ретінде. - Су экологиялық фактор ретінде. Реферат, презентация, тест құрастыру    
Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары, санының реттелуі мен механизмі. Толеранттық диапазоны. Биотикалық байланыс. Миграция реттелу факторы ретінде. Бәсекелестік пен жыртқыштық реттелу факторы ретінде. Баяндама, тест құрастыру  
Экожүйенің автотрофты және гетеротрофты жиынтығы. Тағамдық тізбек, экологиялық пирамидалар. Экожүйеде термодинамика заңдарының қолданылуы, экожүйенің өнімділігі. Энергия ағымы және экожүйедегі заттар айналымы. Экожүйедегі үзіліссіз заттар айналымын сақтаудағы тірі ағзалардың рөлі Реферат презентация    
Гомеостаз және экологиялық сукцессия. Биосфера эволюциясы. Атмосфера, гидросфера, литосфераның физико-химиялық параметрлерінің өзгеруіндегі тірі ағзалардың рөлі. Биосфера тұрақтылығының механизмдері. Презентация пікірталас  
Биосферадағы тірі заттың планетарлық рөлі. Халықаралық саммиттер және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдардың ұсыныстары. Экологиялық мәселелерді шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. Презентация пікірталас  
Қазақстанның табиғи ортасының дестабилизациялануының себептері мен салдары. ҚР адамзаттық тұрақты дамуындағы экологиялық аспектілері Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамуға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша ұлттық жоспар. ҚР экологиялық саясаты. Реферат пікірталас  
Барлығы:  

 

2.8. СӨЖ тапсырмалары

I.Практикалық сабақта: жағдайлық есептерді шешу, тесттік сұрақтарға жауап беру, кроссвордтар мен тест сұрақтарын құрастыру, материалды талқылау барысында белсенді түрде қатысу.

II. СӨЖ: Берілген әдебиет бойынша тақырыпқа байланысты материалды талқылау, жаңа ақпараттарды іздестіру, рефераттар, презентациялық көрсетілімдер, баяндама, кроссворд, тесттерді құрастыру.

III ОСӨЖ: жағдайлық есептерді шешу, тесттік сұрақтарға жауап беру, кроссворд құрастыру, материалды талқылауға белсене ат салысу.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 934. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия