Студопедия — ТІСТЕР ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ,ФОРМУЛАСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТІСТЕР ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ,ФОРМУЛАСЫ






ТІСТЕР ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ,ФОРМУЛАСЫ

Тістер шырышты қабықтың тамақты механикалық өңдеуге арналған арналған сүйектенген өсінділері болып табылады.Адамда тістер екі рет алмасады уақытша сүт тістер және тұрақты тістер.Тіс,тіс сауытынан,мойынынан,және түбірінен тұрады.

Тіс сауыты қызылиектен жоғары орналасқан.Тіс сауытының тілдік беті,кіреберістік беті,түйісу беттері,алдыңғы беті,артқы беті,қабысу беті,ажыратылады.

Тіс түбірі сыртқы пішіні конус тәрізді,жоғарғы және төменгі жақсуйектің ұяшықтық өсінділерінде орналасқан.Әрбір тістің «1-3»түбірлері ажыратылады.Тіс түбірінің ұшында тіс ұшының тесігі болады.Тіс түбірі тіс сауыты мен тіс түбірінің аралығында орналасқан.Сыртқы беті тістің ызылиектен шырышты қабықпен қапталған.Қызылиекпен тіс мойнының аралығында қалташалар орналасқан.Тіс сауытының ішінде шағын келген тіс сауыт қуысы орналасқан.Қуыс тіс түбіріне қарай өтіп жіңішкелеу келе тіс түбірінің өзегіне жалғасып тіс ұшының тесігімен аяқталады.Тіс қуысының ішінде тісті қандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсақ заты орналасқан.Тіс затының құрылысы: тіс кіреукесі, дентин, цементТіс сауытының сыртқы беті эмальмен қапталған,түбірінің қалыңдығы цементпен қапталған.Дентин тіс қуысының сыртқы бетін қоршап орналасқан бастапқы тін болып табылады.Бір мм дентиннің ішінде 7500 Canaliculi dentails орналасқан.Тіс сауытының сыртқы беті көгілдір келген кіреукемен немесе эмальмен қапталған.Тіс түбірінің жанында орналасқан іркілдеген дәнекер тіндер және олардың жасушалық элементтері бірлесіп тіс түбірінің қалдығын немесе перидонтты құрайды.сүйек аралық байланысты қаағу немесе gomphosis деп атайды. Тіс жалпы пішініне атқаратын қызметіне қарай:күрек,ит,кіші азу және үлкен азу тістерге бөледі.Күрек тістер тамақты тістеу үшін,ит тістер қорғаныш,кіші улкен азу тістер шайнау,ұнтақтау қызметін атқарады.Тістер симетриялы орналасқан 2 курек тіс,бир ит тіс 2кіші азу тіс,үш үлкен азу тістерден тұрады.Сүт тістердің тұрақты тістерден айырмашылығ жалпы саны 20. Формуласы: Ересек адамдардың тұрақты тістерінің жалпы формулаcы: барлығы 32

 

16.ЖҰТҚЫНШАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗМЕТТЕР І

.

. Жұтқыншақ, pharynx, асқорыту түтігі мен тынысалу жолдарының, бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы бөлік болып табылады. Ол бассүйек негізінен 6-7 мойын омыртқаларына дейін созылады. Жұтқыншақтың ішкі кеңістігін жұтқыншақ қуысы, cavitas pharyngis, құрайды. Ж. мұрын мен ауыз қуыстары және көмейдің артында, шүйденің базилярлы бөлігінің және жоғарғы мойын омыртқаларының алдында орналасқан. Ж.-н алға қарай орналасқан ағзаларға сәйкес оны 3 бөлікке бөледі: pars nasalis, pars oralis, pars laryngea. Ж.-ң бассүйек негізіне жанаса жатқан жоғарғы қабырғасы – күмбез, fornix pharyngis,д.а.

Мұрындық бөлігі, pars nasalis pharyngis, қызметі жағынан таза тынысалу бөлімі болып табылады. Ж.-ң басқа бөлімдерінен өзгешелігі, оның қабырғалары қозғалмайтындықтан қабыспайды. Мұрындық бөлігінің алдыңғы қабырғасын хоандар алып жатады. Латералды қабырғаларында есту түтігінің бір-бірден құйғыштәрізді есту түтігінің ж.-қ тесігі, ostium pharyngeum tubae жатады. Түтіктің тесігі, үсті мен астыңғы жағынан осы жерде есту түтігі шеміршегінің томпаюынан пайда болатын, түтік буылтығымен, toruc tubarius шектелген. Ж.-ң жоғарғы жіне артқы қабырғалары шекарасындағы ортаңғы сызық бойында лимфа тіндері жиыны, tonsilla pharyngea s. Adenoidae орналасады. Лимфа тінінің басқа, жұп жиыны, түтіктің ж.-қ тесігі мен жұмсақ таңдайдың арасында, tonsilla tubaria жатады. Сөйтіп, ж.-қа өтетін лимфалық түзілістердің түгелге жуық сақинасы орналасқан: тіл бадамшасы, екі таңдай бадамшасы,екі түтік және ж. бадамшалары (Н.И.Пирогов-Вальдейердің лимфоэпителилі сақинасы).

Ауыздық бөлігі, pars oralis ж.-ң ортаңғы бөлімі болып табылады, ол алдыңғы жағында аран, fauces арқылы ауыз қуысымен жалғасады; артқы қабырғасы 3 мойын омыртқасына сәйкес келеді. Қызметі жағынан ауыздық бөлігі аралас болып табылады, өйткені онда асқорыту және тынысалу жолдары қиылысады. Асқорыту жолының бастық бөлімі мұрын қуысы мен тыныс алу жолдары арасында орналасып, жұтқыншақ аймағында асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысады.

Көмейлік бөлігі, pars laryngea ж.-ң төменгі бөлімі болып табылады, ол көмейдің арт жағында орналасып, көмей кірісінен өңеш кірісіне дейін созылып жатады. Алдыңғы қабырғасында көмейге кіретін жер кірісі орналасқан. Ж. қабырғасының негізін ж.-ң фиброзды қабығы, fascia pharyngobasilaris, құрайды, ол жоғарғы жағында бассүйек негізінің сүйектеріне бекиді, іш жағынан шырышты қабықпен, ал сырт жағынан бұлшықетті қабықпен жабылған. Бұлшықетті қабық өз кезегінде сыртынан жұқалау фиброзды тін қабатымен жабылған, ол жұтқыншақ қабырғасын айнала қоршаған ағзалармен байланыстырады да, ал үстіңгі жағында m. buccinator-ға аусып, fascia buccopharyngea деп аталады.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2341. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия