Студопедия — тақырып. Коммерциялық банктер қызметініңқаржылық нәтижелерін басқару
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

тақырып. Коммерциялық банктер қызметініңқаржылық нәтижелерін басқару






Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:

· ссудалық бизнес;

· дисконттық бизнес;

· сақтау бизнесі;

· банктік кепіл беру қызметі;

· бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;

· салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;

· басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;

· дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Сссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады: 1) сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз және 2) факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттікқызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес, трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.

Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:

1) банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;

2) оларды нарықта сату;

3) кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарымен қайталама нарықтағы операциялары.

Мұндай бинестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады: 1) өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан; 2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекшелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізіу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия.

Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айрысу үшін және несие алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.

Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:

· комиссиондық сыйақылар:

а) шот ашқаны үшін;

б) шотты жүргізгені үшін;

· белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде);

· айналымнан алынатын комиссия (айналымнан % түрінде алу):

в) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін;

г) шотты жабу үшін;

д) қолма-қол ақша беруге немесе есеп айрысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін.

· Банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы;

· Дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және т.б алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.

Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

1. пайыздық табыстар;

2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;

3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пенялар және т.с.с.)

Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді.

Ссудалық пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Ссудалық пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:

· несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және т.с.с.;

· несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық;

· ссудалардың мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз, ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз;

· ссудалар түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы;

· операциялар түрлеріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;

· есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және т.б.

Комиссия – банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда “comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

Табыс көздері екіге бөлінеді:

· тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;

· тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады.

Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:

· пайыздық шығыстар;

· пайызсыз шығыстар;

· басқа да шығыстар.

Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету және мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады.

Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады.

Басқа да шығыстар, банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып-сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды.

Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығыстарды мынадай түрлерге бөледі:

· банктің операциондық және түрлі шығыстары: банктің төлейтін салықтарының бір бөлігі, (мүлік, жол, көлік құралдары, жер, ҚҚС, яғни бұл салықтар банктің операцияларының өзіндік құнына жатады) тартқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың және материалдық емес активтердің тозуы, жалгерлік шығыстары, жарнама, есептесу орталықтарының, пошта және телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасымалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығыстар және капиталдық емес сипатттағы басқа да шығындар;

· басқару аппаратын ұстау шығыстары: жалақы, сыйлықақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды және жеңіл машиналарды ұстау, күзет үшін шығыстар, іс-сапар және кеңсе заттары үшін шығыстар, яғни олар пайызсыз шығыстарды білдіреді;

· банктің төлейтін айып пұлдар, пенялары және т.б. шығыстары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [5. 219-222, 7. 210-212, 8. 181-184 бет],

Қосымша: [3. 14-19, 5. 13-15 бет],

Бақылау сұрақтары:

1. Банктің табыстары дегеніміз не?

2. Банк табыстары қандай көздерден құралады?

3. Пайыздық табыстарға не жатады?

4. Пайызсыз табыстарға не жатады?

5. Банк шығыстарын не құрайды?

6. Пайыздық шығыстарға нелер жатады?

7. Пайызсыз шығыстар түрлері қандай?

 

Тақырып. Банк ашу және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Қайтақұрылымдау. Қайта ұйымдастыру. Банктерді консервациялау. Банктерді тарату. Қазақстан Республикасында банктік қызметті реттеу және қадағалау.

Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі. Банктік лицеңзия түсінігі.

Банктік заңдарда банктердің жарғылық қоры қандай көздердең құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жекеменшік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құралады.

Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып табылады да, ол акция шығару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады.

Алғашқы жарғылық және резервтік қорлар қорлардың ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк бекітеді. Жарғылық қор жаңа акционерлерді тарту, құрылтайшылардың қосымша акцияларды сатып алуы, мүлік құнын қайта бағалауда, дивидеңдтерді қайта инвестициялау жолдары арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық қорды мөлшерін көбейту не азайту акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады. Жарғылық қордың өзгеруі Ұлттық банкте тіркеледі.

Алдын ала белгіленбеген шығындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады. Ол – банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен, жарғылық капиталы сомасының 25 % көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқармасының шешімі бойынша жұмсалады.

Сақтандыру және басқа да арнайы мақсаттағы қорлар банктің табысынан аударымдар жасау арқылы құрылады, олар басқарма және жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша жұмсалады.

Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.

Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.

Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды. Банктің заңдар мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады

Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:

- рұқсат беруге арыз;

- экономикалық негіздеме;

- алдағы 2-3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжалды жоспар;

- құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға мен бас бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы жайлымәліметтер;

- құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды;

- жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтынқұжат.

Сонымен қатар, бірлескен немесе шетелдік банк және де олардың еншілік банктерін кұруға рұқсат алу үшін келесідейқұжаттар қажет:

- құрылтайшы заңды тұлғалар үшін: олардың заңды мәртебесін растайтын, жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған балансы; Қазақстан аумағында шетелдік банк құруға немесе қатысу жөніндегі шетел құрылтайшыларының сәйкес органдарының рұқсаты; шетел құрылтайшысы келген елдің бақылау органының Қазақстан аумағындағы шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама.

- құрылтайшы жеке тұлғалар үшін: шетелдік беделді банктің осы тұлғаның төлем қабілеттігін куәландыруы қажет. -

Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары (акционерлер) ретінде бола алады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушысы болаалады.

Кез келген құрылтайшылардың, қатысушылардың (акционерлердің) қатысу үлесі мемлекеттең және еңшілес банктерден басқалары үшін жарғылық қорды 35%-ан аспауы тиіс.

Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз-құжатты алған мерзімнең бастап, 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

4) Банк ашуға рұқсат алу;

5) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

6) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

· рұқсат алу үшін беретін өтініші;

· құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);

· банктің жарғысы (түп нұсқа);

· банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

· құрылтайшылар туралы мәліметтер;

· құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

· құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

· егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

· егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бугалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

· банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесініде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;

· жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

· жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

· жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

· жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;

· тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;

· нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаттың;

· басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.

Қаржылық қадағалау комитеті банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау комитеті рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау комитетінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау комитетінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау комитеті қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады: брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен; дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен; кастодиандық; клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау комитетінен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық қадағалау комитетінiң келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым салынады..

Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау комитетінің келісімімен ашалады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:

- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;

- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;

- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;

- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелегентүрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, ҚР Қаржылық қадағалау комитетінің келісімі негізінде құрылатын бантік аумақтық бөлімшесі.

ҚР ҰБ Қаржылық қадағалау комитетінің екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

- банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған “Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау комитеті (кейін, 2011ж. - ҚР ҰБ Қаржылық қадағалау комитеті) екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады: пруденциялық нормативтер белгілеу; банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару; банктердің қызметін тексеру; банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру; банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану; банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: жарғылық қордың ең төменгі мөлшері; меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті; бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері; өтімділік коэффициенті; ашық валюталық позиция лимиті; негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

-

Банктердің пруденциялық нормативтерді сақтауына ҚҚА-гі бақылау жасайды. Банктер пруденциялық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа да нормалар және лимиттерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерін бұзса, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерібанктің қаржылық жағдайына және тұрақтылығына, немесе депозиторлары мен клиенттерінің мүддесіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасаса, ондаҚР Қаржылық қадағалау комитеті шектелгенықпал ету шараларының мынадай түрлерін қолдануы мүмкін: а) міндеттеме-хатты талап ету; ә) банкпен жазбаша келісім жасау; б) ескерту жасау; в) орындауға міндетті бұйрық хат беру.

Міндеттеме хаты – банктн бар кемшіліктерді мойындап, банк басшылығы оларды қатаң түрде белгіленген мерзім ішінде жою бойынша дайындығы.

Жазбаша келісімі – анықталған кемшіліктерді дереу жою және онымен байланысты бастапқы шараларды бекіту туралы банкпен Ұлттық банк арасындағы келісімі.

Ескерту хаты – ҚР Қаржылық қадағалау комитетінің банктік заңдылықпен қарастырылған санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы банкке хабарлауы.

Бұйрық хат – ҚР Қаржылық қадағалау комитетінің айқындалған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға нақты шараларды қолдану қажеттілігі туралы банкке тапсырмасы.

ҚР Қаржылық қадағалау комитеті тәртіп бұзушылықтың түріне қарай жоғарыда аталған ықпал ету шараларының біреуін немесе бірнешеуін қолдануы мүмкін.

ҚР Қаржылық қадағалау комитеті шектелген ықпал ету шараларын қолданумен қатар банкке банктік заңдылықпен көрсетілген санкцияларды қолдану мүмкіндігін депайдаланады.

Банкке шектелген ықпал ету шараларының бір түрін қолдану, оған бұның алдында қолданған шараларды тоқтатпайды.

Егерде банк өзіне қолданған шектейтін ықпал ету шаралары қарастыратын міндеттерді орындамаса,ҚР Қаржылық қадағалау комитеті оған қосымша банктік операциялардың түрлерімен айналысуға лицензия беруге немесе филиал ашуға рұқсат беруден бас тартуы мүмкін.

Санкциялар. ҚР ҰБ Қаржылық қадағалау комитеті банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде төмендегідей шараларды жүзеге асырады:

а) Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл салу және өндіріп алу;

ә) барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды жою;

б) банкті консервациялау;

в) белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу.

ҚР Қаржылық қадағалау комитеті тарапынан екінші деңгейдегі банктердің банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензия қайтарылып алғаннан соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданғанға дейінбанктік операцияларды жүргізу тоқтатылады.

Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғаннан кейін,ҚР Қаржылық қадағалау комитеті ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке беріледі. Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдарының құзыреті тоқтатылады. ҚР Қаржылық қадағалау комитеті банктік операцияларды жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді.

Банкті консервациялау - банктің қаржылық жағдайын сауықтандыру және оның жұмысының сапасын жақсарту мақсатында өкіліетті ұйымның шешімі бойынша әкімшілік, заңи, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де шаралар кешенін мәжбүрлі түрде қолдануды білдіреді.

Банк мынадай жағдайларға байланысты консервациялауға жатуы мүмкін:

- меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициентін жүйелі түрде (соңғы үш ай ішінде) орындамауы;

- ҚР-ға банктер және банктік қызмет туралы заңның 48 бабында көзделгендерге байланысты.

Банкті консервациялар шаралары сол банктің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асады.

Банктің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда,ҚР Қаржылық қадағалау комитеті оның акционерлері алдында қаржылық жағдайын сауықтыру қажеттілігі туралы, басшылықты ауыстыру немесе банкті қайта құру мәселесі туралы талап қояды және төмендегідейұсыныстар береді: депозиттерді қабылдауды шектеу туралы; жарғылық капиталды көбейту туралы; дивиденттерді төлеуді тоқтату және провизияларды көбейту туралы;

– жеке филиалдар мен өкілдіктерді жабу және қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды қысқарту туралы;

– банктің кез келген лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін жұмыстан уақытша немесе мүлдем босату туралы;

– жоғары тәуекелдік деңгейіндегі банктік операциялардың кейбір түрін шектеу немесе тоқтату туралы.

Депозиттерді айналымға жіберу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақпартты анықтау мақсатымен банктерге тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар заңға сәйкес, банктердің ерікті түрде қайта құрылуы көзделеді. Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуға мыналар жатады:бірігу; қосылу; бөліну; қайта түрлену.

Банк акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешім банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына негіз болып табылады.

Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі:

- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы туралы ең жоғары басқару ұйымының шешімі;

- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының шартын, нысанын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;

- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуынан кейін жасалатын есеп айырысу балансын қамтитын, ерікті түрде қайта ұйымдастырылунының салдарына байланысты қаржылық болжам.

Банктің несиелік серіктестікке айналуына байланысты жоғарыда атлаған құжаттарға қоса банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензия мен соңғы есептік күнге жасалған бухгалтерлік балансын тапсыруға тиіс.

Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға ұсынылған құжаттар қабылданған күнен бастап екі ай ішінде қаралады.

Жалпы банктер мынадай жағдайларды таратылады:

- құзіретті ұйымның рұқсатының болуына байланысты оның акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті түрде тарату);

- ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес соттың шешімі бойынша (мәжбүрлі түрде тарату).

Мәжбүрлі түрде банкті таратуды арнайы құрылған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Банкті таратуға байланысты шығыстардың барлығы таратылатын банктің есебінен жабылады.

Банкті тарату туралы шешім шығарған күннен бастап, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) банк мүлкін иеленуге құқы болмайды. Банктің мүлкін бағалауды және оны сатуды тарату комиссия жүзеге асырады. Аралық тарату балансы мен кредиторлардың талаптарының реестрін құзіретті ұйым бекітеді. Тартып біткен соң тарату комиссиясы сотқа тарту балансы мен тарату таралу есебін тапсырады, сондай-ақ барлық құжаттарды құзіретті ұйымға хабарлай отырып, мұрағатқа (архив) тапсырады.

Қазақстандық банктік тәжірибеде жоғарыда аталған екі жағдай бойынша банктердің таратылуы орын алады. Соның нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер саны біршама азайды, яғни бірігу, қосылу, бөліну немесе өзге банктік емес ұйымға айналу шаралары іске асты.

Банктік қызметті бақылау мен қадағалау. Несие-банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болыпи табылады. ҚР-ң банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мәселелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған КЕШЕНді шаралар жиынтығы ұсынылады.

Банктер үстінең жасалатын бақылау мен қадағалауды халықаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

Республикамызда банктердің үстінең халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, Базель банктік б







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1384. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия