Студопедия — Тақырып. Коммерциялық банктердің өтімділігін және төлем қабілетін басқару
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Коммерциялық банктердің өтімділігін және төлем қабілетін басқару






 

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі. Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелерін нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл-хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

· депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

· тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

· активтерді зиянсыз сату;

· тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

· банк капиталының базасы;

· банк активтерінің сапасы;

· депозиттердің сапасы;

· сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;

· мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;

· сауатты менеджмент;

· банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

· елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;

· бағалы қағаздар нарығының дамуы;

· банкаралық несие нарығының дамуы;

· қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;

· Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:

1. “Қаражаттардың ортақ қоры” әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Осы әдісте қаражат өтімділігінің адекватты деңгейінің, яғни “табыстылық-өтімділік” арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер көлемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек, олар неғұрлым көп болса, соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі келеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.

2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне – “банктегі банктер” әдісі жатады. Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.

Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын “табыстылық–өтімділік” орталары анықталады. Мұндай орталар “банктегі банктер” деп аталады, яғни банкте “талап ету салымдар банкі”, “мерзімді салымдар банкі” және “негізгі капитал банкі” болады Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан “талап ету салымдар банкісі” қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал, талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді ссудаларға беріледі. “Мерзімді салымдар банкі” мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

“Банктегі банктер” әдісінің “қаражаттардың ортақ қоры” әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

3. Активтерді басқарудың “ғылыми басқару” әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі:

– баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффициенттер негізінде;

– сәйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айнымалдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.

Коэффициенттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

1. Алғашқы резервтер (касса + Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер;

2. (Алғашқы резервтер + Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер)/ Депозиттер

Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5–10 %-дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15–25 %-дан, Жапонияда 30 %-дан төмен емес болуы міндетті.

АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі - берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділік бар: бұл қатынастың мәні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасындағы үлесі есептелінеді, ол активтердің диверсификациясын көрсетеді. Бұл көрсеткіш 65–70% аралығында болуы керек. Және активтің қолма-қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.

Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады.

Депозиттер тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету депозиттері + жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің (мерзімді және жинақ салымдары) тартылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде есептелінеді. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді.

Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады, оның формуласы:

 

Орталық банк және басқа да банктерден алынған қарыздар

 

Тартылған қаражаттар сомасы

 

Көптеген елдерде, мысалы Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, коммерциялық банктің өтімділік көрсеткіштері мерзім бойынша топтастырылған баланстың активті және пассивті баптардың қатынасы негізінде есептелінеді. Мысалы, 3 ай мерзімге салынған активтер осы мерзімге тартылған талап ету депозиттерге, мерзімді депозиттерге және басқа да ресурстарға қатынасы арқылы өтімділік коэффициенті шығарылады.

Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланстық қатынастар негізінде есептелген қаржылық коэффициенттерімен толық бағаланбайды. Сондықтан банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді.

Осы әдістің қиыншылығы – кейбір қаржылық құралдары бойынша төлем мерзімдері талап етілгенге дейінгі депозиттер қарастырылмаған, ал екінші қиыншылығы – бөлек қарыздарды өтеу перспективасын дұрыс бағалауда жатыр. Сол себептен осы әдістің қолданылуы мынаны білдіреді:

- Активтер мен пассивтер бойынша төлем мерзімдері туралы ақпараттың жоғары сапалылығы мен уақтысында алынуы.

- Банктің қарыздар мен депозиттер жағдайының өткен және болашақтағы тенденцияларын талдаудың жоғары сапалылығы.

Осы әдіс Жапония, АҚШ және басқа да еуропа елдерінде кеңінен пайдаланылады.

Біздің тәжірибемізде пруденциалдық нормативтер қатарындағы өтімділік коэффициенті көмегімен активтер мен міндеттемелерді өзара салыстыру арқылы банк өтімділігіне баға беріледі.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [1. 219-222, 2. 210-212, 5. 181-184 бет],

Қосымша: [ 3. 14-19, 7. 13-15 бет],

 

Бақылау сұрақтары

1. Банк өтімділігі дегеніміз не?

2. Банк міндеттемелері нешеге бөлінеді?

3. Банктің өтімді активтеріне не жатады?

4. Банк өтімділігін қандай факторлар ықпал етеді?

5. Банк өтімділігін басқару әдістеріне не жатады?







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1819. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия