Студопедия — Тақырып. Төлем жүйесін ұйымдастыру
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Төлем жүйесін ұйымдастыру






 

Отандық банк тәжірибесінде қолданылатын электрондық қызметтері жаңа қызмет түрлерін білдіреді.

Банктің электрондық қызметі бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердіңэлектрондық қызметтері.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі – Банк пен клиент арасындағы төлем операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысан бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі.

Мұндағы есеп айырысу операцияларының жылдамдатылу қағаз формасындағы құжаттардың орнын, банкке электрондық байланыс жолдары арқылы жеткізілетін олардың электрондық үлгілерімен айырбастау және төлем құжаттарын автоматты түрде өңдеу нәтижесінде жүзеге асады.

Мұндай жүйлердің техникалық негізіне құжатты әр түрлі санкцияланбаған құбылыстардан қоғайтын арнайы технология немесе шифрлау жүйесі мен электрондық сандық қолтаңба жатады. Банк пен клиент арасындағы құжат алмасу “Банк клиенті” ішкі жүйесі арқылы жүзеге асады.

Электронды сандық қолтаңба - банк пен клиент арасында есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының тұпнұсқалығын және ондағы мәліметтердің шынайылығын растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілддік беретін және есеп айырысу процессінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді.

“Банк клиенті” ішкі жүйесі мынадай қымет атқарады:

- төлем құжаттарын даярлау;

- қол қою және жіберу;

- құжаттарды және банктен берілетін шоттың көшірмесін қабылдау;

- құжаттарды қарау және мөр басу;

- құжаттардың архивін жүргізу.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінде қолданылатын құжаттарға мыналар жатады:

- клиентің төлем тапсырмасы;

- Клиенттің ағымдағы шотына ақша қаражаты түскендігі туралы хабарлама;

- Клиенттің шоттары бойынша көшірме.

Клиентің жіберген құжаттарын қабылдай отырып, банк төлем құжатындағы электрондық сандық қолтаңбаның сәйкестігін және құжаттың дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексереді.

Home-banking – банкоматтарды, электрондық есеп айырысу жүйелерін пайдалану арқылы және үйінде отырып банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін халыққа арналған банктің электрондық қызметі.

Жеке компьютерді банктік компьютерлер жүйесіне қосу арқылы банк клиенттері мынадай қызметтерді пайдалана алады:

- ағымдағы күндегі шот балансын алу,

- белгілі бір уақыт ішіндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебін алу

- ақшалай аударымдар мен төлем жасау,

- кредиттік және өзге пластикалық карточкалар шығаратын эмитент компаниялардың қызметін төлеу,

- бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

Интернет банкинг - Internet banking - банкке келмей-ақ Интернет жүйесін пайдалану арқылы клиенттергі банктің операцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін банктің электрондық қызметі.

Интернет банкингқызметін заңды және жеке тұлғаларға арналған Интернетті пайдалану арқылы клиенттер мынадай банк қызметін жүзе асырады: ақшлай аударымдар мен төлемдер жасайды, валютаны сатып алады және сатады, карточкалық шоттарына қаражат асала алады, шоттың көшірмесін алады.

Қазіргі кезде отандық банктер тәжірибесінде халықаралық және Қазақстанның ішінде жылдам ақшалай аударымдар жасау біршама дамып отыр. Ондай аударымдардың біріне Western Unіon аударымдар жүйесі жатады. “Western Unіon” сөзінің қазақ тіліндегі аудармасы “Батыс Одағы” деген ұғымды білдіреді.

Western Unіon 1871 жылы құрылған халықаралық корпорация және оның бүгінгі күні жер шарының 180 елінде 80 мыңнан астам өкілдері қызмет етеді.

Western Unіon аударым жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:

- ерекше банк қызметі, ақшалай қаражатты жөнелтушіге және оны алушыға банктік шот ашудың қажеттігі жоқ;

- жылдам аударым, аударым жылдамдығы 5-10 минут;

- қауіпсіз, жөнелтуші туралы нақты мәліметтерді білсеңіз, аударымды ала аласыз;

- қол жетімділік, жер шарының кез келген нүктесіне аударым жасау мүмкінідігі;

- сенімділік, компания әрбір аударымға компания кепілдік береді.

Western Unіon жедел аударымы банктің тек жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметіне жатады.

Қазақстанда Western Unіon халықаралық корпорация ең алғаш өкілі “Банк ЦентрКредит” АҚ болып табылады.

Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасау шарты мынадай:

- Жеке куәлігін неме төлқұжатын көрсету керек;

- СТТН болуға тиіс;

- Алушының аты-жөнін көрсету;

- “Ақшаны жөнелту” құжатының формасын толтырып, оған қол қою қажет;

- Жөнелтетін соманы банкке тапсыру.

Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар әлемнің кез келген жерінде алушыға төленеді. Банк ақшалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады.

Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударымды алу шарты төмендегідей:

- Жеке куәлігін неме төлқұжатын көрсету керек;

- СТТН болуға тиіс;

- Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын, елін, аударым сомасын көрсету қажет;

- “Ақшаны алу” құжатының формасын толтырып, оған қол қою керек;

- “Ақшалай аударымды алуға қосымша” құжат формасын толтырып, оған қол қою керек.

Сонымен қатар банк операторы Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасалғандығын тексереді және ақпарат нақтыланған жағадайда ақшалай аударымды алушаға тиісті сома беріледі.

Кей жағдайда банктерде ақшалай аударымды алушыдан аударым жасалған бақылау номерін сұрауы мүмкін, егер ақшаны жөнелтуші ақшаны алушыға ол номерді хабарлаған жағадайда. Бұл номер негізінен операторға копьютерден ақшалай аударымды алушының аты-жөнін тез іздеп табу үшін қажет.

Бүгінгі күні Western Unіon халықаралық корпорациясы өкілі Қазақстандағы бірқатар банктермен келісім жасаған. Олардың ішінде бұл жүйенің қызметін алғаш көрсетуші “Банк ЦентрКредит” АҚ.

Сонымен қатар, отандық банктеріміз тәжірибесінде жек тұлғалар үшін банктік шот ашпай-ақ Қазақстан аумағында жедел аударымдар жасау қызметі көрсетіледі. Мұндай жедел аударымдарды осы қызметті көрсететін банктердің филиалдарынан бірнеше минуттардан кейін теңгеде алуға болады.

Мұндай жедел ақшалай аударымдардың өзіндік ерекшеліктері бар және оны аударым жасау немесе алу шарттарынан байқауға болады.

Жедел ақшалай аударым жасау шарты мынадай:

- Жеке куәлігін көрсету керек;

- СТТН болуға тиіс;

- Алушының аты-жөнін көрсету;

- “Ақшаны жөнелту” құжатының формасын толтырып, оған қол қою қажет;

- Жөнелтетін соманы банкке тапсыру.

Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар сол банктің филиалдары орналасқан жерлерде алушыға төленеді. Банк ақшалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады.

Жедел аударым бойынша ақшалай аударымды алу шарты төмендегідей:

- Жеке куәлігін көрсету керек;

- СТТН болуға тиіс;

- Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын, елін, аударым сомасын білуі қажет;

- “Ақшаны алу” құжатының формасын толтырып, оған қол қою керек;

Сонымен банк операторы жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасалғандығын тексереді және ақпарат нақтыланған жағадайда ақшалай аударымды алушаға тиісті сома беріледі.

Кей жағдайда банктерде ақшалай аударымды алушыдан аударым жасалған бақылау номерін сұрауы мүмкін, егер ақшаны жөнелтуші ақшаны алушыға ол номерді хабарлаған жағадайда. Бұл номер негізінен операторға копьютерден ақшалай аударымды алушының аты-жөнін тез іздеп табу үшін қажет.

Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары. Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

- банктік шоттар ашу;

- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

- алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

- төлемнің шартын өзгерту не қайтару;

- валюталық операцияларға бақылау жасау;

- шоттың архивін беру;

- шоттан қолма-қол ақша беру;

- ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

- банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;

- құндылықтарды жеткізіп беру.

Отандық банктер есеп айрысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.

Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.

Қолма-қол ақшалармен есеп айырысуларбұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.

Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.

Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларклиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады: төлем тапсырмасы; төлем талабы-тапсырмасы; инкассалық үкім; чекпен есеп айырысу; вексельмен есеп айырысу; төлем карточкаларымен есеп айырысу.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс: төлем құжатының атауы; төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы; ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды; ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды; бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды; бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды; төлемнің тағайындалу коды; санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы; төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса); бенефициардың және ақшаның аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН).

Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресі, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы “Қазақстан Республикасыныңың Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу ережесі туралы” ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен N388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысумынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісім-шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылытын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орандау парағымен берге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне “ жартылай төленді ” деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат соамсы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тиым саланды. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

сатушы белгісіз болған жағдайда.

Вексель -белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы білгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары - пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.

Банкомат – банктік карточка көмегімен және ондағы сақталған қаражат көлемінде, оның иесіне қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін автоматандырылған құрылым.

Банкоматтан карточка көмегімен ақша алу үшін әрбір карточка иесіне арнай ПИН-код тағайындалып атаулы карточка беріледі.

Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісім-шарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.

Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos- терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. құрылғылары орнатылады.

Pos(ағыл. Point of Sale – сауда орны) – эквайрер банкпен өзара жасалған келісім-шартқа сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.

Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:

1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;

2) халықаралық, яғни әлемдің банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.

Тәуелсіз алған жылдары Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы Әлем банк кредитік карточкаларын шығарды. Кейіннен Халық банктің Алтын карточкалары айналысқа шықты.

Төлем карточкаларымен есеп айрысулар слиптің комегімен жүзеге асырылады.

Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) - төлем карточканы пайдаланып операция жаслғандығын растайтын есеп айрысу құжаты.

Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

- Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;

- Операцияның жасалған күні;

- Операция сомасы және валютасы;

- Эмитент банктің операцяиларды авторизациялауды растайтын коды;

- Банктік карточканың өзіне тән белгілерері;

- Слипте карточканы ұстаушының қолы.

Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.

«Он-лайн» режимі (ағыл. on-line – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаның көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. Оn-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.

«Офф-лайн» режимі (ағыл. off-line – қолжетімсіздік) - банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бектілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуға тиіс:

· кіріс кассасы;

· шығыс кассасы;

· кіріс-шығыс кассалары;

· қайта санау кассасы;

· кешкі касса;

· сыртқа шығатын касса;

Банк кассасына клиенттерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:

1) қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

2) кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқа да құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы-бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.

Бақылаушы-бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда, банктегі бұйрыққа байланысты, оның міндеті кассирге жүктеледі.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып, одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдап алады.

Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаны тапсырушының ақшалары болуға тиіс.

Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке “Кіріс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді.

Егер қолма-қол ақшаны тапсырушының тапсырған сомасы мен кіріс кассалық құжатындағы сомасы арасында сәйкессіздік анықталса, сондай-ақ күмәнді ақша белгілерінің барлығы айқындалса, онда кассир бастапқы құжатты қайта сызып тастап, оның келесі бетіне ұсынылған соманы көрсетіп жазады да өзінің қолымен оны куәландырып, клиентке түбіртекті береді. Ал, кіріс кассалық құжаттар операциондық жұмыскерге қайтарылып, онда нақты өткізілген қолма-қол ақша сомасына қайта рәсімделініп, бақылаушы бухгалтерге қайтарылады, ол кассалық журналдағы көрсетілген соманы сызып тастап, қайтадан жаңа соманы жазады.

Күмәнді ақша белгілерін кассир, касса меңгерушісінің және клиенттің қатынасумен ақша белгілерін сараптамаға қабылдау туралы екі данада акті жасайды. Актіде: күні, сондай ақшаны анықтаған кассирдің аты-жөні, клиенттің аты-жөні, банкноталардың номиналдары, сериялары мен номерлері, сондай-ақ ақша белгілерінің жарамсыздық сипатының белгілері көрсетіледі және бұл актіге кассир, касса меңгерушісі және бас бухгалтер қолдарын қойып, банктің мөрі басылады. Актінің бірінші данасы банкте қалдырылып, екіншісі клиентке беріледі. Алынған күмәнді ақша белгілері Ұлттық банктің тиісті бөлімшелеріне сараптамаға жіберіліп, олардың жарамдылығы анықталған жағдайда, клиентке басқа ақша белгілері айырбасталып беріледі.

Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

1) ақшалай чекпен;

2) шығыс кассалық ордермен.

Басқа да құндылықтарды беруде баланстан тыс ордерлер рәсімделеді.

Банк клиенті қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге береді, ол құжаттарға сәйкесінше тексерулер жүргізіп, оларды бақылаушы-бухгалтерге береді, сөйтіп шығыс кассалық ордерінде көрсетілген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөніндегі кассалық журналда есепке алынып, қолма-қол ақшаны алушы клиентке ақшалай чектің бақылау маркасы немесе шығыс кассалық ордердің екінші данасы кассаға көрсету үшін беріледі.

Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер (кассир) мынадай жұмыстарды жүргізуге міндетті:

1) қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктің жауапты тұлғалардың қолдарының барлығын тексеріп, оны қол қою үлгісімен салыстыруға.

2) құжатта көрсетілген соманы саны мен жазба түрдегісін салыстыруға;

3) клиенттің лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгіде қойылған қолдарымен өзара салыстыруға.

Содан соң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегі номері бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан соң ақшасын береді.

Қайта есептеу кассасы клиенттің инкассацияланған ақшалай түсімдерін қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирі, бақылаушы кассирдің қатысумен кешкі кассаның кассирінен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап, ақшаны оған тіркеме құжаттар негізінде қайта санаудан өткізіп, қабылдап алады.

Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелерді кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексереді:

1) келіп түскен сөмкелердің тұтастығын (жыртығының жоқтығын, жамалмағандығын, пломбының бұзылмағандығын, жіптің үзілмегендігін және т.б.);

2) сөмкедегі қойылған пломбының банктегі пломбының үлгісімен сәйкестігін;

3) инкассаторлар тапсыратын сөмкелердің құжаттағы сөмкенің номерімен сай келуін;

4) қабылдайтын соманың құжатта көрсетілген сомамен сәйкестігін.

Инкассаторлық сөмкені қабылдап алған соң бақылаушы-кассир және бригаданың әрбір мүшесі қабылдаған сөмкелерді есепке алу журналдарының екеуіне де қолдарын қояды. Журналдың екінші данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына береді.

Егер де қабылдаған сөмкелердің бір жері жыртылып немесе басқа да сәйкес келмейтін жағдайлар айқындалса, онда кассир бақылаушы кассирдің және инкассаторлардың қатысуымен, сөмкедегі қолма-қол ақшаларды құжаттағы сомамен салыстыра отырып, қайта санайды. Қайта санау немесе жыртылған сөмкеден ақшаны қабылдау барысында екі данада акті жасалып, біріншісі банктің кассалық құжаты ретінде қалдырылып, ал екіншісі инкассаторлар арқылы тиісті құжаттармен ақшаны тапсырушы клиенттің өзіне жіберіледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [ 1. 29-36, 2. 28-32, 5. 21-29 бет], [6. 219-222, 8. 210-212, 9. 181-184 бет],

Қосымша: [ 4. 3-11 бет] [ 7. 14-19, 8. 13-15 бет],







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1617. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия