Медициналық симуляция сценариі. Этот бриф поможет нам подготовиться к работе, чтобы сделать её для Вас наилучшим образом
Клиникалық жағдай: «Бронхиальді демікпе диагностикасы»
Ситуациялық есеп:Сіз кезекші дәрігер. Қабылдау бөліміне 30 жастағы әйел келіп түсті. Ø Науқасты қарап және анамнезін жинаңыз Ø Лабораторлы – құралдық зерттеулер мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз Ø Диагноз қойыңыз Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі: Науқас 30 жаста. Шағымдары: тұншығу ұстамаларына, ауа жетпеу сезіміне, ентігу, қиын бөлінетін жөтелге, жалпы әлсіздікке.
Анамнезінде: Шаңға түшкіріп және жөтелген, цитрустарға, ыстыққа, суыққа денесінде бөртпе болған. Супермаркетте сатушы болып жұмыс істейді. Бір апта ішінде 2 рет түнгі ұстамалар қайталанған – таң ата тұншығудан оянған. Бірінші ұстама өздігінен қайтқан. Бұл жолы ұстама 1 сағат бойы мазалап, қайтпай жатыр. Анасы аллергиямен ауырған. Бала кезінен жиі суықтанған. Темекі тартпайды. Пенициллин қатарындағы антибиотиктерге аллергиясы бар. Объективті: бойы 168 см және салмағы 59 кг.
|