Студопедия — Билет 7.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет 7.






 

  1. Зеленый лук употребляют чаще всего в свежем виде, добавляя в различные салаты, супы, омлеты, овощные рагу и т.д.
  2. Чтобы зеленый лук лучше усваивался организмом – употребляйте его вместе с растительным маслом.
  3. После того, как зеленый продукт попал к вам в дом – используйте его в самое ближайшее время, так как есть в зеленом луке слабое место: он хранится совсем недолго, со временем он увядает и теряет свои замечательные свойства.
  4. Для избавления от запаха лука можно съесть дольку лимона, либо же кусочек ржаного хлеба, намазав его растительным маслом.

 

http://mamapedia.com.ua/health/dieta/polza-zelenogo-luka.html

 

Билет

 

1. ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы.

2. Жай сөйлем түрлері: хабарлы сөйлем.

3. Берілген сөйлемнің ішінен мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

Әңгіменің негізгі арқауын қамту үшін, оған Б. Момышұлының саяси, философиялық, әскери көзқарастарын білдіретін бірнеше жанама сұрақтарға жауабын жалғастыруым қажет. Ел сүйген ойлы ұлдың этика, мораль, тәрбие мәселелеріне байланысты пікірлерін жалғастыру үшін, жаңағы айтылғандарды өрбітіп, қиюластыру қажет. Біз жазатын нәрсенің жанры – сұхбат, естелік, әңгіменің сипатын танысын деп, астасқан ойды диалог түрінде құрды. Өзіне ерекше мектеп болсын деп, әр ұлт адамдарымен қызметтес болды. Жаным – арымның садағасы, халқым үшін жаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Өз елінің бағасын біліп, оны қадірлеу үшін, өз халқыңа үлкен сүйіспеншілікпен қарауың керек.

Ответы:

1.ҚР-ның «Тілдер туралы» Заң.Сол тарихи кезеңдегі басты оқиғалардың бірі – 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заң еді. Бұл Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді. Осылайша, тәуелсіздік жолында ұлттық тарих пен ұлттық тіл қоғамды жұмылдырушы, әрі біріктіруші күшке айналды.

2.Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).

2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).

3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).

4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).

Билет

1. Әлеуметтік сақтандыру түрлері (сақтандыру компаниялары).

2. Сұраулы сөйлем.

3. Төмендегі сөйлемдерді қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер болатындай етіп, қазақ тіліне аударыңыздар.

Стало так тихо, что с балкона я слышала голоса детей. Хочу трудиться так, чтобы родители гордились мной. Галя читала письмо так, что ясно слышалось каждое слово. Выпив воды, они утолили жажду. Работа закончилась до того, как пришел Арман. Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его.

Ответы:

1. Әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі; экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

2. Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем жолмен жасалады:

1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?

2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

3.Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?

Билет

1. Заман және заң.

2. Жай сөйлем түрлері: лепті сөйлем.

3. ҚР «Тіл туралы заңынан» үзіндіні аударыңыз.

Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Ответы:

1. Заң және заман

Ал қазіргі кезде елімізді басқару жүйесі негізінен алғанда сол баяғы заманға бір табан жақын болғанымен, талай сатылардан өтіп, жетіліп, адам мен азаматтардың құқықтарының сақталуына көп көңіл бөлінуде. Егемендігімізді алған 20 жылдан аса өзіміздің Ата Заңымыз – Конституциямызды қабылдап, онда елімізді басқару жүйесін анықтап, құқықтық, зайырлы мемлекет болуға қол жеткіздік

2. Лепті сөйлем. Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем лепті сөйлем деп аталады. Лепті сөйлемдердің мағыналары көңіл-күйіне, қуану, ренжу, таңдану, аяу, өкіну, қорқу сияқты мақсатта айтылады да, айтылу әуені, интонациясы өте асқақ, көтеріңкі болады. Мысалы: Пай-пай мына аттың жорғасын-ай! Туған күніңмен! Жолдастар! Мына үй қандай әдемі! (Как красив этот дом!) Да здравствует наша Родина! Қымбатты достар!

Билет

1. Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты.

2. Жай сөйлем түрлері: бұйрықты сөйлем.

3. Төменде берілген сөздерді бос орындарға қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

... деп кімді айтамыз? Статистика ұйымдарының... қарағанда, бір сиыры бар ауыл тұрғыны жұмыссыздар қатарына қосылмайды екен. Сол сияқты базарда... арқалап,... сүйреп жүргендер де жұмыс істейді деп есептеледі. Олардың... қорына бір тиын да аудармайтыны, еңбек... жүрмейтіні, ауыра қалса,... ала алмайтыны, оны айтасыз, қалада тіркеуде болмағандықтан... емделе алмайтыны, ешқандай... пайдалана алмайтыны, үй... тұра алмайтыны, тіпті,... да қатыспайтыны бүгінгі таңда жасырын емес. Жоғары оқу орнын бітірген көптеген жастар, өкінішке қарай,... бойынша жұмыс істемей, базар немес көше жағалап жүр.

Бос орынға қоятын сөздер: жеңілдіктер, тегін, арба, зейнетақы, қап, өтілі, мәліметіне, кезегіне, жұмыссыз, сайлауға, мамандықтары, жәрдемақы

Ответы:

1. Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты

Жарнама, реклама— тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама.Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Бірен-сараңы болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады.

2. Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.

2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!

Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!

Билет

1. Ұлылардан қалған сөз.

2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

3. Хабарландыру мен жарнамаларды тексеріп, қатесі болса, дұрысын жазыңыз.

«Өрт болған кезде 101 телефон соғыңыз» -...

«Балалардан сіріңке, шақпақтарды тығыңдар» -

«Ресей балалар киімі» («Детская одежда из России») –...

«Автоэлектрик, пісіру жұмыстары, қозғалтқыштарды, жүріс бөлігін жөндеу» (Автоэлектрик, сварочные работы, ремонт двигателей, ходовки) -...

Ответы:

1. 1. Жастықта көкірек - зор, уайым - жоқ.

2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

3. Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.

4. Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.

5. Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Абай Құнанбаев

6. Ел сонда кай жерден өзіңді еркің сезінесің. Абу-ль-Фарадж

7. Өмiр қозғалысты талап етедi. Apистотель

8. Кім өзінің елін жек көреді, сол ештемені сүйе білмейді. Байрон

9. Абзал жүрек опасыздық жасамайды.

Өзімшілдік - достық үшін у. Оноре де Бальзак

2.. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? кімі? несі? қаншасы? т.б. деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Алмаз келді? Қыс түсті.

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, қасиетін көрсететін, сөйлемді тиянақты етіп тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш деп атайды.

Баяндауыш қайтті? не қылды? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?)

Мен (кім?) оқыдым (не істедім?)

 

Билет

1. Қазақстан және сыртқы саясат.

2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш.

3. Берілген сөздермен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Орындайтын+дай, жоспарла+п, сақта+п, кел+е, табылатын+дай, күтетін+дей, жина+й, бар+а, ал+ып, қайт+ып, бітір+іп.

Ответы:

1.Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, сурегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

2. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс жалғауларының бірінде жұмсалады. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: 1) Тура толықтауыш. 2) Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады. Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланыста болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, әр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты – керек етіп, ілестіре жұмсалады. Мысалы: Көрдім сұлу Еділді,

Билет 7.

1. Орта ғасыр ойшылдары

2. Анықтауыш

3.Сөйлемдерден мезгіл бағыныңқыларды тауып жазыңыз.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, қазақ тілінің өрісін кеңейту мәселесіне назар аударыла бастады. Қазақ тілінің даму жолын, қолданылу аясын биік деңгейге көтеру үшін, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, оны күнделікті өмірге белсенді түрде енгізді. Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді. Абай бүгін әдейі оңаша сөйлесу үшін, Мағаш пен Әбіштерді осында шақыртқан еді. Ерітіндіден натрий нитратын бөліп алғаннан соң, оны тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында қолданады.

Ответы:

1. Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген. Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б.

Қожа Ахмет Яссауи (?-1166) Қожа Ахмет Йассауи – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа»­ мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йассауи»­ ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Қожа Ахмет 1166 жылы қайтыс болады. Түркістан қаласында жерленген.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар – әйгілі тарихшы, әдебиетші. Монғолстан мен оған іргелес жатқан елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы

2. Анықтауыш - сөйлемде сандық, сындық, мөлшерлік мағынаны білдіретін тұрлаусыз мүше. Ол қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, заттанған есімдерден, есімдіктен, есімшеден жасалады.

Мысалдар: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан.

Жаңадан екі үй құрылып жатыр.

Билет

1. Нақыл сөздер.

2. Бұйрықты сөйлем.

3. Екі жай сөйлемнен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.

1. Әбу Насыр елімен қоштасты. Ол оқуға аттанды. 2. Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне ерді. Бағдаттағы «Даналық үйіне» аттанды. 3. Олар алыстағы елдерді аралады. Әбу Насыр сол сапарынан Фарабқа оралды. 4. Мына мақаланы тез жазды. Баспаға наурыздың аяғына дейін тапсырыңыздар. 5. Мен көп ойланған жоқпын. Бірден келістім. 6. Қасым Қазақстанда болды. Қазақ тілінен білімін жетілдірді. 7. Ала сауысқан бұтаққа қонбады. Шықылықтап ұша берді.

Ответы:

1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Жүсіп Баласағұн Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Луций Анней Сенека

Адам өмірі-қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.

Адам көркі – ақыл.

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

2.Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

Билет

1. Әл-Фараби шығармашылығы.

2. Сабақтас құрмалас сөйлем: мезгіл бағыныңқылы, шартты бағыныңқылы сабақтастар.

3. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Қазіргі уақытта университеттегі кадрлар даярлау көлемі Республика мен аймақ.... Студенттердің мәдени демалысы, шығармашылықты дамыту және спорттық шеберліктерін дамыту үшін.... Университет кітапханасында сапалы білім алуға мүмкіндік беретін.... Сандық кітапхананы енгізу бойынша.... Кітапхана жанында ақпараттық білім беру орталығы....

Ответы:

1. Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми еңбектер жазды. Кейбір еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Софистика», «Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

2. Сабақтас құрмалас -құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.) Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл) Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. бағыныңқылы сабақтас;

Билет

1. Қазақтың билері

2. Салалас құрмалас сөйлем: қарсылықты, түсіндірмелі салаластар

3. Берілген сөздерден дұрыс хабарлы сөйлем құраңыз.

1. Сөйлесті, кітап, балалар, оқыды.

2. айтқызды, Ораз, өлең, Болатқа.

3. үйге, жиналғанда, кіре бастады.

4. жолға, екі, күннен соң, мен, әзірлендім.

Ответы:

1. Төле би (1663-1756)

Төле би Әлібекұлы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. «Жеті жарғы» заңын жасасқан, сол заң кодексін шығарушылардың бірі.

Қаз дауысты Қазыбек би (1667 – 1764) Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп тағайындайды

Әйтеке би (1683-1722)

Әйтеке – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының бесінші ұрпағы. Тәуке хан мен билердің қатысуымен 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды.

2. Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Қарсылықты; бірақ, алайда, дегенмен

Талғаулы; не, немесе, я, яғни, әлде, бірде







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 1000. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия