Студопедия — Теміржол саяхаттарын жобалау, турпоезд құрылымы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Теміржол саяхаттарын жобалау, турпоезд құрылымы.






Көлік қызмет көрсету сферасында темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктері бар. Осындай ерекшеліктерге:

· темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы;

· шығатын пункттен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы;

· үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі;

· метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы.

Осы тасымалдаудың тағы бір артықшылығы болып жергілікті орынды кең түрде көру мүмкіншілігі. Осы жағдай, олардың танымдық мінездемесін жоғарлатады. Сонымен қатар олар, ұзақ қашықтықты саяхаттарда туристерге комфортты жағдайларды ұсынады.Темір жол саяхаттарын ұйымдастырудағы ең қиыны болып, маршрутты таңдау болып табылады. Ол негізінен көлік құралдарының саяхат мақсатының, жолдаманың бағасының болуына тәуелді. Әрбір туристік маршруттың бағдарламасы саяхат мақсатына сәйкес болуы қажет. Туристік-экскурсиялық поездар маршрутын жасаған кезде, негізінен туристерді қызықтыратын обьектілер таңдалады. Мысалы: Алматы қаласынан басталатын «Орта Азия Республикалары бойынша» маршруты. Ташкент, Самарканд, Ферғана, Ашхабат, Душанбе, Ургенч сияқты қалаларымен өтті. «Балтық Теңізі жағалауына» маршрутқа Мәскеу, Смоленск, Минск, Вильнюс, Каунас, Рига, Талинн, Санкт-Петербург қалаларын көріп өту кірді.

Темір жол туристік-экскурсиялық маршруттар әр станциядан басталу мүмкін. Маршруттағы қалалар топтарға біріктіріледі.Туристік-экскурсиялық поездарда келесі қызмет түрі көрсетіледі: орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық, мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру қызметтері. Қызмет көрсету сапасы жоғары, қызмет етуші персонал мамандырылған болуын ескеру керек. Жол бойы ақпарат пен ойын-сауық түңгі немесе күндізгі уақытта жасалады.Барлық көлік маршрут сияқты, туристік-экскурсиялық поездар трассаның құрылуы бойынша: сызықтық, шеңберлі, радиальдік, аралас болып бөлінеді.Жоғары жылдамдықты темір жол қозғалысы шетелде 3 бағыт бойынша жүргізілдіТуристік поездар жұмысшыларының штабын екі категорияға бөлуге болады:

1. темір жол қызметінің жұмысшылары.

2. туристік мекеменің жұмысшылары.

Қазіргі кезде Қазақстанда әртүрлі темір жол саяхаттарын ұйымдастыруға алғышарттар жасалаған: рекреациялық обьектілер картасы жасалған, Қазақстан Республикасы президентінің қаулысы бойынша 27 ақпан 1999 жылы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, жолға алғашқы тез жүретін поездар жіберілген, көрші мемлекеттермен достық қарым қатынас халықаралық туристік поездарды жоспарлауға мүмкіндік береді, ол шетел адамдарының республикаға деген қызығушылығының өсуін көрсетеТемір жол маршруттарындағы топтарға қызмет көрсету қарсы алатын және жіберетін туристік ұйымдар арасында жасалған келісім шарт негізінде жасалады. Жіберетін туристік мекеме группаның келуі туралы телеграмманы жіберу керек. Телеграммада туристердің саны, келу уақыты, мерзімі, поездің және вагонның нөмірі көрсетілуі керек. Жіберуші тур фирма жетекшіні туристер тізімімен қамтамассыз ету керек, маршрутқа тек қайта оралатын билеттері бар, топты жіберу керек.

18.ҚР теміржол көлігі тарихы. Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты. Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді. 1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды: Тың, Алматы және Батыс-ҚазақстанРеспублика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне – 100 жылдығы мерейтойына жетті.







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1390. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия