Текстік редактор
Прграмманы енгізу компюьтерде текстерді енгізу болып табылады. Программа текстерін теруде мынадай пернелердің қызметін пайдаланамыз:
Программаның орындалуы Турбо-Паскаль программасы экранға бірнеше терезені программасымен бір уақытта ашуға мүмкіндік береді. Орындау кезінде бірінші ағымдағы терезедегі программа орындалады. Активті терезенің белгісі – терезе рамкасы қосарланған сызықтармен беріледі. Жазылған программаны орындау үшін меню жүйесіндегі Run бөліміне ену керек немесе қос перенені бір уақытта Ctrl + F9 басу арқылы орындайды. Программаны орындауға бергеннен кейін жүйе транслятор (интерпретатор) арқылы Паскаль тілінде жазылған программаны машина тілінде жазылған кодтарға ауыстырады да программадан синтаксистік қателерді іздейді. Егер программа ішінде қате болса, онда программа орындалмайды, қайтадан программаны түзетуге ашады.Программаның жоғарғы жағында қызыл жолмен жазылған хабарлама шығады. Esc пернесін басқан соң ол жол кетеді де курсор қатесі бар жолда орналасады. Қате туралы мәлімет алу үшін Ctrl+F1. пернелерін бірге басады. Қателер түзетілгеннен кейін ғана программа орындауды бастайды.Нәтижесін көру үшін Alt+F5 пернелерін бірге басу керек. Қайтадан редактірлеу терезесіне шығу кез-келген пернені басу арқылы орындалады. Негізгі түсініктері: алфавит Turbo Pascal: ü латын әріптері A дан Z дейін ü араб сандары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 ü тыныс белгілірі .,:;.. ü арифметикалық операция белгілері + – * / ü логикалық операция белгілері > < = >= <= <> ü арнайы символдар () { } [ ] ':= (* *) Паскаль тілінің негізгі элементтері: Идентификатор – латын әріптерінің, араб сандарының, сызу белгілерінің реттелген тізбегі. Программа латын әріптерінен басталады. Символдардың ұзындығы 127 ге дейін. Айнымалылардың аты ретінде белгілер, программалар және ішкі программалар пайдаланылады. Идентификатор ретінде тұрақты белгі сөздерін алуға болмайды. Тұрақты белгі сөздері – операторларда, операция аттарында функциялар және т.б. қолданылатын сөздер. Ондай сөздер 80 ге жуық. Мысалы, begin, sin, while. Константы – бұл шама, программаны орындау барысында өзінің мәнін өзгертпейтін тұрақты шама. Тұрақтылар ретінде логикалық, тұрақты, символды және жолдық символды пайдаланады. Бүтін сандар белгімен немесе белгісіз өз ережесімен жазылып мына түрде болады: –2147483648 ден бастап +2147483647 дейін. Нақты сандар белгімен немесе белгісіз ондық нүктелерді және экспоненциалды бөлігі бойынша жазылады. Экспоненциалды бөлім е және Е, символдармен «+»және «-», ондық ереже бойынша жазылады. е (Е) символы ондық ережедегідей 10 дық дәрежеге көбейту. Мысалы, 3.14Е5 десек 3,14 × 105, -17е-2 бұл -17× 10-2. Логикалық тұрақты – бұл кез-келген сөз FALSE (жалған) немесе TRUE (ақиқат)сөздері. Символды тұрақтылар – бұл кез-келген апострофтағы символ: 'z' – символ z; 'ф' – символ ф. Жолдық тұрақтылар – символдар тізбегі, апострофта жазылған. Егер жолда апостровтағы символды ғана көрсетсе, онда ол еселеніп кетеді, мысалы: ' Бұл - символдар жолы '; ' That''s string'. Тұрақтыларды жазу const деген қызыметші сөзімен, соңында аты жазылады. Мысалы: Const <Тұрақтының аты >=<Тұрақтының мәні>; Айнымалылар – бұл шама программаны орындау барысында өзінің мәнін өзгертетін немесе олардың нақты мәні басында белгісіз болатын шама. Өрнектер – бұл айнымалы және сандық тұрақтылар, арифметикалық, логикалық операциялардың белгілерінің біріккен реті мысалы: Pi*r+1/2.5, Х/5 + 2.5 0) Комментария – программа текстіне қойылатын түсініктеме. Комментарии программада орындалмайды. Оператор – Turbo Pascal программасында орындалатын жолдардың сипатталуы. Әр программа операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар. Орындалатын операторлар мына белгімен аяқталады -; Операторлардың бірнеше түрі бар: Меншіктеу операторы – бұл оператор мына түрде жазылады <айнымалы>:= <өрнек> мұндағы:= меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс. Мысалы, x:=x+1; Құрылымдық оператор – бұл оператор резервтелген бірнеше сөзден және логикалық тексеруден тұрады. Ол операторға шартты және циклді операторлар жатады. Стандартты емес операторлар – бұл программалар стандартты үлгіде жазылады.ол аты мен параметрі көрсетілгенде орындалады. Құрамдылық оператор – бұл оператор тобы begin … end арқылы беріледі; Begin Оператор 1; Оператор 2; … Оператор n; End; Бос оператор – оператор Begin End;, ешқандай іс-әрекетті орындамайтын оператор.
1-сурет. Операторлар классификациясы Turbo Pascal программалау тілінде стандартты математикалық функциялардың қолданылуы. Арифметикалық өрнектерде қолданылуы.
Программа құрылымы:
|