Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хайдар Дулати (1499-1551) 2 страница





6-тапсырма. Мәтіннің бесінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Сала: сала + лар; басты сала + лар. Мысалы: Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты сала + лар + ы + ның бірі – алтын шығару болды.

7-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

– XX ғасырда Қазақстан қандай облыстарға бөлінді?

– Қазақстанның Сырдария мен Жетісу облыстары – Түркістан генерал-губернаторлығына

(орталығы Ташкент қаласы), Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-

губернаторлығының құрамына кіргізіліп, ішкі Бөкет ордасының аумағы Астрахан

губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.

– Темір жолдардың салынуы қандай рөл атқарды?

– XX ғасырдың басында Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің

шикізат көзіне, сондай- ақ өнім өткізу рыногына айналуында, темір жолдардың салынуы

маңызды рөл атқарды.

8-тапсырма. XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайға қатысты берілген мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар. Көптік жалғауларының астын сызыңыздар.

Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, отаршылдық езгіге, ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына патшалық Ресейдегі 1905-1907 ж. өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. 1905 жылы 17 қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның бірталай қалаларында көптеген адам қатысқан жиылыстарға халықтың қалың тобының бой көтерулеріне ұласты.

Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі арта түсті. 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, Ресей конституциялық-демократиялық бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат – 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандық шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.

9-тапсырма. Сөйлемдерден жекеше формада тұрған сөздерді теріп жазып, олардан көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып,

шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

10-тапсырма. Көптік жалғаулары жалғанбай, көптік мағына беретін сөздерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

«Су» сөзіне көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағына білдіреді.

Мысалы: Су – тірі организмдердің маңызды материалдық негізі. Каспий теңізі суының сапасына, тазалығына, экологиялық нормаларын сақтауға көңіл бөлініп отыруға тиіс. Су ең көп тараған химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз тіршілік жоқ.

11-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестеріне көптік жалғауларын жалғап, көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қиын-қыстау жыл, жергілікті жер, құрылыс жүргізіп, халық-ағарту бөлімі, мәдени-ағарту ұйым, үй, кітапхана, мектеп, жергілікті халық, зерттеуші, мәлімет келтіріп.

12-тапсырма. Дерек пен дәйектегі мәліметтерді мұқия оқып, есте сақтаңыздар.

Дерек пен дәйек. 1929 жылдан бастап 1953 жылға дейін Кеңес елінде 40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Қазақстанда 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам атылған. Қазақтардың 42 %-ы аштықтан қырылып, миллионнан астам адам ауып кеткен. Ал біздің елге 1 миллион 209 мың адам жер аударылған. (Қазақ күнтізбесі, 2005)

13-тапсырма. Ұлы Отан соғысындағы деректермен танысып, біліп алыңыздар.

Қазақстан – Ұлы Отан соғысында

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан 1 миллион 200 мың адамды майданға аттандырады. 630 мың қазақстандық жауынгерлер майданнан оралған жоқ. Қазақстандық жауынгерлердің 449-ы Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның 111-і қазақ. Қазақстандық 81 жауынгер Даңқ орденінің толық иегері. Оның 19-ы қазақ. Соғыста Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған жауынгерлер саны – 62. Төртеуі – қазақстандық. Олар – Талғат Бигелдинов, Иван Павлов, Леонид Беда, Сергей Луганский.

14-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар.

Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ,Біз көтердік оларды белгісіз деп,

Барлығының бар аты, туған жылы, Белгілі ерлігімен болғаны үшін.

Олар сонау Олар қайтадан оралды жер-су іздеп,

Қырық бірінші жыл құрбандығы, Туған елдің қорғады ар-намысын.

Олар сонау қырық бесінші жыл құрбандығы.

(Сырбай Мәуленов)

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Етістіктің өткен, келер шақтары.

15-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы

Қазақстанның тарихи жағдайынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлініп қарастырылады: бірінші кезеңі – 1950-1970ж.ж. «жылымық»; екінші кезеңі – 1971-1985ж.ж. «тоқырау»; үшінші кезеңі – 1985-1991ж.ж. «қайта құру» кезеңдері. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының жағдайы ауыр болды. Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралды. Қазақстаннан Орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамыды. Қазақстан елдің металлургия флагманына айналды, қара және түсті металлургияның, химия өнеркәсібінің сыңаржақ бағытта болуы көптеген қайшылықтарға әкелді. Осы кезеңде Қазақстанда әскери өнеркәсіп кешендері көптеп құрылды. Соның ішінде Қазақстандағы ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. Сынақтардың нәтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Тың игеру жылдарында Қазақстанның Солтүстік облыстарында совхоз орталықтары салынды.

Қазақстанға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелінді. Осы жылдары жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны күрт төмендеді. Үш мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертілді. Жалпы елді-мекен аттарын қазақ қалай болса, солай қоя салмаған. Жерлердің аттары тарихи жағдайларға, ірі оқиғаларға, жер бедерлерінің орналасу ыңғайына, оның пейзаждық ерекшеліктеріне және т.б. сәйкес қойылып отырған. Ол атаулар санамызда бекіп, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жетіп отырған.

Ал тың игеру жылдары қазақ халқының осындай салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Осы кезеңде тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Түрі ұлттық мәдениет – оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кезеңде қудаланған ұлттық интеллигенция өкілдерін бағалауға жол ашылды. 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезовтар еліне оралды. 1956 жылы қазақтың үш арысы – Сәкен, Ілияс, Бейімбет ақталды. Тоталитарлық тәртіп қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасағанымен, оларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, М.Әуезовтің «Ақын аға», т.б. еңбектерін жариялауға тыйым салынды. Жалпы 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды.

Осы кезеңде жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлылығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Тың игеру мақсатымен жыртылған жерлер экологиялық апаттарға ұшырады. Жердің құнарлы бет қыртысы – шаң-тозаңға, ал жер эрозияға ұшырады.

Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Қазақстанда Орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар зиялылар мен жастар арасында наразылықтар туғызды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы – Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Әуезовтер бас болып, «Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту, себебі осы кезеңде ұлттық салт-санадан гөрі, кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып көбірек дәріптелді.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсті. Қоғамдағы қайшылықтар шиеленісе түсті. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, Горбачевтің социализмды «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді. Керісінше, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.

 

Сөздік:

жылымық – оттепель тыңайтылған – удобренный

сыңаржақ – односторонний науқан – сезон

қоныс – поселение; стоянка рухани – духовный

ізеттілік – почтительность; вежливость

ерте көктемгі жылымық – ранняя весенняя оттепель

қасірет – горе; страдание; печаль; скорбь; беда; трагедия

тың – целина; целинный; бодрый; крепкий; свежий

16-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі етістіктерді бір бағанаға

келер шақ формасына салып, екінші бағанаға өткен шақ формасына салып бөліп жазыңыздар да, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Қарастырылу: қарастырыл+ ған (бұрынғы өткен шақ); Үш кезеңге бөлініп

қарастырыл+ ған. Болу: бол+ ды; ауыр бол+ ды.

17-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі өткен, келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.

18-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Етістіктің өткен шақ категориясының жұрнақтарын тауып, олардың астын сызып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы). ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және шәкіртақы төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмаслды. Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс-дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені, мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы және т.б. халықтың тұрмыс-жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Еңбек ақы төлек жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырлған жоқ. 80-жылдардың ортасында Республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.

19-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздер сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкетендіріңіздер.

1. металлургия а) жерлерді игеру

2. әскери ә) интеллигенция өкілдері

3. радиоактивті б) шек қойылды

4. тың және тыңайған в) бағындырылды

5. ұлттың г) қоры

6. қазақ ғ) төмендеді

7. ұлттық санаға д) өнеркәсіп

8. тікелей Мәскеуге е) зиялылары

9. қоғамдық тұтыну ж) газдар

10. тұрмыс-жағдайы з) флагманы

 

Етістіктің өткен шақ категориясы

(Категория глагола прошедшего времени)

Қимыл іс-әрекеттің өткен уақытта болғандығын көрсететін етістіктің түрін өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың 3 түрі бар:

1. Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время).

2. Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время).

3. Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время).

Жедел өткен шақ: -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз+ды+м (написал), айт+ты+м (сказал).

Бұрынғы өткен шақ: -қан, -кен, -ған, -ген тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Мысалы: Мен бар+ған+мын, кел+ген+сіз; 2. бұрынғы (ежелгі) өткен шақ; -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады.Мысалы: мен бар+ып+пын, (сен) кел+іп+сің, (ол) оқы+п еді.

Ауыспалы өткен шақ: есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Қазір, бүгін, ертең, келесі күні үстеулері арқылы айтылса, онда етістік келер шақта болады. Мысалы: Мен бұрын хат жаз+атын+мын (өткен шақ). Ол қалаға ертең бар+атын еді (келер шақ).

20-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, етістіктің өткен шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тарихи жағдайлар, күрт төмендеу, қасірет, халықтың денсаулығы, химия өнеркәсібі, қазақтың арыстары, еңбектерін жариялау, тыйым салу, ұлт саясаты, бұрмалаушылық, ұлттық сана.

21-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1954 жылдан бастап Қазақстанда..........................................................................................

Қазақ тіліндегі мектептер саны..............................................................................................

Ол атаулар санамызда бекіп,..................................................................................................

1956 жылы Қазақтың үш арысы.............................................................................................

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында...........................................................................................

Алайда, бұл шаралардың........................................................................................................

80-жылдардың ортасында.......................................................................................................

22-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті өткен шақтың (жедел, бұрынғы, ауыспалы) жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы). 1970-80 жылдары Қазақстан ғылым саласында біраз табыстарға қол жеткіз.... Республика ҒА-ның бірсыпыра ғылыми-зерттеулерін дүние жүзі таны.... Осы жылдары «Қазақ ССР тарихы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақстанның металлогениясы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көр.... Әл-Фарабидің, Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға бол.... Алайда, Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да бол.... Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогерстің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып кел.... Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қойма....

 

Етістіктің келер шағы

(Будущее время глагола)

Келер шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлаған кезінен кейін болатынын білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б.

Келер шақтың 3 түрі бар:

1. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время). Ауыспалы келер шақ: а) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. М: ертең кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз. ә) - атын, -етін, -йтын, -йтін. М.: бар+атын (екен), кел+етін сияқты, қайт+атын көрінеді.

2. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время). Қосымшалары: -ар, -ер, -р, -с. М: бар+ар, кет+ер, сана+р, санама+с, білме+с т.б. Мен кел+ер+мін.

3. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения). Қосымшалары: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бақ+пыз, кел+мек+сіз т.б.

23-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін анықтаңыздар.

Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге. Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания поступила в университет, а ты?

24-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен. Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов). Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ.Жұмаділов). Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р.Қошқ-в). Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (М.Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).

25-тапсырма. Келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты – киімін түземек (Абай). Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолдаға аттанбақ (М.Әуезов). Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз (Абай). Сейіттің өлі-тірісін білмек емес. Ортақ қордан Шымболат колхозға кең клуб салдыратын сияқты (С.Мұқанов). Ол Қара адырдан 5-6 шақырымдай ұзап шығатын көрінеді (М.Әуезов). Келін деп кем көрмей, тең адамша сырласпақшы (З.Ахметвоа). Үйге тез оралды. Жақсы ма, жаман ба тарих бәрібір өлмек емес (І.Есенб.). Екі тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Әуезов).

26-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.

27-тапсырма. Етістіктің шақ категориясының түрлерін ажыратып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Күндіз де, түнде де жол жүруге болмайтын көрінеді. Татарлар не өлтіретін, не аяқ-қолын байлап тауға алып кететін. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Енді мынау жұлдызынан көз жазбақ емес, айырылмақ емес. Дәмежан жоқшылық, мұқтаждық күйін де жасырмақ емес (М.Әуезов). Емен ағаштың саясында қазақтың ардақты кісілерінің бірсыпырасы отырып, түнеп, түстенетін еді. Өзі мақтануды сүймейтін. Жер төңкеріліп жатса да, бөтен сөз аузынан шықпайтын. Маңына жолатқысы келмей, әдейі зілді етіп айтты (Ғ.Мүсірепов).

28-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Болжалды келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Бал тамған тілден, Айран ішкен құтылар,

У да тамар. Шелек жалаған тұтылар.

******

Аңдамай сөйлеген, Есі бар жігіт елін табар,

Ауырмай өледі. Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

******

Жалғыздың үні шықпас, Сумен ойнама, батарсың,

Жаяудың шаңы шықпас. Отпен ойнама, жанарсың.

******

Төле би: «Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар», - деген менің әруағым риза болсын десеңдер, татулықтарыңды бұзбаңдар, - деп кеткен екен. Абылай елді елге қосар, бірақ басқаларының шылбыры оның қолына түсер ме екен? Әбілқайыр түлкі сипатты кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді қоспас, оның ұрпағы да әке жолын қуар.

29-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 659. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия