Хайдар Дулати (1499-1551) 1 страница
Кесте
Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып, Р – реферат, ӨЖ – өздік жұмыс, АБ – аралық бақылау.
Студенттердің білімін бағалау
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі I-VIII модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар: 1. XX ғасырдың I жартысындағы өнеркәсіптің негізгі салалары. 2. XX ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі темір жол қатынастарының маңызы. 3. 1920-30 жылдары көрнекті өкілдердің кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясын қалыптастыруы. 4. XX ғасырдың II жартысындағы «қайта құру» кезеңі. 5. Қазақстандағы ядролық сынақ полигондарының зардаптары. 6. 1954 жылдан Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. 7. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. 8. Қазақ тілі – ҚР-ның мемлекеттік тілі. 9. Қазақ тілінің тарихи қалыптасу кезеңдері. 10. Үш жүз өкілдерінің басын қосып, күшін біріктірудегі Абылай ханның сіңірген еңбегінің маңызы. 11. Абылай ханның ерлігі. Абылай хан – күйші. 12. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі Әбілқайыр ханның ерен еңбегі. 13. Төле би – басқа да белгілі билермен бірге қазақ хандығын құруға, «Жеті жарғы» заңын жасауға қатысушы. 14. Төле би – мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. 15. Төле бидің жоңғар хандығының құлауына жүргізген сыртқы саясатының маңызы. 16. Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан мемлекет қайраткері, сөз шебері – Әйтеке би. 17. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі Қабанбай батырдың ерлігі. 18. Қабанбай батырға «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтардың берілу себептері. 19. Б. Момышұлының Москва түбіндегі шайқастағы ерлігінің ерекшелігі. 20. Ғұлама ғалым әл-Фарабидың атсалысқан ғылым салалары. 21. А. Байтұрсыновтың қараңғылықты, надандықты сынаған еңбегі. 22. Байтұрсынұлы Ахметтің қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуға арнаған еңбектері. 23. М. Дулатовтың бүкіл қазақ жастарының ұранына айналған «Оян қазақ!» өлеңі. 24. Сәтбаев және Үлкен Жезқазған. 25. М. Әуезовтың ғылыми мұрасы. IX-XV модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
]
Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
1.11 Курстың саясаты мен процедурасы Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негіздеуі қажет. Студенттер өз уақытысында өзіндік жұмысын орындап, оқытушыға тапсырып отыруы керек.
2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны 2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
1-апта. 1-тәжірибелік сабақ; Грамматика: Қазақ тіліндегі жалғаулардың түрлері. Көптік жалғаулары. 1-тапсырма. XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдаймен танысып, тарихи деректерді меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Қазақ елінің тарихы * * * * * XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай
XX ғасырдың басында Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді. XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар өлке халқының 87 %-нан 95 %- на дейін құрады. Өлке тұрғындарының 90 %-нан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды. Олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Ал егіншілік халықтың көпшілік бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің екі саласы: тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылады. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі – алтын шығару болды. Қазақстанда темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды. Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану мақсатында мектептер ашу және т. б. талаптар енгізілді. Олардың басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, М. Дулатов сияқты қазақ зиялыларының көрнекті қайраткерлері жүрді. Ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде «Айқап» сияқты журналды (редакторы М. Сералин) және А. Байтұрсыновтың басшылығымен «Қазақ» бұқаралық газетін шығарды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Көтерілістің жолын жұрт таныған басшылары – Ә. Жанбосынов, А. Иманов, көтерілісшілердің саяси көсемдері – Т. Бокин, Т. Рысқұлов, Ә. Жангелдин, С. Датов, И. Тайманов, М. Өтемісов, К. Қасымовтар тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды. Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою мәселесін көтерді. Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1935 ж. мектеп жасындағы балалардың 91 %-ы оқуға тартылды. 1935-1936 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді. Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар және т. б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. 1920-1930 жылдары Ж..Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Кеңес үкіметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С. Сейфуллин, С. Торайғыров, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов сияқты т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты. 1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы – қазақ драма театры ашылды. Оны Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков сияқты қазақ театр өнерінің майталмандары ұйымдастырды. Кеңес үкіметінің өкілдері әртүрлі айыптау науқаны – саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасы болды. 1928 жылдың аяғында Алашорда қайраткерлері – А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. 44 адам қуғындалып, тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы – Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, Ә. Ермеков т.б. зиялы қауым өкілдері тұтқындалды. Жалпы репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, олардың ішінде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, Т. Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпашылығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Олар – генерал-майор И. В. Панфиловтан бастап, Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, Қ. Қайсенов, Н. Әбдіров, Әлия және Мәншүк сынды халық батырларын тарих сахнасына шығарды. Соғыс күндерінің барлық қиыншылықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Сөздік: әлеуметтік – социальный әлеуметтік-саяси – социально-политический зиялылар – интеллигенция қайраткер – деятель майталман – неутомимый; выносливый; непревзойденный қуғын-сүргін – репрессия қуғын – гонение; изгнание; преследование; репрессия қажырлылық – настойчивость; упорство; энергичность 2-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. XX ғасырдың басында халықтың ұлттық құрамы қанша болды, олар қай жерлерде қоныстанған? 2. Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің қай салалары басты болды? 3. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жол қатынастары қалай дамыды? 4. Ұлттық мектептерді ашу ісінің басында кімдер тұрды? 5. Саяси күрестің басты құралдары ретінде ең алғаш қандай бұқаралық газеттер шығарылды? 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихтағы маңызы қандай болды? 3-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар. Ү л г і: – 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі неде болды? – 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды. 4-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олардың жалғану ережесін түсіндіріңіздер. Ү л г і: Егер сөздер қатаң және ұяң б, в, г, д дыбыстарына аяқталса, онда -тар, -тер жалғаулары жалғанады. Мысалы: студент + тер, кітап + тар,штаб + тар, дос + тар, жас + тар, мектеп + тер. 5-тапсырма. Мәтіннің төртінші мағыналық бөлігінен алынған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауларын қосып жазып, олардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңіздер. Қазақ театр өнерінің майталман...ы ұйымдастырды. Кеңес үкіметінің өкіл...і әртүрлі айыптау науқаны – саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді үйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жыл...дың ортасы болды. 1928 жылдың аяғында Алашорда кайраткер...і тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан ай...ында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы тұтқындалды. Көптік жалғаулары (Множественные окончания)
«Флексия» – сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, көмекші мағына беретін көмекші морфема болып саналады. Морфема дегеніміз гректің форма деген сөзінен алынған термин. Флексия – сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік қатынасын білдіреді, екінші сөзбен айтқанда жалғаулар – сөз бен сөзді байланыстыратын постфикстер. Флексия сөздердің формасын өзгертіп, оған грамматикалық мағына үстейді. Лингвистикада жалғауды флексия» дейді. (Ә.Хасенов) Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия) бар. Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: 1. Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді (су, сүт, мақта, шөп, қымыз, шұбат, ұн, жүн, құм, тұз т.б.). 2. Синтаксистік тәсіл көптік мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді (бес кісі, елу шақты бала, қырық орындық, қыруар ақша). 3. Морфологиялық тәсілде көптік ұғымдар жеке сөзге тиісті қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар, -дер, - тар, -тер), көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына тудырады (үй + лер, көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар).
|