Студопедия — Хайдар Дулати (1499-1551) 8 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хайдар Дулати (1499-1551) 8 страница






Ал аңыздарда Жиренше Әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (XIV-XV) тұстары ретінде айтылады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін сөз бар. Абай сол Майқыны «Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп атайды. Бұл дерекке қарасақ, шешендік өнердің тарихы әрі қарай тереңдей түседі. Қазақтың шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі XV-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жүргізген жылдар еді. Тап осы кезеңде билер мен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Осы кезеңде сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке ие болып отырған. Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп аталуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған. Би – халықтың көкейіндегісін, көкірегіндегісін жарыққа шығарған айтушысы.

121-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар. Олардың айтылу сазына қарай айырмашылықтарын түсіндіріңіздер.

Нағыз шешен болу үшін тек шеберлік жеткіліксіз. Табан астында тауып сөйлейтін тапқыр, топқа тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болу қажет. Шешендік өнердің қиындығы туралы айтатын болсақ:

Көш бастау қиын емес, Шабатын жерде жау бар.

Қонатын жерде су болса. Шаршы топта сөз бастау қиын,

Қол бастау қиын емес, Шешуін адам таппас дау бар,

- дейтін сөз соны аңғартады.

Бүгінгі таңда қазақ халқының шешені болу үшін, өз заманының озат ойшылы, оқыған, саналы, білімді, мәдениетті азаматы болуға тиіс.

Жалпы шешендік өнер халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны – халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айырылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген шешендік өнермен айтылған.

Сөйлемдердің айтылу сазына қарай бөліну түрлері:

 

               
       

 


Хабарлы Бұйрықты

Сұраулы Лепті

Білгенге маржан. Үш жүз туралы біліп алыңыздар.

Үш жүз. Қазақ халқы үш жүзден тұрады. Олар: Бекарыс – Ұлы жүз; Ақарыс – Орта жүз; Жанарыс – Кіші жүз. Ұлы жүз: Үйсін (Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі, Жалайыр, Қаңлы, Шанышқылы). Орта жүз: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ. Кіші жүз: Үш топ Алшыннан құралады. Олар: Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ыссық, Қызылқұрт); Әлімұлы (Әлім, Шөмен, Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті); Жеті ру (Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Телеу, Табын, Тама, Рамадан).

 

4-апта. 10-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Сын есімнің мағынасына қарай жіктелуі. Қатыстық сын есімдер.

122-тапсырма. Халық батыры – Қабанбайдың ерлік істерінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар. Тарихи деректерді есте сақтаңыздар.

 

Ел қорғаны – батырлар. Ел қорғаған – ер бабам

* * * * *

Халық батыры – Қабанбай (1703-1781)

Қожағұлұлы Қабанбай – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық батыры. Шыққан тегі – Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батырлар әулетінен. Оның аталары да аты шыққан батырлар болған.

Жоңғарларға қарсы күрестегі Қаракерей Қабанбайдың батырлық ерлігі ерекше. Ол қатыспаған бірде-бір шайқас болмаған. Қабанбай бір жарым жылға созылған Шаған шайқасына, сексен күнге созылған әйгілі Алакөл шайқасына, 1728 жылғы Шұбар теңізі жағасындағы ірі шайқастарға қатысқан. Ал Жоңғар қақпасындағы шайқас оның соңғы жеңісі болған, яғни ол әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде де жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске бөлеп отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп ардақ тұтып, есімін жырға бөлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери ірі қақтығысы 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы болды. Бұл – осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белгісі.

Қабанбай батыр соғысқа жүз үш рет кірген. Оның атын шығарған Шаған шайқасы болды. Ол әулетімен батыр болыпты. Оның әкесі Қожағұл өз тұсында Жалаңтөс батырларымен бірге Хиуа хандығына қарсы соғысқан қолбасшылардың бірі.

Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді.

Қабанбайдың жеті ұлы болған. Оларды «жеті Қабанбай» деп атайды. Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728-1762жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін, Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеліп жерленген көрінеді. Елі аяулы батырдың басына сәулетті күмбез орнатты.

Ел басына күн туған кездерде ірі-ірі шайқастарға қырық жылдай қатысып, ерекше батырлығымен көзге түскен Қабанбайдың «дарабоз» деген атқа оның жасаған ерліктерінің сай екені тарихтан белгілі.

Сөздік:

басқыншы – грабитель; захватчик; оккупант

шайқас – битва; сражение; схватка, борьба

дара – индивидуальный; отдельный; одиночный; абсолютный

жауынгер – воин; солдат; боец; рядовой; воинственный

қақтығыс – столкновение; стычка; конфликт; инцидент

дәуір – век; фаза; эпоха; эра; период

123-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есім тұлғасында тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

Ү л г і: Дипломатия+лық тәсіл. Парасат+ты би. Дәстүр+лі мәдениет.

124-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.

Сын есім (Имя прилагательное)

Сын есім дегеніміз – заттың сын-сипатын, сапасын, түр-түсін, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы.

Имя прилагательное – это часть речи, которое обозначает признаки, качества, свойства, цвет, объем, форму предмета.

Сын есім қандай? (какой?), қай? (который?) деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есім мағынасына қарай (по значению) 2-ге бөлінеді:

Қатыстық сын есімдер (относительные прилагательные).

Сапалық сын есімдер (качественные прилагательные).

Қатыстық сын есімдер – бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білдіреді.

Қатыстық сын есім выражает признаки, приписываемые предметам, отношение одного предмета к другому по принадлежности, местонахождению, времени и т.д.

Мысалы: шөпті жер – шөп мол шығатын жер, түнгі жел – түнде соғып тұратын жел, қысқы сессия – қысқы уақытта өткізілетін сессия, жазғы демалыс – жазда болатын демалыс күні, таулы алқап – тауы көп жер, тұзды тамақ – тұзы көп салынған тамақ, ақшалы адам – ақшасы көп адам, түскі ас – түс кезінде ішілетін ас, қысқы аяз – қыс мезгілінде болатын аязды күндер т.б.

Қатыстық сын есімдер сөздің түбіріне төмендегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады:

1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, ті – бір заттың екінші затқа қатысын көрсетеді (указывает на отношение одного предмета к другому). М.: Көп бала+лы үй.

2. -дай, -дей, -тай, -тей – бір заттың екінші затқа қатысты сапасын көрсетеді (указывает на качество предмета относительно другого предмета). М.: Тау+дай, әке+дей, бала+дай;

3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік – қоғамға, саясатқа, өнерге қатысын көрсетеді (указывает на отношение к обшеству, к искусству, к политике). Мысалы: Қала+лық, азамат+тық, әлеумет+тік;

4. -сыз, -сіз – болымсыз сын есімдер (отрицательные прилагательные). М: кітап+сыз, үй+сіз, ағаш+сыз.

5. -қы, -кі, -ғы, -гі – мезгіл, уақыт және кеңістікке қатысты сын есімдер (отношения времени и пространства). М.: жоғар+ғы қабат, кеш+кі уақыт;

125-тапсырма. Қатыстық сын есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Денелі адам, көңілді бала, беделді қызметкер, абыройлы азамат, жұлдыздай жарық, таудай биік, сауатты оқушы, қысқы олимпиада, сусыз жер, шөлейтті дала, кешкі уақыт, мұнайлы өлке, әлеуметтік жағдай, мемлекеттік мекеме, ызғарлы қыс, ұшқынды жалын.

126-тапсырма. Берілген қатыстық сын есімдерді мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

1. көшпелі 2. қанды 3. қарулы 4. қатысты 5. түнгі 6. айбынды 7. атақты 8. нар тұлғалы 9. азаттық 10. пайдалы 11. халықтық а) жау ә) ақыл б) жорық в) жауынгер г) батыр ғ) халық д) соғыс е) шежіре ж) алып з) дерек и) шайқас Ү л г і: Шешендік өнер. 1..................................................................2..................................................................3..................................................................4..................................................................5..................................................................6..................................................................7..................................................................8..................................................................9..................................................................10................................................................11...............................................................

127-тапсырма. Көп нүктенің орнына қатыстық сын есім жасап тұрған жұрнақтарды қосып жазыңыздар.

Ол елі мен жеріне қауіп төндірген Ресей мен Қытайға тосқауыл болу үшін күші жетпей, сөзі өтпей қиналған сәттерде ең сүйік... балаларын кепілдікке берді. Ол Қытай мен қалмақ тілдерінде еркін сөйлеп, олардың да ықпал... адамдарын ұтқыр сөздерімен тосылтып отырды. Абылай хан қазақ халқының саяси-әлеумет... өміріне қырық жылдан астам уақыт ықпал етіп, билігін жүргізді. Торы ала тұлпары астында, шойын... шоқпары қолында. Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзім... уақытында жетеді. Наурызбай батыр Абылайдың қасында болып, оның сенім... батырларының біріне айналды. Қазақ қолының жеңіс... жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды.

128-тапсырма. Терминдердің мағынасын ескеріп, есте сақтаңыздар.

Мектеп – балаларға білім беретін оқу орны, бұл сөз «китабе» сөзінен шыққан. «Китабе» сөзінің алдына «ма» қосылып, «макитабе» сөзі пайда болған. Оны өз тілімізге аударсақ, «оқуға, сабақ жүргізуге арналған бөлме» мағынасында. Бұл сөз қазақ тіліне аударғанда «мектеп» қалпына дейін өзгерген.

Дәптер – оқушылар пайдаланатын жазу құралы. Бұл сөз де тілімізге араб тілінен енген. Арабша «дафтер» сөзі «жазуға арналған кітап» деген мағынаны білдіреді. Содан кейін барып «дәптер» сөзі шыққан.

Қалам – жазу құралы, оның да алғашқы төркіні – араб тілі. Ерте кезде адамдар сиямен жазу үшін құс қауырсынын пайдаланғаны белгілі. Ал арабтар ертеде қауырсынның орнына қамысты ұштап жазған. Содан араб тіліндегі «қалам» сөзі – «қамыс ұшы» деген мағынаны береді.

Бор – мұның тақтаға жазу жазатын ақ балшықтан жасалған құрал екені белгілі. «Бор» атауын алуы – оның түсіне байланысты. Қазіргі кезде қазақ тілінде «ақ» түсін «боз» қалпында айтыла беретіні де белгілі. Осы «боз» сөзі өте ерте кездерде «бор» болып, «ақ» мағынасында қолданылатын болған. Монғол тілінің деректеріне сүйенсек, «бор» сөзі «сұр», «боз» мағыналарын білдіреді.

129-тапсырма. Берілген сапалық сын есімдерді бір бағанаға, қатыстық сын есімдерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.

Білікті қолбасшы, қабілетті жауынгер, көзсіз ерлік, шымқай қызыл, қара ала, елеулі үлес, биік, аласа, дөңгелек, қырлы, қисық, жалпақ, сұр, боз, сусыз жер, шулы көше, еріншек, аласа, қара торы, жуас, өткір, жіңішке.

130-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерінен қатыстық сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

1. арыстандай айбатты зарлы өкініш ардақты азамат өнегелі ақын ұлттық сезім көркемөнер ымырасыз күрес тәуелсіз Қазақстан иманжүзді адам өнерлі тұлға 2. көрнекті қайраткер белгілі батыр көреген саясаткер арғымақ ат қауіпсіздік коммунистік партия әншілік өнер қазақтың ұлы ханы ағартушылық сала ақ ниеттілік 3. айтулы батыр қабілетті бала амалсыз жағдай құнды еңбек батырлық жол қазақ хандары бас сардар дуалы ауыз батырдың ұрпақтары жаугершілік заман

131-тапсырма. Абай өлеңдерінен қатыстық сын есімдерді тауып, өлеңдерден үзіндіні жаттап алыңыздар.

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Желсіз түнде жарық ай,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Сәулесі суда дірілдеп...

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, * * * * *

Ой желке, үңірейген болса сағақ, Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Қабырғалы, жотасы болса күшті. * * * * *

Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті. Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.

* * * * *

Сөйлесе сөзі әдепті, ән мағыналы,

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

(Абай)

4-апта. 11-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Сапалық сын есімдер.

132-тапсырма. Райымбек батырдың ата мекенін жаудан тазартудағы ерліктерін үлгі-өнеге тұтыңыздар. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Жоңғар басқыншылығында даңқы

шыққан батыр – Райымбек (1705-?)

Хангелдіұлы Райымбек – жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының бостандығы үшін күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Кейінгі деректерде «Хангелді Райымбек» аталғанымен, Хангелді Райымбектің әкесі емес, атасы.

Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетіп, батыр атанды. Ол өз заманында ұйымдастыру қабілеті жоғары, сарбаздарын жігерлендіре білген қазақтың білікті қолбасшысының бірі. Тарихтағы қазақ батырларының негізгі іс-әрекеттерінде халықпен санасу жағы басым болған. Райымбек те кез-келген мәселені жанындағы батырлармен ақылдасып шешіп отырған.

Жан беріп, жан алысқан жаугершілік заманда аяқ астынан күтпеген қиындықтар болған кезде, Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді аман алып шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі – қалмақтар қаптап келіп қалғанда Райымбектің көзсіз ерлікке барып, әскерін Іле өзенінен аман өткізуі. Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен біріге отырып, ата мекенін жаудан тазартудағы ерліктері – ұрпаққа үлгі боларлықтай. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын танытқан «Ойран төбе шайқасы» сондай шабуылдардың бірі ғана.

Халық «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» десе, Райымбек осы ұстанымды бойына сіңірген адам. Әсіресе, ылғи да халқын ойлап жүрсе, бұл – нағыз ел үшін туған азаматтық қасиет.

Қазақта «Жер болса – ел болады, ел болса – ер болады» деген де сөз бар. «Айласыз батыр болар ма?» деп те бекер айтылмаған. Нағыз қолбасшы Райымбек қиын сәттерде жол тауып, сарбаздарын рухтандырып, жігерлендіріп отырған.

«Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған батырдың ерлік жолы – Жетісу өңірін жаудан тазартуды өз міндетіне алып, тарихи танымдағы жауынгерлік дәстүрді дамытуға өзіндік үлес қосуы – оның тарихи тұлға екенін айғақтайды.

Халық «Ер есімі – ел есінде» деп тегін айтпаған болса керек. Райымбектің жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлік іс-әрекеттерінің шексіздігіне қарай, халық оның есімін аңызға айналдырған. Ол шапқыншылық кезеңдердің бәрінде аттан түспей, қарулас серіктестерімен бірге талай шайқастарды бастан өткізді.

Райымбекті «Әулие» деп атайды. Тасып жатқан дариядан әскерін аман өткізуі, сусыз жерден су шығаруы, болашақты болжаған көріпкелдік іс-әрекеттері оның ел есінде осы атағымен сақталуына мүмкіндік берген болса керек.

Мүйізді Өтеген батыр бірде Райымбекке: «сен өлгенде шудың астында қаласың», - деген екен. Сол сөз шындыққа шығып, батырдың мазары бұл күнде бұрынғы Ұлы Жібек жолының бойындағы, қазіргі Алматы қаласының ең шулы көшесінің жиегінде тұр.

Райымбек батырдың тұлғасын ақын М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасында сомдаған. Елін, жерін азат етуде Райымбек батырдың тарихи рөлі зор. Оның ерлігі жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге әбден лайықты.

Сөздік:

сарбаз – воин; боец; солдат

қырғын – бойня; погром; резня; битва; уничтожающий; урон; побоище

ұстану – придерживаться

жігерлендіру – приободрить; вдохновлять; воодушевлять; приободрять

қарулану – быть вооруженным; взяться за оружие; вооружение; вооружаться

көріпкел – ясновидец

133-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Райымбек не үшін күрескен батыр? 2. Ол кімге қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды? 3. Неліктен оны білікті қолбасшы дейді? 4. Райымбектің қай ерлігі ел есінде сақталған? 5. Оның қай ерлігі жастарға үлгі боларлық? 6. Райымбектің ерекше батырлығымен танылғаны қай шайқас? 7. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты Райымбектің ерлігі жөнінен не білесіздер? 8. Райымбекті неге «Әулие» деп атаған? 9. Батырдың тұлғасын қай ақын, қай еңбегінде сомдаған? 10. Мүйізді Өтегеннің Райымбекке айтқанын қалай түсіндіресіздер?

134-тапсырма. Мәтіннен сапалық сын есімдерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Жалпақ; жалпақ дала;Қазақстанның жалпақ даласына кімдер келіп, кімдер кетпеді? «Жалпақ» сөзі сапалық сын есім, пішінді, форманы білдіреді.

135-тапсырма. Абайдың өлең жолдарындағы сапалық сын есімдердің астын сызып, олардың заттың несін білдіріп тұрғанын түсіндіріңіздер.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Маңдайдан тура түскен қыр мұрынды,

Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды, Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды,

Жіңішке қара қасы сызып қойған, Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.

* * * * *

Адасып алаңдама жол таба алмай, Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Берірек түзу жолға шық қиналмай... Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...

* * * * *

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Кәрі-жас дәурені өткен тату емес,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Епке көнер ет жүрек сату емес...

Жақсы менен жаманды айырмадың... (Абай)

 

Сапалық сын есімдер

(Качественные прилагательные)

Сапалық сын есімдер заттың түсін, түрін, көлемін, аумағын, салмағын, сипаты мен сапасын, дәмін, көлемін т.б. білдіреді.

Сапалық (качественные) сын есімдер обозначают качество, свойство, цвет, объем, величину, характер, вкус, форму предмета и т.д.

 

Түрлері (Типы) Мысалдар (Примеры)
а) түрі мен түсі (качество, признак цвета) ә) сын-сипаты (характер и свойство)   б) көлемі мен аумағы (объем, величина, размер) в) дәмі мен иісі (вкус)     г) пішіні, түрі, формасы (форма) а) ақ – белый, қызыл – красный, сары – желтый, жасыл – зеленый, көк – синий, сұр – серый, көгілдір – голубой, күрең – бордовый. ә) жақсы – хороший, сұлу – красивый, жалқау – ленивый, жуас – тихий, смирный, әлсіз – слабый, қатты – твердый, семіз – жирный, арық – худой. б) үлкен – большой, кең – широкий, тар – узкий, биік – высокий, жуан – толстый, жіңішке – тонкий, кішкене – маленький, аласа – низкий. в) ащы – горький, тұщы – пресный, тәтті – сладкий, дәмді – вкусный, қышқыл – кислый, тұзды – соленый. г) қырлы – граненый, түзу – прямой, қисық – кривой, дөңгелек – овальный, круглый, сопақ – продолговатый, жұмыр – шарообразный, жалпақ – плоский.

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 735. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия