Хайдар Дулати (1499-1551) 3 страница
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ, Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Өзіне сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. (Абай) 30-тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар. Пікірталас барысында етістіктің шақ категориясына назар аударыңыздар. 1. Тіл уақыт өткен сайын жаңарады, оған жаңалықтар еніп отырады. 2. Әлемдегі ең кең жайылған тіл – сөзге ең бай тіл.
1-апта. 3-тәжірибелік сабақ; Грамматика: Етістіктің осы шақ категориясы. Қазақ тіліндегі модаль сөздер. 31-тапсырма. Мәтінмен танысып, мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білетіндіктеріңізді, оның дамуына қосатын үлестеріңізді өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар. Тіл тағдыры – ел тағдыры * * * * * Қазақ тілі – мемлекеттік тіл Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің; ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А. Байтұрсынов) Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б. Момышұлы) Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін еліміздің болашағы – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныту. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Оған кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және басқа тілдер. Қазақ тілі – өзінің әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуы XІ-XІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасқан. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (V-VIII ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік», Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Хикмет» (XІ-XІІ ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (XІІІ-XІV ғ.) тұсындағы жазулардан алған. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары арқылы қазіргі қазақ әдеби тілі бізге жеткен. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын (кирилл әліпбиін) қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан 600 тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие 200 тілдің қатарында тұр. Қазақ тілі – бай да, құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және әртүрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген.1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда: «Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеген болатын. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тіл бар жерде болашақ бар, мемлекет бар, ұлттық рух, ұлттық намыс бар. Сөздік: егеменді – суверенный түпкілікті – вечный; постоянный; окончательно; основательно көне – старый; старинный, древний; античный құнарлы – плодородный; содержательный; калорийный ежелгі – давний: древний; исконный шежіре – родословие; летопись; родословная история мұра – наследие; наследство; памятник 32-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. 1.XXІ ғасыр жастарының міндеті не? 2. Қазақ тілі кімдердің ана тілі? 3. Қыпшақ тармағына қай тілдер кіреді? 4. Қазақ тілінің қалыптасуы қай кезеңнен басталып, қай ғасырда толық қалыптасты? 5. Қазақ тілінің ең көне бастауын неден алған? 6. Ежелгі тарих, шежіре, мұралар бүгінгі ұрпаққа не арқылы жетіп отыр? 7. «Тіл туралы» Заңда не айтылған? 8. Дүние жүзіндегі барлық халық тәелсіздікке не үшін ұмтылады? 9. Ана тіліміз бізге кімдердің шығармалары арқылы жеткен? 33-тапсырма. Мәтіннен осы шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Ү л г і: Мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр (жалаң нақ осы шақ). Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріл+іп отыр (күрделі нақ осы шақ). Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отыр+а+ды (ауыспалы осы шақ). 34-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін негізге алып, осы шақтың түрлеріне (нақ, ауыспалы) мәтін құрастырыңыздар. Өте бай тіл, тәрбиелеудің құралы, мәдениеттің гүлденуі, тарихи қалыптасу, туған тіл, сүйіспеншілік, ұғым, қазақ халқының, ғылыми тіл, мемлекеттік мәртебе, мемлекеттік міндет, қарым-қатынас тілі, тіл комитеті, тілдің салалары, ресми тіл, ауызекі және жазбаша қолдану, тілді қолдану мен дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі – қазақ халқының этникалық тілі. 35-тапсырма. Тіл туралы өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсініп, жаттаңыздар. Ана тілім, жүрегісің анамның, Анашымды ұмытқаным емес пе? Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым. Ана тілім егер сені ұмытсам. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем, Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның. Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан, Ел бетіне қалай тура қараймын, Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам. Ана тілім, егер сені білмесем. 36 -тапсырма. Өлең жолдарындағы тілеймін, тілдесем, қараймын сөздерінің қай шақта тұрғанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. 37-тапсырма. Төмендегі тіл туралы айтылғандарды есте сақтаңыздар. Ана тілдеріңізді құрметтеңіздер. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. * * * * * Тіл – әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. * * * * * Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. * * * * * Тіл – таусылмайтын байлық. Оны қанша білсең, сонша биіктейсің. * * * * * Туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. * * * * * Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тіл – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. * * * * * В. И. Ленин: «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы», - дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз. 38-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер. Басқа таяқ тілден. Беда голове от языка. * * * * * Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. Слово камни разбивает, а если не камни, то головы. * * * * * Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады. Болячки через руки передаются, беда – через слово. 39-тапсырма. Жоғарыдағы тіл туралы айтылғандардан осы шақта тұрған етістіктерді тауып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар. Етістіктің осы шақ категориясы (Категория настоящего времени глагола) Осы шақ; Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіретін категория. Шақтың үш түрі болады: осы, келер, өткен шақ;. Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлау кезінде болып жатқанын білдіреді. М.: Мен тыңдап отырмын. Далада қар жауып тұр.
Осы шақтың 2 түрі бар: 1. Нақ осы шақ (собственно-настоящее время). 2. Ауыспалы осы шақ (переходное настоящее время). Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрғанда болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақтың 2 түрі бар: Дара (простая форма). Күрделі (сложная форма). Нақ осы шақтың дара түрі отыр, жүр, жатыр, тұр етістіктеріне жіктік жалғауының тікелей жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: мен отыр+мын, сен жатыр+сың, сіз тұр+сыз, сендер жүр+сіңдер, біз тұр+мыз, олар отыр. Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп, -п жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын. Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер. Ауыспалы осы шақ қимылдың үнемі болып тұратынын білдіреді. Ауыспалы осы шақ етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтарының жалғанып, одан соң жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.
Қазақ тіліндегі модаль сөздер (Модальные слова в казахском языке) Қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысы туралы сөйлеушінің көзқарасы модальдық категория деп аталады. Олар мыналар: шамасы, әрине, әлбетте, рас, шын, мүмкін, сияқты, тәрізді, керек, екен, шығар, болар т.б. Осы сөздердің ішінде: шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәрізді модальді сөздері үнемі сөйлемнің соңында келеді. Ал, қалған сөздер көбінесе сөйлемнің басында, не соңында келеді. Модальные слова служат для выражения точки зрения говорящего на отношение высказываемой мысли к действительности. В казахском языке имеются следующие модальные слова: керек, қажет – необходимо; надобно; нужно. Оған не керек? (Что ему нужно?). Маған қазақ тілі оқулығы керек (Мне необходимо учебник по казахскому языку). сияқты – как будто; как; кажется. Ол айтқан сияқты (Он как будто говорил). шамасы – скорее всего; вероятно. Шамасы ол келмейді (Скорее всего, он не придет). әрине, әлбетте – конечно. Әрине, ертең келемін (Конечно, я приду завтра) екен – оказывается. Театрда адам көп екен (Оказывается, в театре много народа). рас, шын – правда; верно. Рас, маған биік өкшелі аяқ киім керек Правда, мне нужна обувь с высоким каблуком). мүмкін, шығар – возможно; может быть; вероятно. Мүмкін, емтиханды ерте тапсырасың (Возможно, ты сдашь экзамен досрочно). Ол әлі келмеген шығар (Может быть, он еще не пришел). әйтеуір болар – когда-нибудь; всегда. Әйтеуір, ол бір келер (Когда- нибудь,он появится). Әйтеуір, Мараттың сөзі тура келді (Всегда выходит так, как говорил Марат). тәрізді, секілді – похоже. Ол өтірік айтқан тәрізді (Похоже, он неправду сказал). Среди этих слов, такие слова как шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәрізді присоединяются только к концу предложения. Остальные слова могут находиться как в начале так и в конце предложения. Бұлардан басқа да модель сөздер баршылық: бәсе – вот оно что; наконец-то; так оно и вышло; тиіс – необходимо; должно; обязано; следует; әлбетте – конечно; обязательно; разумеется; так точно; әрине – безусловно; конечно; бесспорно; несомненно. 40-тапсырма. Берілген модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар. Тәрізді, секілді (похоже), екен (оказывается), шамасы (скорее всего, вероятно), рас, шын (правда, верно), әйтеуір (когда-нибудь, всегда). Ү л г і: Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. 41-тапсырма. Өлеңді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер. Өлең жолдарындағы етістіктің шақ категориясын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. Ана тілі – ұрпақ тілі Батар, кетер келмеске күнім менің, Сол тіліммен дүниені атадым, Қалар, бірақ, киелі тілім менің. Таптым бүкіл тіршіліктің атауын. Қасіретті шақтарда түңілгенде Жатты онда аманаты ананың, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Жатты онда аманаты атаның. (М. Мақатаев) (С. Мәуленов) * * * * * Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта, Дей алмас қайдан әкелді, Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа! Бар тілден үйрен білімді. Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел Ұмытсаңдағы бөтенді, Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса. Ұмытпа ана тіліңді. (Ә. Сәрсенбаев) (А. Тоқмағамбетов) 42-тапсырма. Нақ осы шақтың астын сызып, олардың түрлерін (дара, күрделі) ажыратыңыздар. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – Қазақстан Республикасы халықтарының көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр. Болашақ мамандар үшін қазақ тілін білу міндетті болып отыр. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу қолға алынып, іске асырылып жатыр. Мейман сол баяғы сұлқ қалпы үнсіз жатыр. Шеке тамыры әдеттегідей білемденіп тұр. Құрт қайнап, буы бұрқырап, ірімшік пісіп жатыр (Ә. Кекілбаев). Адамдар мен түйелер міз бақпай, сап түзеп тізіліп тұр. Ертең күзде Хиуаға жылқы сатуға жүргелі отырмын. Орнынан ыршып атып тұрды. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Екі шатқалдың арасында тұрмыз. (Ғ.М.). Біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтып отырмыз. Бірақ сол заманның шырмауынан шыға алмаған ол ілім – бізге жетпіс жылдан соң ғана оралып отыр. 43-тапсырма. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ (дара, күрделі) жасап тұрған сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында........... Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе.................... Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда..................... Тіл құрыса, оның халқы да жер бетінен жоғалып кететіндігі туралы............................ Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізіліп, іске.............................. Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөз және сөз тіркестері: тұр, беріліп отыр, жатыр, айтылып жүр, асырылып отыр. 44-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Қазақстан Республикасында тіл туралы Заң қашан қабылданды? 2. Қазақстан азаматы неге құқылы? 3. Қазақстанның болашағы – жастар қандай болулары керек? 4. Қазақстан Республикасында қанша ұлттың өкілдері тұрады? 5. Қазақстан қандай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды? 6. А. Байтұрсынов кейінгі ұрпаққа қандай мұра қалдырған? 7. А. Байтұрсыновтың тіл біліміне арналған қандай еңбектерін білесіздер? 45-тапсырма. Сұрақтарға нақ осы шақтың дара (жалаң) формасында жауап беріңіздер. 1. Сен қайда отырсың? ................................................................................................... 2. Ол кімде отыр? ............................................................................................................ 3. Біз қайда тұрмыз? ........................................................................................................ 4. Олар кімде отыр? ......................................................................................................... 5. Біз кімде отырмыз ?...................................................................................................... 6. Сіз қай жерде тұрсыз? ................................................................................................ 46-тапсырма. Сөйлемдерден осы шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар. Тіл екі түрлі жолмен қызмет етеді. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу тілі көбіне диалог түрінде өтеді. Жазба тілде сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі, әрі түсінікті етіліп құрылады. Тілдің қызметі мен ойдың айтылу мақсатына қарай сөйлем құруда соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып, талданып қолданылып жүр. Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады. Көсіліп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізіп жүр. Оқушының сезіміне әсер ету үшін сөздер бейнелі мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылып отырады. 47-тапсырма. Төмендегі етістіктерді нақ осы шақтың дара (жалаң) және күрделі формасына салып жіктеңіздер. Ү л г і: I. Мен отырмын (Я сижу) Мен жаз+ып отыр+мын (Я пишу) II. Сен отырсың (Ты сидишь) Сен жаз+ып отыр+сың (Ты пишешь) Сіз отырсыз (Вы сидите) Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы пишете) III. Ол отыр (Он сидит) Ол жазып отыр (Он пишет) Сөйлесу, қарау, айту оқу, бару, зерттеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау. 48-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына оң жақ бағанадағы сөздерді мағынасына қарай іріктеп, тиісті орындарына қойып жазыңыздар. Ү л г і: Мен университетте оқып жүрмін (нақ осы шақтың күрделі түрі).
2-апта. 4-тәжірибелік сабақ; Грамматика: Етістік. Негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктер. Көмекші есімдер. 49-тапсырма. Қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшысы – Абылай ханның ерлігі туралы тарихи мәліметтерді оқып, тақырыпқа қатысты өз білетіндеріңізді қосып, толықтырып, мазмұндаңыздар.
Қазақ елінің хандары * * * * * * Үш жүздің басын біріктірген хан – Абылай (1711-1781) Абылай хан – ақыл-парасаты жағынан болсын, көрегендігі жағынан болсын, қол астындағы халқының күші мен санының басымдылығы жағынан болсын, сол кездегі қазақ даласын билеген замандастарының бәрінен де басым еді. (А.И. Левшин – әйгілі тарихшы) Абылай хан (Әбілмансұр) – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, қазақ жерін біріктіруші.
|