Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 6. Функционалдық калькуляциялау





 

1.Шығындарды бөлудің функционалдық жүйесі

2.Шығын топтары, шығынды тасымалдаушылар, қызметтер бойынша шығын орталықтары

3.Шығынның мақсаттық калькуляциясы

 

Өнімнің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін жанама (үстеме) шығыстарды калькуляциялау объектілерінің арасында бөлудің таңдалған әдісі маңызды рөл атқарады. Отандық және шетелдік есеп саясатында өткен ғасырдың ортасына дейін өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы үстеме шығыстарды бөлу базасы ретінде прайдаланылды.

Үстеме шығыстарды өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысына пропорционалды бөлген кезде олардың көп бөлігі еңбек сыйымдылығы аз өнімнен гөрі еңбек сыйымдылығы көп өнім түрлеріне жатқызылады. Осының нәтижесінде еңбек сыйымдылығы аз өнім түрлері аз пайда түсіретін болып шықты, яғни өнімнің өзіндік құны бұрмаланды.

Сонымен бірге өндірістік процестерді автоматтандырудың өсуіне орай өнімнің өзіндік құнының құрылымындағы тікелей еңбек шығындары мен үстеме шығыстардың өсуі төмендеді.

Ұйымның өндірістік қызметімен тікелей байланысты емес шығындар: логистикаға, жабдықтарды реттету мен үйлестіруге, өнімнің сапасын бақылауға және т.б. жұмсалатын шығыстар артты.

Осының барлығы шығындарды функциялар бойынша есептеу немесе АВС әдісінің (Activity Based Costing –ABC) пайда болуына әсер етті. АВС әдісінің шығындарды есептеудің басқа әдістерінен түбегейлі айырмашылығы үстеме (жанама) шығыстарды бөлу тәртібімен байланысты.

Шығындарды АВС әдісі бойынша есептеу былайша жүзеге асырылады:

1. Жанама шығындарды пайда болуы байланысты негізгі қызмет түрлері (функциялар немесе операциялар) анықталады. Әдетте оларға материал жеткізуге тапсырыс ресімдеу; өндірістік жабдықтарды пайдалану; оны жөндеу мен реттеу жөніндегі операция; өнімнің сапасын бақылау және т.б. жатуы мүмкін.

Ұйымның үстеме шығыстары жеке бөлінген қызмет түрлерімен (функциялармен немесе операциялармен) сәйкестендіріледі.

2. Әр бір қызмет түрінің шығындарының тиісті өлшем бірліктерінде бағаланатын иесі мен олардың сандық мағыналары анықталады.

3. Әр бір қызмет түрі бойынша шығын иесі бірлігінің құны олардың үстеме шығыстарының сомасын тиісті шығын иесінің сандық мағынасына бөлу арқылы анықталады.

4. Үстеме шығыстар өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында шығын иесі бірлігінің құнын әр бір өнім (жұмыс, қызмет) түрін жасау үшін орындалған қызмет (функциялар, операциялар) түрлері бойынша олардың санына көбейту арқылы бөлінеді.

5. Әрбір өнімнің бірлігі мен түрінің өзіндік құны анықталады. Осы әдісте шығындарды есептеу объектісі жеке қызмет түрі (функциялар, операциялар), ал калькуляциялау объектісі – өнімнің (жұмыстың, қызметтің) түрі болып табылады.

Тікелей шығындары 12530 мың теңгені және үстеме шығыстары 3900 мың теңгені құрайтын 4 өнім түрін шығаратын ұйымның шартты деректері пайдаланылған №7.8-7.12-кестелерде өнімнің өзіндік құны мен калькуляциялау шығындарын АВС-әдісі бойынша есептеуді ұйымдастырудың мысалы келтірілген.

АВС – өзінің мәні бойынша өнімнің өзіндік құны мен калькуляциялау шығындарын есептеудің тапсырыстық әдісіне балама әдіс. №7.14-кестеде АВС-әдіс пен тапсырыстық әдісті пайдаланып өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялаудың нәтижелері келтірілген.

Үстеме шығыстарды бөлудің тапсырыстық әдісі оған басқа факторлардың ықпалын бір ғана көрсеткіштің (біздің мысалда негізгі еңбекақының) іс-әрекетін ғана ескеред, ал АВС-әдіс –те үстеме шығыстарды бөлу үшін барлық ықтимал факторлар ескеріледі. Сондықтан АВС-әдіс өнімнің өзіндік құнын неғұрлым дұрыс есептеуге және пайдалылығын анықтауға ықпал етеді.

 

 

1 кесте - Өнім шығарумен байланысты тікелей шығындар

 

Өнім түрлері Өнім бірлігінің саны, дана Тікелей материалдық шығындар, теңге Еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар, теңге Барлық тікелей шығын,теңге
барлығы өнім бірлігіне жұмсалған барлығы өнім бірлігіне жұмсалған бүкіл өнімде өнім бірлігінде
А              
Б              
Г              
E              
Барлығы     х   х   -

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2737. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия