Силлабус
Модулдің атауы
| Басқару есебі
| Ғылымның облысы
| Экономикалық ғылымдар
| Жауапты оқытушы
| Нуркашева Н.С.
| Оқыту тiлi
| Қазақша
| Деңгейі
| Бакалавриат /4, 3 курс /
| Пәннің пререквизиттері
| «Бухгалтерлік есеп прициптері», «Қаржылық есеп», «Менеджмент негіздері», «Макро экономика», «Микро экономика,»«Экономикалық теория»
| Пәннің постреквизиттері
| «Құрылыстағы есеп», «Экономикалық талдау»
| Ұсыныстың мерзiмдiлiгi
| Жылына бір рет
| Ұзақтығы
| 5 семестр / 15 апта / 68 байланыс сағаттары
| ECTS кредиттері
| ҚРБМ жүйесі бойынша 3 кредит; ECTS жүйесі бойынша 5 кредит
| Модулдің мақсаты
| Бұл курс «Қаржылық есеп», «Іргермелі қаржылық есеп» пәндерінің жалғасы болып саналады. Бұл курсты оқу барысында шығындар мен олардың топтамасы, еңбек ақы және материалдық шығындар есебі, үстеме шығындар және олардың таратылуы, көмекші өндіріс пен қызмет көрсетуші өндірістердегі шығындар есебі мен олардың таратылуы, өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілдері, бюджеттеу, бақылау және ұйым қызметтерінің нәтижелерін анықтау, өзіндік құнды толық шығындар және өзгермелі шығындар арқылы калькуляцилау сияқты сұрақтар қарастырылады.
Пәннің мақсаты болашақ бакалаврларды басқару есебінің теориялық негізімен таныстыру (терминдермен, түсініктермен, әдістемедерімен, басқару есебін ұйымдастырумен) және ақпараттарды жинау және оларды өңдеу, талдау үшін тәжірибелік білім беру болып саналады.
| Оқытудың күтілетін нәтижесі
| - өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатында тиімді шешімдер қабылдау үшін және басқару үшін шығындарды топтастыру және олардың қозғалысын бағалау;
- өзіндік құнды калькуляциялаудың танымал әдістер мен жаңа әдістерін қолдануды жетілдіру және олардың қаржылық-шаруашылық қызметтердің нәтижелеріне әсерін талдау;
- бизнесте жетістіктерге жету үшін басқару есебінің жүйелерін менеджментке қолдану, араластыру;
- бюджеттеу және ауытқуларды анықтау арқылы бақалау қызметін орындау.
Курсты аяқтаған соң студеттер:
- шығындарды басқаруды және олардың жіктемесі арқылы басқару шешімдерін қабылдауды;
- өндірістік үстеме шығындар мен көмекші және қызмет көрсетуші өндірістердің шығындарын тарату үшін әдістерді қолдануды;
- өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін калькуляциялау әдістерін қолдануды;
- өндірістік қорларды бағалау үшін, шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау үшін шығындарды жіктеуді;
- шығындардың негізгі сметаларын құру әдістерін білу қажет.
| Модулдің мазмұны
| 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
1. Басқару есебінің теориялық негіздері. Басқару есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі.
2. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.
3. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Бухгалтерлік басқару есебінің "КОНТРОЛЛИНГ" жүйесіндегі орны
4. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптері
5. Мекеменің ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
6. Бухгалтерлік талдаушының басқару есебінде атқаратын ролі мен іс-қызметтері
7. Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаты
2. Шығындардың жіктелуі
1. Шығыстың шығыннан айырмашылығы
2. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
3. Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
4. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу
5. Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу
3. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру
5. Өндіріс түрлері және олардың шығындар есебіне әсері.
6. Жаппай, сериялық және жеке өндірістер
7. Өндірістік өзіндік құнға енетін шығындар
8. Шығындар есебінің және өзіндік құнның объектілері
4. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
Үрдіс-пе-үрдіс калькуляциясы
1. Басқару есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау түсінігі.
2. Шығындар есебі мен өнімнің өзінді құнын калькуляциялуадың үрдіс-пе-үрдіс әдісі.
3. Материалдарды бағалаудың әдістері.
4. Аяқталмаған өндіріс есебі.
5. Тапсырыстық калькуляция
1. Еңбек ақы шығындарының құрамы
2. Еңбек шығындарының есебі
6. Функционалдық калькуляция
1. Үстеме шығындардың құрамы
2. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлу
7. Нормативтік калькуляция
1. Аяқталған өнім өндірісінде процестік калькуляциялау
2. Аяқталмаған өндірісте процестік каль-куляциялау
3. Есепті мерзім басындағы және аяғындағы ақталмаған өндіріс
8. Шығындардың баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы
1. Шығындар ауытқуы бойынша есебі
2. Ауытқулары бөлу және өзіндік құнды калькуляциялау
9. Стандарттық калькуляция
1. Шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың нормативтік әдісі
2."Стандарт-кост" жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
1. Нормативтік есеп әдісі бойынша бухгалтерлік жазулар
2. Тікелей шығындар бойынша ауытқуды анықтау және тарату
3. Үстеме шығындар бойынша ауытқуларды анықтау және тарату
10. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
2. Шығындарды толық таратылуы мен өзіндік құнды калькуляциялау әдісінің мағынасы
2. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
11. Зиянсыздықты талдау
Пайда және зиянды анықтау үшін шығындардың жіктемесі
Зиянсыздықты талдаудың әдістері
12. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
1. Бірігіп өндірілетін және қосымша өнім арасындағы айырмашылықтар
2. Кешенді шығындарды бірігіп өндірілетін өнімдер арасында тарату әдістері
3. Қосымша өнімнің есебі
4. Қосымша өнімдер және қалдықтар
13. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
1. Жоспарлау және сметалу арасындағы өзара байланыс
2. Смета жасау және бюджеттік бақылау
3. Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі
14. Басқару шешімдерін қабылдау
1. Басқарудың түрлері
2. Басқарушылық басқару жүйесінің түсінігі
3. Бақылаудың ұстамдары
4. Қызмет түрлеріне байланысты басқару
15. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабыдау
1. Күрделі қаржының балама шығындары
2. Табыстылықтың ішкі нормасы
3. Ақша қаражаттарының релеванттық ағымы
4. Күрделі қаржы салымының қайтарымы
| Оқыту әдістері
| Есептер шығару, бақылау жұмысы, өзіндік жұмыс, кейстер, оқытудың техникалық құралдары, дискуссиялар және интерактивтік әдістер.
| Тапсырмалар
| Тапсырма:
Есептерді әрбір студент өзіне берілген мысалдарды орындау арқылы жүзеге асырады.
Бақылау жұмысын өткен тақырыптар бойынша жазбаша немесе ауызша түрде студент жеке тапсырады.
Өзіндік жұмысты топ ішінде 2 студенттен орындайды. Оларға арнайы тақырыптар беріп, оларды ғылыми түрде орындап, экономикалық негіздеп, қорғап шығуы тиіс.
Есептерді және презентацияны құрамында үш-төрт студенті бар топ орындайды.
Есептерді және презентацияны орындаудың әдістемелік нұсқаулары мен талдау жұмысына қойылатын талаптар
1. Инструктор кейсті талдау үшін оқу жоспарына сәйкес құрамында үш-төрт студенті бар топты тағайындайды.
2. Кейстегі әрбір талдау сыртқы парақты, диаграмманы, кестені, әдебиеттерді қоса алғанда10 беттен кем болмауы тиіс. 12 шрифпен, TimesNewRoman, бір интервалмен терілуі тиіс.
3. Талдау кейстегі қарастырылған ақпараттарға жұмылдырылуы тиіс.
4. Кейстің ақпаратын мазмұндауға жол бермеу, материалдарды өзіңіздің бағаңызды, қорытындыңызды және ұсынысыңызды дәлелдеу үшін қолданыңыз. Кей жағдайларда бірнеше дәлелдемесі бар ұсыныстар болады. Ондай кезде дәлелдеме варианттарының плюсы мен минусын бағалап, оны ұсынылып отырған әдісті бағалауға қолдану қажет.
5. Талдаудың көшірмесін белгіленген мерзімде тапсыру керек.
6. Өзіңіздің презентацияңызды белгіленген мерзімде қорғауыңыз тиіс.
Қорытынды емтиханның мақсаты (тест) оқу барысында алған білімдерін бағалау.
| Білімді бағалау
| Баллдарды бөлу:
- Есептер шығару және презентация - 25%
- Дәріс кезіндегі белсенділік-10%
- Семинар кезіндегі белсенділік - 25%
- Қорытынды емтихан (тест) - 40%.
Ауызша презентацияныбағалау критері және оның үлес салмағы:
- Ақпараттылық, 15%: Берілген тақырып бойынша жинақталған ақпараттар толық, түсінікті, нақты және пайдалы болуы керек. Терең және толық талдау.
Маңызды кезеңдерді бөліп алып, теориялық концепцияның негізгі ережелерін, ғылыми жаңалықтың авторы көрсетілуі тиіс.
- Жіктелу, тайм-менеджмент, 20%: Тақырыптың өзектілігі, мақсаты белгіленеді. Қатаң қисындылық және бірізділік. Қорытындыда ұсыныстар, болашақтағы қолданылуы, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және интернет ресурстар келтіріледі.
- Дизайн, 15%: Креативтілігі. Иллюстрациялар, кестелер, диаграммалар орынды жасалып, мазмұнын толықтырады. Презентациялық дағдылар, 20%: ашықтығы, аудиториямен көрермендік байланыс, түсінікті және қысқа сөйлеу, уақытша регламент.
- Материалды меңгеру деңгейі – 30%: материалды еркін баяндау, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру.
- Мазмұндау – 15%: пайдаланылған әдебиеттер тізімі және интернет ресурстар келтіріледі.
- Дер кезінде тапсырылмаған презентация үшін 5 балл алынады.
| Қорытынды бақылау
| Р1+Р2
И% = ----------- х 0,6 + Э х 0,4;
мұндағы: Р1 - 1 рейтінг бағасының пайыздық шамасы;
Р2 – 2 рейтінг бағасының пайыздық шамасы;
Э –емтихан бағасының пайыздық шамасы.
(пән бойынша үлестік салмақ: 40 % - емтихан қорытындысы, 60 % - ағымдағы үлгерім).
| Базалық әдебиеттер
| 1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2009
2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004
3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 2008
4. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2010
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
6. П. М. Мансуров.Управленческий, учет учебное пособие. Ульяновск: УлГТУ, 2010.
7. Санин М.К. Управленческий учет: Учебное пособие.-Издательство: СПбГУ 2010 г.
8. Нуркашева Н.С. Өндірістік және басқарушылық есеп, ХБУ, Алматы, 2012
9. Кондраков Н.П. Бухгалтерский управленческий учет. Учебное пособие., Высшее образования, Москва, 2013.- 389 стр.
| |
| Қосымша әдебиеттер
| 1. Воронова Е.Ю., Управленческий учет, Учебное пособие, Высшее образования, Москва, 2013. – 590 стр.
2. Головизнина А.Т.,Архипова О.И. Бухгалтерский управленческий учет: Учебное пособие. ТК Велби,КноРус, 2012 г.
3. Формирование бухгалтерского (управленческого) учета и управленческой отчетности на отечественных предприятиях малого бизнеса. Учебное пособие. Малые предприятия сферы услуг. Практические аспекты.
|
Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...
|
Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...
|
Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...
|
ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при которых тело находится под действием заданной системы сил...
|
В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...
Закон Гука при растяжении и сжатии
Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...
Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются:
• лаконичность...
|
Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...
Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...
Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...
|
|