Студопедия — бойынша бағалау әдістемесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бойынша бағалау әдістемесі






 

І дәреже. Жақсы (қалыпты) гармониялық дене дамуы. Дене бойы бойынша 2-3-4-5 класқа жатушы және салмағы мен кеуде аумағының көрсеткіштері М+1, М+1 -дан +2 дейінгі шегіндегі индивидумдар.

ІІ дәреже. Нашарланған, дисгармониялық дене дамуы. Дене бойы бойынша 2-3-4-5 класқа жатушы және салмағы мен кеуде клетка аумағының көрсеткіштері дене дамуының І дәрежесін сипаттаушы шектерінен асып кетуші индивидумдар.

ІІІ дәреже. Нашар дисгармониялық дене дамуы. Дене бойы бойынша 2-3-4-5 класқа жатушы және салмағының кеуде клетка аумағының көрсеткіштері дене дамуының ІІ дәрежесін сипаттаушы шектерінен асып кетуші индивидумдар.

IV дәреже. Дене дамуының жалпы тежелуі, дене салмағының және кеуде клетка аумағының көрсеткіштеріне байланыссыз дене бойы аласа және өте аласа индивидумдар.

V дәреже. Дене дамуының оза жүруі. Дене салмағы мен кеуде клетка аумағының көрсеткіштеріне байланыссыз дене бойы өте ұзын (5 кл.жоғары) индивидумдар.

Осы схеманың басты артықшылығы, ол дене даму белгілерінің жеке – жеке, жақсы қалыптарын көрсетіп қана қоймай, бойының әрқилы шамасына байланысты дене салмағы мен кеуде клеткасы аумағының пропорционалдығын көрсету болып табылады. Мектеп жасына дейіңгі балалардың нормасының негізгі өлшемі болып, дене салмағы мен кеуде аумағының көрсеткіштерінің -+ М шегіне дейін ауытқуы алынады, ал мектеп жасындағы балалар үшін –1-ден +2-ге дейін аралық. Сонымен мектеп жасына дейіңгі балалардың салмағы мен кеуде клеткасы аумағының оң жаққа ауытқушылығы оларға жүргізілетін антропометриялық зерттеу жиілігін арттыру арқылы азаяды, басқаша айтқанда тексеру аралығын азайту арқылы, ал мектеп жасындағы балалар үшін арналған норманың шегі оңға қарай 1 жылжиды. Осындай әдісті қолдану арқасында регрессивті талдау әдісіне қойылып отырған күмән шешіледі және де осы тәсілдің қазіргі таңдағы ең ақпаратты, бейнелі және дұрыс тәсіл екендігін мойындатады. Ал центилдік бағалау тәсілін организмнің функционалдық көрсеткіштерін бағалауда қолданған дұрыс деп шешілген.

3. Балалар организмніңі қоршаған ортаның

жағымсыз әсеріне тұрақтылығын анықтаушы факторлар.

 

Балалар организмніңі қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне төзімділігі оның тұқымқуалаушылық және жүре біткен механизмдерімен анықталады. Сыртқы ортаның әсерін организмнің функционалдық жүәесі арнаулы жауаппен қабылдайды. Осы реакцияның күрт ауытқуы организмнің теріс жауабына әкеп соқтырады. Даму жағдайындағы организмнің өзінің әрқилы даму сатысында орта әсеріне функционалдық дайындық деңгейі әртүрлі болатындығын естен шығармаған жөн. Мектепке дейінгі жастағы балалар, қоршаған ортаның оң немесе теріс әсеріне өте сезімтал. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балаларда денсаулықтың тура көрсеткіші болып табылатын – Денсаулық индексі өте төмен. Бұл көрсеткіш – зерделеп отырған ұжымдағы, жыл бойына бірде – бір ауырмаған балалардың үлесін көрсетеді. Бұл шама орта есеппен 22%, 8 жаста - 43%, ал 10 – 11 жаста 55% дейінгі аралықта.

Бөбек жасындағы балалардың қаралу дерегі бойынша сырқаттылық мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда екі есе жоғары екендігі айқындалды. Ұйымдастырылған балалардың сырқаттанушылығы, әсіресе инфекциялық аурулар бойынша, ұжымдағы балаларға қарағанда жоғары, ал сонымен қоса ұжымдағы балалардың дене даму деңгейі және функционалдық жағдайы жоғары екендігі айқындалып отыр.

Қаралу бойынша сырқаттанушылық жиілігімен білінетін организмнің қалыптағы функционалдық қызметінің өзгеру жиілігі әлеуметтік – тұрмыстық факторларға тәуелді. Шала туған балалардың қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне 3 жасқа дейінгі аралықта төзімділігі төмендеген. Ұлты қазақ балалардың сырқаттанушылық көрсеткіштері, салыстырмалы түрде алған уақытта басқа ұлт өкілдеріне қарағанда төмен, бұл жағдай балалардың жергілікті жердің жағдайына бейімділік мүмкіншілік жоғары екендігінің айғағы болып отыр. Имунитеттің төмендеуі аллергиялық ауру түрінде науқас балалар арасында жиі кездеседі, ал сәтсіз әлеуметтік зең бір – бірін толықтырып әсер береді, яғни, олардың қосынды әсері елеулі сырқаттанушылыққа әкеп соқтырады.

Организм қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне төзімділігін төмендететін факторлардың бірі семіздік болып табылады, және де ұлғайған сайын оның әсері өсе түседі. Семіздікпен айқындалған балалардың жалпы сырқаттанушылығы қалыпты салмақтағы балаларға қарағанда 3-4 есе жоғары. Көптеген ғалымдардың деректеріне сүйенсек, оның ішінде қазақстандың (А. И. Баркан) балалар ұжымдарына алғаш келегн балалардың бейімделу кезеңіне жылдық сырқаттанушылықтың 70% келеді.Балалардың балалар мекемесіне келуі оның ата – анасынан бөлінуіне, үйдегі дағдысының және күн тәртібінің бұзылуына және басқа да факторлардың өзгеруіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан бала эмоционалдық стресте болып, биологиялық сақтық реакциясы жауап береді. Сол себептен баланың жағымсыз факторлар әсеріне төзімділігі төмендейді. Топтардың шамадан тыс толықтырылуы сырқаттылық тудыратын факторлардың бірі болып табылады. Себебі бұл жағдай баланы қажытады, оларға қызмет көрсету қиындай түседі және оның сапасының төмендеуіне әкеліп, әсіресе жоспарлы сауықтандыру жұмыстарын жүргізу бұзылады. Швецияда мектепке дейінгі мекемелерді толықтыру тәртібі мынадай түрде жай алынбаған: 1 жасқа дейінгі 10 баладан; 1-3 жасқа дейін 8 баладан (бізде 15 баладан); 3-4 жаста 12 баладан; 5-6 жаста – 15 баладан (бізде 20 бала). Бірақ бізде мектепке дейінгі мекемелер топтарында 15-20 бала сирек кездеседі. Әлбетте, орынның тапшылығына байланысты бұл көрсеткіш жоспардан 7-8 балаға көп. Сырт көзбен қарағанда балалардың денсаулығына елеулі әсер ететін факторлардың бірі ата – анасының өз денсауылығына деген көзқарасы. Былай қарағанда бұл таза биологиялық (тұқымқуалаушылық) қасиет, бірақ та бұл жағдай ата – анасының тіршілік болмысын сипаттайтын жүйе арқылы беріледі және де олардың медициналық белсенділік дәрежесіне байланысты. Соңғы түсінікке, баланы қоректендіру түрі, шынықтыру процедураларын өткізу, баланың гигиеналық дағдыларын меңгеру дәрежесі жатады. Сырқаттанушылықтың нозологияға дейінгі білінуін кешенді зерделеуде қоршаған ортаның зиянды әсерінің аз мөлшерін ескеру өте маңызды. Себебі организм тұрақтылығын (гомеостазын) ұстауға бағытталған бейімделу реакциясының қорытындысы болып табылатын спецификалық емес резистенттіліктің маңызы өте зор. Осы жағдайда имундық мәртебенің өзгеруі көптеген патологиялық жағдайлардың және сырқаттанушылықтың бастаушы механизмі болып табылады. Нәрестелік жастағы баланың иммунитеті пубертаттық кезеңде плацента арқылы берілетін сонымен қоса клеткалық және сүт пен уыз арқылы гуморальдық түрлермен қоректендіретін шешесінің иммундық глобулиннің елеулі санымен қамтамасыз етіледі. Шешелік иммундық глобулин баланың организмнен 6-9айдан соң жойылады. Осы мерзімнен бастап баланың организмде қажетті сандық және алуан түрлі иммундық глобулин түзіле бастайды. Жас ұлғайған сайын клеткалық түрлердің (Т және В лимфоциттерінің) саны азаяды, олардың өзара қатынасы өзгереді, есесіне қан сары суындағы А,G,М кластарындағы иммундық глобулиннің саны артуы байқалады.Иммундық көрсеткіштердің негізгі өзгерісі 15 жасқа дейін жүреді, ал организмнің қарсы тұру мүмкіншілігі өз шегіне 15-16 жаста жетеді. Жедел қабыну процесі кезінде иммундық жүйенің жүктелуі күрт көтеріледі, әсіресе балалар организмінде айқын білінеді. Созылмалы аурулар немесе қайталану кезеңдерінде иммундық жүйе үнемі жоғарғы дәрежедегі жүктеме болып, асқыну кездерінде төмендеп отырады. Осы жағдайды біріктіре отыра «Иммундық синдромның жетіспеушілігі» - деп атайды. Тұқымқуалайтын иммундық тапшылық жағдайына байланысты болатын аурулардың үлесі төмен (1000-нан 2), негізгі орын, екінші иммунитеттік аномалияның үлесіне тиеді. Бұл өзгерістердің жиілігі қоршаған орта жағдайының нашарлауына байланысты, соның салдарынан балалар денсаулығы ауқымды көлемде өзгереді.

Балалар денсаулығы – экологиялық сәтсіздіктің ең сезімтал индикаторы. Тамақтану мен имунитеттің байланысын көрсететін зерттеулер көптеп кездеседі. Бұл зерттеулер нәтижесінде, үйлесімді баланста тамақтану әрқилы ауруларға қарсы организмнің резистенттілігінің және иммундық ьелсенділігін арттыратындығы дәлелденді. Толық тамақтанбауда лейкоцитарлық реакцияның және белок түзілуінің төмендеуі айқындалды, осының салдарынан организмдегі антидененің құрамы төмендейді. Американ ғалымдары иммундық жүйедегі өзгерістерді «қоректік тапшылық синдромымен» байланыстырады. Иммундық түбірден ойласақ, гуморальдық иммунитеттің өзгерісі, белоктық тапшылықтың және иммундық жауаптың клеткалық түрінің өзгерісіне сай тежеледі.

Организмдегі иммунологиялық тұрақтылықты ұстауда асқазан – ішек жолдары басты орын атқарады. Көптеген эпидемиологиялық және жануарларға жүргізетін зерттеулерге қарағанда, толық тамақтанбау, әсіресе белоктық және витаминдік тапшылық, организмнің инфекцияға сезімталдығын арттыратын және клеткалық, гуморальдық қорғаныс шебін төмендетінін айқындап берді.

Балалар организмінің резистенттілігін қалыптастыруда қимыл және шынықтыру режимдерінің дұрыс қойылуы ең маңызды шара болып есептелінеді. Қимыл ең қажетті айрықша функциясының бірі болып табылады. Қимылдың арқасында олар қоршаған әлеммен танысады, қимыл аппаратын жетілдіреді, зат алмасу процестерін реттейді. Осыған байланысты оның өсуі және дене даму келісімді түрде жүреді. Дәрігерлік қадағалау нәтижесіне қарасақ былай болады: қимыл - әрекет дені сау балаға тән, ал қимылсыз әрекет сырқат баланың белгісі. Ұдайы орташа бұлшық – ет организмді шынықтырып, жағымсыз факторларға қарсы тұру қорғанысын арттырады, сонымен қоса тіндерде жүретін физикалық – химиялық процестердің барысына тиімді әсер береді. Шынықтырудың негізін ХХ ғасырдың басында Г. Н. Сперанский ұсынған болатын, ол шынықтыруды алуан түрлі зиянды әсерге организмнің қарсы тұру қорғанысын арттыратын қару ретінде қолданады. Суықты қабылдатпау, шынықтырудың негізгі мақсаты, сондықтан да шынықтыру ауа – райыныңкүрт өзгеруіне байланысты организмнің бейімделуін арттыруға бағытталған кешенді әсер. Физиологиялық тұрғыдан алсақ, шынықтыру – климаттық және гелиотабиғи өзгерістерге тұрақтылықпен қамтамасыз ететін функционалдық жүйелердің кешенін қалыптастыру. Ал, шыныққан деп – қоршаған орта жағдайына, органдардың физиологиялық қызметін бұзбай, бейімделген адамды айтамыз. Шынықпаған балаларда суықтың әсерінен, зат алмасу процестері баяулайды, орталық нерв жүйесінде қолайсыз өзгерістер туады, фагоцитоз белсенділігі төмендейді, осының салдарынан организм әлсіреп, созылмалы аурулар өршиді. Суыққа шынығу – белсенді процесс, физиологиялық тұрғыдан қарағанда, организмнің жасырын қорғаныс ынталандыру, оның әмбебаптығын және орамдылығын жетілдіру тәсілдерінің жиынтығы болып табылады. Бұл әрқилы әсерге шартты рефлекстің түзілу процесі, басқаша айтқанда шартты рефлекс түзу механизмі шегіндегі шынығу процесі. Организмнің резистенттілігін арттыру мақсатында ең басты әсер, ол иммундық терапевтік әсер. Осы әсердің арқасында әрқилы себептердің салдарынан бұзылған иммундық жүйенің күйі қалпына келеді.

Иммунды терапевті шаралар екіге бөлінеді: Арнаулы – нақты антигенге, немесе күрделі антигендік кешенге байланысты, иммунитеттің түзілуін арттыру немесе баяулату мақсатында, клеткалық немесе гуморальдық иммундық жауап жүйелеріне әсер ету.

Арнаусыз – көптеген спецификалық емес стимуляторлар мен депрессорлардың әсеріне деген иммундық жүйенің қабілетін арттыру.

 

Балалар организмінде, жүре біткентарнаулы иммунитеттің түзілу жүйесі, оларға уақытында егу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Сырқаттанушылыққа әкеп соқтыратын, иммундық тапшылық жағдайларда, иммундық түзілу стимуляторларын қолдану арқылы, спецификалық емес ынталандыру иммундық терапиясын қолданады. Сырқаттанушылықтың алдын – алу мақсатында қолданылатын спецификалық емес тәсілдердің ауқымы, организмнің жасырын қорын ынталандыру болып табылатын шаралармен де кеңиді. Бұл шаралар «организмді шынықтыру» - деген атпен біріктірілген. Осы шараларға биологиялық белсенді нүктелерді, нүктелік массаж тәсілімен ынталандыру жатады. Соның арқасында, макрофагтар белсенділігі артады, фагоцитоз құбылысы үдейді, антидене түзілу артады, нерв процестерінің қозғалғыштығы, гипофизді – адренал жүйесінің жағдайы қалыпқа келеді, осы жағдайлар ақырында организмнің бейімделушілік мүмкіншілігін арттырады.

Мына келтірілгендей биологиялық белсенді заттарды қолдану (ферменттер, гармондар, витаминдер, биогендік стимуляторлар) организмдегі зат алмасудың реттелуіне баулып, оның бейімделушілік және қорғаныс күштерін арттыра түседі. Организмнің суыққа төзімділігінің жетіспеушілігіне, әрқилы инфекциялық ауруларға қарсы арттыруда балалар мекемелерінің ауасын теріс аэроионизациялау, ульра күлгін сәулесін қолдану, үлкен оңтайлы нәтиже беріп отыр.

Қазіргі кезеңде балаларға арналған сауықтандыру жұмыстарын емдік және тағамдарда кеңінен қолданатын емдік қасиеттерімен құнды өсімдік тектес азық – түліктерсіз өткізу мүмкін емес. Кейінгі уақытта балалар физиотерапиясында «энтералды оксигенотерапия» кеңінен қолданылуда. Оттекті қоспаның құрамындағы оттегі, негізгі зат алмасуды және тіндерді, олардың сіңірілуін арттыру арқылы тотығу – тотықсыздану проуестерінің желісін жақсартады. Жоғарыда келтірілген қысқаша деректердің өзінен, балалп организмнің спецификалық емес резистенттілігін арттыру шараларының шексіздігі көрінеді. Осы шараларды қолдану тиімділігі, балалар мекемелерінің медициналық қызметкерлерінің білім дәрежесіне, белсенділіктеріне және де әрбір нақты жағдайда қажетті шараларды қолдана білуіне тығыз байланыста анықталады.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 821. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия