Қазіргі кезеңде балаларға арналған сауықтандыру жұмыстарын емдік және тағамдарда кеңінен қолданатын емдік қасиеттерімен құнды өсімдік тектес азық – түліктерсіз өткізу мүмкін емес. Кейінгі уақытта балалар физиотерапиясында «энтералды оксигенотерапия» кеңінен қолданылуда. Оттекті қоспаның құрамындағы оттегі, негізгі зат алмасуды және тіндерді, олардың сіңірілуін арттыру арқылы тотығу – тотықсыздану проуестерінің желісін жақсартады. Жоғарыда келтірілген қысқаша деректердің өзінен, балалп организмнің спецификалық емес резистенттілігін арттыру шараларының шексіздігі көрінеді. Осы шараларды қолдану тиімділігі, балалар мекемелерінің медициналық қызметкерлерінің білім дәрежесіне, белсенділіктеріне және де әрбір нақты жағдайда қажетті шараларды қолдана білуіне тығыз байланыста анықталады.
АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ