СӨЖ бойынша тапсырма
1. Берілген әдебиет бойынша материалды оқу, жаңа ақпараттарды іздестіру. 2. Ауаның физикалық қасиеттері, химиялық және биологиялық құрамының гигиеналық маңызы бойынша рефераттарды құрастыру. 3. Ауа райы және климат жағдайларының, сонымен бірге, солтүстік және оңтүстік аудандардағы акклиматизацияның қолайсыз әсерлерінің алдын алу бойынша ситуациялық есептерді құрастыру. Орындалу түрі: реферат, ситуациялық есепті құрастыру. Орындалу көрсеткіштері: Реферат: 1. «Бақылау» бөлімінде ұсынылатын сұрақтар бойынша тақырыптардың негізгі аспектілерін қамтуы керек. 2. Рефераттың көлемі 7-8 баспа беттен аспауы керек. 3. Рефераттың құрамында титулдық бет, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі болуы керек. 4. Кіріспеде рефераттың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері қарастырылады, негізгі бөлімінде тақырыптың мазмұны ашылады, қорытындыда – айтылған мәліметтер қорытындыланып, ұсыныстармен тұжырым беріледі. 5. Ең жаңа әдебиет көздеріне ерекше мән беріліп, бір емес, бірнеше әдебиет көзі пайдаланылған болуы керек. 6. Реферат кестелермен, графиктермен, суреттермен және т.б. көркемделуі мүмкін. Ситуациялық есептерді құрастыру: 1. Әрбір бетінің көлемі 2 баспа беттен аспайтын 4 ситуациялық есептен кем емес құрастыру қажет. 2. Есептерде әртүрлі климаттық және ауа райы жағдайлары, сонымен бірге, акклиматизация аудандары ұсынылуы қажет. 3. Ситуациялық есептердің сұрақтары жауаптарында клиамт пен ауа райын түзу кезіндегі әртүрлі метеофакторлардың рөлін білу жөнінде айтылуы қажет. 4. Ситуациялық есептің түсіндірмесі бар шешімінің эталонын беру қажет. Тапсыру мерзімі:күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес. Бағалау критерийі: Реферат:
Ситуациялық есепті құрастыру:
Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: 1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина,2000.-С.76-105, 197-220. 2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – М.:Издательский центр «Академия», 2004. – С.14-45, 59-73, 75-94. Қосымша: Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бардов В.Г. и др. Общая гигиена: пропедевтика гигиены.- К.:Вища шк.,1999.- С.162-333,365-382,488-538. Гончарук Е.И., Бардов В.Г., Гаркавый С.И. и др. Коммунальная гигиена/ Под ред. Гончарук Е.И – Киiв: «Здоров´я», 2006. – 792 с. Королев А.А., Богданов М.В., Королев Ал.А. и др. Медицинская экология. – М.:Изд.центр «Академия»,2003.- 192с. Румянцев Г.И. с соавт. – Общая гигиена.- М.: Медицина,1985.- С.263-268. Бақылау: Сұрақтар: 1. Ауаның қозғалыс жылдамдығының, ауа ылғалдылығының, жоғарғы және төменгі температураларының организмге әсері. Ауаның қозғалыс жылдамдығының, ылғалдылығының, температуралараларының кешенді әсері. 2. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы. 3. Жоғарғы және төменгі атмосфералық қысымның адам организміне әсері. Биіктік және Кессон ауруларының алдын алу. 4. Күн радиациясы және оның гигиеналық маңызы. 5. Табиғи радиоактивтілік. 6. Атмосфералық ауаның табиғи химиялық және биологиялық құрамы. Және оның гигиеналық маңызы. 7. Атмосфераның негізгі химиялық ластаушы көздері, басты ластаушылары. Атмосфералық ластаушылардың гигиеналық маңызы. 8. Биологиялық ластанудың табиғи және техногенді көздері. Биологиялық ластаушылардың адам организиіне әсері. 9. Атмосфералық ауаның ластануымен байланысты аурулардың алдын-алу шаралары. 10. Ауа райы түсінігі. Ауа райын түзетін факторлар: гелиофизикалық –күн сәулесінің қарқындылығы және белсенділігі; электрометеорологиялық – атмосфераның электрлік жағдайы, геомагнитік өрістің кернеулігі және геомагниттік белсенділік; метеорологиялық – температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, атмосфералық қысым; синоптикалық – бұлтты, жауын-шашындар; атмосфераның химиялық құрамы. 11. Ауа райының кезеңді және кезеңді емес ауытқулары және олардың гигиеналық маңызы. Циклондар, антициклондар, синоптикалық фронттар. 12. Адам ағзасына ауа райының әсер етуі: жылу алмасуға және био ырғаққа әсері, метеотроптық реакциялар. 13. Климат түсінігі. Негізгі климат түзетін факторлар, Климат түрлері, Қазақстан климаты. 14. Адам ағзасына климаттық факторлардың әсері. Тітіркендіретін және аялайтын климаттық факторлардың әсері. 15. Климаттық факторларды сауықтыру мақсатында қолдану. 16. Акклиматизацияның гигиеналық мәселелері.
|