Студопедия — Тақырып. БАТЫС ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ АРАБ – МҰСЫЛМАНДЫҚ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. БАТЫС ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ АРАБ – МҰСЫЛМАНДЫҚ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ






 

Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) – Рим империясының күйреуімен байланысты (5ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14 - 15 ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.

Ортағасыр кезеңінде креационизм және эсхатология идеялары айқын байқалады. Креационизм (лат. Creatio - жарату, жасау) - әлемді бір күш жаратты, ол – біреу, жалғыз деп тұжырымдайтын пікір.

Эсхатология (гр. Eschatos - соңғы және logos - ілім, сөз) - әлем және адамзат тағдырының ақыры, соңы туралы, ақарзаман бар деп пайымдайтын ілім. Эсхатологияның ұғымына табиғатта жасырын әрекет жасайтын күштің бар екені, қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі туралы, о дүниеде күнәһарлардың жазаланатыны және діндарлардың рахатқа бөленетіні жөніндегі ежелгі түсінік енгізілген. Кеңейтілген формасында эсхатология христиан, мұсылман діндеріне тән.

Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты “Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:

1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.

2. III - VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.

3. Схолистикалық кезең

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл - парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау. Апологетика - әлдебір нәрсені әділетсіздіктен қорғау, соны мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

Патристика (лат. Pater-әке) – 2 - 8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін «шіркеу әкелерін» мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық «мектептік философия», оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:

1. Алғашқы кезең Схоластикасында (9 - 13 ғ.ғ.) неоплатонизмнің ықпалы басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен философия, теология бір - бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл - ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.

2. 14 - 15 ғ.ғ., яғни «классикалық» Схоластикада «христиандық аристотелизм» үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.

3. Құлдырау кезеңі (XIV - XV ғ.ғ.) – шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау - дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері – Уильям Оккам, Жан Буридин және т.б.

Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:

1. Реализм

2. Номинализм

Реализм - ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.

Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.

Августин Аврелий Әулие (354 - 430 ж.ж) – христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ – мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни «нанымсыз білім де, ақиқатта жоқ» деген қағидаға бағынады. «Құдайдын қаласы» (426 ж.) атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі - құдайдың құдіретімен анықталатын негізге алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. «Жердегі қалаға», «Күнәһар» зиялы мемлекетке ол «Құдайдың қаласын», яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама - қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.

Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық – монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі – «Теология суммасы» (жиынтығы) Ф.Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф.Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:

1. Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)

2. Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық)

3. Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын)

Философияның негізгі принципі – сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәләлдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті бойынша қалыптасады. Ф.Аквинский Құдайдың болмысына 5 дәлел келтірді:

1. Қозғалыс: барлығы қозғалыста, яғни оларды қозғалысқа келтіретін күш бар. Алғашқы күш – Құдай;

2. Себеп: барлық тіршілік атаулы себепті, соған орай себепкер – Құдай;

3. Мақсат: дүниедегінің бәрі мақсатқа байланысты жаратылған, мақсатқа бағыттап отыратын – Құдай;

4. Кездейсоқтық пен қажеттілік: кездейсоқтық қажеттіліктен туындайды, ал алғашқы қажеттілік – Құдай;

5. Сапаның сатылары: тіршілік ететіннің барлығы әртүрлі сапаға ие, ал ең жоғарғы сапаға ие – Құдай.

Уильям Оккам (1285-1349 ж.ж.) – ортағасырлық ағылшын теологы, философ - схоласт, номинализмнің ірі өкілі. Оксфорд университетінде сабақ берген, дінсіз деп айыпталып, түрмеден Баварияға қашып барады. Шіркеудің дүниежүзілік үстемдігін орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен феодалдардың идеологы.

Оккамның айтуынша Құдайдың бар екендігі т.б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал философия теологиядан азат толуы тиіс (екіұдай ақиқат).

Араб-мұсылман философиясы. Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль - Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.

Аль - Кинди (800 - 870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль - Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль - Киндиге күпірлікпен қарады. Аль - Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.

Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль - Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль - Киндиге қарама - қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар.

Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым - энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік - эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл - Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн - Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті.

Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980 - 1037ж) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм жағына шығады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын жетілдірді. Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың әрқилы себептері деп қарады және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге қарсы шықты. Әл - Фараби мен Ибн Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де көрініс тапты. Суфизм – (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8 - 9 ғ.ғ. пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігу», Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін - өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері Әл - Ғазали (1059 - 1111), Суфи Алаяр (1720 жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи.

Әл - Ғазали Ибн Мухаммед (1059 – 1111ж.ж.) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл - парасаты жететін объектілер де («тамаша мінез», «тамаша ғұмыр») асқақтай алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл - Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран - Құдай жаратқан ғажап еңбек.

Ибн Рушд Мухаммед (1126 - 1198 ж.ж.) - Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні - философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты - философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру.

Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл - парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн - Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.

Ахмед Яссауи (шамамен 1093 – 1166 - 67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.

Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.

Ортағасырлардағы мұсылмандардың философиялық және эстетикалық идеялары европалық ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасына елеулі ықпал етті.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1210. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия