Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бас жоспарды жобалаудың негізгі принциптері





 

Бас жоспарды әзірлеу кезінде келесі негізгі принциптерді басшылыққа алады:

1.Цехтердің орналасуы өндірістік процестің және өндірісті ұйымдастырудың талаптарына сәйкес келуі, өндірістік процестердің ағымдылығын, қолайлы көліктік байланыстарды және олардың автоматтандырылуы үшін жағдайларды қамтамасыз етуі керек. Өндірістік ағымның бағытына қарай бас жоспардың келесі сұлбаларын ажыратады:

а) кәсіпорынның үлкен өсіне перпендикулярлы түрде бағытталған көлденең ағыммен (2.3-сурет, а);

б) кәсіпорынның үлкен өсіне параллель бағытталған бойлық өндірістік ағыммен (2.3-сурет, б);

в) өндірістік ағымның құрамдастырылған (бойлық және көлденең) ағымымен (2.3-сурет, в).

Қолайлы көліктік байланыстар бірінші орында көліктің әртүрлі түрлерінің үйлесімді үйлестірілуі деп түсінеміз және цехаралық және ішкі цехтік көліктің өзара және негізгі өндіріс технологиясымен үйлесуіне қысқа және тікелей көліктік коммуникациялар ең қолайлы.

2. Аумақты зоналау жүргізілуі керек, яғни өндірістің түрі мен ғимараттар мен үймереттердің көлікті жақсарту мақсатында цехтердің біртекті топтары бірлестігі болып тағайындалуына қарай оның нақты бөлінуі: энергия пайдалану, сумен қамту, көліктік қызмет көрсету, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-гигиеналық шарттар. Зоналауды орындау мысалы 2.4-суретте (а, б, в.) көрсетілген.

 

 

 

  I – шикізат қоймасы; II – дайындау цехтері; III – өңдеу цехтері; IV – жинау цехі және дайын өнім қоймасы; V – теміржол жолдары   1 – зауыт басқару; 2 – зертхана; 3 – қойма; 4 – шойын құю цехі; 5 – механика жинау цехі; 6 – болат құю цехі; 7 – темір соғатын цех; 8 – жөндеу цехі; 9 – қазандық.

2.3-сурет - Бас жоспардың сұлбалары а) көлденең; б) бойлық; в) өндірістік циклдың құрамдастырылған орнымен

 

а) қарапайым тоқсандық салу;

б) блоктық тоқсандық және көп тоқсандық;

в) периметрлік тікбұрышты түрдегі салу

 

2.4-сурет - Аумақтарды зоналау және салу сұлбалары

1. Кәсіпорынның цехтерін орналастыру бойынша тұтас жоспарлық шешімді қамтамасыз ету қажет, бұл құрылысқа бөлінген аумақты дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен, келесі салу жүйесін ажыратады: қарапайым тоқсандық (2.4-сурет, а), блоктық (2.4-сурет, б), периметрлік (2.4-сурет, в) және т.д. Салу тығыздығын жоғарылату мақсатында ғимараттарды барынша блоктау, шағын цехтерді, қоймаларды, үймереттерді біріктіру, тік көлбеу және тік көлікті қолданумен көп қабатты ғимараттарды (элеваторлар, құбырлар, арнайы конвейерлер және т.с.с) пайдалану қажет.

Тұтастық көрсеткіштермен, салу тығыздығымен, меншікті ауданмен, коэффициентпен қатар бағаланады.

Салу тығыздығы барлық ғимараттар мен үймереттер аудандарының сомасының теміржолдар, автожолдар желісінің жалпы ауданына қосумен қоршаудағы кәсіпорынның ауданына өзара қатынасы ретінде %-те анықталады. Ол келесі формула бойынша анықталады:

 

, (2.3)

 

мұнда i –ші объектінің ауданы, м2;

– құрылысқа алынған қоршаудағы кәсіпорынның жалпы ауданы, м2.

Салу коэффициенті деп жалпы ауданға тұрғын үй, инженерлік корпус, есептеу орталығын салумен қоса жалпы ауданға салынған аудандардың сомаларының қатынасын айтады.

 

, (2.4)

 

мұнда – басқа үймереттердің аудандары және берілген объектілердің құрылысына бөлінген аудан.

Меншікті аудан – шығарылатын өнімнің көлеміне құрылысқа бөлінген жалпы ауданның қатынасы, яғни

 

. (2.5)

 

Мысалы, қара металлургияда бұл көрсеткішті болаттың 1 млн.т ауданның қатынасы ретінде өлшейді; автокөлік өнеркәсібінде автокөліктің 1 б. келетін аудан ретінде, өндіруде – карьер ауданының берілетін тау массасының көлеміне және т.б.

2. Кәсіпорын кешенінде аралық өнімді шығара алатын техникалық өндірістерді енгізу ойын басшылыққа ала отырып, кәсіпорынның құрылысы мен әрі қарай дамуының кезектілігін, кезең-кезеңмен орындалуын алдын ала қарастыру қажет. Мысалы, машзауыты үшін бірінші орында дайындау, содан кейін өндіру цехтерін, ең соңында жинақтау цехтерін салу қажет; металлургиялықта – домна цехін, содан кейін болат қорыту және илемдеу және т.с.

3. Жобада алаңқайдың климаттық, инженерлік-геологиялық және топографиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Осы мақсатпен әрбір алаңқай үшін «Роза ветров» деп аталатын, румбалар бағыттары бойынша бағытталған ауа массалары қозғалысының ерекше кестесі құрылады (2.5-сурет).

 

 

2.5-сурет- «Роза ветров» деп аталатын, румбалар бағыттары бойынша

бағытталған ауа массалар қозғалысы

 

Мұндай кесте газ- және шаң шығарғыш өндірістер құрылысына орын таңдау үшін қажет. Сонымен, кәсіпорын мен елді-мекенді шаңдатпау және түтіндетпеу, зауыт пен елді-мекеннің аумағына зиянды заттардың түсуіне жол бермеу үшін қорғау шараларын және қорғайтын жасыл зоналарын алдын ала қарастырады.








Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1036. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия