Студопедия — Нұрпейіс Байғанин
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Нұрпейіс Байғанин






(1860 – 1945)

Нұрпейіс Байғанин 1860 жылы, бұрынғы Орал губерниясы, Темір уезінде (қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауылы) Байғана деген кедейдің отбасында дүниеге келген.

XX ғасырдың бас кезіндегі түрлі революциялар мен Азамат соғысы болған жылдары ақын алпыс жасқа толған еді. 1916 жылы патша бұйрығымен майданның қара жұмысына алынған қазақ жігіттеріне арнап өлең шығарғанына орай оның есімі халыққа жақсы танылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап қызметке іліккен Нұрпейіс 1930 жылдардың екінші жартысына дейін түрлі кеңес жұмыстарында болады. Темір ауданындағы “Союз қосшы” деген шаруашылық одағын басқарады. Онан кейін алғашқы колхоздарды ұйымдастыруға қатысады. Осындай жауапты жұмыстарды атқара жүріп ақын шығармашылық өнерден, өлең шығарудан ешқашан қол үзіп көрмеген.

Бұрыннан да жақсы білетін эпостық жырларды халық арасына кең тарата жүріп, елді колхозға, қосшы одағына ұйымдасуға шақыратын үгіт өлеңдер шығарады. Бірақ бұл кезеңде ол кәсіпқой ақын деңгейіне көтерілді деуге болмайды. Кейін өкімет халық таланттарын іздеп тауып, олардың шығармашылық өсуіне жағдайлар жасаған кезде ғана жаңа өмірге жаңаша үн қосып, есімі де ел ішіне жақсы танымал бола бастайды.

Алыс түпкірден шыққан ақын 1938 жылы мамыр айында алғаш рет Алматыға, Жамбылдың мүшел тойына шақырылады. Даңқты ақынның тойына арнап “Ғасырдың қарт бұлбұлы”, “Жамбылға”, “Ақын шабыты”, т.б. бірнеше өлең шығарған. Қазақстан астанасына арналған “Көрімдік” атты жаңа өлеңі де осы кезеңде өмірге келеді. Бұл бір ақынның дарын көзі ашылып, шабытқа мінген кезеңі болды. Осы жолы ол қиыннан қиыстыра білетін суырыпсалма ақын екенін де көрсетеді. Бұрын аты Ақтөбе облысынан басқа жерге көп тарай қоймаған ақын бұл сапарында өзінің ерекше талантын бүкіл Қазақстан жұртшылығына танытады. Халық арсынан шыққан айырықша дарын ретінде осы кезден бастап Нұрпейіс ақынға мемлекет тарапынан көңіл бөліне бастайды. Оның шығармашылық жағынан өсуіне қолайлы жағдай жасалып. Қазақстан Жазушылар одағы ақынға арнаулы әдеби хатшы да бекітіп береді.

1939 жылы өткен Қазақстан жазушыларының П съезіне Нұрпейіс делегат болып қатысқан және съезден кейін үздік талантты ақындардың бірі есебінде Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануы оның шығармашылығына жаңа серпін берді. Н.Байғаниннің республиканың қоғамдық өміріне белсене араласуы осы жылдардан бастау алады. Ақындардың республикалық слетіне қатысқан ол Кеңес Одағының астанасы Мәскеуге барып, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысады. Қартайған ақынның шығармашылық талантына қанат бітірген жағдайлар – өмір жолында кездесіп отырған, міне, осындай ұнамды оқиғалар. Мәскеудегі көрмеге арнап шығарған “Өңімдегі жұмбақ” атты өлеңі халыққа кеңінен тарайды. Ақын өзі туған Ақтөбе жеріне ел астанасынан үлкен шабытпен оралады. Өзінің көрмеден алған әсерін баяндайтын “Ғажайып көрмеде” атты өлеңі бір жағы тыңдарман жұртшылыққа берген есебі сынды еді.

1940 жылы аталып өткен Қазақ Республикасының 20 жылдық мерекесіне орай еңбегі жоғары бағаланған ақын “Құрмет Белгісі” орденіне ие болды. Өзі барып Мәскеуден, өкімет басшыларының қолынан орден алған Нұрпейіс бір ұмытылмас күнін “Қуаныш жыры” атты толғауында әсерлі суреттейді. Бұл толғау бүкілодақтық атақты басылым “Известия” газетінде жарияланып, енді Нұрпейіс жырлары бүкіл Кеңес елінің оқырмандарына таныла бастайды.

Ақынның “Өрістеген өмір” (1939), “Ақын шабыты” (1940), “Таңдамалы шығармалары” (1945), “Избранные произведения” (1945), “Шығармаларының жинағы” (1950, 1956) сияқты кітаптары жарық көрген. Ғылыми-техникалық прогресс күшейгенге дейін қазақтың ақын-жыршылары адам бойындағы бағалы қасиеттерді батырлықты, адамгершілікті, адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан жырларды жаттап алып, оны жұрт алдында жырлап отырған. Нұрпейіс Байғанин де нақ осындай үлгідегі талантты жыршы еді. Оны қазақ әдебиетінің мол қазынасы кейінгі ұрпаққа жеткізуші деуге болады.

Қазақтың батырлық жырын өте көп біліп, көп жырлаған ақын аузынан ол нұсқалардың барлығы өз кезінде түгел жазылып алынбаған. Нұрпейіс жырлаған халық жырларынан сақталғандары: “Құбығүл”, “Қобыланды”, “Төрехан”, т.б. жырлар. Ал Нұрпейіс жырлады деп айтылатын “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”, т.б. жырлар қағазға түспей қалған.

Ақын-жыршы әрбір жырды шығармашылықпен өрнектеп, көркемдеп жырлай білген. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, тапқырлықпен жаңарта жырлауға бейім болған. Соның бір мысалы – “Құбығұл” дастаны. Ол – ел аузында сақталып келген аңыз негізінде шығарылған туынды. Дастанның мазмұнына таза махаббат, берік достық, әділеттік пен ерлік өзек болған. Жырдың бірнеше нұсқасының ішінде мазмұны жағынан тартымды әрі көркемі осы Нұрпейіс жырлаған нұсқа болып саналады. Сюжеттік желісі аңызға құрылғанымен, эпикалық сарыны мен мазмұнына қарап, “Құбығұлды” дәстүрлі батырлар жырына жатқызуға болады. Өйткені бұл туындыда дәстүрлі батырлар жырына тән көркемдік белгілері айқын. Жырдың соңғы бөлімі түгелдей реалистік мотивке құрылған. “Құбығұл” жырының бас қаһармандары Құбығұл мен Ақбілек – кіршіксіз, шынайы махаббат үшін күреске түскен адал жандар.

Ақын репертуарында ұзақ уақыт түспей келген жырлардың бірі – “Төрехан”. Мұнда бір атадан тараған хан балаларының таққа таласуы, өзара тартыстары баяндалады. Билікке таласушылар ел мүддесін кейінгі қатарға сырғытады. Дастаны мазмұны ескі хандық билікті сынауға арналған.

Ақын дастандарында көбірек кездесетін сюжеттер қыз бен жігіттің ғашықтық сезімдеріне байланысты.

Нұрпейістің өмір шындығын әлеуметтік тұрғыдан жырлағанын дәлелдейтін поэмасының бірі — “Нарқыз”. Оның негізгі идеясы — қазақ әйелінің өз теңдігі үшін жасаған жанқиярлық ерлігін көрсету. Ақынның көркемдік мақсаты – ел азаматы, намыс, кек иесі болған күрескер қыздың бейнесін жасау.

Поэмадағы басты кейіпкерлер — Нарқыз бен Нияз. Бұл шығармадағы назар аударатын үлкен бір өзгешелік – ондағы әйел қаһарманның қолына қару алып, теңдік үшін күреске аттануы Нұрпейіс поэмаларының көбіне тән сюжеттік арқаудың бірі. Феодалдық-патриархалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін, олардың бас бостандығы үшін күресін көрсету болып табылады. Ақынның бұл көркемдік идеясы мейлінше айқын сезілетін шығармалары – осы айтылған “Ақкенже”, “Нарқыз” дастандары.

Ақынның өлең-жырларының идеялық, көркемдік, тәрбиелік мәні айқын болып келеді. Бұл – ақын талғамының жоғары екендігінің белгісі. Үйренгенде нені үйрену керек, қандай жыр халыққа ұнайды, нені сүйсіне тындайды – сол жағына көбірек зер салып, жырды таңдай білуі ақын талғамын көрсетеді. Таңдап алған жырларына өз тұрғысынан, халықтық, бұқарашылдық, көзқарас тұрғысынан қарап, олардағы айтылар негізгі ойды сондай түсінікке қарай бейімдеп отырды. Нұрпейістің жыршылық өнеріне тән үлкен бір ерекшеліктің өзі де осында.

Халық ақындары ескі мен жаңаны, жаман мен жақсыны салыстырып, шеңдестіре жырлауға үлкен орын беретіні белгілі. Басқа ақын-жыршылар сияқты Нұрпейіс те қарапайым халықтың басында болған мұқтаждықты, кедейшілікті, әлеуметтік-таптық теңсіздікті жырға қосады және осыларды өз көзімен көргенін де еске салып отырады. Ақынның көптеген өлең-жырларының көркемдік идеясы – еңбек етудің шаттық, қуаныш екенін жеткізуге бағытталады. Ақын ойынша, еңбек ету дегеніміз – Отанға адал қызмет ету, оның өсу, өрлеу, ілгерілеуіне жәрдемдесу, Отан күшін нығайту, ел дәулетін ұлғайту боп табылады.

Нұрпейіс – Отан қорғау тақырыбын көп жырлаған ақын. Ақын бұл тақырыпты, әсіресе 1930 жылдардың екінші жартысында – халықаралық жағдайдың қатты шиеленіскен кезеңінде жиі ауызға алып жүрді.

Осы тұста көптеген қысқа өлең-жырлармен бірге Нұрпейіс “Комиссар Пожарский” атты поэмасын шығарды. Оның мазмұны 1939 жылғы Хасан көлі маңында болған уақиғаға құрылған. Осы уақытқа дейін-ақ патриоттық жырларымен назарға іліккен ақын Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап өзінің жалынды сөздерімен ел рухын көтеруге тырысты. Қиын-қыстау кезеңдерде халық арасында үгіт-насихат жұмысын атқарды. Нұрпейіс шығармашылығына тән патриоттық сарын бұл жылдары тіпті күшейе түсті деуге болады. “Қазақстан майданға”, “Қаналының қасқыр ішігі”, “Ер қамын ел ойлайды”, т.б. толып жатқан жырларында ақын халықтың қажырлы еңбегін, майданға деген жәрдемін жырлайды.

Нұрпейіс Байғанин Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген жалынды, қысқа өлеңдер мен бірге “28 батыр”, “Ер туралы жыр”, “Жиырма бес” секілді сюжетті дастандар, “Капитан Гастелло”, “Ер Талалихин”, “Толғау”, “Ұлы Отан соғыс туралы”, т.б. толғау жырлар шығарған. Оқырман талабына жауап беретін осындай поэзиясы арқылы ақын өмірінің соңына дейін Отанына адал қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жылдары ақын қысқа-қысқа үгіттік өткір өлеңдерге ден қойды. Нұрпейістің “Жау талқандалады”, “Отан үшін”, “Қарулан, халық, қарулан”, “Зор майданға шапшаң бар”, т.б. өлендерінде патриоттық сезім күшті.

Жауды жеңу жолында майданда жүрген жауынгерлердің батырлық іс-әрекеттері қаншалықты қажет болса, тылдағы еңбек ерлерінің іс-әрекеті де соншалықты қажет еді. Сондықтан да Нұрпейіс ақын осы кезеңдегі шығармаларының көбісін тыл еңбеккерлеріне арнады.

Ақын бұл тақырыптар арқылы майдан мен тылдың, яғни, Кеңес халықтарының саяси-моральдық тұтастығын бейнелеп, тұжырымды ойлар айтады. Бұндай сипат әсіресе, ақынның “Москва”, “Жау қары кесіледі”, “Ер Талалихин”, “Капитан Гастелло”, “Мамедовқа”, “Ерлерім алды Харьковты”, “Азат Киев”, “Арыстаным, өренім” секілді шығармаларынан айқын көрінеді.

“Капитан Гастелло”, “Ер туралы жыр”, “Жиырма бес” атты поэмаларының қаһармандары бұрын жырлап келген эпостың батырлары сияқты қиялдан алынған, халықтың арман етіп, алдан күткен батырлары емес, Отан соғысы кезінде ерлігімен көзге түскен, тарихта нақты болған адамдар.

“Капитан Гастелло” деген шығармасында Нұрпейіс Отан соғысы майданында жанқиярлықтың, батылдықтың асқан үлгісін көрсеткен Кеңес Одағының батыры Гастеллоның ерлігін суреттеді. Оның жан дүниесіне үңіле отырып, батырдың осындай қаһармандық көрсетуге не себеп болғанына үңіледі. Сөйтіп Гастелло бейнесін аша отырып, Отан қорғау жолындағы қаһармандықтың түп негізіне үңіледі.

Ақынның Отан қорғау тақырыбына арналған поэмаларының ішіндегі көркемдік бітімі жоғарылары – “Ер туралы жыр” мен “Жиырма бес”. Бұл поэмалардың қаһармандары – қазақтың батыр ұлдары Нарсұтбай Есболатов пен Төлеген Тоқтаров. Мәскеуді неміс басқыншыларынан қорғауға қатысқан бұл жауынгерлердің екеуі де қажырлы, қайтпас, жүрек жұтқан батырлар.

Ақынның жырларында қазақтың тілінің байлығы мен тілдік құнары мол кестелі шешендік сөзге, мақал-мәтелге, афоризмге толы. Ақынның дәстүрлік жырды көп білуі оның жаңа заман тақырыбына арналған шығармаларының да көркем, өткір, әсерлі болуына да себін тигізді. Әсіресе, ол ел аузында ертеден сақталып келген, халықтың жақсы көріп, сүйсіне тыңдайтын ауыз әдебиетінің дәстүрлік формаларының үздік үлгілерін ұтымды пайдаланады. Нұрпейістің “Отарба”, “3ор майданға шапшаң бар”, “Ақын шабыты”, “Ақын”, т.б. өлеңдері дәстүрлі термемен айтылады.

Ақын өлеңдері негізінен 7-8 буынды. Бұл өлеңдерінің көбісі екі, төрт, алты тармақты тұрақты шумақтарға бөліне бермейді. Көбінесе негізгі ырғағын бұзбай, төрт жолдан бастап, он алты, жиырмаға дейін барады. Бұл жыр шумақтарына тән нышандар. Ал 7-8 буынды өлеңдер шұбыртпалы кезекті, кейде бір ұйқаспен де жырланады. Мысалы, “Гүлденген дала” деген өлеңі 28 жолға дейін бір ұйқаспен жазылған.

Ақын сөздері көбінесе өткір, әсерлі болып келеді. Кейбір жекелеген жолдары мақал-мәтелге, афоризмге айналып кеткен өлеңдері бар. Ақын шығармашылығы әсерлі де жалынды, суретті, бейнелі.

Нұрпейіс Байғанин 1945 жылы ұлы жеңіс күніне аз ғана уақыт қалғанда өмірден өтті.

Нұрпейіс Байғанин – өз дәуірінің ақыны. XX ғасырдағы қазақ халқы өмірінің жаңалықтары ақын талантының көзін ашты, шалқыған шабытқа бөледі. Бұрын өзі туып-өскен ауыл-аймақта ғана аты шығып жүрген ақын бүкіл Қазақстанға белгілі, қадірлі болды. Оның шығармалары қазақ тілінде де, орыс тілінде де үздіксіз басылып келеді.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3381. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия