Студопедия — Афу Қайырбеков
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Афу Қайырбеков






(1928-1994)

 

Қазақтың көрнекті лирик ақыны.

Ғафу Қайырбеков 1928 жылдың 15-тамызында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай кентінде дүниеге келді. Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте оқыған болашақ ақынның жастық шағы жетімдікпен, жоқтықпен өткенін мына жолдардан көруге болады:

 

Он үшке кесір тиіп келмей жатып,

Кеткенім кер бейнетке белден батып…

Тағдырдың қисық әрпін жаспен жазып,

Сорайған бар әулетте жалғыз қазық.

 

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, 1946 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық курсына түседі біраз уақыт білімін жетілдірген ол елге барып, бірер жыл ауылда мұғалім болып істейді де, 1948 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетіне оқуға түседі. Осы жылдардан бастап әдебиетке белсене араласа бастайды.

Ұзақ жылдар “Жазушы” баспасында поэзия редакциясын басқарған ақын “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз” журналында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Ақын қаламынан әр жылдары туған “Қосбасар” (1956), “Дала қоңырауы” (1957, поэма), “Таулар сөйлейді” (1960), “Арал әуендері” (1961), “Алғашқы асу” (1964, бірінші таңдамалысы), “Жер астындағы жұлдыздар” (1965), “Большевик ауыл” (1967), “Алтын бесік” (1969), “Көсемнің нұрлы атымен” (1970), “Сарыарқа саздары” (1972, екінші таңдамалысы), “Қанатты жылдар” (1976), “Асу алда” (1977), “Жұлдызды тағдырлар” (1980), “Маңғыстау мұнаралары” (1983), “Туған топырақ” (1985), “Күн теңескен” (1986), “Ана туралы жыр” (1987), “Шұбалаң” (1988) атты жинақтар қазақ әдебиетіне қосылған мол қазына.

Ғафу ақын да өз заманының жыршысы бола білді. Он үш жасында Ұлы Отан соғысы басталып, бір әулеттен жалғыз қалған лирикалық кейіпкердің өмірдің қиыншылығын көп тартқаны белгілі. Алматыға келген соң жазған алғашқы тырнақалды туындыларына «Мынауың әлден піскен ақын ғой!» – деп Қасым аға басынан сипаған жас ақын бар ғұмырын қазақ поэзиясына арнады. Ғафу поэзиясынан үлкен орын алатын – туған жер тақырыбы.

 

Білесің жан ұшудың не екенін сен,

Жалғанда жалғыз жұмақ мекенім сен.

Алыста ақсақ құлан секілденіп

Ажырап жайлауымнан жеке жүрсем,

 

– дейтін лирикалық кейіпкер Торғайды жер жұмағына теңейді. «Туған жерге хаттар», «Торғай әуендері», «Қостанай дәптерінен», «Туған жердің бір уыс топырағы», т.б. шоғырлы өлеңдерінде ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі шынайы жырланған. «Бір уыс дән», «Бір үзім нан», «Бір ауыз ән» өлеңдері кешегі соғыс жылдарындағы бір үзім нанға зар болған жоқшылық пен бейбіт замандағы молшылық салыстырыла суреттелген. Ақын «Нан болса – ән де болатынын» өз өмірінен мысал келтіре отырып нанымды бейнелеген. Туған жерге деген сүйіспеншілік Торғайдан басталып Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігіне, батысы мен шығысына ұласады. Бірде Әулиеатадағы Келте-масат пен Айша бибі күмбезін, Атшабар, Жуалы, Билікөлді жырға қосқан ақын Баянтаудан бір шықса, енді бірде Нарынқол – Байынқолдың сұлу табиғатын бейнелейді. Отанға миллиард пұт астық тапсырған қырман толы астығын «Шалқиды «Миллиард» атты симфония, «Қыруар қырмандардың бастарынан!» деп асқақтата жырлаған ақын кең байтақ Қазақстанның байлығын шабыттана жырға қосты. Қазақ жеріне деген сүйіспеншілік келе-келе Болгария, Вена, Душанбе, Таврида, т.б. сынды басқа елдер мен қалаларға ұласады. Европа елдеріне арналған өлеңдерде Отан үшін қаза болған қандас бауырларға деген құрмет қашанда алдыңғы кезекте тұрды.

Қазақ поэзиясында қалыптасқан дәстүрдің бірі – арнау өлеңдер. Бұл қатарды ақынның «Ағалар» атты шоғырлы өлеңдері толтырады. «Махат ұстаздағы» «Былтырғыдан биыл тіпті өсіпсің» деп жылда Торғайға келген сайын шәкіртіне сын көзбен қарап отыратын көреген ұстаздың қатарын қара шаңырақ ҚазПИ ұстаздары толықтыра түскен. «Мұғалімдер бағы» мен Қара шаңырақ – ақ ұям» – ҚазПИ-де дәріс берген ұлағатты ұстаздарға арналған:

 

Сонда сен Қажым болып, Мәлік болып,

Қуанып сәлемімді алып болып,

«Ойпыр-ай, сен де есейіп қалыпсың!» – деп

Тұрасың мән-жәйіме қанып болып.

 

Кейінгі жылдары бұл қатарды өмірде де, өнерде де ақынның өзіне ұстаз тұтқан қазақтың біртуар ұлдарына деген құрметі толықтырды.

Туған жерге деген үлкен құрмет пен сүйіспеншілік ақынның эпикалық шығармаларында жалғасын тапты. «Дала қоңырауы», «Большевик ауыл», «Таулар сөйлейді», «Жұлдызды тағдырлар», «Мұхтар Қаптағаев» поэмаларында туған жердің арғы-бергі тарихына көз жүгірте отырып, қазақ, Торғай даласына жан бітірді. Осылайша шағын лирикадағы кейіпкерлерін ақын эпикалық шығармаларға алып келді. «Дала қоңырауы» поэмасының эпилогындағы арт жақта өлең жазып отыратын қара бала «Сол бала – осынау жырдың иесі еді...» деп өзінің де сол «Ыбырай Алтынсарин мектебінен білім алғанын мақтан ететін лирикалық кейіпкер Ыбырай Алтынсаринге арнап «Дала қоңырауы» атты поэмасын жазды. Торғай қаласында тұңғыш мектептің ашылу тарихына көз жіберген ақын сол жолдағы үлкен кедергілер арқылы Ыбырай бейнесін сомдай түскен. Тек қана мұсылманша оқыған қазақ балаларына орысша білім беруді көздеген Ыбырай құлазыған ен даламен Орынбордан Торғайға жол тартады. Ұзақты күн жүргенде алдынан жалғыз жолаушының шығуы арқылы автор қазақ ауылдарының сирек орналасқанын тілге тиек етуді де ұмытпаған. Осындай меңіреу далаға тіл бітірудің, жан бітірудің негізі білімде жатқандығы «Оянсын байғұс қазақ түзде жатқан!» деген Ыбырай сөзімен ашылады.

 

Көк шіркеу қаланың дәл иығында,

Кресі шағылады күн нұрына.

Кешкілік күңіренгенде қос қоңырау

Естіліп жатар шалған бір қиырға,

 

– деген жолдар ол өңірде христиан дінінің негізгі орын алатындығын аңғартса керек. Бұл жолдарды автор болашақ үлкен оқиғаға деталь ретінде алған.

Қазақтың жақсылары мен жайсаңдары жиналған ортада Ыбырай мектеп ашудың қажеттілігін, алдына қойған мақсаттарын түсіндіреді. Қашан да жаңа идеяның қолдау табуы оңай болмайтынындай әркім әржаққа тартып жатқанда оларға: «– Ала ауыз, алты бақан, байғұс қазақ, Мектеп аш, бар балаңды білімге жи!» деп Қазыбек би аталы сөз айтады. Ел сыйлаған Қазыбек ақсақал сынды көрегендердің қолдауына ие болғанмен, Ыбырай әртүрлі кедергілерге душар болады. Қазақ жастарына білім беруді, көзін ашуды мақсат еткен Ыбырай бар ғұмырын осы жолға арнайды. Тосын ауылының Бөлтірік пен Әбілқасым сынды жігіттерінің «Қырықтың бірі – қыдыр!» деп Ыбырай қасынан табылуы – «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген халық даналығын растай түседі.

Әкесіндей болған Григоръевтің Петербургке барып біліміңді жалғастыр деген ұсынысын қабылдамай ауыл баласына білім беруді көздеген Ыбырай бұл жолда көп кедергілерге ұшырайды. Халық санасын улаған Хазірет пен молда-имандардың қарсылығы – соның бір көрінісі. Анасын тірідей жерге көмген баласының Ыбырайдан көмек сұрап: «Ағажан, анам тірі, аршып алшы! – Шақырды «құлыным» деп, естідім мен, Естіді бірге тұрып қырда малшы!» деп зар еңіреуі, көрді қазып тірідей көмілген жанның көр астында өмір үшін жанталаспен қайтыс болғаны көп ішінде өзін Құдайдай сезінетін хазіретке үлкен соққы болса, Ыбырайдың халық алдындағы беделін арттыра түсті.

Патша ағзамның бұратана халықты билеуге шығарған жаңа заңы бойынша болыстыққа Сапақ, Бірімжан сынды дүниесіне сенген үміткерлер ұсынылғанда Ыбырайдың пікірімен Қазыбектің өтуі – Соколов сынды ел билеушілердің де Ыбырай пікіріне деген үлкен құрметі. Жоғарыдағы билеушілер мен бұқара халықтың сеніміне кірген Ыбырай алдында күтпеген кедергілер де аз болған жоқ. Сапақ бастаған жуандардың генералға шағымданып Ыбырайды түрмеге жабуы оның айқын мысалы. Әділетсіздіктің құрбаны болған Ыбырай үш күн генералмен сөйлесе алмай жатады.

 

Тұр біздің алдымызда ұлы мақсат,

Бұл халық Мұхамедтің дінін тастап,

Шіркеуге кіру керек ақ ниетпен,

Надан ел сонда ғана көзін ашпақ,

 

– деген генералдың пікірі сол тұстағы отарлау саясатынан хабар береді. Автор осындай мысалдар арқылы үлкен саяси мәні бар жайттарды да назарда ұстап отырған. Сондай-ақ, «Әр үйдің қазанында бүлк-бүлк қайнап, Наурыздың қадірлі асы жатты пісіп» деген жолдар кеңестік дәуір тұсында аты да аталмай кеткен Наурыз мейрамына деген үлкен құрметті аңғартса керек.

Өз ісіне кәміл сенген Сапақ «Бұлбұл ма, қол, аяғын буып, таңып, Жөнелтіп жер Сібірге тастар әлі!» деген үмітпен ел ішінде қаңқу сөз тарата бастайды. Ыбырайдың бастамасымен салынған мектепке өрт салу арқылы оның мақсатына балта шабуды көздеген Сапақтың бейнесі осы іс үстінде толыға түседі.

Орынборда екі айдай жатқан Ыбырай жаңа басшыға өз ұсынысын мақұлдатып, қазақ жеріне орысша мектеп салуға қазынадан қаржы бөлдіреді. Автор ел ағасы болған Қазыбектің Ыбырайға деген құрметін күллі бұқараның тілегі ретінде көрсете білген: «Еріткен бір-ақ сүйіп жүрек мұзын, Қазыбек бар қазақ боп көрінді оған...». Мектеп алғаш ашылғанда оның табалдырығын он төрт бала аттаса, төрт жылда олардың саны сексенге жетуі – қазақ халқының білімге деген құштарлығына, Ыбырайдың алдына қойған мақсатына жеткеніне мысал. Қой соңында жүрген ойын балаларының мектепке алғаш келгенде сыртқа қалған ойын мен әке-шешелерін, өз құрбылары мен қой-қозыларын ойлауы олардың шынайы бейнесін толықтыруға қызмет етеді. «Басталды ескі әріп пен жаңа әріптің Күресі, дәптерінен балалықтың» деген жолдар ескі оқу мен жаңа оқудың ара салмағын ашуға қызмет етсе, молданың бос шатпағынан жалыққан балалардың мектеп терезесін жағалауы олардың жаңа оқуға жаппай бет бұра бастауына мысал. Бұл – ақынның тұңғыш білім алған ұясының арғы тарихына шегініс жасай отырып, оған жасаған үлкен құрметі еді.

«Большевик ауыл» поэмасының кіріспесінде:

 

Бала күн,

ертіп алып жолдасымды

Үйіліп қалған ескі обалардан

Етектеп көп теруші ем қорғасынды...

 

Мен сонда ғажап тарих табылғандай,

Жаутаңдап қараушы едім жаным қалмай.

Солардың қарауытқан дақтарында

Бабамның кеуіп қалған қаны бардай,

– дейтін лирикалық кейіпкер «Большевик ауылының» тарихына көз жүгіртеді.

Торғай қаласына жасалған шабуыл мен Доғал, Күйік, Үрпек, Татырда болған айқастарға шегініс жасай отырып, ХХ ғасыр басындағы патшаның жазалаушы отрядының бұқара халықты қынадай қырғанын тілге тиек етеді. Өртке оранған Торғайдың қайғылы халі жауынгер де ержүрек халықтың намысы бар ерлерін атқа отырғызды. Қанішерлердің осындай ісіне қарсы жауынгер қазақ ішінен Аманкелді Иманов сынды сардардың шығып, қол жинауы, жазалаушы отрядқа қарсы күресі сынды тарихи шындықты көркем бейнелеуде ақын табысқа жетті. Осы поэмасында Аманкелді Иманов, Хакімбек Токин сынды қазақ батырларының бейнесін қазақ әдебиетіне алып келді.

«Таулар сөйлейді» поэмасында Қарағанды шахтерларының жер қойнауындағы байлықты игерудегі ерен еңбегі әңгімеленген. Шахта тіршілігін ақын:

Сан тарау қиын жолы бар,

Күрделі тамыр, жүйкесі.

Жүрегі, қаны жаны бар

Дүрсілдеп соғып тұр төсі, – деп бейнелейді.

 

Поэмада ақын жер асты тауларына жан бітіріп, оның бойына қан жүгірткен жастардың өндірістегі еңбегі мен Мәжит пен Дина арасындағы үлкен махабатты ұштастыра білген.

«Жұлдызды тағдырлар» атты поэмасы үшін 1980 жылы Қазақ ССР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Бұл поэмаға халықтар достығы, Тың көтеру науқаны арқау болған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Иман мен Иван сынды көршілердің жарасқан достығын, Халиманың анадан жетім қалған Сергейді бауырына басып, ана сүтін беруін жырлау арқылы халықтар достығы мәселесін көтере білді. Тыңды игеру жылдарында Сергей Ивановичтың Иман қарт үшін тың жерді игеруге келген басбұзарлармен ұстасуы оның ана сүтіне адалдығын аңғартатын эпизод. Ақын жекелеген детальдар арқылы үлкен әлеуметтік мәселелерді көтере білген. Тың жерді игеруге келгендердің ішінде түрмеден шыққан баукеспелердің болуы, олардың екі халық арасына іріткі салуы ащы болса да өмір шындығы. Жәмила Құнантаеваның Тың жерді игерудегі темір тұлпарды бағындыруын шабыттана жырлау арқылы сол тұстағы еңбек ерлерін мақтан етті. Отанды жаудан қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан Жамалидың қызы Жәмиланың бейбіт заманда үлкен ерлік жасауын «Атадан ұл туса игі» деген халық даналығымен сабақтастыра білді. Тың көтеру науқанында үлкен ерлікпен көзге түскен Жамали қызы Қазақстаннан Отанға тапсырған миллиард пұт астыққа өз үлесін қосу арқылы Социалистік Еңбек Ері атанды.

«Мұхтар Қаптағаев» поэмасы атақты паровоз жүргізуші, бүкілодақтық рекорд иесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхтар Қаптағаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігіне арналған. Паровозшы қазақ баласының: «Не нәрсе, не құдірет оны өрлеткен, Темірді меңгеруге өнер жеткен – Әлде ол – ел намысы, ер намысы – Ежелден ата-баба кеудеме еккен?» деген сөзінен намыстың ата-баба қанымен келетіндігін байқауға болады.

«Алтай азаматы» Социалистік Еңбек Ері, Шығыс Қазақстан облысы, Большенарм ауданы, Ленин атындағы колхоздың төрағасы Бошай Кітапбаев өміріне арналған. Ұлы Отан соғысына бір аяғын беріп келген Бошайдай туған жерге келген соң еліне жасаған ерен еңбегі нанымды суреттелген. «Достарын іздеп баяғы Түсінде де айқай салатын» деген жолдар оның кешегі қан майдандағы достарын өмір бойы жадында шығармайтынына мысал болса, боздақтарға қойған ескерткіші оған нақты мысал. Жеңістің қырық жылдығына орай салынған ескерткішті ашуға да әртүрлі кедергілердің кездесуі өмірде бір-біріне кереғар жандардың қатар өмір сүруінің айғағы.

 

Біразы бірақ қиналды

«Шалым-ау», – деп те айта алмай,

«Жігітім», – деп те айта алмай...

 

Кемсеңдеп кемпір, шалдарың

Құшақтап тасты бас салып,

Сулайды орамалдарын

Суалған көзден жас тауып,

 

– деген жолдар өлгені тіріліп, өшкені жанғандай болған кемпір-шалдар мен жесірлердің жан жарасының көркем суреті.

Ғафу Қайырбековтың «Бір кеменің үстінде» атты мақалалар мен әдеби портреттер жинағына қазақ поэзиясы хақындағы әр жылдардағы ой-толғаныстары енген. Қазақ әдебиетінің көрнекті өклдері Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Қасым Аманжолов, Хамза Есенжанов, Қалижан Бекхожин, Хамит Ерғалиев, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов туралы әдеби портреттері олардың шығармашылығы жөніндегі тұжырымдарымен құнды.

«Қайнардан нөсерлейтін алғыр ақын, Жырың – нәр жұрт сусынын қандыратын» деп Қалижан ақын айтқандай, Ғафу қаламынан туған дүниелер өзі өскен ортаның жай-күйінен хабар берер жанды суреттер. Ол – қазақ поэзиясын сыршыл лирика, эпикалық поэмаларымен байытқан ақын.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2705. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия