Студопедия — Мыңбай Рәш
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мыңбай Рәш






(1930 жылы туған)

Ақын, сатирик, көсемсөзші Мыңбай Ахметкәрімұлы Рәш (Тотыяйын Рамазанов) 1930 жылы 19-қазанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей), Аягөз ауданының «Алғабас» совхозында туған. ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық сықақшылар сайысының жүлдегері, белгілі сатириктің әдебиет майданында жүргеніне 50 жылдан асты.

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті мен «Ара» – «Шмель» журналдарында бөлім меңгерушісі болған. Әзіл-сықақ журналдарында қызмет етуі оның сықақ жанрында өндіре жазуына септігін тигізді. Журналдың алғашқы бас редакторы, ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің тәлім-тәрбиесінде болған жылдары жемісті еңбек етті. Оның «Терек пен тікенек», «Біле қойдым», «Бетің қисық болса», «Қисық айна», «Суылдақ», «Бүйімбай», «Тсс... тісіңнен шығарма», «Мұржа мұрын», «Кері тартқанды бері тарт», т.б. сатиралық жинақтары басылды. Сықақтары мен мысалдары «Крокодил қосымшасы» сериясында, «Крокодил», «Дружба народов» журналдарында да жарық көрді. 1957 жылдан Жазушылар одағының мүшесі болған ол оқырман қауымға уытты тілмен жазылған «Бастау» (1975), «Бетің қисық болса» (1969), «Ғасыр жолы» (1983), «Дәуір – дастан» (1990), «Суылдақ» (1990), «Терек пен тікенек» (1958), «Тоғыз жүз күн» (1971), «Тс- с … тісіңнен шығарма…» (1996), «Таңдамалы шығармалар» (үш томдық, 2009) т.б. сынды өлеңдер жинағын, сықақ әңгімелерін, әзіл-оспақтарын ұсынды. Таңдамалы шығармалары орыс және туыстас елдер тіліне тәржімаланған.

Үш томдық шығармалар жинағының 1-томына («Кері тартқанды бері тарт») сатриалық, 2-томына («Шабыт шағаласы») поэмалары мен баллада, толғаулары, 3-томына («Жұлдыздар жаңғырығы») естеліктері енгізілген.

Сонымен бірге Крылов, Пушкин, Лермонтов, Мицкевич, Маяковский, өзге де әлем классиктерін қазақ тілінде сөйлету арқылы көркем аударма саласына да үлес қосты.

Ол «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері және «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері».

Әдебиетке елуінші жылдары келген ол тек сатирик қана емес, танымал эпик ақын. М.Рәшевтің тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы «Алғашқы боразда» деген атпен жарық көрді. Мыңбай қырыққа тарта кітаптың авторы, жиырмаға жуық поэмалар мен балладаларын оқырман қауымға ұсынды. Біраз өлеңі орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. Олардың ішінде Шоқан Уәлиханов туралы «Жұлдызды жиһанкез», Қаныш Сәтбаев туралы «Данышпан», Мұхтар Әуезов туралы «Ұстаз», 28-гвардияшы-панфиловшы батырлар, қаһарман батырларымыз Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы өмірінен жазылған поэмалары – «Батыр дастан», ғасыр сазгері атанған Тілендиев туралы «Киелі домбыра», шұбартаулық жас шопандар өмірінен өрнектелген «Бастау», «Тұлпар», еліміздің тәуелсіздігіне арналған «Топжарған елім» және әзірбайжан халқының ұлы ағартушысы, драматургі, ақыны Мырза Фатали Ахундов жайынан жазған «Сабухи» жеке-жеке кітап болып шығып, оқырмандардың ыстық лебізіне бөленді. Осылардың қатарын Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті география факультетінің деканы, география ғылымдарының докторы, профессор, академик Әлия Бейсенова хақындағы «Аңызға айналған ару» атты деректі дастаны мен «Мархаба» атты лирикалық поэмасы толықтырады.

«Күлкі – көңіл ажары, Күлкі – өмір базары» дейтін сатирик өмірдің көлеңкелі тұстарын әжуалай отырып, ащы күлкімен шенейді. Оның сатирасына жалақор, жәдігөй сұрқиялар мен «Биені бүгімен, түйені түгімен» жұтқандардың жымысқы іс-әрекеті арқау болған. Ақын ондайлардан басқаларды сақтандыра отырып, оқырманын тазалыққа, пәк адамшылыққа шақырады.

Ол сықақты әртүрлі формаға құра біледі. «Қала әкімі Бракунов мырза мен су иесі Сүлеймен пайғамбардың айтысы» айтыс үлгісіне құрылған. Екеуінің аузына сөз сала білген автор ауыз суды сатқан әкімнің халықтың қамын ойламайтындығын «Сүйектей итке тастар бес жүз теңге, Әкім-ау, жұртты жүр ғой таластырып!» деп шеней білген. Немесе «Басың бар ма?», «Аушардағы дау-шар», «Төреханның тізімі» сынды диалогтарынан оның сықақты әртүрлі тәсілмен жеткізе білетіндігі көрінеді. Қазақ сатирасын тек мазмұнымен ғана емес, түрімен де байытқандығына монологқа құрған «Бүлдіршіндер монологы» мен толғау үлгісіндегі «Үңгірлер мен міңгірлер» сықақтары дәлел. Алматы қаласындағы метро құрылысы жөнінде Мұрын жыраудың шөпшегі Мыңбай жыраудың мұңы және прозалық үлгіде Чеховтың ізімен жазылған «Ешкі аттас фамилиясы» мен жекелеген адамдарға арналған эпиграммалары, өсекші, есепқой, жағымпаз, алыпсатар, жәдүгей, уәдешіл, селтеңбай, жебір, жалмауыз, жылмысқы, өсекші, ұмытшақ, кекеш, сарыуайымшылдар туралы бірқақпайлары мысал бола алады.

Оның доллар үшін даурығып, кеңірдек жыртысып жүрген «мешкейлері» де, сынап сынды ұстатпайтын «сырғақпайлары» да, алды-артына қарамай, «жигулидай» жүйткитін «бағасы» да, өсек, жала іздейтін «мұржа мұрыны» да, әмпей-жәмпей болып жүретін қымқыруға машыққан «бас бух» пен двойной оклад алатын «жас бух» та, не жарығы, не ішетұғын суы жоқ «Әйгерім» ауылының тұрғындары да – өмірден алынған реалистік кейіпкерлер. Осылайша ол заманның толғақты мәселелерін ауыр күлкімен түйреп-түйреп отырады. Сықақшы жауынгер жанрдың әртүрлі үлгілерімен жазылған сықақтарының бәрінде өзіміз көріп, араласып жүрген жағымсыздар мен жүгенсіздерді өткір тілмен іреп-іреп алады.

«Сықақшылар туралы одасында» сатирик Бейімбеттің «Садағы», Жүсіпбектің «Шаншары», Ілиястың «Балғасы», Бұлар деген шалқиған Сатираның арнасы. Ал Көпеннің «Арасы» – Осылардың жалғасы», – дей келіп, қазақ сатирасына қомақты үлес қосқан, қосып жүрген сықақшыларды жеке-жеке таныстырады.

Бүгінгі ұланғайыр өміріміздің елеулі де ауыр мәселесі – экология мәселесін, ядролық жарылыстар мен соғыс атаулыға ащы наразылығын ашына жазды. Ақын ХХ ғасырдың өзекті мәселесіне айналған тіл, ономастика, тарихи һәм мәдениет тұлғаларының ескерткіштерін көздің қарашығындай сақтау сынды ХХІ ғасырда шешімін таппай жатқан мәселелерді шындықпен шымқалған, үш көріністі қиялы қойылыммен жеткізе білген. Қаныш Сәтбаев, Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов, Бауыржан Момышұлы, Күләш Байсейітова, Қасым Аманжолов сынды қазақтың нарқасқаларын көрде де тыныш жатқызбайтын бүгінгі қазақтардың ісі, әрине, аянышты. Кеңестік дәуірде «Ана тілім» деп жар құлағы жастыққа тимеген Ғ.Мүсірепов пен Б.Момышұлының аруағы егемен елдің азаматтарына ой салса болғаны. Қаныш Сәтбаевтың Мұхаң, Ахаңдар бастаған, Кеңесбаевтар қостаған ғылым ордасының небәрі бес-алты ғана толық мүшесі бар заманда орталықтағы Мәскеуге неше рет барып жүріп Ғылым Академиясын аштырса, тәуелсіздік тұсындағы отызға тарта академиктің сол ордадан айрылып қалғаны ащы болса да шындық. Сондықтан да о дүниелік болған қазақтың батырлары жиналып, төтенше мәжіліс ашуға мәжбүр болып отыр. Бір қарағанда комедия секілді көрінетін қойылымда сатира басым. Әрбір сөздің астарына көп мағына сыйғызатын автор осылайша замандастарын түйреп қана қоймай, мақтамен бауыздап отыр.

Ол сатириктік өрнегін поэзияда ғана емес, прозада да көрсетіп келеді. Сықақ, әзіл-оспақ өлеңдері тәрізді қара сөзбен жазылған әңгімелері де ықшам, тап-тұйнақылығымен тартымды оқылып отырады. Оқиғалары нанымды. М.Рәшевтің сықақтары, фельетондары мен мысалдары өзге тілдерге де аударылған. Жазушы проза жанрынан «Жеңіс жолдары» хикаятын, «Мен айтпай сірә, кім айтар», «Жұлдыздар жаңғырығы» (Үш томдық шығармаларының бір томы) естелік жазбаларын жарыққа шығарды. Шағын көлемді скетчтердің авторы. Оның фельетондары мен новеллалары, памфлеттері, көсемсөз бен жол суреттемелері әр түрлі басылымдарда үзбей жарияланып келеді. Үш томдық шығармаларының «Кері тартқанды бері тарт» деп аталатын бірінші томына сатириктің сын-сықақтары топтастырылыпты. Ол көлемі ықшам, тартымды сықақтарына өмірдегі сан қилы қырсыздықтарды арқау ете білген. Кітаптың беташары автордың өзі ұзақ жылдар қызмет істеген «Ара» журналының қызметкерлері жөніндегі «Жүсекеңнің сасқан жері, Садықбектің қашқан жеріне» әзіл-эссесіне «Ара» журналына Жүсіп Алтайбайұлының бас редактор болып келген кезіндегі оқиға негіз болған. Ғабаңның (Ғ.Мүсірепов) «сал дәуіріне», Қайнекейдің (Қ.Жармағамбетов) «Ұсақ-түйекке мән бермейтін мейлінше кең заманына» еті үйреніп қалған «Ара» журналына Ж.Алтайбаев бас редактор болып келеді «Сөйтіп жаға жайлауда, төбе қыстаудағы күндер адыра қалып, қызметке тоғызда келетін» күн туады. «Кеңседе отырып қызмет атқаруға жаны қас Садықбектің» (С.Адамбеков) осы мекемеден кетуіне іссапарда болған Жамбыл облысынан қос нәрестесімен іздеп келген келіншектен қашуы себеп болғанын автор «Қоянның қашуына мылтықтың басуы» тура келгендігімен жеткізе білген. Сонымен бірге оның кілтін көп жоғалтқандығынан есігінің құлпы көп екендігі, Сырдарияның бойында Сырбайды (С.Мәуленов) алдайтындығы, Қайнекей, Сырбай, Жұбан, Тахауиларды Алматы вокзалының ресторанына отырғызып қойып, әрқайсысының үйінен 500 сом алып, Шымкент – Алматы поезына «Гудбай, оревуар!», «Хош болыңдар, Садықбекпен дос болыңдар! Ақшаларың менде, Ренжімесін төрт жеңге!» – деп қулана кетіп отыратыны «Әзілің жарасса атаңмен ойна» дейтін қазақы қалжыңның әдемі көрінісімен баурайды. Автор қысқа да нұсқа сөйлей отырып, оқырманын баурай біледі.

Оның Мұхтар, Сәбит, Ғабит сынды «Алыптар тобына» енген ұстаз ағалары туралы естеліктері нақты деректер арқылы сөйледі. Сонымен бірге студент кезінен аралас-құралас болған С.Қирабаев туралы «Сүлей сынның серкесін» де ерекше атауға болады. Оның: «Иә, қарт ҚазПИ ұясынан, ғылымның асқар қиясынан қанатты бірге қатайтып, әдебиет әдеміне бірге самғаған, қастерлі дос! Шабытыңыз ортаймасын, жаныңыз қартаймасын!» деген жүрекжарды тілегі досқа деген адал сезімін аңғартса, «Ар бол, Ыстықкөл, бар бол, Мүсеке!» атты естелігінен әдебиетке өзімен қатар келіп, ұлттық әдебиеттану ғылымына мол үлес қосқан М.Базарбаевтың жаңа қырларын танимыз. «Ғабеңнің батасы», «Қарақұловтың қалжыңдары», «Нұртас келгенде...», «Свежий балық», т.б. сынды әзіл-эсселері өмірден алынған кейіпкерлердің шынайы іс-әрекеттерімен өрбіп отырады. Ол не жазса да ықшам, қысқа да нұсқа жазады. Шығармалары ұзақ сонар баяндаудан аулақ, көбіне көзі көріп, көңіліне ұялаған детальдарды қызықты етіп жазады. Жеңіл оқылады, тартымдылығымен дараланады. Автордың өзіндік стилі бар деуіміз де осыдан.

2007 жылы шыққан «Мұржан мұрын» атты сықақ әңгімелер, фельетондар, памфлеттер, эпиграммалар, пародиялар жинағына сатириктің соңғы жылдары жазған жаңа туындылары топтастырылған.

Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, сатирик-ақын Мыңбай Рәш ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене таныс. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын шығармалары өмірдің өзекті мәселелерін уытты тілмен нысанаға алуымен құнды. Сондықтан да жазушы, сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1615. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия