Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Уықты катетеризациялау кезінде зәрде көп мөлшерде макрогематурия анықталғанда қандай зақымдану туралы ойлауға болады?





Рувилуа-Грегуар сынамасы нені дәлелдейді?

- бүйрек зақымдануы

- қуықтың ішпердеішілік жарылуы

- қуықтың ішпердеден тыс жарылуы

+ қуықтың кілегей қабатының жарылуы

- уретраның зақымдануы

\/

 

/\

Науқас “Іштің енбелі тесіп-кесілген жарақаты. Ішперде ішілік қан кету. Геморрагиялық шок III-IV дәрежесі” диагнозымен қабылдау бөліміне келіп түскенде дәрігерлік тактика:

- гемодинамиканы қалпына келтігенге дейін шокқа қарсы шаралар жүргізу, содан кейін оперативті араласу

- қан кетуді тоқтату мақсатында шұғыл түрде операция жасау, содан кейін шокқа қарсы шаралар жүргізу

+ қан кетуді тоқтату мақсатында шұғыл түрде операция жасау, қосымша шокқа қарсы шаралар жүргізу

- консервативті гемостатикалық шаралар жүргізу

- шұғыл түрде реанимациялық шаралар жүргізу

\/

 

/\

Науқа А. – 38 жаста кеуде қуысының кесіп-тесілген жарақатынан кейін 1сағаттан соң жеткізілді. Санасы бұзылған. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ 100/70 мм.сб.б. Пульсі – 78 рет минутына. Оң жақта VII қабырғааралық аймағында артқы аксиллярлы сызық бойынша жарақат өлшемі 1,0х0,2 см. Жарадан қан кетіп тұр. Кеуде қуысының жалпы шолу R-графиясвнда оң жағында қарайғандық 5 қабырғааралыққа дейін жетеді, жүрек конфигурациясы өзгермеген. Науқасты қарау кезінде есінің тануымен коллапс дамыды. Науқаста салқын тер, АҚҚ 60/40 мм.с.б. дейін төмендеді. Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз.

+ өкпенің жарақаты,оң жақты гемоторакс, оң жақтық торакотомия.

- оң жақтық гемоторакс, шокқа қарсы шара жүргізу

- жүректің жарақаты, оң жақтық торакотомия

- оң жақтық гемоторакс. плевра қуысын денаждау

- оң жақтық гемоторакс, плевра қуысын пункция жасау

\/

 

/\

Асқазан-ішек жолынан қан кетудің ең жиі себебі:

+ Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасы

- Эрозивті эзофагит

- Асқазан ісігі

- Меллори-Вейс синдромы

- Тоқ ішектің дивертикулезы

\/

 

/\

12-елі ішектің ойық жарасында ауру сезімі басылып, қара май тәрізді нәжістің пайда болуы неге тәң:

- Ойық жарасың малигнизациялануына

- Ойық жарасың тарылуына

- Ойық жарасың көрші ағзаға өсуіне

+ Ойық жарасынан қан кетуіне

- Ойық жарасының тесілуіне

\/

 

/\

Науқас 66 жаста, жедел тоқ ішек түйілуі клиникасымен шұғыл түрде операцияға алынды. Лапаротомия кезінде-сигма тәрізді ішектің циркуляцияланған стеноздалған ісігі, парааортальды лимфа түйіндердің ұлғайғаны және бауырға метастаз бергені анықталды. Гартман операциясы жасалды. Бұл қандай операция болып табылады:

- Симультантты

+ Паллиативті

- Радикальды

- Біріккен (комбинированный)

- Қабаттасқан (сочетанная)

\/

 

/\

Бейспецификалық ойық жаралы колитті дәлме-дәл анықтайтын әдіс:

+ Колоноскопия

- Ирригоскопия

- Іш қуысының жалпы рентгені

- УДЗ

- КТ

\/

 

/\

Қарын жарасының пенетрациясына рентгендік көріністе қандай белгі тән:

- Жара ойығында құрымның бір қабат болып орналасуы

- Жара ойығында құрымның екі қабат болып орналасуы

+ Жара ойығында құрымның үш қабат болып орналасуы

- Жара ойығында құрымның төрт қабат болып орналасуы

- Жара ойығында ешқандай құрымның болмауы

\/

 

/\

14 жасар науқас ауруханаға жедел түрде түскен. Науқастың шағымы: кенеттен толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды, құсу басталды. Дене қызуы 37,5С, жалпы жағдайы орташа. Іші жұмсақ, бірақ оның барлық аймағында ауру сезімі бар, Щеткин-Блюмберг белгісі әлсіз байқалады.Тілі құрғақ. Тамыр соғуы 84 минутына.Тік ішекті зерттегенде қолғапта қанның ізі қалады. Қанды нәжістен кейін, ауру сезімі басылған. Ирригоскопияда - өзгеріс жоқ. Әрі қарай тексеру барысында аяқтарының екі тізесінде және артқы жағында, балтырында қызыл бөртпе бары анықталған. Науқастың ауруы қандай?

+ Шенлойн-Геноха ауруы

- Ішектің жедел түйілуі

- Энтерит

- Колит

- Гепатит

\/

 

/\

75 жасар науқас кейінгі төрт тәулік ішінде ішінің кебуіне, ауасының, нәжістің жүрмеуіне шағымданып хирургия бөліміне түскен. Ішіндегі ауру сезімі толғақ тәрізді, басқа аймақтарға берілмейді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Пальпацияда іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімі бар. Құрсақ қуысының тітіркену симптомы жоқ. Сол жақ мықын аймағында шекаралары анық емес ісік тәрізді өсінді бар. Ректалды – Обухов ауруханалық симптомы оң мәнді.

Сіздің диагнозыңыз?

- Копростаз

- Ащы ішектің қатерлі ісігі

- Жабысқақ ауруы

+ Сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігі

- Иерсиниоз

\/

 

/\

46 жасар науқасқа жабысқақтық жедел ішек түйілуіне байланысты операция жасалған. Операция барысында ащы ішектің бір бөлігінің қарайғаны байқалған. Өзгерген аймақта ішек перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырларының пульсациясы жоқ. Серозды перитонит бар. Хирургтің тактикасы қандай болу керек?

- Шальков зондымен ішекті интубациялау

- Ішекке тимей іш қуысын дренаждау

- Энтеростомия

- Айналма анастамоз

+ Ащы ішеке резекция жасау

\/

 

/\

29 жасар науқас оң жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, ауасының толық шықпауына, үш тәулік бойы нәжісінің болмауына шағымданған. Ішінде ассиметрия байқалады. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында – ішектің айқын пневматозы, Клойбер табақшасы, деңгейлер көрінеді. Анамнезінде – балалық кезінде аппендэктомия жасалған. Сіздің диагнозыңыз?

+ жабыспалы ішек түйілуі

- Копростаз

- жедел панкреатит

- жедел холецистит

- Спастикалық колит

\/

 

/\

Қабылдау бөліміне 43 жастағы науқас А. ішінің қатты ауру сезімімен жеткізілген. Ауру сезімі кенеттен, пайда болған. Науқастың айтуынша 10 жыл бойы 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасымен ауратыны белгілі болды. Қозғалыс кезінде ауру сезімі күшейеді. Екі сағаттан кейін ауру сезімі басылып, науқас үйіне өз еркімен кетті. Ертесіне науқас дәрігерге келіп, оң жақ қабырға астында ауру сезімінің барлығын және дене қызуының 37,6 болғанын айтты. Тексеру барысында іші жұмсақ, ауру сезімі оң жақ қабырға астында, бұлшық етінің қатаюы байқалды. Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. А/Қ 130/80 мм.сын.бағ. Тамыр соғысы минутына 86. Лейкоциттері 9 мың. Диагнозын пысықтау үшін қандай зерттеу әдісі тиімді болып саналады?

- Іш қуысының жалпы рентгені

- Пневмогастрография

- Колоноскопия

- Ирригоскопия

+ Іш қуысының УДЗ

\/

 

/\

Ретроградты холангиопанкреатографиялық эндоскопияға негізгі көрсеткіш

- іріңді холангит

- паренхиматозды сарғаю

- өт қабының перфорациясына күмән

- жедел панкреатит

+ механикалық сарғаю, холедохтың терминальді бөлігінің тасы

\/

 

/\

Холедохотомияға көрсеткіш болуы мүмкін:

- өт қабындағы ірі тастардың болуы

+ холедохтың кеңеюі және тас болуы

- жедел гангренозды холецистит

- гепатомегалия

- іріңді холангит

\/

 

/\

Механикалық сарғаюдың холедохолитиаз нәтижесінен кейін:

- Курвуазье симптомы

+ қандағы билирубиннің тікелей фракциясының жоғарылауы

- сілтілі фосфотазаның жоғарылауы

- плазмадағы трансаминазаның жедел жоғарылауы

- нәжістегі стеркобилиннің болмауы

\/

 

/\

Холедохты сыртқы дренаждауға көрсеткіш:

- резудуальді холедох тасы

- іріңді холангит

- постхолецистэктомиялық синдром

+ іріңді холецисит

- созылмалы панкреатит

\/

 

/\

Кезектесетін симптомдар триадасы: ауырсыну, сарғаю, қан кету кездеседі:

+ гемобилия

- холангит

- өттік жыланкөз

- өт-тастық өтімсіздік

- жедел холецистит

\/

 

/\

Науқас К. 55 жаста, екі ай бұрын холецистэктомия операциясы жасалған, операция кезінде қателікпен холедох тілініп, қайта тігілген. Орташа ауырлық дәрежесінде келіп түсті. Тері жамылғысы сарғыш, склералары эктериялы. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасының астында ауырсыну, іш қуысының тітіркену симптомы тітіркенбейді.

Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

- Резидуальді холедохолитиаз

+ Холедох стриктурасы. Билиодигистивті анастомоз.

- өт өзегінің ұзын культясы

- Одди сфинктерінің стенозы.

- Холецистэктомиядан кейінгі холедохтың кеңеюі.

\/

 

/\

Радикальді хирургиялық ем жүргізілген бауыр циррозы бар науқастардың асқынуы болып табылатын портальді гипертензияның көрінісі:

- порто-кавальді анастомоздардың түзілуі

+ бауыр трансплантациясы

- Экстраперитонизациямен жүретін бауыр электрокоагуляциясы

- Лимфовенозды анастомоздардың туындауы

- спленэктомия.

\/

 

/\

Науқас 50 жаста, созылмалы калькулезді холециститке байланысты жасалған холецистэктомия операциясынан кейінгі 6 айдан соң, оң жақ қабырға астында ауырсыну, склераның сарғаюымен жүретін шағымдар пайда болған. Іш қуысының ультрадыбысты зерттеуінде бауырдан тыс өт жолдарының айқын патологиясы жоқ. Бұл жағдайда ең нәтижелі болатын зерттеуді таңда?

- іш қуысының рентгенографиясы

- Эндоскопиялық фиброгастродуоденаскопия

+ бауырды сканирлеу. ЭРХПГ.

- Спленопортография

- Бауырдың сцинтиграфиясы.

\/

 

/\

Үлкен дуоденальды емізікшенің стенозы кезінде қандай операция тиімдерін?

- Лапаротомия, холедохолитомия

+ Лапаротомия, трансдуоденальды папиллосфинктеротомия

- Холедохоеюностомия

- Эндоскопиялық папиллотомия мен литоэкстракциясы

- Холедоходуоденостомия

\/

 

/\

Жағдайы ауыр науқаста холедох 15 мм-ге кеңейген, гангренозды холецистит кейін хирург холецистэктомияны қалай аяқтайды.

- өт қабы өзегін байлау

+ холедохты сыртқы дренаждаумен

- Холедоходуоденоанастомозбен

- Холедохоеюноанастомозбен

- Трансдуоденальды папиллосфинктеро пластикамен

\/

 

/\

Қалқанша безінің рагін анықтау кезіндегі ең тиімді тексеру әдісі қандай?

- Қалқанша безінің сцинтографиясы;

- Палпация жасау;

- Қалқанша безін ультрадыбыспен тексеру;

- Қалқанша безіне компьютерлік томография жасау;

+Қалқанша безіне жіңішке инемен аспирациялық биопсия жасау.

\/

 

/\

Бір биогеографиялық аймақта тұратын көптеген науқастарда пайда болған жемсауды қалай атаймыз:

- Спорадиялық жемсау;

+ Эпидемиялық жемсау;

- Жедел струмит;

- Эндемиялық жемсау;

- Жайылған тиреотоксикоз.

\/

 

/\

Өкпе артериясының тромбоэмболиясының пайда болуындағы өте көп кездесетін себебі қандай:

- Бет-жақ веналарының тромбофлебиті;

+ Аяқтың терең веналары және жанбас қуысы веналарының тромбофлебиті;

- Қолдың терең веналарының тромбофлебиті;

- Аяқтың беткейлі веналарының тромбофлебиті;

-Қолдың беткейлі веналарының тромбофлебиті.

\/

 

/\

Қан диабетінің I түрімен ауыратын 30 жастағы науқас инсулин жібергеннен 3 сағаттан кейін комотоздық жағдайға түсті. Ең алдымен қандай шара қолдану қажет?

- ЭКГ түсіру;

- 5%- глюкоза ерітіндісін жіберу;

- 10-20 бірлік инсулин жіберу;

- Қандағы креатининнің, элетролиттің және глюкозаның деңгейін анықтау;

+ 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін жіберу.

\/

 

/\

Науқас жоспарлы түрде Варикоз ауруы, аяқ веналарының варикозды кеңеюі диагнозымен түсті. Тексеру кезінде аяқтың беткейлі веналарының кеңеюінің магистральды түрі анықталды. Қандай операциялық емнің түрі көбіне қолданылады:

+ Бебкокк әдісі;

- Пальма – Эсперон операциясы;

- Клапп операциясы;

- Троянов – Тренделенбург операциясы;

- Уоррен – Тайлер операциясы.

\/

 

/\

30 жастағы науқаста аяқтағы шеткері орналасқан артерияларының зақымдануымен қатар екі аяқтың беткейлі веналарының тромбофлебиттері анықталады. Аталған қосарлану төменде көрсетілген аурулардың қайсысында кездеседі:

- Облитерациялық атеросклероз;

- Бейарнамалы аортоартериит;

- Облитерациялық эндартериит;

+ Облитерациялық тромбангиит;

- Диабетикалық ангиопатия.

\/

 

/\

Амбулаторлы хирургқа оң жақ білектің ластанған тістелген жарақтымен науқас қаралды. Анамнезінен –белгісіз ит қапқан. Тез арада жарақат орны залалсызданып, антибиотикті терапия тағайындалды. Осы аталған науқастың еміне нені міндетті түрде тағайындау қажет?

- Қолын гипсті иммобилизациялау

+ Сіріспе және құтыруға қарсы профилактика жүргізу

- Плазмофарез жүргізу

- Иммуномодуляторды тағайындау

- Физио ем

\/

 

/\

Қол саусақтарының сүйекті панарициясына тән:

- Саусақ фалангілерінің аймағындағы флюктуация

- жергілікті гипертермия

- қалтырау

+ саусақтың соңғы фалангілерінің тесіп ауруы

- саусақты парестездеу

\/

 

/\

Сепсис кезінде біріншілік ошақты емдеуді неден бастау керек?

- жарақатты тампондау

+ жарақатты хирургиялық өңдеу

- гипербарилік оксигенация

- антибиотиктерді тағайындау

- иммуномодуляторлаушы препаратты енгізу

\/

 

/\

Науқасқа қойылған диагноз: сол жақ сүт бездерінің ретроммарлы абсцесс. Оперативті ем жургізудегі ең қолайлы тәсілді таңда?

- емізікшенің аймағындағы тілік

+ жоғарғы квадрантадағы радиарлы тілік

- төменгі квадрантадағы радиарлы тілік

- сүт безінің қыртыс астындағы көмкерілген тілік

- жоғарғы квадрантадағы көмкерілген тілік

\/

 

/\

Науқастың балтырлық ауырсынуына байланысты жасалған рентгенологиялық зерттеуде оң жақ ортан жілік сүйектің метафизінде остеомиелит ошағы анықталды. Остеомиелит түрін атаңыз?

- арнамалы

+ гемотогенді

- созылмалы

- біріншілік

- атипиялық

\/

 

/\

Науқас 30 жаста, қойылған диагноз оң жақ аяқтың анаэробты, газды инфекциясы. Сіздің тәсіліңіз?

- оперативті ем- кең көлемде лампастық тілігі

+ консервативті ем- антибиотиктік терапияны тағайындау

- консервативті ем- гипербарилік оксигенотерапия жасау

- оперативті ем- аяқтың ампутациясы

- консервативті ем- гангренозға қарсы сарысуды енгізу

\/

 

/\

25 жастағы науқаста жоғарғы ернінің абсцедирлеуші фурункул анықталды. Тағайындалған оперативті араласудан бас тартып, үй жағдайында өзіндік ем жүргізді. Қандай асқынудың пайда болуын күту қажет?

- гематогенді остеомиелит

+ іріңді гайморит

- кавернозды синустың тромбозы

- жоғарғы жақтың периоститі

- бет тілмесі

\/

 

/\

Ортан жіліктің ампутациясынан кейін науқаста 3 тәуліктен кейін дене қызуы 39,9. Науқас қозған. Пульс 100 мин. АҚҚ- 105/70 мм.сб. санында байламның енуі анықталып, шешу кезінде тігістің қыйылуы байқалды. Теріде сұйықтыққа толған геморрагиялық төмпешік, кей жерлерде крепитация анықталады. Сіздің тактикасы?

- антибиотиктік терапияны күшейту

+ аяқтың реампутациясын жасау

- барлық тігісті шешіп, озонотерапия жасап, жараны дренаждау

- физио ем тағайындау

- иммуномодуляторларды тағайындау

\/

 

/\

35 жастағы науқасты үй жағдайында қарау кезінде эриматозды түрдегі сол жақ балтырдың тілмесі анықталды. Не шара қолданасыз?

- антибиотикті терапия тағайындайсыз

- жедел түрде хирургия бөлімшесіне жолданып, оперативті ем тағайындалады

+ жедел түрде инфекциялық бөлімшеге жеткізіліп, науқасты изаляциялау және консервативті ем тағайындалады

- антибиотиктерді тағайындап, емді үй жағдайында жүргізу.

- иммуномодуляторларды тағайындап, амбулаторлы бақылау жүргізу

\/

 

/\

58 жастағы науқас амбулаторлы жағдайда келіп қаралды, көп жылдан бері артериялық гипертониямен науқастанады. Сол жақ білегінің ауырсынуына, дірілді бұлшықеттердің қозуы, жұтыну кезінде ауырсынуға, проксимальді орналасқан нерв талшықтарын басқанда ауырсыну, тершеңдік, рефлекстердің жоғарылауына шағымданды. Жарақат 10 тәулік бұрын аулудпғы жұмыс кезінде алынған. Науқас өз ісіне жауап бермейді, оған не болған? Алғашқы диагнозды қойыңыз?

- сепсис

- иық нервінің плевриті

+ сіріспе

- жедел ми қан айналысының бұзылысы

- қол басының флегмонасы

\/

 

/\

Науқас қабылдау бөліміне ішінің ауырсынуына, іш өтуге және көп ретті құсуға шағымданып келді. Науқас ішінің ауырсынуын кеше кешке тамақ қабылдаумен байланыстырады. Қабылдау бөлімінде инфекционист сальмонеллезді диагностикалады. Хирург карағанда жедел аппендицит диагнозына күмәнданды. Науқас қай бөлімшеге жатқызылуы тиіс?

- инфекциялық аурулар бөлімшесіне жатқызып, хирургті қайталап консультацияға шақырамыз

- хирургия бөлімшесіне жатқызып, инфекционистті қайталап консультацияға шақырамыз

- диагнозын толық анықтағанша, науқас қабылдау бөлімінде болуы керек

+ хирургия бөлімінің изоляторына

- реанимация бөлімшесіне

\/

 

/\

Науқас, 20 жаста профилактикалық тексеру кезінде оң жақ бауырдың және сол жақ өкпенің эхинококкты кистасы табылды. УДЗ – де бауырдың 5 сегментінде көлемі 6,0*7,0 см киста анықталады. Жалпы шолу рентгенографиясында сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде көлемі 2,0*2,0 см киста анықталады. Науқас хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Хирург тактикасын анықтаңдар.

- Науқасқа өкпесінің эхинококкты кистасын алып тастауға сол жақты торакотомия көрсеткіш болып табылады. Бауыр кистасына бақылау қажет;

+ Науқасқа бауырының эхинококкты кистасын алып тастауға жоғарғы ортаңғы лапаротомия көрсеткіш болып табылады. Өкпе кистасына бақылау жасау қажет;

- Науқасқа бауырының және өкпесінің эхинококкты кисталарын біруақытта алып тастауға торакофренолапаротомия көрсеткіш болып табылады;

- Науқасқа оперативтік ем жасау үшін торакальді бөлімшеге ауыстырылуы тиіс;

- Операция жасағанда алдымен торакотомия, сонан соң лапаротомия жасау қажет.

\/

 

/\

Уақытша жұмысқа қабілетсіздік фактісі қандай құжат арқылы дәлелденеді?

- Учаскелік дәрігердің берген анығтамасы;

+ Жұмысқа қабілетсіздік парағымен;

- Амбулаторлы картаның шығару эпикризімен;

- Стационардың шығару эпикризімен;

- Сақтандыру полисімен.

\/

 

/\

Сан сүйегі басының орталық шығуында қаңқалық тарттыру қалай жасалынады?

- тек санның диафиздік осі бойынша

- сан сүйегі мойнының осі бойынша

+ сан сүйегі диафизі және мойын осі бойынша бір мезгілде тарттыру

- өкше сүйегінен тарттыру

- асық жіліктің бұдыры арқылы тарттыру

\/

 

/\

Науқас сол қолына құлағаннан кейін ауырсынуды сезінеді. Иықтың төменгі және ортаңғы үштен бірі шекарасында ісіну байқалады. Осы жерде қозғалыс және сүйек сықыры анықталады. Қол басы «салбыраған» қалыпта, қол басының және саусақ-тардың жазылу белсенділігі жоқ. Науқаста иық сүйегі сынығының қандай асқынуы болуы мүмкін?

- иықтың екі басты бұлшық етінің жыртылуы

+ кәрі жілік нервісінің зақымдануы

- шынтақ нервісінің зақымдануы

- кәрі жіліктің типтік орында сынуы

- білек бұлшық еттерінің зақымдануы

\/

 

/\

Қабырғаның көптеген сынықтарында бірінші кезекте орындау керек:

- кеуде клеткасына циркулярлы таңғыш салу

- біржақты лейкопластырмен таңғыш салу

- паравертебральды спирт-новокаинды блокада жасау

- вагосимпатикалық блокада жасау

+ «үш нүктеде» блокада (сынық орны, вагосимпатикалық және пара-вертебральды) жасау

\/

 

/\

Остеомиелитті емдеуде антибиотиктерді қандай әдіспен енгізу нәтижелі?

- бұлшықетішілік

- көктамырішілік

+ артерияішілік

- тері астылық

- жергілікті

\/

 

/\

Науқас биіктен аяғымен құлаған. І-ші бел омыртқасының компрессионды сынығы анықталды. Науқаста қандай сүйектердің сынғанын бірінші кезекте жоққа шығаруымыз керек?

- қабырға сынығы

- сан сүйегінің сынуы

+ жамбас және өкше сүйектердің сынуы

- тобық сүйектерінің сынуы

- тізе тобығының сынуы

\/

 

/\

Төмендегідей симптоматика қандай патологияда кездеседі: аяқ-басының төмен және ішке қарай салбырауы, жүргенде аяқ-басымен жерді сызуы, өкшемен жүре алмауы, балтырдың сыртқы бетіндегі және аяқ-басының үстіңгі бетіндегі сезімталдықтың бұзылуы?

- ахилл сіңірінің зақымдалуы;

+ кіші жіліншік нервінің зақымдалуы;

- үлкен жіліншік нервінің зақымдалуы;

- кіші жіліншік нервінің және ахилл сіңірінің зақымдалуы;

- табан апоневрозының зақымдалуы.

\/

 

/\

Науқастың күйіктік шок сатысынан жедел күйіктік токсемияға ауысуы-ның критериі болып табылады?

- диурездің қалпына келуі

+ температураның жоғарылауы

- жараның іріңдеуі

- тахикардия

- АҚҚ қалпына келуі

\/

 

/\

Көптік және тіркес жарақаттарда алғашқы сағаттарда науқастың өлуі мына себебтерге байланысты...

+ жарақат шогына және қан кетуіне;

- ауыр бас-ми жарақатына;

- өкпе артериясының тромбоэмболиясына;

- май эмболиясына;

- бауыр жетіспеушілігіне.

\/

 

/\

Бас-ми және тірек-қимыл аппараты жарақатының ауыр тіркес зақымдануында зардап шегушіге көрсетілетін көмектің ең маңызды реттілігімен орналастырыңыз.

1. қан жоғалтуды болдырмау

2. бас миының тіршілік қабілеттілігін бағалау

3. жедел тыныс жетіспеушілігін жою

4. аяқ – қол зақымдануының иммобилизациясы

- 3, 2, 4, 1

- 1, 2, 4, 3

+ 3, 1, 2, 4

- 2,3, 1, 4

- 1, 2, 3, 4

\/

 

/\

Өкпенің перифериялық түзілісіне верифекациялау мақсатында қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

- Фибробронхоскопия

- Ультрадыбысты диагностикалау

- Термография

- Томография

+ КТ бақылауымен түзілістің пункциясы

\/

 

/\

Асқазан денесінің рагіне лайық клиникалық симптомдарды ата!

- Дисфагия

+ А.И.Савицкидің суреттеген кішкентай белгілер синдромы

- Ортнер симптомы

- Ровзинг симптомы

- Диарея

\/

 

/\

Тері қатерлі ісігінің қай түрі метастаздарын таратпайтын,бірақ емделмеген жағдайда көлемді шекараға дейін айналасындағы тінді бұзады.

+ Базальды жасушалы рак

- Жалпақ жасушалы рак

- Меланома

- Саркома

- Рабдомиосаркома

\/

 

/\

Лимфогранулематозбен сырқаттанған науқас мойын лимфа түйндерінің екі жақтан үлкеюі және профузды терлеу байқалады.Қай сатыға лайық?

- Iа саты

+ II а саты

- II б саты

- III а саты

- III б саты

\/

 

/\

Науқаста үлкен жіліншік сүйегі аумағында шеттері тегіс емес,тығыз ауырсынатын түзіліс анықталды.Айқын ауырсынады.Бұл шағымдар жарақат алған соң 5 айдан кейін пайда болды.Алғашқы дерттемеңіз қандай?

- Остеомелит

- Қабыну инфильтраты

- Гематома

+ Саркома

- Гемангиома

\/

 

/\

Сүт безде ауырсынусыз,әлсіз гипермияланған инфильтрат және лимон қабығы тәрізді тері анықталды.Дәрігердің тактикасы қандай?

- УТЖ (УВЧ) қолдану

- ем қолданбастан,үйге жіберу

- периодты түрде дәрігерге шақыртып,қайтадан тексеруді жүргізу

- бірден мастэктомия жасау

+ пункционды цитология және инфильтрат биопсиясын жасау

\/

 

/\

Тоқ ішек рагінің ең жиі асқынуы

+ ішек өткізбеушілігі

- ісіктің перфорациясы

- қабынудың пайда болуы

- массивті ішектік қан кету

- барлық айтылған асқынулардың пайда болу жиілігі бірдей

\/

 

/\

Сүт безі рагінде диагностикалау барысында ең негізгі сенімді әдіске жатады.

- маммография

+ пункция,алынған пунктатты цитологиялық зерттеу

- маммография

- ультрадыбыстық зерттеу

- қарау және пальпация

\/

 

/\

Науқас К.,47 жаста.Шағымы- эпигастрий аймағындағы тұрақты ауырсынуға,тәбеттің төмендеуі,дене салмағының төмендеуі,периодты түрде жүрек айну мазалайды,сұйық дәрет.6 ай ауырады.Анамнез бойынша – соңғы 10 жыл ішінде созылмалы холецисто –панкреатитпен ауырады.Өмір анамнезі бойынша-алкогольді ішімдік пен темекі шегумен әуестенеді.Клиникалық-іштің пальпациясында эпигастрий аймағында,оң жақ қабырға асты ауырсыну байқалады.Курвуазье симптомы оң мәнді.Тері кілігей сары түсті.Инструментальды зерттеуден ультрасонографияда ұйқы безі үлкейген.Лабораторлы зерттеуден холестериннің сілтілі фосфотаза,билирубин мөлшері көбейген.Мүмкін болатын диагнозды атаңыз.

- оң жақ бауыр бөлігінің карциномасы

- Асқазанның пилораантральды бөлігінің стенозы бар карциномасы

- токсикалық гепатит

+ ұйқы безі басының карциномасы

- гепатит В

\/

 

/\

Балаларда шап жарығы мынаған байланысты туындайды:

- іштің артқы бұлшық етінің апаневрозының әлсіздігі;

- шамадан тыс физикалық жүктеме түсумен;

- іш қуысы қысымының жоғарлауы;

- көлденең фасцияның әлсіздігі;

+ мезенхимальды ткань дамуының бұзылысымен, іш перденің қынаптық өсіндісінің облитерациясының болмауы.

\/

 

/\

10күндік бала туғаннан ішінің көлемінің үлкеюі, ішінің сол жақ жартысында тығыз эластикалы консистенциялы, пальпасияда ауырсынусыз, қозғалмайтын, көлемі 8х6х4 см ісік тәрізді түзіліс анықталады. УДЗ кезінде түзіліс сұйықтықа толы көп камералы киста екені анықталды. Сол жак бүйрегі табылған жоқ. Оң жақ бүйрек өз орнында, өзгеріссіз. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

+ Сол жақ бүйрек мультикистозы

- Сол жақ бүйрек субүйрегі

- Сол жақты уретрогидронефроз

- Бүйрек ісігі

- Сол жақ бүйрек аплазиясы

\/

 

/\

2 күндік жаңа туған нәресте. Жағдайы ауыр. Мұрын-ерін үшбұрышының көгеруі, ентігу, өт аралас құсық. Қарағанда кеуде клеткасының ассиметриясы, сол жақ кеуде клеткасының ісінуі. Тынысы әлсіреген ішек шулары естіледі, перкуторлы тынықталған. Іші түскен, ладья тәрізді. Сіздің диагнозыңыз?

- өңеш атрезиясы

- өкпе секвестрациясы

- туа болған кеңірдекөңештік жыланкөз

+ жалған көкеттік жарық

- шынайы көкеттік жарық

\/

 

/\

Аш ішек-аш ішектік инвагинацияның жиі себебі болып есептеледі:

+ перистальтиканың жастық дискоординациясы

- тамақтану режимінің өзгеруі немесе бұзылуы

- диспепсия

- респираторлы-вирусты инфекция

- физикалық жүктемелер

\/

 

/\

11 жасар қыз. Қасағаның оң жағында,іштің төменгі жағында жедел ауырсыну. Ауырсыну оң жақ жыныс ерніне және тік ішекке иррадиацияланады. Балада жиі және ауырсынумен зәр шығару, кілегей және қан аралас үлкен дәретке жиі бару. Ректальды тексеру кезінде ауырсынумен салбырау және оң жақта инфильтрат анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

- дизентерия

- ішек инвагинациясы

- цистит

+ жедел аппендицит

- оң дақ аналық без кистасы

\/

 

/\

Анаэробты газды инфекция нәтижесінде бөлінген гемотоксиннің қандай әсері бар:

- Дәнекер тіндер мен бұлшық ет некрозы

+ гемолиз

- Тамыр тромбозы

- Миокард, бауыр, бүйрек зақымдалуы

- Барлық аталғандар орын алады

\/

 

/\

Сізге 1,5 айлық баланың ата-аналарының 2 күн бойы баланың сол аяғын жазған кезде мазасыздануына шағымданып келді. Қарау кезінде сол жақ аяғы ішіне қарай тартылған, аяқ басы салбырап тұр. Активті қимыл қозғалыстары жоқ. Пассивті қимыл қозғалыстары кезінде жамбас сан буынында ауырсыну байқалады. Дене температурасы 37,5С. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

+ Сан сүйегінің эпифизарлы остеомиелиті

- Аяғының параличі

- Сан сүйегінің сынуы

- Санның соғылуы

- Ауырсыну абдоминальды синдром

\/

 

/\

Жоғары жастағы балаларда бұғана сынығы кезінде қай иммобилизация түрін қолданады?

+ сегіздік фиксирлеуші байлам

- Дезо байламы

- эполетті гипсттік лонгета

- артқы гипсттік лонгета

- Киршнер спицаларымен фиксациялау

\/

 

/\

11 жастағы ер бала футбол ойнап жүріп жазылған қолына құлаған, оң жақ шынтақ буынында қатты ауырсыну пайда болған, қараған кезінде шынтақ буынына көшетін иығының төменгі 1/3 бөлігінің айқын деформациясы байқалады. Бала сау қолымен жарақат алған қолын демеп ұстап жүр, қимыл-қозғалыстары шектелген.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

+ иық сүйегінің айдаршық арқылы сынығы

- Монтедж сынып-шығуы

- шыбық сүйегінің басының шығуы

- иық сүйегінің диафизінің сынуы

- медиальды айдаршығының үзілуі

\/

 

/\

Өкпенің крупоздық қабынуына қандай рентгендік белгі тән?

- көптеген дөңгелек караюлар

- көптеген жарықтанулар

+ жайылмалы караюлар

- сызықша караюлар

- ошақты караюлар

\/

 

/\

Қолқа стенозын қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігінен ажырататын рентгенологиялық белгі

- солқарыншаның үлкеюі

+ қолқаның шектелген жерге өзгеруі

- өкпе суретінің күшеюі

- сол жүрекшенің үлкеюі

- оң жүрекшенің үлкеюі

\/

 

/\

Іш қуысының мүшелерін рентген әдістімен зерттегенде ішек түйілуіне (өтпеуіне) қандай белгі тән?

- іш қуысының төменгі бөлігінде бірнеше жартылай овалды пішінді жарықтанулардың болуы

- көк-ет күмбезінде жарықтанудың пайда болуы

- жасанды контрасты затты қолданбай ауытқуды анықтау мүмкін емес

+ төменгі бөлігі горизонталды қараю деңгейімен шектелген көптеген жартылай овалды жарықтанулардың болуы

- іш қуысының төменгі бөлігінде көптеген қараюлардың болуы

\/

 

/\

Созылмалы гепатитпен ауыратын науқасқа қандай буланатын-сұйықтық анестетик дәрілік затты қолдануға болады?

- Галотан

+ Изофлюран

- Энфлюран

- Эфир

- Хлороформ

\/

 

/\

Науқасқа премедикация әсері үшін хирург дәрілік затты тағайындады, дәрілік заттан кейін тәулік бойына ұйқышылдық пайда болды. Сол дәріні көрсетіңіз:

- Кеторол

+ Диазепам

- Атропин

- Фентанил

- Диклофенак

\/

 

/\

Қосалқы бауыр және бүйрек патологиясы жоқ науқаста, аяқ флегмонасына байланысты дәрі таңданыз:

- Метронидазол

- Гентамицин

- Пенициллин

+ Амоксициллин/клавуланат

- Ко-тримоксазол

\/

 

/\

Механикалық ішек түйілуінің ең жиі кездесетін себебі қандай?

- аш ішектің ісіктері

- ішкі жарықтар

- инвагинация

+ жабысқақтар

- іштің жабық жарақаттары.

\/

 

/\

Ауру басталғаннан соң 1 тәуліктен кейін түскен ұлтабардың жабық тесілген

жарасы бар науқасқа қандай ем көрсетеді?

+ жедел операция

- тек қана консервативті ем

- консервативті ем нәтижесінде операция жасау.

- Тейлор әдісімен емдеу

- құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау.

\/

 

/\

Жедел ішек түйілуі кезінде науқасты зерттегенде анықталған Цеге-Мантейфель

және Обухов ауруханасы симптомы оң мәнділігі қай ауруға тән?

- илеоцекальды инвагинация

- өрлемелі ішектің ісікпен обтурациясы

- аш ішектің айналып кетуі

+ сигма тәрізді ішектің айналып кетуі

- инвагинация.

\/

 

/\

Аурудың алғашқы сатысында жедел ішек түйілуімен асқынған ішектің қатерлі ісігі бар науқасқа қандай операцияны жүргізу тиімді?

+ илеотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия

- илеостома салу

- цекостома салу

- Гартман операциясы






Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1661. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия