Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пародонт қабынуын емдеу.




Пародонттың қабынуы көбіне созылмалы түрде дамитындықтан, негізгі емдеу шаралары аурудың осы түрін емдеуге арналған.

Емдеу әдістерін, оларға керекті дәрілік заттарды аурудың клиникалық ерекшелігіне және ауырлығына байланысты таңдау қажет.

Пародонт қабынуын емдеу кешенді әдіспен жүргізіледі және терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық емдеу шараларын қамтиды, қажет болған жағдайда физиотерапиялық ем де қолданылады. Кешенді емдеудің негізгі мақсаты – пародонт тіндеріндегі қабыну үрдістерін тоқтатып, пародонталдық қалталарды жою және сүйек тінінде қайта құрылу үрдісін қалпына келтіріп, организмнің жергілікті және жалпылай реактивтігін жоғарылату. Қажетті емдеу әдістерін көрсетіліміне байланысты таңдай отырып, пародонт қабынуы бар науқасқа өзіндік жеке емдеу жоспары құрылады.

Терапиялық немесе консервативтік емдеу шаралары:

1. жергілікті емдеу шаралары:

а) Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйрету (тістерді қойыртпақпен тіс мәсуегімен арнаулы жібек жіптермен дұрыс тазалауды үйрету).

б) Тісжегі және оның асқынуларын емдеу, дұрыс қойылмаған пломбыларды ауыстыру, қажет жағдайда ортопротез қоюға дайындау.

в) Ауыз ішін және пародонталдық қалталарды антисептиктер ертінділермен жуып-тазалай отырып, тіс шөгінділерін алу.

г) Тістерді таңдап егеу арқылы жарақаттаушы тістемді жою және қозғалмалы тістерді уақытша шендеу. Қажет болса ортодонтиялық емдеу жүргізуге дайындау (ортодонтиялық емдеу әдісі мен тиімді протез қою пародонт қабынуының жергілікті емдеу курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі).

д) Пародонт тіндеріндегі қабыну үрдісінің ерекшелігін, ауырлығын, организмнің жалпы жағдайын ескере отырып, қабынуға қарсы жергілікті емдеу шаралары жүргізіледі. Ол үшін антисептиктер, антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы, склероздаушы дәрілер, ферменттер, витаминдер, гормоналдық және өсімдіктерден алынған препараттар пайдаланылады. Оларды ауызды жуып-шаю, пародонталдық қалталарға енгізу,қызыл иекке бастырма, емдік таңба қою үшін, ауызды булау үшін қолданады.

е) Физиотерапиялық емдеу шараларын (дәрілермен электрофорездеу, дарсонвализациялау, фонофорездеу, гидромассаждау, вибромассаждау, ультракүлгін және лазер сәулелерін) қолдану.

ё) Дәстүрлі емес емдеу шараларын (фитотерапия, апитерапия, криотерапия және б.) қолдану.

Пародонт қабынуларын жергілікті емдеу үшін пайдаланылатын дәрілер тізбегін келтірейік.

Антисептиктерден жиі қолдануға болатындары; иодинолдың 1% судағы ертіндісі, 0,02-0,1% калий перманганатының, 0,02%-0,05% фурацилиннің, 0,02% этакридин лактатының (риванол), 0,5-1% этонийдің, 0,02-0,06% глоргексидин биглюконатының, 1% диоксидин, 0,5% декамин ертінділері.

Жергілікті емдеу үшін антибиотиктер, сульфаниламидтер, бактерияға қарсы дәрілер жақпалар немесе ертінділер түрінде қолданылады. Олар: тетрациклин, эритромицин, гентомицин, линкомицин жақпалары, 5% стрептоцид және синтомицин линименттері, «Дермазин» жақпасы, салазопиридазиннің 5% суспензиясы, норсульфазол-натрийдің 5-10%, натрий-сульфацилдің 20-30% ертінділері.

Қатты қабынуға және домбығуға қарсы құрамында глюкокортикоидтар бар жақпалар жақсы әсер етеді (1% гидрокортизон, 0,5% преднизолон, 0,025% синафлан жақпалары).

Өте тиімді әсер ететін және бірнеше дәрілер қоспасынан тұратын официоналды препараттарды: «Оксизон», «Гиоксизон», «Дермазолон», «Оксикорт», «Фторокорт», «Синалар-Н» жақпаларын және «Префузин» гелін (құрамында антибиотиктер мен кортикостероидтар бар) қолдануға болады.

«Левосин» жақпасының құрамында левомицитин, сульфадиметоксин, метилурацил және тримекаин, ал «Левомикольдың» құрамында левомицетин және метилурацил бар. «Фастин» жақпасының құрамында фурацилин, синтомицин, анестезин, стеарин («Фастин-I») немесе спермацет бар («Фастин-IІ»).

Қабынуға қарсы әсер ететін стероидты емес препараттардан мефенамин қышқылының натрий тұзының 0,2-1% ертіндісі, 5% бутадион, 3% аспирин жақпалары пайдаланылады. Олар қабынудың белсенді медиаторы болып саналатын простогландиндердің құрылуын тежейді (Лемецкая Т.И., 1989). Простогландиндердің күшті ингибиторы (тежеушісі) индометацин болып саналады. Оны 3% жақпа түрінде немесе димексидтің 10% ертіндісіндегі 1% сүзбе түрінде (взвесь) қолдануға болады.

Пародонттағы қабыну үрдісі кезінде клеткалардан протеаза, гидролаза және басқа лизосомальды ферменттердің бөлінуін тежеу үшін пантрипин, контрикал, трасилол, ингитрилді ертінді түрінде (10 000 ЕД-ы хлорлы натрийдің изотониялық ертіндісінде ерітеді), жақпалардың құрамында (контрикалдың 10 000 ЕД немесе пантрипиннің 30ЕД 2мл физиологиялық ертінді, 50 мг лизоцим зәйтүн майына араластырылады) қолдануға болады.

Протеаза ингибиторларын қызылиекке аппликат қойю, емдік таңбалардың, арнаулы жабыстырылатын жарғақтардың құрамына қосып немесе электрофорездеу тәсілімен сіңіруге болады.

Пародонталдық қалталарды өңдеу үшін сальвиннің, сангивиритриннің, новоиманиннің 0,1-0,2% спиртті ертінділері (қолданар алдында 1:10 қатнасында дистилденген су қосады), 20-30% резорцин 25% цинк хлоридінің, 0,01% мирамистин ертінділері қолданылады. Олар кератолиздеуші және фибринолиздеуші әсер етеді. Бұл препараттармен суланған мақта біліктер 5-10 минөтке қалталарға енгізіледі.

Егерде пародонталдық қалталардан іріңді жалқық бөлінетін болса «Ируксол» жақпасын (құрамында левомицетин, протеолиздеуші фермент клостридиопептидаза «А» бар), 1% лизоамидаза, 0,5-1% диоксидин, 1% трихомоноцид ертінділерін, ваготилді пайдалануға болады. Ертінділер пародонталдық қалталарға біліктердің көмегімен 10 минөтке енгізіледі және біліктер осы уақыт ішінде 3-4 рет ауыстырылуы қажет.

Пародонталдық қалталарда грануляциялық тіннің өсуін тежеу үшін натрий мефенаминатының 0,5-1%, резорциннің 20% ертінділерін, мараславинді, бефунгинді, мыс сульфатының 5% ертіндісін қолдануға болады.

Пародонт тіндеріндегі зат алмасу және қайта құрылу үрдістерін жақсарту үшін 5-10% метилурацил, 5% ацемин, 3% апилак, «Пропоцеум», солкосерил жақпаларын, алой шырынын немесе линиментін, каланхой шырынын қолдану тиімді.

Пародонт тіндерінің оттегі жетіспеушілігіне төзімділігін арттыру үшін антиоксиданттар тобындағы препараттарды да пайдалануға болады. Бұл топқа токоферол, стероидты гормондар, К және Р витаминдері, метацил, галаскорбин дибунол жатады.

Дибунол цитостатиктер қатарына да жатады және 10% линимент түрінде қолданылады.

Жергілікті иммунитетті көтеру үшін (иммунокорректорлар) қолданар алдында дайындалған 2-5 % натрий нуклеинатының 0,1-0,5% левамизол ертінділерін, иммудон (күніне 6-8 таблеткасын сорады) қолданған да тиімді.

Пародонт тіндеріндегі қылтамырларда қан айналымын жақсарту үшін 2% троксевазин гелін, лингезин, ал жабынды эпителийде мүйізгектену үрдісін қалпына келтіру үшін А витаминінің 3,44%, «Е» витаминінің 30% майлы ертінділерін немесе «Аекаль»ді, каротолин, итмұрын, шырғанақ майларын пайдалануға болады.

Қазіргі кезде бактерияларға қарсы және қайта құрылу үрдістерін жылдамдата әсер ететін жақпа «Метрагил -Д», «Камистад» гель сияқты дәрілер түрлері де қолданыс табуда.

Жоғарыда аталған дәрілердің пародонттағы қабыну үрдісін тежеуге көп көмегі тигенімен, пайда болған пародонталдық қалталарды жоя алмайды. Сондықтан пародонталдық қалталарды жоятын бірден-бір тиімді емдеу әдісі – хирургиялық әдіс, ал қалталарды дәрілермен өңдеу хирургиялық әдіс жүргізер алдындағы алғашқы дайындық деп те санауға болады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 692. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2019 год . (0.003 сек.) русская версия | украинская версия