Студопедия — Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.






Жалпылай емдеу пародонты сырқат адамды кешенді емдеу шараларының құрамына кіреді және патогенездік, этиотроптық емдеуге жатады. Төменде жалпылай емдеу үшін қолданылатын дәрілер туралы мәлімет беріледі. Бұдан пародонт қабынуы бар адамға аталған дәрілердің бәрін тағайындау керек деген көзқарас тумау керек. Қажетті дәрілерді аурудың сатысына, белсенділігіне, қосалқы тексеру әдістері анықтаған патогенездік механизміне және организмнің жалпы жағдайына байланысты таңдап тағайындайды.

Ең алдымен витаминдермен емдеуге көңіл бөлу керек. Пародонт қабынуының алғашқы сатысында витаминдер тағайындау өте тиімді, ал қабынудың орташа және ауыр сатыларында маңыздылығы азайғанмен қыс және көктем кезінде емдеу курсын жүргізу керек.қазіргі кезде құрамында организмге қажетті витаминдердің барлығы, макро және микроэлементтер бар кешенді препараттар шығарылады. Оларды тағайындау өте тиімді. өкілдері: поливит, макровит, триовит, дуовит,

Витаминдермен емдеу курсын 20-30 күн жүргізуге болады.

Пародонттағы қабыну созылмалы үрдіс болғандықтан көпшілік жағдайда организмнің созылмалы сенсибилизациялануының және уыттануының көзі болып саналатындықтан десенсибилизациялаушы және гипосенсибилизациялаушы дәрілер тағайындау қажет. Олар: фенкарол, супрастин, димедрол, пипольфен, диазолин, траксил, кетатифен, алсет, ломилан, кальций глюконаты (10% ертіндісі немесе таблеткасы), натрий тиосульфаты (10-30% ертінділері немесе таблеткасы). Емдеу курсы – 7-10 күн.

Пародонты сырқат адамда қатты күйзеліс белгілері, емдеу шараларының нәтижелі болуына күмәнділігі анықталған жағдайда седативті дәрілермен және кіші транквилизаторлармен емдеу курсын тағайындайды және оларды уақытында қабылдануын бақылап отырады. Олар: седуксен, триоксазин, назепам, шөптерден алынған препараттар (шүйгіншөп, валериана, сасық шөп-пустырник, пион, пассифлора тұнбалары), «Пассит», «Новопассит», тыныштандырушы таблеткалар. Емдеу курсы – 20-30 күн.

Организмнің жалпы қорғаныс қасиетін көтеру үшін биостимуляторлар тағайындауға болады. Олар: биосед, алоэ екстракты, плазмол, инсадол, шыныға ұқсас дене (стекловидное тело), пиримидин негіздері (метилурацил, метацил, пентоксил). Емдеу курсы – 10-30 күн.

Биостимуляторларды тағайындауға қарсы көрсеткіштерді ұмытпау керек. Олар: қатерлі және қатерсіз ісіктер-гормоналдық ауытқулар, екіқабаттық және етеккір келу кезеңі, ағзалар мен жүйелер ауруларының декомпенсациялану сатысы, қан аурулары, пародонттағы қабыну үрдісінің қатты өршуі (көптеген абсцестердің пайда болуы).

Көптеген иммундық зерттеулер пародонттың қабынуының орташа және ауыр түрлері бар адамдардың иммундық қорғаныстарының жетіспеушілігін анықтады. Сондықтан иммунитетті реттуші және жоғарылатушы препараттар тағайындаған да тиімді болады. Олар: натрий нуклеинаты, левамизол (декарис), продигиозан және пирогенол (белгілі схемамен), имудон (жергілікті иммунитетті жоғарылатады), иммунал, циклоферон. Қазіргі кезде иммунитет жоғарылатуға арналған көптеген өсімдіктерден, жануарлардан алынған препараттар (жень-шень, левзея, марал түбірі тұнбалары, пантокрин) қолданыс табуда.

Пародонт қабынуы кезінде альвеола сүйегінде белсенді созылу үрдісі орын алады (рентгендік тексеру әдісі дәлелдейді). Сондықтан сүйек тінінде минералды тұздардың қорын жинап, сүйектегі қайта құрылу үрдісін жоғарылатудың үлкен маңызы бар. Ол үшін құрамында кальций бар (кальций глюконаты, кальцимакс, кальций-Д3 «Никомед», кальцийвитрум) және фтор бар (натрий фторидінің 1-2% ертіндісі 5 тамшыдан күніне 3 рет, немесе құрамында 1 мг фтор бар таблеткасын 1-2 рет) препараттар тағайындайды. Емдеу курсы 20 күннен бастап 1-2 айға дейін созылады.

Минералды тұздардың сүйек тініде жоғары дәрежеде жинақталуы үшін гормондар (кальцитрин, миакальцик, остеогенон) тағайындауға болады.

Кальцитрин (тирокальцитонин) кальций және фосфаттар алмасуына қатысып, сүйек тіндеріндегі табиғи сорылу үрдісін тежейді, кальций мен фосфаттардың қаннан сүйек тініне ауысуын қамтамасыз етеді (Т.В.Никитина, 1982). Сондықтан бұл гормондарды жасы 40 тан асқан адамдарға және альвеола өсіндісінде сүйек тінінің белсенді сорылуы жағдайында (пародонтолизистеуші аурулар кезінде) тағайындауға болады және оларды кальций препараттарымен (кальций глюконаты, кальций глицерофосфаты) қатар енгізген тиімді.

Кальцитринді Т.В.Никитина (1982) ұсынысы бойынша 1 ЕД күнсайын немесе күнара тері астына немесе бұлшық етке салады. Емдеу курсы – бір ай. Қайталап емдеу курсын 6-12 айдан кейін жүргізуге болады. Емдеу курсын жүргізер алдында кальцийдің қандағы мөлшерін анықтап, препаратпен аллергиялық сынама жасап көру керек. Гормондарды қолдануға болмайтын жағдайлар: гипокальциемия, екіқабаттық және бала емізу кезеңдері.

Пародонт қабынуларының негізгі себепті факторлары имкроорганизмдер екені толық дәлелденуіне байланысты микробтарға қарсы емдеу курсын жүргізу де тиімді болады (қызыл иектің өліеттеніп – жаралана қабынуы, пародонт қабынуының өршуі және абсцестер пайда болуы, қалталардан іріңді жалқық бөлінуі кезінде, хирургиялық емдеу шараларын жүргізер алдында).

Микробтарға қарсы әсер ететін дәрілердің ішінде антибиотиктер жетекші орын алады. Оларды қолданар алдында олардың микробтарға әсер ету аясын анықтап алған жөн. Ол үшін пародонталдық қалталардағы микробтардың түрін, олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтап алу керек. Таңдап алынған антибиотиктің әсер етуші мөлшерін, енгізу немесе қабылдау реттілігін және емдеу курсының ұзақтығын анықтауда пародонтты сырқат адамның жеке-басының ерекшелік қағидасын сақтаған жөн. Антибиотиктермен емдеген кезде олардың ауызда саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туғызатынын ескере отырып, саңырауқұлаққа қарсы әсер ететін дәрілер және витаминдер жиынтығын тағайындауды ұмытпау керек. Пародонт қабынуы кезінде кең қолданыс тапқан антибиотиктер төмендегілер: омандомицин, олететрин, мономицин, рондомицин, пенициллин, эритромицин, линкомицин, азитромицин (сумамед 1, мидекамицин (макропен), рокситромицин (рулид) және фторхинол қатарына жататын антибиотиктер (нолицин, сифлокс, таривид).

Антибиотиктердің ішінен линкомицинді ерекше атауға болады. Себебі, ол стафилококтарға, стрептококтарға, пневмококтарға және біраз анаэробтарға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар ол басқа антибиотиктерге төзімді микроорганизмдерге де әсер етеді және оған деген көнбістік (устойчивость) баяу дамиды.

Линкомицинді іштей немесе бұлшық етке енгізу арқылы қабылдағаннан кейін ол қанға тез сіңеді, әртүрлі тіндер мен ағзаларға таралады және сүйек тінінде көбірек қорланады. Сондықтан да оны пародонт қабынуы кезінде қолданған өте тиімді.

Линкомицинді 0,25-0,5г. күніне 3 рет ас қабылдаудан 1-2 сағат бұрын немесе 2-3 сағат кейін қабылдау керек. Сонымен қатар 30-60% ертіндісін бұлшық етке инъекциялық әдіспен енгізуге болады. Емдеу курсы 7-14 күн.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3243. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия