Студопедия — Йымдық қайшылықтардың негізгі түрлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Йымдық қайшылықтардың негізгі түрлері






Л.Коузердің классификациясымен сәйкес, шиеленістер нақтылы (затты) және нақтысыз (затсыз) болады.

Нақтылы шиеленістер – белгілі нәтижеге жету мақсатында, бір немесе екі топтың ойынша, олардың арасындағы кейбір артықшылықтарды әділетсіз бөлгенімен немесе олардың белгілі қажеттіліктерінің қанағаттандырылмағандығымен байланысты. Егер шиеленістер негізделген шешімдердің қабылдануына және қатынастың дамуына жағымды әсер етсе, онда ол шиеленістерді функционалды (конструкторлы) деп атайды. Ал егерде шиеленістер тиімді қатынастар мен шешімдердің қабылдануына кері әсер ететін болса, онда дисфункционалды (деструкторлы) деп атайды. Шиеленістерді анализдеу білу керек және оның себептері мен салдарын түсіне білу керек.

Нақты емес шиеленістер - бұндағы шиеленістер белгілі шешімдерге қол жеткізу үшін емес, өз мақсаты үшін қолданылады.

Нақты емес шиеленістер әрқашан дисфункционалды болып табылады. Оларды бағыттап отыру өте күрделі. Шиеленістердің бес негізгі типтері: жеке тұлға ішілік; тұлғаарлық; тұлға мен топ арасындағы шиеленістер; топтар арасындағы шиеленістер және әлеуметтік шиеленістер.

Тұлға ішілік шиеленістер. Шиеленістің бұл түрі берілген анықтамамен сәйкестігі толық емес. Бұл шиеленістің қатысушылары адамдар емес, тұлға ішіндегі әр түрлі психологиялық факторлар. Кәсіпорындағы жұмыспен байланысты тұлға ішілік шиеленістер әр түрлі формада болуы мүмкін. Ең көп таралған - ролелік шиеленіс.

Тұлғааралық шиеленістер. Бұл шиеленістің түрі ең көп таралған шиеленіс болып табылады. Кәсіпорында ол әр түрлі байқалады. Көптеген басшылар бұл шиеленіс түрінің басты себептері мінез-құлықтардың сәйкессіздігі деп санайды. Басшылардың көбісі шиеленістің пайда болу себептерінің көбісі мінез-құлықтардың сәйкес келмеуі. Ол рас, себебі адамдар өздерінің көзқарастарының, мінез-құлықтарының келіспеушілігінен көп жағдайда шиеленіс туындайды. Көбінесе - бұл тапшы ресурстар үшін күрес: материалдық құралдар, өндірістік аумақтар, құралды қолдану уақыты, жұмыс күші және т.б. Әр адам ресурстар көбінесе басқаға емес, өзіне қажет деп ойлайды. Шиеленістер басшылар мен қызметшілер арасында пайда болады, мысалы, қызметші басшының өзіне дұрыс міндет қоймайды деп, ал басшы қызметкердің жұмыс істегісі келмейді деп ойлайды.

Тұлға мен топ арасындағы шиеленіс. Бейресми топтар өздерінің мінез-құлық нормаларын белгілейді. Топтың әр мүшесі сол нормаларды сақтауға міндетті. Нормалардың сақталмауын, топ жағымсыз құбылыс деп санап, сол тұлға мен топ арасында шиеленіс туындайды. Бұдан басқа таралған шиеленістің түрі - топ пен басшының арасындағы туындаған шиеленіс. Басқарудың авторитарлық стилінде шиеленістің бұл түрі көп таралған. Эскалацияның болуына жол бермей, шиеленісті бастамай жатып шешу дұрыс болады.

Топтар арасындағы шиеленіс. Кәсіпорындар шиеленіс пайда болатын көптеген ресми және бейресми топтардан құралады. Мысалы, басқарма мен қызметшілер арасында әр түрлі бөлімше қызметкерлері арасында, бөлімше ішіндегі бейресми топтардың арасында, әкімшілік пен кәсіподақ арасындағы шиеленістер болып табылады.

Өкінішке орай, топ арасындағы шиеленіс мысалы болып басқарудың жоғарғы және төменгі деңгейі арасындағы шиеленіс, нақтырақ айтқанда, линиялық және штабты персоналдың арасындағы туындаған шиеленіс.

Топ арасындағы шиеленіс, тапшы ресурстарға күрес кезінде мақсаттардың сәйкессіздігінен көрінеді.

Шиеленістің басталуы келесі үш шартпен байланысты:

1. Қатысушының, екіншісіне қандай жолмен болса да, белсенді түрде физикалық әсер ету және тағы басқа.

2. Ал екінші қатысушы, ол іс-әрекеттер оған бағытталғанын түсінеді.

3. Сол кезде екінші қатысушы жауап ретінде белсенді іс-әрекеттер жасайды; бұл кезден бастап шиеленістің байқалуы көрінеді.

Шиеленіс элементтерінің тізбегі:

1. Шиеленістің екі қатысушылары немесе екі жақтары;

2. Екі жақтың құндылықтары мен мүдделерінің сәйкессіздігі;

3. Екінші жақтың жоспарлары мен мүдделерінің жоюға бағытталған іс-әрекеттері;

4. Екінші жаққа кері әсер ету үшін, бар күшін салу;

5. Жақтардың мінез-құлқына, іс-әрекеттеріне қарсы тұру;

6. Шиеленістік өзара іс-қимылдарының стратегиялары мен тактикалары;

7. Қатысушылардың жеке ерекшеліктері: агрессияшылдылығы, беделдігі;

8. Сыртқы ортаның мінез-құлқы, үшінші жақтың пайда болуы және тағы басқа.

Кәсіпорындағы шиеленістің негізгі себептерін анықтауға болады: 1.Ресурстарды бөлу. Ірі және бай кәсіпорындардың өзінде ресурстары шектеулі болады. Ресурстарды бөлу қажеттілігі амалсыздан шиеленістің пайда болуына әкеледі; 2. Міндеттердің өзара тәуелділігі. Егер бір адам екінші адамнан міндетті орындау мақсатында, олар бір-біріне тәуелді, содан шиеленіс пайда болады; 3. Мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттердің әр түрлілігі. Басшыларда жалпы өздерінің мақсаттарына жету жолдары мен тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін; 4. Қанағаттандырмайтын коммуникациялар. Кәсіпорындағы шиеленістер, қанағаттандырмайтын коммуникацияларымен байланысты; 5. Психологиялық ерекшеліктердің әр түрлілігі.

Кәсіпорынның келесі негізгі функционалды салдары ерекшелінеді:

Ø Адамдар өздерін өте маңызды проблемалардың шешілу процесінің қатысушылары деп санап, соның нәтижесіне байланысты, екі жақтың да қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын және т.б. сол сияқты жолдармен проблемалар шешіледі.

Ø Бірге шешімге келу шиеленісті тез және жақсы шешуге көмектеседі.

Ø Екі жақта тайталас сұрақтарды шешу барысында серіктестік тәжірибе, алдағы уақытта өзінің маңыздылығын білдіреді.

Ø Шиеленісті тиімді шешу, басшылар мен қызметкерлердің арасында, нақты айтса, өз көзқарасын айтуға, білдіруге қорқыныш туғызады.

Ø Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсартылады.

Ø Адамдар келіспеушіліктерді, жағымсыз нәтижелерге әкелетін, «жаманшылық» ретінде қабылдайды.

Шиеленістің негізгі дисфункционалды салдары:

Ø Адамдар арасындағы бәсекелестік қарым-қатынас;

Ø Жақсы, қайырымды қарым-қатынаспен серіктестікке ұмтылыстың жоқтығы;

Ø Өзінің көзқарасының дұрыс екен деп, қарсыласының көзқарасын

тек кері санап, қарсы топты «жау» деп есептеу;

Ø Өндірістік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін, қарама-қарсы жақ пен қарым-қатынастың толық, яғни мүлдем тоқтатылуы;

Ø Нақты проблеманы шешуге қарағанда, шиеленісте «жеңіске жету» маңыздырақ екенін сендіру;

Ø Кадрлардың тұрақтамаулығы, қанағаттанбағандылық, нашар көңіл-күйдің болуы, реніш сезім.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1440. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия