Дәріс15. Ғылым мен техника философиясы.
Аксиологияның (гр. axia - құндылық және logos- ілім) - «игілік деген не» сұраққа алғашқы рет Сократ қойды. Бірақ, қ ұндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышарты, болмыс пен міндеттенуді ажырату. Құндылық теориясы, құндылық табиғаты туралы философиялық ілімдер, олардың әлеуметтік шындық пен дүние құрылымындағы орны әртүрлі бағыттарда сипатталды. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды. Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Логикалық позитивизм, құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды. Натуралистік психологизм (табиғат құндылығы мағынасында) – адамның биопсилогиялық түсінігі мен қажеттіліктері. Ал құндылықтың өзі қоршаған шындықтың эмпириялық деректері деп анқталады. Өкілдері: А. Мейнонг, Р.Б. Пери, Дж. Дьюи, К.И. Льюис. Аксиологиялық трансцендентализм – идеалды болмыс, нормалық болмыстық құндылық, ол сезімдік (эмпириялық) емес, таза трансценденталдық «таза» нормативті санамен байланысты. Өкілдері: Вильгельм Виндельбанд, Г. Риккерт. Олар Канттың сыншылдық идеясына сүйеніп, И. Фихте мен Р. Лотце философиялары тұрғысынан, философияны жалпылай қабылданған құндылықтар туралы сыни ғылым ретірде түсіндірді. В. Виндельбонд бойынша: өмірдің құндылығы – игілік, киелілік, ар-бедел, еркіндік, ізгілік, сүйіспеншілік, сұлулық және ақиқат идеяларының болмысы болады. Әмбебап және мәңгі құндылық ретіндегі ақиқатты табу тәсілін В. Виндельбонд. Г. Риккерт мазмұнында ақиқат, сұлулық, жеке адамнан жоғарғы киелілік, өнегелік, бақыт және кісі киелігі туатын болмыстың алты сферасымен – логика, эстетика, мистика, этика, эротика, дін – байланысы негізінде, құндылық түрлерін ажыратады. Персоналистік онтологизм – адамның негізі оған тән құндылықтардың бағыныштылығымен анықталады. Адамның бұл құндылық жүйесі реалдық құндылық дүниесі ретінде. Ал құндылықтың сипаты – объективтік. Олар адамның онтологиялық негізін құрайды. М. Шелер абсолютті құндылықтардың бағыныштылық байланысын құрып, құдайды жоғарғы абсолют ретінде негіздеуге ұмтылады. Құдай идеясы Шелерде жоғарғы абсолют, ал құдайды сүю – сүйіспеншіліктің жоғарғы формасы, фундаменталды феноменалдық акт. Мәдениет барлық құндылықтардың жиынтығы. Сондықтан мәдени-тарихи релятивизмге аксиологиялық плюрализм идеясы тән, яғни тарихи әдістің көмегімен танылатын, тең саналатын құндылық жүйелерінің көптігін мойындау. Өкілдері: В. Дильтей, О. Шпенглер, А. Тойнби, т.б. Құндылықтың социологиялық концепциясын қалаушы М. Вебер өзінің «түсінетін социологиясында» құндылықтарды әлеуметтік субъектіге, белгілі бір маңызы бар қағидалар ретінде қарастырады. Құндылық әлеуметтік білім мен әрекетте түсіндіріледі. Ол әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік жүйелердің қызмет етуін анықтайтын құрал ретінде қарастырылады (Парнос, т.б.). «Техника» түсінігі гректің («techne») - өнер, шеберлік, іскерлік деген сөзінен шыққан. Антика заманында техника түсінігі, адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік заңдарын, сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айтады. Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты: - жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды; - «techne» - антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін айтады; - техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проект жасайды. Оны мақсатты орындаудағы құрал ретінде көру қажет. Техниканың даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан, техника мен табиғат ұқсас қимылдайды, ал екінші жағынан ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді. XVII-XVIII ғғ ғылыми революция дәуірінде Батыс Еуропа елдеріндегі өндірістегі өзгерістер, латын тіліндегі «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnigac» содан кейін неміс тіліне «technic» болып ауысты. Сөйтіп, термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін, өндірістегі шебер жасалуын, ең алдымен еңбек қаруы және машина ретінде қарастырылды. Сондықтан бұл сөздің түсінігі өзгереді. ес (мнемотехника), сурет салу, музыка аспабында ойнау; техникасы, т.б адамдарды, өндірісті, мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады. Сонымен, қазіргі замандағы техника түсінігін мынадай деуге болады: - білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе саласында көрінеді; - адам әрекеті саласында: барлық құралдар мен іс-қимыл мүмкіндіктері және қажеттігіне сәйкес табиғатты өзгерту мен үстемдігін орнатудың амал-тәсілдерінің жиынтығы; - шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп ерекшелігіне байланысты адамдарәрекетінің түрі. Дағдылықты толық игеру, шұғылданатын ісінің өнерлігі мен шеберлігі. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте жоғары дәрежеде білімді болуы қажет. Автоматтандыру және кибернетизациялау жұмысшылардың уақытын үнемдейді, шығармашылық күшін босатады, өндірістің жаңа түрлері пайда болады. Техника және ғылыми-техникалық прогресс адам ақыл-ойының зор табысы. Осы табыстарға сүйене отырып, өндіргіш күштер дамыды, жаңа технолгиялық процестерді қолданып, еңбек өнімділігін арттырды. Ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан адамның өмір сүруін, тұрмыс жағдайын жеңілдетсе, екінші жағынан, оның биологиялық құрылысын, денсаулығын бұзатын, дертке шалдықтыратын толып жатқан жаңа жағдайлар, іс-әрекеттер туғызады. Ол адамдарға өте көп күш дарытқанымен бірге, үлкен таңдау-баламалар да қойып отыр. Ал қару-жарақтың көбеюі, адамдар алдында соғыс пен бейбітшілік мәселесін тудырды. Осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып-жойып, экологиялық мәселелерді пайда болуына ықпал етті. Ғылыми-техникалық прогресс дамыған және дамушы мемлекеттердің ара жігін ажыратты. Бай және кедей мемлекеттер арасында энергетика, азық-түлік, ағарту, т. б салаларында наразылық туғызды. Бұл жаңа жағдайлар адамзат әлеміндегі ең күрделі мәселелерге айналды. Ғылыми-техникалық прогресс, оның жетістіктері ең алдымен қоғамдық өмірдің материалдық негізіне әсер етеді. Ғылымның өндірістегі рөлі барған сайын өсу нәтижесінде, ол тікелей өндіруші күшке айналады. Ғылыми-техникалық революциялар қуатты қозғаушы қызметтер атқарады. Мәселен, электр энергиясының ашылуы және оны игеру, барлық заводтар мен фабрикаларды, бүкіл транспортты негізінен қайта құруды қажет етті. Атом энергиясын игеру, космосқа сапар шегу және осыған байланысты ғылымның өндіріске әсері етуі күшейе түсері сөзсіз. Ғылымның күрделенуі, жедел дамуы адамның өмір сүруіне, табиғи қордың тамамдалуына жеткізе бастады. Адамзаттың өмір сүретін ортасы түзетуге келмейтін қатерге тап болу мүмкіндігі көріне бастады. Негізгі әдебиет:1(85-132),2(27-40),3(26-36)5(71-108) Қосымша әдебиет:1(101-125),3(122-131),8(45-75) Бақылау сұрақтары: 1.Философиядағы құндылық мәселелері: құндылықтар түсінігі, олардың иерархиясы. 2.Техника және адам. Техниканың әлеуметтік мәселелерге әсері. 3.Техникалық ғылымның ғылыми білім жүйесіндегі орны. 4.Техника және мәдениет. Техникалық білімді гумманизациялау мәселесі. 5.Ақпарат-технотрондық әлемдегі адам. Оның мүмкіндігі мен келешегі.
|