Лекция. Вербалды қарым-қатынас
Лекция. Вербалды қарым-қатынас Адамдар бір-бірімен түрлі деңгейде түсініп және ақпаратты түрлі типте алмасады. Ақпарат ауызша және жазбаша қарым-қатынаста болады. Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Біз білеміз өте білімді және дұрыс ауызша және жазбаша сөз ол адамдармен өзара әрекеттесудің жемісті нәтижесі. Сөздік қарым-қатынастың құрылымына мыналар кіреді: - тіл – сөз жүйесі, келбеті, айтылуы, олардың мағыларының дұрыс қосылуы. - Тілдік дыбыс құбылысы- сөз темпі, ритм, тембр, дикция. Мұнда бірізді, қарапайым, жай, өлшемді сөз манерасы маңызды. - Дауыстың мәнерлі сапасы - өзіндік дыбыс ерекшеліктері: күлкі, жылау, сыбырлау, күрсіну, пауза, мысқылдау. Қарым-қатынастың нәтижелігі екінші адамды үғыну, сөзді түсіну, интонацция, Вербалды емес түрдегі ақпаратты оқи алуы. Қарым-қатынастың синтоникалық моделіне қол жеткізу мақсатында тілді мазмұнды және кедергісіз қолдану репрезантивтік жүйе деңгейіне байланысты. Яғни әңгімелесу мен іскерлік қатынастар вербалдық формада (ағылшын тілінен аударғанда – verbal – сөз, ауызша деген мағына береді) жүзеге асады. Бұл қарым-қатынасқа қатысушылардан тек сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас этикасын сақтауды қажет етеді. Және де бірқатар сөз сапаларына да байланысты болады. Оларға: сөз нақтылығы, сөз тазалығы, сөз жүйелігі, сөз мәнерлігі, сөз байлығы, сөз орындылығы жатады. Бұл сөз сапалары білім субъектілері арасындағы қарым-қатынастың тиімді болуында маңызды роль атқарады. Яғни: - сөз тазалығы - әдеби тілден тыс сөздердің қолданылмауы, соның ішінде диалектік, кәсіби, жаргон сөздер және т.б.; - сөз нақтылығы – сөз мазмұны мен ақпарат мағынасының негізіне сәйкес келуі. Сөздің нақтылығы сөзді орынды, нақты, сөз мағынасына қарай, синоним, антоним, омоним сөздерді дұрыс қолдана алуға байланысты. Сөз нақтылығының маңызды шарты - лексикалық нормалардың сақталуында. Егер сөйлеуші қажетті ақпаратты субъектіге жеткізуде мағыналас сөздердің ішіндегі ең орындысын таңдаған кезде ғана, сөз нақтылығы көрініс береді. - сөз жүйелігі – ойлау компоненттерінің бөліктері мен сөйлеу компоненттерінің мағынасының қатынасының көрінісі; - сөз мәнерлігі – тіл мәнерінің бар мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде көрініс беретін сапа. Ол барлық деңгейлердегі тіл бірліктерімен жасалына береді. Сонымен қатар, тілдің арнайы көркемдік қасиеттері болады (троптар, стилистикалық фигуралар), олар айтылған ойды, әсерлі, образды, эмоционалды етуге көмек береді; - сөз байлығы – ақпаратты барынша әсерлі жеткізе алуға мүмкіндік беретін сөз бірліктерін еркін және кең қолдана алу; - сөз орындылығы – тілдегі сөз бірліктерінің мақсатына, жағдайына, мағынасына сәйкес қолданылуы. Аталмыш категориялар вербальды қарым-қатынас құралдары болып табылады. Вербальды қарым-қатынас тек адамға ғана тән және тілді меңгеру міндетті шарт болып табылады. Өзінің коммуникативтік мүмкіндіктеріне қарай ол вербальды емес қарымқатынастың барша түрлері мен формаларынан бай, дегенмен оны толықтай алмастыра алмайды. Және де вербальды қарым-қатынастың дамуы бастапқыда міндетті түрде коммуникацияның вербальды емес құралдарына келіп тіреледі /435-б./. Жалпы адамдарда қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес түрлері маңызды болып табылады. Вербальды емес қарым-қатынас дыбыстық сөйлеуді, табиғи тілді құрал ретінде пайдалануды қажет етпейді. Вербальды емес қарым-қатынас – ол мимика, жест, пантомимика, тура сенсорлы немесе жанасудың көмегімен жүзеге асады. Бұл өзгелерден алынатын тактильді, көру, есту, иіс сезу және т.б. сезімдер мен образдар. Немов Р.С.
|