Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция. Тыңдау түрлері және техникалары





 

Адамдардың көпшілігі әңгімелесуде екінші біреуді тыңдауды немесе сөйлеуді қалайды ма? Қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі. Зейін қойып тыңдап отырған адамда ым-шиара, көзінің қозғалуы, бет әлпеті сөйлеушіге тугелдей көңіл бөлінеді. Осы арқылы екінші адамға көңіл күйін,ойын толық жеткізуге, ойындағы ақиқатты максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, салғырттық қарама-қарсы нәтиже береді.Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар өзінің ойын айта алады, бірақ басқаны естімейді (түсіну, қабылдау). Көбіне адамдардың ести алмайтындығы оның, басқа адамдарды тыңдай отырып өзінің ойын басқа жаққа тез ауыстыруы. Адам сөйлегеннен 4 есе жылдам ойланады.Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек. уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін жаңа сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал сұрақты толық түсіну үшін 14-15 сек. уақыт қажет. Адам 1 мин. 60-70 сөздің мағынасын ұғынады. Көбіне тыңдау әңгіме кезінде енжар мінез-құлық болып қабылданады. Мұндайда, біреуі сөйлегенде, екіншісі оның сөзінің үзілісін үнсіз күтіп тұрады да, тоқтаған кезде бірден өзінің мәселесін айта бастайды. Ал кей жағдайда серіктесінің сөзін іле шала бөліп тастайды. Тыңдау барысында екі міндет шешіледі: ақпараттың мазмұны қабылданады және әңгімелесушінің эмоционалды жағдайы ұсталынады. Әрбір әңгімелесуде өзіңізден серіктесіңізбен не және қалай сөйлесу керек екендігін сұрау маңызды. Әңгіменің

мазмұнымен қатар, серіктесіңіз /әңгімелесушіңіз/ не сезінеді /шыдамсыздық, жасырын тітіркену, қобалжу, салғырттық және тб./. тыңдауда оған кері байланыс жасаған дұрыс. Кері байланыс: 1. сөйлеушінің сезімін бейнелеуі; 2. ақпараттың бейнеленуі. Барлығымызда енжар /ырықсыз/ және белсенді /ырықты/ зейін бар. Енжар зейінділік ол тума рефлекс, жаңа және таныс емеске бейсаналы реакция, ал белсенді – бұл еріктің күшімен және белгілі мақсатты түрде: ойлау, ұғыну және есте сақтау арқылы болатын зейін. Енжар тыңдау бұл бос ыдыс сияқты, ал белсенді тыңдау – бұл насос сияқты, сұрақтар арқылы барлық ақпаратты тартып алады. Тыңдау түрлері: 1.Бесенді (активный) 2.Енжар (пассивный) 3.Эмпатиялық Белсенді тыңдау /рефлексті/ - мұнда рефлексия болатын тыңдау, яғни өзінің сезіміне, ісәрекеттерінің себептеріне талдау жасап және ұғынуы. Енжар тыңдау /рефлексті емес/ - мұнда үндемей зейін қойып, әңгімелесушінің сөзіне өзінің ескертулерін араластырмай тыңдау. Бұл 2-ші адамның ойын толық жеткізгісі келгенде, терең сезімге кіруде пайдалы. Сіз оны естіп тұрғаныңызды, оның жалғыз емес екендігі «иә», «солай» деген сөзбен қоштап отыру маңызды. Эмпатиялық тыңдау әңгімелесушінің уайымдаған сезімін сізде сезіне аласыз, сол сезімді бейнелеп, эмоциялық күйін түсініп және бөлісу. 1.Тыңдауға бейімделу қажет өзіңіздің ойыңыздағы мәселеден арылу керек. Белсенді әңгімелесушіге көңіл бөлгенде ғана сіз онымен бірге сезініп змоциясын көресіз. 2. Серіктесіңіздің сөзіне уайым, сезім, эмоция көрсете білуіңіз қажет. 3.Үзіліс ұстай біліңіз. 4. Бұл эмпатиялық тыңдау сіздің әңгімелесуіңіздің мінез-құлығының жасырын мотивтері емес. Мұнда біз тек пайда болған сезімнің себебін түсіндіреміз. 5. Бұл жерде серіктес немесе тыңдаушыны басыңызды изеп «иә», «мақұл» деген сөздермен мақұлап отыру. Белсенді тыңдау серіктесіңізбен қарым-қатынаста көптеген кедергілердің болуынан бұзылады. Олар: бөлмедегі ауаның температурасы, бөгде адамдардың сөздері, айқай шу, серіктестердің біреуінің кешігіуі және тб. Сонымен қатар әңгімелесушінің шаршауы, сондықтан кездесулерді күннің бірінші жартысында ұйымдастыру ұтымды. Қалай белсенді тыңдауға болады? Деген сұраққа жаттығулар және арнайы әдістер арқылы қол жеткізуге болады. Американдық әдіс: Зейін қойып тыңда, Сөйлеме, тыңда, Тыңда, адам Айта алады, Айта алмайды, Айтқысы келмейді. Белсенді тыңдауға арналған ұсыныстар: 1.Әңгімелесушіңізгезерек болыңыз. Оған бетіңізбен бұрылып, визуалды қатынас жасаңыз. Қозғалыс пен ым ишара сіздің тыңдап тұрғаныңызды көрсетуі тиіс. Аралық дистанция екі серіктеске де ыңғайлы болуы маңызды. Денеңіз соған қарай ықтиланып, оны қолданушы бет келбет жасап, басыңызбен иіп тыңдауға дайынмын деген белгі беруу және тб. 2. Әңгімелесушіге бар зейініңізді шоғырландырыңыз. Оның не айтып тұрғанына шоғырлану. Тек сөз құрылымына ғана емес, бейВербалдыжақтарына да мән беру. 3. Сөздің мәнін ғана емес, оның сезімін де түсінуге тырысу.

4. Егер сізге оның не айтқаны түсініксіз болса, онда белсенді тыңдау арқылы нақтылау сұрақтарын қож қажет. Сіз оның сөзін дұрыс ұғынғаныңды тексеріңіз. 5. Серіктесіңізге қатысты мақұлдаушы ұстанымды қолдану. Бұл қарым-қатынаста жағымды ахуал туғызады. Сөйлеуші мақұлдауды көбірек сезінсе, ол өзінің не қажет екенін дәл жеткізеді. 6. Баға бермеңіз. Кейде жағымды бағалаудың өзі кедергі болуы мүмкін. Ал кез келген жағымсыз ұстаным тыңдаушы тарапынан сенімсіз сезім мен қарым-қатынаста абайлылықты туғызады. Әңгімелесушімен қарым-қатынаста тыңдау қателерінен сақ болу қажет, олар: 1. Оның хабарлауы кезінде бөлу. Көптеген адамдар оның сөзін еріксіз, бейсаналы түрде бөледі. Мұндайда бірден ойды қайта тиянақтауға әрекет жасау. 2. Асығыс қорытынды, сіздің әңгімелесушіңізге қорғану позициясын жасауға мүмкіндік туғызады. 3. Асығыс жасалған келбет оның айтушымен келіспегеніңзді жиі білдіреді. Жиі адамдар тыңдамай, оған қарсылығын ойша құрастырып, жылдамырақ жеткізу кезегін күтіп тұрады. Содан соң ойын өз бетінше негіздеп, серіктесі де соны айтайын деп тұрғандығын байқамайды. 4. Сұралмаған кеңестерді адамдар нақты көмек көрсеткісі келмеген жағдайда береді. Ең бірінші әңгімелесушіңіз не қажет екентіндігі анықтау қажет: бірлесіп ойласып немесе нақты көмек алу.

 

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 5635. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия